Қысқа мерзімді активтердің есебі мен аудиті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Мая 2014 в 08:31, диссертация

Краткое описание

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Бұл жұмыста теориялық және практикалық мәселелерді зерттеудің негізінде ХҚЕС-на сәйкес қысқа мерзімді активтер есебі мен аудитін жүргізудің мәселелерін дамытудың саналы жолдарын негіздеу мақсаты алға қойылып отыр. Осы мақсатты орындау үшін төмендегідей міндеттер жатады:
-Қысқа мерзімді активтерді ХҚЕС-на сәйкес ашып көрсету;
-олардың ХҚЕС бойынша бағалануын, келіп түсуін және шығу есебін анықтау;
-ұйымдастыру процесін білу;
-ХҚЕС-на сәйкес қысқа мерзімді активтер есебінің, аудитінің ерекшеліктерімен жете танысу;
-Қысқа мерзімді активтерді жетілдіру жолдары.

Содержание

КІРІСПЕ 3
1.ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ АКТИВТЕР СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ «ДЕ-ЛА» ЖШС-НІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ ҚҰРЫЛЫМЫ 6
1.1 Қысқа мерзімді активтердің анықталуы мен түрлері 6
1.2 «ДЕ-ЛА» ЖШС-нің ұйымдастыру құрылымы және негізгі экономикалық көрсеткіштері 12
2. ХҚЕС СӘЙКЕС ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ АКТИВТЕР ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.2 Ақша қаражатының есебі 17
2.3 Қысқа мерзімді дебиторлық берешек есебі 36
2.4 Босалқылар есебі 57
3. ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ АКТИВТЕР АУДИТІ 67
3.1 Қысқа мерзімді активтер аудитін ұйымдастыру 67
3.2 Қысқа мерзімді активтердің аудитін жетілдіру жолдары 85
ҚОРЫТЫНДЫ 94
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 96
ҚОСЫМШАЛАР 98

Прикрепленные файлы: 1 файл

ДИССЕРТАЦИЯ.doc

— 922.00 Кб (Скачать документ)

 

7-кесте жалғасы

2.13

Акцияларды ұстағандарға есептелген дивиденттер сомаларын аудару:

3030 «Қатысушылардың дивиденттері  және кірістері бойынша қысқа  мерзімді кредиторлық берешек»

2.14

Бюджетке төлемдер:

  • Заңды тұлғалардың табыс салығы
  • Кейінге қалдырылған ктс
  • Жеке тұлғалардың табыс салығы
  • Қосылған құнға салынатын салық
  • Акциздер
  • Қызметкерлердің еңбек ақы қорынан әлеуметтік салық
  • Жер салығы
  • Мүлік салығы
  • Көлік құралдары салығы
  • Жеке табыс салығы, өзге де салықтар алымдар және бюджетке төленетін міндетті төлемдер

 

 

3110 «Төлеуге тиісті ктс»

4310 «ктс бойынша кейінге қалдырылғансалықтық  міндеттемелер»

3120 «жеке табыс салығы»

3130 «ҚҚС»

 

3140 «Акциздер»

3150 «Әлеуметтік салық»

 

 

3160 «Жер салығы»

3180 «Мүлік салығы»

3170 «Көлік құралдары салығы»

 

 

3190 «Өзге салықтар»

2.15

Берешектерді өтеуге ақша қаражаттарды есептен шығару:

  • Еншілес ұйымдарға
  • Қайымдастырылған және бірлескен ұйымдарға қысқа мерзімді кредиторлық берешек

3320 «»Еншілес ұйымдарға қысқа мерзімді  кредиторлық берешек»

3330 «Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдарға қысқа мерзімді кредиторлық берешек»

2.16

Жинақтаушы зейнетақы қорларына есептелген төлемдер сомасын аудару:

3220 «зейнетақы аударымдары бойынша  міндеттеме»

2.17

Алынған тмқ үшін жабдықтаушылардың шотын төлеу:

3310 «Жеткізушілер мен мердігерлерге  қысқа мерзімді берешек»

2.18

Қаржылық жалгерлікке алынған нқ бойынша міндеттемелерді аудару:

3360 «жалдау бойынша қысқа мерзімді  дебиторлық берешек

2.19

Алынған қарыздар, жалгерлік келісім-шарттар және шығарылған бағалы қағаздар бойынша беруге есептелген сыйақылар есептен шығарылды

3380 «Төлеуге арналған қысқа мерзімді  сыйақылар»

2.20

Ағымдағы жалгерлік, көрсетілген қызмет және басқа да тауарлық операциялар бойынша әр түрлі берешектерді өтеуге аударылған қаражаттар

3390 «Өзге қысқа мерзімді кредиторлық  берешек»

2.21

Кейбір шығындар төленді:

өнімдер мен тауарларды өткізу бойынша

7110 «Өнімдерді сату және қызметтер  көрсету бойынша шығыстар»

7210 «әкімшілік шығыстар»

8410 «Үстеме шығыстар»


    Банктердегі арнайы шоттардағы  ақшалай қаржаттарды есепке алу  бойынша, мекемелердің банк ұйымдарында  ағымдағы корреспонденттік және  валюталық есепшоттардан басқа, ел аймағы мен шетелдерде аккредитивтерде, чектік кітапшаларда, карт шоттардағы  және басқа да арнайы есеп шоттардағы, сондай-ақ,жеке сақталуға жатқызылатын арнайы қаржыландырылатын қаржылар ұлттық және шетелдік валюталарда сақталынатын есепшоттарда болады.

    Мекемелердің аталған  арнайы есепшоттарындағы ақшалай  қаражаттардың қолда бары мен  қозғалысын есепке алу үшін бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарында арнайы жеке шоттар қарастырылмаған, бірақ оны пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес 1060 «Өзге ақша қаражаты» шотын пайдалануға болады, тек бұл шотқа тиісті 1061 «Аккретивтердегі ақша қаражаты», 1062 « чек кітапшаларындағы ақша қаражаты», 1063 « арнайы шоттардағы ақша қаражаты» қосымша шоттарын ашу керек.

    Аккредитив – бұл  клиенттің нұсқаулығымен және  өтініші бойынша немесе банктің  жеке өз қалауы бойынша көрсетілген  бенефициарға немесе оның бұйрығымен төлем төлем немесе бенефициар талап еткен аударым вексельдеріне акцепт және төлеу немесе аккредитивте көзделген құжаттарға қарсы белгілеген мерзімде негоциация жасауға, егер аккредитивтің барлық талаптары сақталса, банк өзіне алған міндеттеме. Аккредитивтерді сатып алу-сату келісім шартынан немесе өзге де келісім шарттан ерекшелінген мәміле болып табылады.

    Құжаттық есеп айырысулар  – бұл сатушы мен сатып алушының  арасындағы жазбаша келісімдер  қарастырылған және банк ішінде  қолданылатын: коносамент, көлік, тауар құжаттмасы, тасымалдаудың аралас түрлерінің көлік құжаты, курьерлік және пошталық түбіртек, сақтандыру полисі, коммерциялық есепшоттар, сапа сертификаты, варрант, тауардың шығу тегі туралы куәлік, жүктің салмағы туралы анықтама және басқа да құжаттарды ұсынғанда банк жүзеге асыратын төлем.

     Аккредитивті сатып  алушы мен жабдықтаушы жасаған  келісім-шарттың негізінде сатып  алушының меншікті қаражаттары  немесе банктің несиелері есебінен  сатып алушы жабдықтаушының банкінде  ашады. Сатып алушы мен жабдықтаушының арасындағы келісім-шартта аккредитивтің қолдану мерзімі және ол бойынша есеп айырысу тәртібі белгіленеді, сондай-ақ көрсетіледі: банк эмитенттің атауы; аккредитивтің түрі және оны пайдалану тәсілі; аккредитивті ашқаны туралы жабдықтаушының хабарлдау тәсілі басқа да қажетті құжаттар мен шарттар.

    Аккредитив ашу үшін  сатып алушы қызмет көрсететін  банкке бес данадан арнайы  бланкте жазылған өтініш ұсынады. Аккредитивтердің келесі түрлерін  ашуға болады:

  • жабылатын (депоненттелген) немесе жабылмаған (кепілденген);
  • қайтарылып алынатын немесе қайтарылып алынбайтын.

    Жабылатын аккредитив  деп оны ашқан кезде банк-эмитент  төлеушінің меншікті қаражаттары  немесе оған берілген несиелер  есебінен аккредитивтің сомасына  тең ақша сомасын банк-эмитенттің міндеттемелерінің барлық әрекет ету мерзіміне жабдықтаушының банкінің билігіне жеке теңгерімдік есеп шотына аударылған ақшаларды айтады.

    Жабылмаған аккредитив  орындаушы банкке өзінде ашылған  банк эмитенттің шотынан аккредитивтің  барлық сомасын шығынға жазу құқын беру арқылы орындаушы банкте ашылу мүмкін, егер банктер арасында корреспондірлеушілік қарым қатынастар бар болса.

    Қайтарылып алынатын  аккредитивті банк-эмитент жабдықтаушымен  алдын ала келіспей-ақ өзгертуі  немесе жоюы мүмкін. Қайтарылып алынатын аккредитив жағдайында өзгерту туралы барлық өкімдерді төлеуші жабдықтаушыға тек банк-эмитент арқылы бере алады. Банк-эмитент жабдықтаушының банкіне, ал соңғы жабдықтаушыға хабар береді.

   Қайтарылып алынбайтын аккредитив  – оның барлық шарттарын орындаған кезде аккредитив бойынша төлемдер жасауды банк-эмитенттің міндетіне қосымша орындаушы банк растаған банк –эмитенттің қатаң міндеті болып табылады. Қайтарылып алынбайтын аккредитивті арнайы жабдықтаушының пайдасына ашылғандықтан оның келісімінсіз өзгертуге немесе жоюға болмайды. Жабдықтаушы аккредитивті пайдаланудан мерзімінен бұрын бас тарта алады, егер бұл аккредитивтің шарттарында қарастырылса.

   Сатып алушының өтініші  негізінде оған қызмет көрсететін  банк сатып алушының есепшотына  қаржылар депоненттейді де, бұл туралы жабдықтаушының банкіне хабарлайды. Жабдықтаушының банкі жабдықтаушының атына аккредитив ашылғаны туралы хабарлама қағаз жібереді. Жабдықтаушының банкі аккредитив бойынша қаржыны дұрыс пайдалануын бақылайды, сол үшін аккредитив сомасынан белгіленген мөлшерде комиссиялық төлем төлейді. Бұл сома төлем тапсырмасында жеке көрсетіледі.

   Әрбір аккредитив бір  ғана жабдықтаушымен есеп айырысуға  және келісім шарт пен өтініште  сатып алушы көрсеткен белгілі  бір мерзімге ұсынылады.

  Аккредитив бойынша қаржы алу үшін жабдықтаушы тауарларды сатып алушыға жөнелткеннен кейін тауарларды тиеп жөнелтілгенін рәсімдеген және аккредитив шарттарымен қарастырылған басқа да құжаттарды қызмет көрсететін банк мекемесіне ұсынады.

   Жабдықтаушы банкіге үш дана шоттардың тізімдерін ұсынады да, олардың біріншісіне мемориалдық ордер ретінде пайдаланылады, екінші данасы тауарлық көліктік құжаттарының хаттамасымен және банкінің белгісімен төлеушіге тапсыру үшін банк эмитентке жіберіледі де, ал үшінші дана шоттар тізімдердің қабылданғаны жөнінде қолхат ретінде жабдықтаушыға беріледі.

 Аккредитив бойынша төлеу  кезінде жабдықтаушының банкі  жабдықтаушының аккредитивтің барлық  шарттарының сақталғанын, сондай-ақ  шоттардың тізімінің дұрыс рәсімделгенін, ондағы жабдықтаушының қолы мен мөр таңбасының мәлімденген үлгіге сәйкестігін тексеруге міндетті. Осы шарттардың тіпті біреуі бұзылса, аккредитив бойынша төлемдер жүргізілмейді.

   Егер аккредитив шарттарымен  уәкілетті сатып алушының келісімі  қарастырылған болса, онда келісімдік жазбаның бар болуын және уәкілдің қолының ұсынылған үлгіге сәйкестігін тексереді. Мұндайда уәкілетті тұлғалар уәкілетті банкіге ұсынуға міндетті: төлқұжат немесе оны алмастыратын басқа құжат; өзінің қолының үлгісі, егер ондай банкіде болмаса; іссапар куәлігін немесе аккредитив ашқан мекеменің берген сенімхаты.

 

 

2.2 ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ДЕБИТОРЛЫҚ  БЕРЕШЕК ЕСЕБІ

 

    Сатып алушылар мен тапсырысшылардың  берешектерін есепке алу. Мекеме  басқа мекемелермен өзара есеп  айырысулар қарым-қатынасы барысында  дебиторлық берешек пайда болады. Дебиторлық берешек бұл басқа мекемелердің мекеменің алдындағы ақшалай шаққандағы қарыздық міндеттемелері болып табылады. Мекемелердің дебиторлық берешегінің негізгі   түрі болып сатып алушылардың оларға жөнелтілген немесе сол жерде босатылған босалқылар, тапсырысшылардың көрсеткен қызметтері үшін қарыздық міндеттемелер танылады.

    18- «Түсім» IAS ХҚЕС сәйкес  сатып алушылардың берешегін  есепке алудың негізіне есептеу  қағидаты алынған. Ол бухгалтерлік  есеп пен қаржылық есептілікте босалқыларды өткізуден түскен табыстар төлемдердің түсу сәтіне қарамастан босалқыларға деген меншік құқығы сатушыдан сатып алушыға көшу сәтінде көрсету қарастырылған. Меншік құқығы жабдықтаушыдан сатып алушыға көшу сәті болып жөнелтілген немесе босатылған тауарларға жасалған есеп айырысу құжаттарын жабдықтаушының сатып алушыға банк арқылы инкассаға ұсынған сәтті есептейді.Сатып алушылардың берешектерін есепке алуды ұйымдастырудың маңызды шарты ретінде мекеменің тиісті қызметтері жөнелтілген немесе сол жерде сатып алушыға босатылған босалқыларға тауарлық ілеспе құжаттарды дұрыс рәсімдеу және оларды сатып алушыларға есеп айырысу шоттарын ұсыну үшін бухгалтерияға уақытында өткізі болып табылады [14].

    Босалқыларды тиеп жөнелту, әдеттегіндей, сауда мекемесі мен сатып алушының арасындағы жасалған келісім-шарттар негізінде жүргізіледі. Келісім-шарттарда төлемдер түрі мен тәсілі және есеп айырысулар тәртібі қарастырылады.

     Сатып алушылардан  төлемдерді алу үшін қолданылатын  құжаттар болып төлем талап-тапсырмалар, төлем тапсырмалар, вексельдер саналады да, олар қаржылық құжаттар болып табылады және олар арқылы жабдықтаушының сатып алушыға ұсынылған есеп айырысу құжаттары төленеді.

    Сатып алушылар мен  тапсырысшылардың дебиторлық берешегін  есепке алу үшін олармен есеп айырысу мерзімдеріне қарай бухгалтерлік есеп шоттарнының үлгілік жоспарында келесі шоттар қарастырылған: бір жылға дейінгі мерзімде есеп айырысу опрециялары үшін 1210 «Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» шот; бір жылдан асатын мерзімде есеп айырысу операциялары үшін 2110 «Сатып алушылар мен тапсырысшылардың ұзақ мерзімді берешегі».

     1210 «Сатып алушылар  мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді  дебиторлық берешегі» және 2110 «Сатып  алушылар мен тапсырысшылардың ұзақ мерзімді берешегі» шоттарында жөнелтілген немесе босатылған өнімдер мен тауарлар және көрсетілген қызметтер үшін сатып алушылар мен тапсырысшыларға ұсынылған және банктің төлеуге қабылдаған есеп айырысу құжаттары бойынша есептесу туралы ақпарат есепке алынады.

    1210 «Сатып алушылар мен  тапсырысшылардың қысқа мерзімді  дебиторлық берешегі»  және 2110 «Сатып  алушылар мен тапсырысшылардың  ұзақ мерзімді берешегі» шоттарының  дебеті бойынша сатып алушыларға  жөнелтілген немесе босатылған  өнімдер мен тауарлар және көрсетілген қызметтер сомасы және осы тауарлар мен қызметтер бойынша есептелген қосымша құнға салынатын салық сомасы, бөлек көрсетілген есеп айырысу құжаттарының төлеуге ұсынылған сомалары көрсетіледі.

     1210 «Сатып алушылар  мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі»  және 2110 «Сатып алушылар мен тапсырысшылардың ұзақ мерзімді берешегі» шоттарының кредиті бойынша сатып алушылардан оларға жөнелтілген немесе босатылған босалқылар және көрсетілген қызметтер үшін банктегі есеп шоттарға түскен төлемдер мен қолма-қол ақшалар сомалары көрсетіледі. Бұл шотта сондай-ақ босалқыларды жеткізіп беру үшін сатып алушылардың берешектерін азайту және жабдықтаушы мен сатып алушы арасындағы жасалған келісім-шарттарында қарастырылған талаптар мен міндеттемелерді өзара есепке алу сомалары көрсетіледі.  Сатып алушылар мен тапсырысшылардың берешектерін есепке алу бойынша шоттардың негізгі корреспонденцияларын қарастырамын.

    Жөнелтілген өнімдер  мен тауарлар және көрсетілген  қызметтер үшін сатып алушылар мен тапсырысшыларға төлеуге есеп-айырысу-төлем құжаттары (шот-фактуралар, тауар-көлік жүк құжаттары) негізінде бухгалтерлік есеп шоттарында келесі жазулар жасалады:

                 есеп айырысу мерзімдеріне қарай  келесі тиісті шоттардың дебеті:

                 1210 «Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді

Информация о работе Қысқа мерзімді активтердің есебі мен аудиті