Несиенің мәні мен функциялары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Июня 2013 в 17:12, реферат

Краткое описание

Өндіріс, ұдайы өндіріс процесінің бастапқы пункті, шешуші жағдайы бола отырып, басқа фазаларымен тығыз байланыста. Ұдайы өндіріс процесі материалдық игіліктердің қоғамдық өндірі процесінің үздіксіз жаңаруы ретінде, оның әр түрлі сатыларының біртіндеп ауысуын ұлғайтады. Әрбір саты - өндіріс, үсестіру, айырбас және тұтыну белгілі бір мағынаға ие.

Содержание

1. Несиенің мәні және қажеттілігі.
2. Несиенің құрлымы.
3. Несиенің формалары мен түрлері.
4. Несиенің фукциялары
5. Қарыз пайызының экономикалық мәні
6. Несиелік ресурстар және оардың қалыптасу көздері

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ақша, несие, банктер..doc

— 651.00 Кб (Скачать документ)

Сақтандыру  түрлері. Сақтандыру төменде берілгендей бөлінеді:

    • міндеттілік дәрежесі бойынша: а) ерікті; ә) міндетті;
    • сақтандыру обектісі бойынша: а) жеке; ә) мүліктік.

Міндетті сақтандыру –заң талаптарына сәйкес жұзеге асырылатын сақтандыру. (Өз денсаулығын сақтандыру міндеті азаматқа жүктелуі мүмкін емес).

Ерікті сақтандыру- тараптардың ерік білдіруіне сәйкес жүзеге асырылатын сақтандыру.

Жеке сақтандыруға: өмірді, денсаулықты, еңбек қабілеттілігін және азаматтық жеке басына байланысты өзге де мүдделерді сақтандыру жатады.

Мүліктік сақтандыруға: кәсіпкерлік тәуекелдер мен азаматтық – құқықтық жауапкершілікті сақтандыруды қоса алғанда мүлік пен онымен байланысты мүдделерді сақтандыру жатады.

Өз қызметін ҚР-сы аймағында  жүзеге асыратын шетел азаматтары, азаматығы жоқ тұлғалар, шетелдік заңды тұлғалар сақтандырушылық  қорғау құқығын Қазақстан Республикасы азаматтарымен және заңды тұлғалрармен бірдей пайдаланады.

Шетелдік инвесторлардың Қазақстан Республикасы сақтандыру ұйымының жарғылық қорындағы қатысу үлесі 50%-дан аспауы тиіс.

Сақтандырушы – сақтандыру қызметін жүзеге асыру үшін құрылған, сақтандырудың тиісті түрін жүргізу құқына лицензия алған коммерциялық ұйым.

Мемлекеттік емес сақтандыру ұйымдары олардың құрылтайшыларының  таңдауы бойынша жауапкершілігі шектеулі серіктестік немесе акционерлік  қоғам формасында құрылады.

Сақтандыру ұйымының жарғылық қоры меншік түріне және ұйымдастыру –құқықтық формасына байланысты 40 мың минималды айлық жалақыдан кем болмауы керек. Сақтандыру ұйымының жарғылық қорындағы ақша қаражаттының үлесі 75%-дан кем болуы мүмкін емес. Сақтандыру ұйымын мемлекеттік тіркеу мезетіне жарғылық қор минималды мөлшердің 50%-дан кем емес сомада қалыптастырылуды керек, бұл тиісті банк берген құжаттармен расталуы қажет. Қордың қалған бөлігі құрылтайшылық құражаттармен қарастырылған мөлшерге дейінгі, яғни сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицнезия алу мезетінде қалыптастырулуы тиіс.

Несиелік жүйені құру принциптері.

Несиелік жүйенің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеу негізгіден белгілі  бір принциптер жатыр. Экономиканың жаңа жағдайында, оның нарықтық қатынастарға өту кезеңінде оларды былайша тұжырымдауға болады: елдегі банк ісін ұйымдастыруға мемлекеттік монополия, басқа банктік емес институттармен үйлестіре отыра екі деңгейлі банк жүйесін құру, елдері ақша- несие саясатының бірлігі, несиелік мекемелер тотаьын барынша дамуыту, оларды қызмет көрсету орындарна жатқындату, мемлекеттік валюталық монополия, Орталық банктің автономиясы.

Банк ісіне мемлекеттік  монополия ұғымы мемлекеттің  банктердің құрылуы мен жойылуын бақылауға, банктік операцияларды жүргізу тәртібі мен ережелерін заң жүзінде бекітуге ерекше құқығы ретінде түсіндіріледі. Ұлттық банк Қазақстан Республакасы аумағында банктерді құруға рұқсат береді және бантер мен олардың филиалдарын тіркеу кітабын жүргізіп отырады. Рұқсат беру кезінде Ұлттық банк жүргізілетін банктік операциялар шеңберін белгілейді.

Нарықтық экономика  ерекшеліктері банктік емес мекемелермен үйлестіре отырып көп деңгейлі банк жүйесінің, олардың ақша несие және көп түрлілігінің, Орталық (бірінші деңгей) және басқа банктер (екінші деңгей) арасындағы функцияларды заң жүзінде бөлудің қажеттілігін тудырады.

Қазақстан Республикасының  Ұлттық банкі ( бұдан әрі Ұлттық банк) Қазақстан Республикасының орталық  банкі болып табылады және Қазақстан  Республикасы  банк жүйесінің жоғары деңгейін құрайды.

Банк ісінің әлемдік тәжірибесі көрсетіп отырғандай, барлық елдердегі несиелік институттардың ішінен елдің бүкіл несиелік жүйесін басқаруда басты ролы атқаратын орталық банктар бөлініп шығатын болады. Ал олардың басшылық ролі мемлекет берген кең ауқымыды өкілеттіліктерге байланысты. Банктердің банк фукцияларын, ақша –несие эмиссиясын жүзеге асыруына байланысты орталық банктер коммерциялық банктердің, яғни екінші деңгейлі банктердің қызметіне әкімшілік бақылау мен нақты экономикалық ықпал ету құқығы несиелік мекемелер міндетті түрде қолдануы ықпал ету құқығы несиелік мекемелер міндетті түрде қолдануы тиіс норма шығару құқығы бар. Коммерциялық банктер несиелік саясат жүргізуде және өз клиенттеріне толығымен дербес әр түрлі қызметтер көрсетуде.

Нарықтық экономикада  арнайы банктік емес институттар құрылмаған жағдайда кез келген елдің несие жүйесі аяқталмай қалады. Халық салымдарын толығымен тарту мүддесі мен өзгеріп отырған нарықтық экономика талаптарын толвқ қанағаттандыру бұл институттардың құрылуын талап етеді,ал олар несие жүйесін толыұтырып, байытады, экономикадағы өзгерістерді икемді және сезімтал ете түседі.

Мемлекет, экономикаға  жетекшілік жасай отырып, Ұлттық банк арқылы бірегей ақша-несие саясатын жүргізеді. Бұл принцип айналыстағы ақша массасының көлемін рттеу жолымен ұлттық валютамен ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін, ақша –несие саясатын жалпы экономикалық саясатты жүзеге асыру жіне оны әлемдік экономикаға интеграциялау саласында республика мүдделерін қорғау үшін қажет.

Несие жүйесін құрудың  маңызды принципі-несиелік мекемелер торабының барынша дамуы мен оларда барлық ақша операцияларының шоғырлануы. Соңғысын шаруашылық буындарының босы ақша қаражаттарының банктерде сақталуы, есеп айырысудың қолма-қолсыз жолмен жүргізілуі деп түсінуге болады.

Бүгінгі таңда Қазақстан аумағында шамаман 77 банк және олардың 783 бөлімшелері мен филиаллдары орналасқан.

Бүкіл ақша айналымының  несие жүйесінде жинақталуы- несиелік ресурстарды шоғырландыруға және оларды елдің халық шаруашылығына ұтымды бағыттауға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік валютатар  монополия принципіне ерекше маңыз  береді. Қазақстан Республикасының  «Валюталық реттеу туралы» заңында  былай делінген: Қазақстан Республикасының  Призиденті мен Министрлер кабинеті өз құзіреті шегінде валюталық реттеу саласында осы заң жағдайларына қайшы келмейтін нормативті актілерді қабылдайды.

Қазақстан Республикасының  Ұлттық банкі –Қазақстан Республикасының  валютасын реттеудің негізгі  органы болып тыбылады».

«Валюталық реттеу»  түсінігіне нормативті актілерді жасап  шығару, ақпарат жинау, валюталық заңдардың сақталуын бақылау және оны бұзған тұлғаларға санкциялар қолдану керек. Ұлттық банк валюталық реттеу функцияларын жүзеге асырады.

Бұл принцип – ел тәуелсіздігін  сақтау шарттарының бірі, валюталы резевтерді жинақтау құралы және ақша айналысын басқа елдер валюталарының ықпалынан сенімді қорғау жолы.

Орталық банктің автонамиясы  егемен елдер заңдарымен бекітілген. Банктер жедел банктік қызметпен  байланысты шешімдерді қабылдау кезінде  үкімет пен атқарушы билік органдарынан тәуелсіз.

Ұлттық банк тек Қазақстан  Республикасы Президентіне ғана есеп бере алды.

Кей жағдайда бұл Республиканың  ұзақ мерзімді міндеттерінің қорғаушысы ретінде Ұлттық банк мүдделері үкіметтінің қысқа мерзімді мүдделеріне сәйкес келмеуі мүмкін; үкімет босқа мемлекеттік бюджеттің тапшылығы жағдайында Ұлттық банктің несиелік ресурстарын осы тапшылықты жабуға пайдалануға тырысады (бұл Кеңес үкіметті кезінде жүйелі түрде жүргізілетін), ал бұл ақша айналымының тұрақтылығын бұзады, инфляцияның өршуіне себепкер болады.

Орталық банк елдері ақша-несие саясатының жүргізілуіне толық жауап береді. Өз кезегінде ақша-несие саясаты экономиканы мемлекеттік реттеудің негізін құрайды. Сондықтан ақша- несие саясатын автономды түрде жүргізбейінше, республикалық нарықтық экономиканың тиімділігі турплы сөз қозғауға да болмайды.

Ұлыбритания мен Францияда  орталық банктердің капиталы мемлекет иелігінде, алайда акционерлер ретінде  коммерциялық банктер бола алады. Оларда да орталық банктер атқарушы органдардан  тәуелсіз, тек парламентке ғана есеп береді.

Орталық бантердің автономиясы  Батыс Германияда, АҚШ-та заң жүзінде  бекітілген. Батыс Германияның банк жүйесі туралы заңында, Орталық банк өз саясатын үкіметпен үйлестіріп отыруы тиіс, алайда оның тұрақты ақша айналысн сақтау мақсаттарына қайшы келетін талаптарын орындауға міндетті емес деп жазылған. Ол канцлерге де, федерация министріне де бағынбайды, тек Бундесбанк туралы Заңға ғана бағынады.АҚШ-тың несие жүйесінің жоғары органы болып табылатын – Федералды резерв жүйесінің (ФРЖ) мүшелерін – сенаттың мақұлдауымен президент тағайындайды және олардың қызметі жөніндегі кепіспеушілік бойынша қызметінен босатылуы мүмкін емес. Басқарушылар кеңесі конгрессо алдында есеп беріп отырады.

Біздің еліміз бен  шет елдердегі несие жүйесінің  автономдылығының елеулі дәрежесі – экономиканың қалыплы дамуын қамтамасыз ету мақсатында ақша-несие және валюталық тұрақтылықты сақтау міндеттеріне қатысты болып келеді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің біршама тәуелсіздігінің  негізгі жағдайы бюджетке қатысты  мәселенің шешімі болып табылады. Мемлекетттік қаржылар және банктік жүйелерді заңмен шектеу, яғни үкіметтің Ұлттық банк қаражаттарын пайдалануына шек қоюдың принципалдық мәні бар.

Призиденттің «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі туралы» заң күші бар жарлығында былай деп жазылған: «Жүргізіліп отырған мемлекеттік ақша –несие саясатының және оны заңға сәйкес Қазақстан Республикасы қаржы жүйісінің қызмет етуінің тиісмділігін қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық қызмет етуінің тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық банк:

а) Қазақстан Республикасы Қаржы   министрлігіне заем алушының кепілдендірілген міндеттемесіне келісімді шарттармен қысқа мерзімді несиелер береді;

ә) осы шоттар бойынша  үкімет жәрдемімен ашылған Қазақстанның халықаралық ұйымдарда мүшелегімен  байланысты жазылымдар мен басқа да төлемдерге қатысты өзара келісілген шарттармен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне қосымша несиелер береді».

Осылайша Үкімет, Ұлттық банктің басқа да клиенттері тәрізді  әрбір несие бойынша қайтарымдылық, мақсатты – сипатының мерзімділігі және төлемдік шарттарына сәйкес келетін келісім негізінде қарыз алады.

Үкімет әрбір несие  бойынша нарықтық пайыздық мөшерлемелері  бар тапсырылатын бағалы қағаздар шығарады. Оларды Ұлттық банктен өтеп алу мерзімі  алты айдан аспауы тиіс, бірақ бұл мерзімді Қазақстан Республикасы Парламенті жыл аяғына дейін ұзартыуы мүмкін.

АҚШ, Жапония, Ангия, Канада және басқа елдерде іс жүзінде  үкіметті тікелей несиелендіру жоқ; Германия, Голландия, Францияда заңмен шектелген, Австрияда үкіметтік несиеден заң алтын және конвертацияланатын валютамен 100% қамтамасыз етулуі талап етіледі.

Әлемдегі несие  жүйесі дамуының қазіргі тенденциясы.

Бүгінгі таңдағы несие  жүйесі соңғы  жылдары біршама  өзгеріске ұшырады. Банк жүйесінің  барлық компоненттері жалпы әлімдік  экономикадағы құрылымдық қайта құруда жүріп әлемдік экономикадағы құрылымдық қайта құруда жүріп жатқан өзгерістерге байланысты жаңғыртылуда. Ғылыми-техникалық революцияның дамуы себепші бол,ан өндірістің шоғырлануы капиталдық шоғырлануымен орталықтандыруын талап етті, соған сәйкес банктер өз операцияларын несиелік ресурстарды ірілендіру жағына қарай түрлендіре бастады, яғни қазіргі банк жүйесінің экономика дамуының өзгермелі жағдайларына бейімделу қатар жүреді; банк жүйесінің құрылымдылық қайта құруылуы көз алдымызда; белгілі бір мамандандырудың сақталуымен қатар, банк қызметінің шоғырлануы мен әмбебаптану орын алады; банктік емес несиелік  мекемелердің арасында банктер мен байқалады. Банктердің жеке типтерінің арасында банктер мен банктік емес мекемелер арасындағы өзгешеліктердің немес бөгулердің жедел жойылуы- соңғы жылдары несие жүйесінің құрылымдық қайта құрылу тенденциясының маңыздысының бірі.

Ірі әмбебап банк өз клиенттері үшін депозиттік шоттарды жүргізу, қолма-қолсыз есеп айырысу, жинақтарды қабылдау, әр түрлі несиелер беру, бағалы қағаздарды сатып алу, мүлікті сенімхат бойынша басқару және басқа да көптеген банктік және «банк төңірегінде» қызметтер көрсету бойынша операциялардың көптеген түрлерін ( кейбір бағалаулар бойынша 200 шамасында) жүзеге асырады. Несиелік мекемлер қызметінің осындай көп мақсатты сипаты қазіргі қаржылық капитал талаптарында мейлінше толық сай келеді.

Несиелік мекемелердің әмбебаптануы екі бағыт бойынша  көрінеді. Біріншісі – дәстүрлі емес банктік операциялардың кеңеюі арқылы. Комерциялық банктер сақтандыру бизнесіне, факторингке, ақпараттық –кеңес беру бизнеске және т.б. кіруге тырысады. Олар қаржылық қызмет көрсетудің бұрын тіпті қатыспаған немесе өте сирек қатысқан сферасында – қозғалмайтын мүліктік мәмілелерге, бухгалтерлік және компютерлік қызмет көрсетуге, лизингтік істерге қатыса отырып несиелік мекемелердің басқа да топтарымен тікелей қонфронтацияға баруда.

Екіншісі- банктік нарықтарда банктік емес  мекемелердің (сақтандыру, брокерлік жинақ, сенімгерлік компаниялар, зейнетақы қорлары және т.б.) енуі арқылы. Соңғылары бүгінгі таңда банктермен инвестициялық қызметте,ақпараттық- кенестік қызмет көрсетуде, сонымен қатар, таза банктік сфера- депозиттік-қарыз операцияларымен барынша бәсекеге түсуде.

Соңғы жылдары банктер  мен басқа арнайы қаржы –несие мекемелері арасындағы халықтық және фирмалар мен компаниялардың жинақтары үшін күрес ерекше шиеленіскен сипатқа ие болады.

Бұрын коммерциялық банктер  халық жинақтарын тартудағы депозиттер бойынша мөлшерлемеледі өсіру сияқты тиімді қаруды еркін қолдана алмады. Оларға мерзімді және жинақ салымдары иелеріне төлеуге рұқсат етілген пайыздық мөлшерлемелердің максималдық шегі белгіленген еді, ал басқа арнайы несиелік мекемелерде мұндай шектеулер болмады. Әрине, соңғылары бәсекелестік күресте артықшылыққа ие болды. Қазігі жағдайда өзгерді. Банктер пайызды конюктура жағдайына байланысты белгіленетін ақша нарығының сертификаттарын шығару рұқсатына қол жеткізді. Сонымен қатар 1980 жылы АҚШ-та қабылданған депозттік мекемлерді бейреттеу бойынша пайыздарды төлеуге қандай да болмасын шектеулердің күшін жойды.

Ірі банктік мекемлерге ортақ әмбебаптану тенденциясы  олардың мамандануын сақтап қалуымен үйлесім табады. Әмбебаптанудың өзі  мекемелердің жеке түрлеріне қатысты  алғанда өзіндік ерекшеліктерімен біркелкі емес дамуда. Мұнда әмбебап типті мекемелердің мамандануының жойылуы туралы сөз қозғалып отыр. Сонымен бірге бұл тенденция қызмет көрсету сапасының артуына ықпал жасап, бірінші кезекте нарықтық аялардың, яғни әмбебап немесе ірі банктер назарын аудармаған қызмет түрлерін табуға ұмтылатын шағын және орта банктерге әсер етеді. Маманданудың жайылу тенденциясын банктік бизнестегі бәсекелестіктің күшеюі қолдап отыр.

Информация о работе Несиенің мәні мен функциялары