Несиенің мәні мен функциялары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Июня 2013 в 17:12, реферат

Краткое описание

Өндіріс, ұдайы өндіріс процесінің бастапқы пункті, шешуші жағдайы бола отырып, басқа фазаларымен тығыз байланыста. Ұдайы өндіріс процесі материалдық игіліктердің қоғамдық өндірі процесінің үздіксіз жаңаруы ретінде, оның әр түрлі сатыларының біртіндеп ауысуын ұлғайтады. Әрбір саты - өндіріс, үсестіру, айырбас және тұтыну белгілі бір мағынаға ие.

Содержание

1. Несиенің мәні және қажеттілігі.
2. Несиенің құрлымы.
3. Несиенің формалары мен түрлері.
4. Несиенің фукциялары
5. Қарыз пайызының экономикалық мәні
6. Несиелік ресурстар және оардың қалыптасу көздері

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ақша, несие, банктер..doc

— 651.00 Кб (Скачать документ)

Англия, Дания, Швеция және басқа елдерде несиелік жүйеге мекемелерді  жатқызуда либералдық тәсіл қолданылады. Ол үшін кейбір мамандандырылған қаржы мекемелерінің депозит қабылдауға лицензиясы болса, оларды банктер қатарына жатқызады.

ҚР-сы президентінің «ҚР-сындағы банктер және банктік қызмет туралы» заң күші бар Жарлығының 1- бабында, банктің ресми мәртебесі Ұлттық банктің оны ашуға берген рұқсатымен, Әділет министрлігінің банк ретінде заңды тұлғаны мемлекеттің тікеуден өткізуімен және банктік операцияларды жүзеге асыруға берілген ҚР Ұлттық банкі лицензиясының болуымен анықталады.

Кез келген заңды тұлға, егер де оның банктік ресми мәртебесі  болмаса «банк» дап аталуға тиіс емес.

Банк арнайы өндіріс  ретінде өнім өндіреді, бірақ, оның өнімі материалдық өндірісте  өндірілетін өнімнен мүлде өзгеше. Ол тек таур ғана өндірмейді, яғни тауардың ерекше ақша түріндей, төлем құралдын өндіреді.

Банктер немесе сондай институттар өте ертеректе пайда болған. Египетте банктік операциялар біздің эрамыздан бұрын 2700ж. жүзеге асырылған.

Банктердің бастапқы қызметі төлемдегі делделдық  болған. Осындай делдалдың нәтіжесінде  банктер бос ақша капиталын пайыз  әкелетін қызмет етуші капиталдарға айналдырады.

Қазіргі банк ісінің қайнар көзін ең алдымен Италиядағы орта ғасырлық айырбаспен айналысушылар  қызметінен іздестірген жөн.

«Банк» ұғымы Италияның  «banco» («айырбас орын», «ақша үстелі») деген сөзінен шыққан. Қазіргі  түсініктегі алғашқы банк Италияда 1407ж. Генуеде пайда болған.ХІІ ғ. Италияда алғашқы вексель пайда болады.

XVғ. ең ірі танымал  болған банк Флоренциядағы Медичи  банкі болды. Флоренцияда орналасқан бас банк мекемесінің Еуропада 16 филиалы бар. Кейбір елдерде банктің біраз қызметтері заңмен шектеледі. Банк қызметінің қаншалықты қатаң регменттелуіне және лицензиялануына байланысты гасие ісін ұйымдастырудың екі типін бөліп қарастырады. Нәтижесінде тарихта сегменттелген және әмбебап банктік құрылымдар пайда болады.

Сегментталген құрылым кейбір несиелік мекемелер түрлерінің операциялар, қызмет сферасы мен қызметтерін қатаң заңды түрде бөлуді дұрыс санайды. Мұндай құрылымдар АҚШ-та, Жапонияда қалыптасты. Онда депозиттерді қабылдауға және қысқа мерзімді несиелер беруге байланысты банктік операциялар, заңды түрде компаниялардың бағалы қағаздарды шығару және оларды орналастыруға байланысты операцияларынан басқа да арнайы қызмет түрлері (сақтандыру, жылжымайтын мүлікпен жасалатын мәмілелер жіне т.б.) ажыратылған.

Әмбебаптық құрылымда жекелеген операциялар түрлері мен қаржылық қызмет көрсету сферасына қатысты заңмен шектеулер болмайды. Барлық несилік мекемелер барлық операциялар мен қызмет түрлерін орындай алады. Мұндай әмбебап «қаржылық универмагтар», супермаркеттер типтері Франция, Швецарияда, Ұлыбританияда және т.б. қалыптасты. Бұл елдерде несие жүйесінің кейбір буындарының операциялары және мамандануы арасында шекара болмайды. Біздің елімізде коммерциялық банктер әмбебап бола отырып, көптеген банктік операциялармен айналысады.

АҚШ-та барлық несие- қаржы  мекемелерін депозиттік, яғни ақшалай  қаражаттар қабылдап, депозиттік шот  ашуға рұқсат етілген және депозиттік емес, яғни ақшалай қаражаттар тартудың басқадай формалары ( зейнет ақы- жарналары, бағалы қағаздар және сақтандыру полюстерін сату және т.б.) рұқсат етілген деп бөледі.

Депозиттік мекемелерге  коммерциялық банктер, өзара жинақ  банктері, қарыз- жинақ бірлестіктері, несиелік одақтар; депозиттік еместерге – сақтандыру компаниялары, жеке зейнеақы қорлары, қаржы инвестициялық компаниялары, ақша нарығының басқа да қорлары жатады.

Банктер – атқаратын  өызметтерінің ерекшеліктеріне  байланысты екі негізгі типке  бөлінеді: эмиссиялық және эмиссиялық емес.

Эмиссиялық  дегеніміз – айналысқа ақша белгілерін эмиссиялау (шығару) құқығы берілген орталық банктер. Кейбір елдерде оларды ұлттық, халықтық, резервтік деп атайды.КСРО-да ондай банк Мемлекеттік деп, Қазақстанда – ҚР-сының Ұлттық банкі деп аталады. Орталық банктің басты міндеті – айналысқа ақша шығару, банктер арасында ақша тарауларын сату, банк жүйесінің эмиссиялық несиелік және есеп айырысу қызметтерін басқару болып келеді. Ол екі деңгейлі банк жүйесінің ең жоғары буыны болып табылады. Мемлекет эмиссиялау құқығын тек бір ғана банкке (Орталық) береді, себебі ақшаны эмиссиялау құқығын бірнеше банкке беруден елдегі ақша айналымын реттеу мүмкін емес. Эмиссиялық банк басқа банктер иелене алмайтын, ірі қаражатты иеленеді. Оның пассиві айналыстағы нақты ақшадан, бюджеттік қаражаттардан тұрады. Бұл жағдайда оған барлық банктерге көмек көрсетуге және олардың қызметтеріне жетекшілік етуге мүмкін береді. Қазақстанда эмиссиялық Ұлттық банк болып табылады, ал қалған банктер, оның ішіндегі комммерциялық банктер -  эмиссиялық есептерге жатады. Олардың айналысқа ақша шығаруға құқығы жоқ, бірақ өз клиенттерінің шаруашылық қызметтеріне қызмет көрсетуге байланысты несиелік есеп айырысу және қаржылық операциялардың барлық түрлерімен айналасады. Олардың ішінде ең маңыздысы: уақытша бос ақшалай қаражаттар,  халық жинақтары мен қорларын тарту; несиелеу; қолма- қол ақшасыз есеп айырысулар; бағалы қағаздармен жасалатын операциялар және т.б.

Соңғы уақыттарға коммерциялық банктер белсенді түрде өздеріне дәстүрлі емес операцияларды жүзеге асыра отырып, үнемі қызмет аумағын  кеңейтеді және клиенттерге көрсетілетін қызмет түрлерінің сапасын арттырады. Бұл, әмбебап несиелік мекемелер. Сондай-ақ, жоғарыда айтып өткендей өз клиенттеріне бір- екі қызмет түрін көрсетуге бағытталған маманданған банктер бар. Банктердің мамандануының басқа типі белгілі бір клиенттер категорияларына ғана (мысалы, биржалық, коммуналдық банктер) өызмет етуге, яғни салалық тұрғыдан мамандануы тиіс. Банктердің функционалдық мамандануы біршама анық бейнеленгенеді, себебі ол міндетті түрде банк қызметінің сипатына ықпал ете отырып, активтер мен пассивтерінің қалыптасу ерекшеліктерін, клиенттермен жұмыс жасауды ұйымдастыру ерекшеліктерін анықтайды. Ондай типтерге инвестициялық және инновациялық, ипотекалық жинақ банктері және т.б. жатады.

 Инвестициялық және инновациялық банктер ұзақ мерзімге ақшалай қаражаттар тартуға, соның ішінде облигациялық займдар, акциялар мен басқа да бағалы қағаздар шығару арқылы ұзақ мерзімді қаражаттарға деген мұқтаждықты басынан кешкен кәсіпкерлер мен ұзақ мерзімге қаражат салушылар арасындағы делдал болып келеді. Инновациялық банктер де инвестициялық болып табылады, бірақ олар технологиялық жаңалықтарды жасау және игеру үшін ғана несие береді.

Ипотекалық  банктер жерді және жылжымайтын мүлікті кепілге ала отырып, ұзық мерзімге несиелік операцияларды жүзеге асырады. Бұл банктер басым бөлігі ипотекалық облигациялар, акциялар және басқа да бағалы қағаздары құрайды. Салалық және аумақтық банктердің мамандану дәрежесі олардың активтері мен пассивтерін құрау ерекшеліктері белгілі бір мөлшерде олардың қызмет аумағына, сондай- ақ клиенттерінің шаруашылық қызметтерін ұйымдастыру ерекшеліктерімен байланысты болып келеді.

«Банктік қызмет сұрақтары  бойынша ҚР-ның кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 1997 ж. 11 шілдедегі ҚР-сының  заңы банктерді; депозиттік және инвестициялық деп бөлуді алып тастады.

Мамандырылған несие- қаржы мекемелері кез келген елдің несие жүйесінің маңызды буыны. Олар қарыздық капиталдар нарығының кішкене аясында ғана қызмет етеді. Бұл әр түрлі маманданған қаржы институттарының жиынтығы: сауда жинақ мекемелері инвестициялық қорлар және т.б. Бұл мекемелер өздерінің бастапқыдағы дамуында коммерциялық банктер орындамайтын операцияларды орындаған. Ал, қазіргі кезде дамыған елдерде бұл мекемелер халыққа, фирмаларға және компанияларға қызмет көрсетуге байланысты коммерциялық банктер мен банктік емес мекемемелер арасындағы айырмашылық жоғалады. Дәстүрлі емес операцияларды кеңейту арқылы бұл мекемелер банктік нарыққа еніп келеді.

Мамандандырылған несие-қаржы  шаруашылық несиелері ипотекалық және тұтыну, сол сияқты ауыл шаруашылық несиелік саласында кең ауқымда тарауда. Олар халықтың ұсақ жинақтарын тарту, капиталды инвестициялау бағалы қағаздарды орналастыру және т.б. айналысады.

Кейбір арнайы несие  институттары Қазақстан аумағында  революцияға дейін Жаңа экономикалық саясат (ЖЭС – НЭП) жылдарында және ауыл шаруашылығын ұйымдастыру тұсында несиелік серіктестіктер өзара несие беру қоғамы несиелік одақтар және т.б. түрінде болған. Қазір банктік емес мекемелерге өзара көмек беру кассаларын, ломбардтарды, сондай- ақ шаруа қожалығы бірлестіктерін ірі агроөнеркәсіп бірлестіктерін, қаржы – есеп айырысу орталықтарын жатқызуға болады.

Жинақ кассаларды туралы да ерекше айта кету орынды. Бұрынды  КСРО несие жүйесінің құрамына мемлекеттік  еңбек жинақ кассалары (КСРО Мемжинкасс) кірген. Олар халық қаражаттарын салымдарға, еркін айналатын мемлекеттік займдарға және ақшалай- заттай лотерейлерге тарта отырып, халыққа, бюджеттік, қоғамдық ұйымдарға есеп айырысу кассалық қызмет көрсетумен айналысты, сондай-ақ тұрғын үй- құрылыс кооперативтерінің (ТҚК) пайлық жарнамаларын қабылдады. Жинақ кассалары барлық әкімшілік аудандарда, ұжымдар мен кеншарларда жұмыс істеді. Қазақстан аумағында олардың саны 4,8 мыңға жуық болады.

1988ж. несиелік реформадан  кейін жинақ- кассаларына құрылымдық қайта құру жүргізілді. Сөйтіп, олардың негізінде акционерлік- коммерциялық банк – Жинақ банкі құрылды. Нәтңжесінде жинақ кассалары коммерциялық банктерден аса ажыратылмайтын банктік мекемеге айналды.

Банктер арасындағы бәсекенің  дама түсуі халық қаражатын тартудағы жинақ банк ролін бірден қысқартып жіберді. 1993 жылдың басында жинақ банкке халық салымдарының 40%-ға жуығы (бұрын 100% ) және жалпы салым көлемінің 10%-ға жуығы жинақталды. КСРО тарағаннан соң жинақ  банктерін ірілендіру жүрді. Жеке коммерциялық банктер мен банктік емес мекемелер жоғары қарқында көбеюіне байланысты, банк қызметінің ауқымы қысқара бастады. Осыған байланысты кей жерлерде Жинақ банкінің кей бір бөлімдерін несиелік коорперативтерге қайта түрлендіру орын алды.

Экономиканың нарыққа өтуі несиелік жүйеде маңызды роль атқаруы мүмкін банктік емес институттардың дамуын талап етеді. Осыған байланысты шеттегі, соның ішіндегі АҚШ-та және Ұлыбританиядағы арнайы несие институттарының қызмет ету мүдделендіре түседі.

АҚШ-та банктік емес несие- қаржы институттарға: өзара жинақ банктері, қарыз- жинақ бірлестіктері, сақтандыру қорлары, несиелік одақтар, зайнетақы қорлары, ақшалай нарықтық өзара қорлары жатады. Бұл институттардың барлығы негізінен халықтан қаражат жұмылдыра отырып, оларды ипотекалық және тұтыну несиелеріне пайдалануға маманданған.

Өзара жинақ  банктері «өзара біріккен» кәсіпорындар түрінде құрылады. Олар халық салымдарын жұмылдыраотырып, оларды жылжымайтын мүлін туралы актілер мен бағалы қағаздарды кепілге ала отырып инвестициялайды. Сондай-ақ, коммерциялық және тұтыну қарыздарын береді.

Қарыз- жинақ  бірлестіктері – халықтын қаражаттына қаттысты салымдық операцияларды жүргізумен айналысып, оларды жылжымайтын мүлік сатып алуға (активітің 2/3-ін тұрғын үй сатып алуға) пайдаланады.

Несиелік одақтар-кәсіподақтардың, ірі кәсіпорындардың, шіркеулердің ұйымдастыруымен құрылатын кооператив типтес жинақ мекемелері. Ресурстары акцияларды сату есебінен құралды. Олар көбінесе өз мүшелеріне ұсақ қарыздар беруге пайдаланылады.

Сақтадыру компаниялары біздің сақтандыру ұйымдарды айналысып жүргендей операциялармен шұғалданады. Олардың пассивтері түскен табыстардан құралып, оларды сақтандыру пассивтеріне төлем төлеуден басқа ұзақ мерзімді бағалы қағаздар және тұрғын үй құрылысын кепілдікке салынған мүлік туралы актілерге пайдаланады.

Жеке және мемлекеттік  зейнетақы қорлары – халық салымдарын жұмылдыра отырып, ірі капиталды иеленеді және оларды корпарациялардың ақшалары мен облагацияларын сатып алуға жұмсайды, ұсақ қарыздар береді.

Ақша нарығының  өзара біріккен қорлары пайлық депозиттік сертификаттарды, қазыналық вексельдерді сату жолымен инвестициялық капитал жинақтап, оны нарықта айналысқа түсетін қысқа мерзімді бағалы қағаздардан тұратын активтер портфелін құруға бағыттайды. Бағалы қағаздардын түсетін табыстарды акционерлерге төлеп отырады.

Ұлыбританияның несие  жүйесінде банктік емес институттарға: құрылыс қоғамдарын, есеп үйлерін, Ұлттық жинақ банк жүйесін, сақтандыру компанияларын, зейнетақы қорларын, инвестициялық сенім-қорларын жатқызады. Сонымен қатар, олар халықтан депозиттерді қабылдап, оны тұтыну және коммерцияялық несиелерді жеткізіп берумен шұғылданады. Сонымен қатар, олар әр түрлі қаражылық қызметтерін көрсетуге байланысты операциялар ауқымын кеңкйтеді. Ондай қаржы қызметтерге: бағалы қағаздармен жасалатын делдалдық операцияларды, лизинг, факторинг және т.б. жатады.

Ұлыбритинаяда арнайы қаржы-несие  институттарынаң американдықтарға қарағанда айырмашылығы – олар депозит  қабылдап несие берілгенімен олардың қызметі белгілі бір сферада шектеледі (мысалы, құрылыс, тұтыну несиесі). Басқаша айтқанда, олардың шағын маманданған салалық бағыты болады.

Германияда мамандандырылған банктік мекамелерге ипотекелық мекемелер, тұрғын үй бірлестіктері, несиелік серіктестіктер, инвестициялық компаниялар жатады.

Демек, банктік емес мекемелер кез келген мемлекеттің несие жүйесінің қажетті құрамдас бөлігі болып табылады. Олар коммерциялық банктер орындамайтын қызмет түрлерін өздеріне алу мақсатында пайда болған. Банктік емес мекемелерге тән сипат олар ресурстарды көбінесе халықтың қаражатын тарту жолымен жинақтайды. Олар осындай белгілері арқылы пассивтері негізінен заңды тұлғалардың уақытша бос қаражаттарынан құралатын коммерциялық банктерден ажыратылады. ҚР-сындағы қызмет ететін банктік заңдар банктерден басқа мекемелердің депозиттер қабылдауына үзілді- кесіді тыйым салады. Бұл дегеніміз біздің республикамыздағы халық салымдарын тарту негізгінде қызмет ететін банктік емес институттардың дамуын тәжеуі сөзсіз.

Қазақстан Республикасындағы  банктік емес қаржы институттары.

Нарықтар ресурстардың сұраныс пен ұсынысқа сәйкес оңтайды  түрде пайдалануы үшін оларды бөлу арқылы экономикалық тиімділікке қол  жеткізді. Қаржы нарықтары мен  процестің бір бөлігі ретінде  табыстылығы жоғары инвестицияларға аударады. Қаржы жүйесі бұл жүйенің әлсіз дамыған елдермен салыстырғанда, жоғары дәрежеде дамыған елдерде тезірек өсетінін жіне экономикалық жағдайлардың аяқ асты өзгерісіне де тез үйренетінін әлемдік тәжірибе көрсетеді. Сондықтан да экономикасы дамушы барлық елдер үшін қаржы жүйесінің ажырамас бөлігі – банктік емес қаржы институттарын жедел түрде дамыту маңызды.

Информация о работе Несиенің мәні мен функциялары