Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Июня 2013 в 17:12, реферат
Өндіріс, ұдайы өндіріс процесінің бастапқы пункті, шешуші жағдайы бола отырып, басқа фазаларымен тығыз байланыста. Ұдайы өндіріс процесі материалдық игіліктердің қоғамдық өндірі процесінің үздіксіз жаңаруы ретінде, оның әр түрлі сатыларының біртіндеп ауысуын ұлғайтады. Әрбір саты - өндіріс, үсестіру, айырбас және тұтыну белгілі бір мағынаға ие.
1. Несиенің мәні және қажеттілігі.
2. Несиенің құрлымы.
3. Несиенің формалары мен түрлері.
4. Несиенің фукциялары
5. Қарыз пайызының экономикалық мәні
6. Несиелік ресурстар және оардың қалыптасу көздері
Тауар айырбасы жағдайында
қоғам пайызды пайдаланбаған
кезең де болды және тек қоғамдық
дамудың белгілі бір
Несиелік қатынастар пайыз дербес экономикалық категория ретінде тіркелетін тікелей негіз болып табылады. Қарыз пайызының мәнін оны қарыз капиталын қайтарымдылық принципімен пайдалану негізінде пайда болатын экономикалық қатынастар ретінде түсіну керек. Бұл экономикалық қатынастардың субъектілері – қарыз пайызын тиістінше алушы және төлеуші ретінде болатын кредитор және қарыз алушы. Қарыз пайызында қатысты экономикалық қатынастар ерекше, оларды несиелік қатынастармен араластыруға болмайды.
Олардың айырмашылықтары арқылы қарыз пайызының экономикалық мәні ашылады, айырмашылықтары төмендегілер болып келеді.
Қарыз берілген құнның және несиені пайдаланғаны үшін төленетін пайыздық сома қозғалысының сипаты;
Несие мен қарыз пайызы арасындағы экономикалық құқықтық айырмашылық;
Қарызға берілген құн мен пайыз төлеу сомасы қозғалысының әр түрлі бастамасы;
Несие және қарыз пайызының ұдайы өндіріс процесінің әр түрлі сатыларында пайда болуы.
Бұл айырмашылықтарды толығырақ қарастырамыз.
1.Егер несие- бұл
қайтарымдылық негізінде
2. Несие мен қарыз
пайызы арасындағы
3. Несиеге және пайызға байланысты қатынастарда қозғалыстың басталуы әр түрлі сияқты. Қарызға берілген құнның қозғалысы крредитордан қарыз алушыға қарай басталса, пайызды төлеу кері бағытта – қарыз алушыдан кредиторға қарай жүреді. Несиелік және пайызға қатысты қатынастарды салыстырғанда қозғалыстағы құнның сапасы жағынан басқа шамадағы айырмашылықтарын көру маңызды. Несиенің аяқталу сатысы – бұл құнның қайтарылуы және қарыз пайызын төлеу уақыты бойынша сәйкес келмейді. Қарыз алушы алдымен несиені қайтаруы мүмкін, сонан соң оны пайдаланғаны үшін қарыз пайызын төлейді. Былай болуы да мүмкін, қарыз алушы нестелі қайтаруға жағдайы келмей, қарыз бойынша ұзартылған төлем орын алады. Бұл жағдайда алдымен қарыз пайызы төленеді, сонан соң жеткілікті көзі табылғанда қарыз өтеледі.
4.Несие және пайыз
бір бірінен олардың ұдайы
өндіріс процесінің әр түрлі
салаларында пайда
Қарыз пайызы пайданың бөлігі түрінде бола отыры одан оның мөлшерін анықтайтын факторлармен ерекшеленеді. Мысалы, егер пайданың қалыптасуы жұмыскердің санына және еңбек өнімділігіне байланысты болса, ал төленетін қарыз пайызының шамасы – пайыздық мөлшерлеме деңгейіне және қарыз алушы алған несиенің сомасына байланысты. Қарыз пайызы өзіне тән ерекше белгілі бір белгілерді білдіре отырып, пайдадан ғана өзгешеленбейді, сонымен қатар басқа экономикалық категориядан, мысалы, бағадан да өзгешеленеді.
Бағалар таур айналысымен, айырбаспен тығыз байланыста екені белгілі, оның бөлу фазасында пайда болатың қарыз пайызынан өзгешелігі, ол- қайта бөлу категориясы болып табылады. Екінші өзгешелігі мынада, тауар бағасы тауар айналымы негізінде, ал пайыз – мүлдем басқа, несиенің қозғалысы негізінде пайда болады. Алайда, несиемен сауда жасау мүмкін. Несиелік мәміледе саудалық себеп банк ісіндегі сауда- саттықпен (коммерциализация ) байланысты.
Осылайша ,қарыз пайызының мәніне талдау жүргізу – несиені пайдаланғаны үшін пайыздық соманы төлеуге қатынасты пайда болатын экономикалық қатынастар ретінде келесі сипаттауға мүмкіндік береді. Қарыз пайызы экономикалық категория ретінде екі функцияны орындайды: үлестіру және банктің несиелік потенциалын өсіру. Бірінші – қарыз пайызының үлестіру функциясы – барлық құнның үлестіруімен емес, оның жаңадан құрылған құнды білдіретін бөлігімен байланысты. Пайыз арқылы үлестіру салалық емес,жалпы шаруашылық сипатта.
Халық шаруашылығы деғгейінде қарыз пайызын төлеу ұлттық табысты бөлумен байланысты. Пайданың бөлінуі пайызында қарыз пайызын алушы және төлеушінің орындары ауысуы мүмкін. Экономикалық қатынаастардың сол және сол тәрізді субъекті бір мезгілде кредитор да, қарыз алушы да болуы мүмкін, яғни пайыздық сомалардың алушысы және төлеушісі ретінде жүре алады. Қарыз пайызы арқылы пайданың үлестірілуі меншік иесінің ауысуымен қатар жүреді. Жоғарыда айтылып өткендей, пайданың бір бөлігі өзінің иесінен келіп, кредиторға өтеді.
Екінші функция банктің кредитор ретіндегі несиелік потенциаының ұлғайюымен және сақтауымен байланысты. Банктің несиелік потенциалының ұлғаюы – алынатын пайыз бен төленетін пайыз арасындағы айырмашылық есебіне болады.
Кредитор мен қарыз алушы арасындағы өзара қатынаста қарыз пайызы пайыздық мөлшерлеме түрінде болады. Қазіргі уақытта қарыз сипатына және ұзақтығына, несиелеу объектісіне, қарыз алушының несиелік қабілетіне, несиелік ресурстарға сұраныс пен ұсынысқа байланысты пайыздық мөлшерлемелердің көптеген түрлері бар.
Пайыздық мөлшерлеме тұрақты және өзгермелі, номиналды және нақтылы, дисконтты болуы мүмкін.
Тұрақты пайыздық мөлшерлеме қарызды пайдаланудың барлық мерзімі бойынша өзгеріссіз қалады.
Өзгермелі пайыздық мөлшерлеме несиелік ресурстарға деген сұраныс пен ұсыныс арқылы қалыптасатын ақша нарығының жағдайына байланысты, сонымен қатар экономикалық және қарыз алушыны қаржыландыру жағдайында несиелік немесе депозиттік шарттың барлық әрекет ету мерзімі бойында банк арқылы өзгертілуі мүмкін. Мөлшерлеменің өзгерітілу шарттары тараптардың өзара келісімімен анықталады. Олар үнемі қайта қарастырылады және әдетте қарыз капиталы нарығындағы қандай да бір қаржылық актив бойынша пайыздық мөлшерлеменің өзгеруіне байланысты ауысып отырды.
Номиналды пайыздық мөлшерлеме екі факторға байланысты қалыптасады: несиелік ресурстарға деген сұраныс пен ұсыныстын арақатынасына және инфляция қарқынына қарай.
Нақты пайыздық мөлшерлеме есептеу жолымен табылады – номиналды мөлшерлемеден инфляция қарқыныалынып тасталынады. Кредитордың көзқарасы тұрғысынан нақты пайыздық мөлшерлеме табысының көзі – несиелеу және инвестициямен байланысты шығындардың орнын толтырудың негізгі болып табылады. Нақтылы пайыздық мөлшерлеме мынандай құрамдас бөліктерден тұрады: ағымдық шығындар (тартылған қаражаттар құны, әкімшілік және заңды шығындар, төлем қабілеттіз қарыз алушылардан келетін шығындар), салық, тәуелкел үшін төлем, пайда.
Экономикалық ғылымда номиналдық және нақтылы пайыздық мөлшерлемелер арасындағы өзара байланысты И. Фишердің формуласымен өрнектеледі, яғни
i= r+r*U+U, (1)
мұнда:
i –несие(депозит) үшін номиналды пайыздық мөлшерлеме;
r- несие(депозит) үшін нақтылы пайыздық мөлшерлеме;
U- белгілі бір кезең (бір жыл) ішіндегі инфляция деңгейі;
Бұл формулада [r*U+U] сомасы
инфляциялық шығының орнын
Банктік тәжіребиде барлық пайыздық мөлшерлемелер номиналды шамада белгіленеді.
Математикалық пайыздық мөлшерлеме қарызға берілген құннан келетін табыстың осы құнның шамасына қатысаны ретінде анықталады. Мысалы, 1995 жылы 18 мамырда Ұлттық банк бекіткен пайыздарды есептеу тәртібі және олардың ҚР-сы банктеріне бухгалтерлік есеп шоттарындағы орналастыру келесі техникалары пайдаланылады:
Жай пайыздарды есептеудің техникасы . Жай пайыздар- бұл қарыздық: берешек (депозит) сомасына есептелген пайыздар. Жай пайыздарды есептеу үшін төмендегідей формула қолданылады:
I=i * P*n/360*100%, (2)
мұнда:
P- берешек (депозит) қалдығы;
I- қарыздық (салымның) барлық мерзімі үшін есептелген пайыз сомасы;
n- пайыз есептелетін кезеңдегі құндар саны.
Күрделі пайыздарды есептеудің техникасы. Күрделі пайыздарды – бұл қарыздық берешек (депозит) сомасына ғана емес есептелген пайыздан келетін табыс сомасына да есептелген пайыздар.
Несиелер және депозиттер бойынша пайыздық төлемдер сомасын есептеу үшін келесідей формула пайдаланылады:
I= P[(l+ i/1200)n-l], (3)
мұнда:
i- пайыздық жылдық мөлшерлеме;
P- қарыздық (салымның) алғашқы сомасы;
I- қарыздық (салымның) барлық мерзімі үшін есептелген пайыз сомасы;
n- қарыздық (салымның) ай
мерзімдерінднгі (ай
Егер несиелеу мерзімі бойынша қарыздық берешектің бөлігі ұзартылған қарыз есебіне жатқызылса, онда ұзартылған қарыздық берешекке есептелген пайыз сомасын анықтау үшін төмендегідей формула қолданылады:
Ig=Q*[(l+ig/1200)t1- (l+ig/1200)t2], (4)
мұнда:
Ig- ұзартылған берешек бойынша есептелген пайыздар сомасы;
Q- ұзартылған берешек сомасы;
ig – ұзартылған берешек бойынша пайыздық мөлшерлеме ( айып- пұлдық);
t1 – несиелеудің басталуынан ұзартылған берешек бойынша пайыз есептелген күнге дейінгі уақыт кезеңі.
t2- несиелеу басталған күннен ұзартылған қарыздың пайда болған күніне дейінгі уақыт кезеңі.
Пайыздарды есептелген кезде айдағы күндер саны шартты түрде 30 күн, ал жылдағы күндер саны – 360 күн деп қабылданады. 31 күндік айларда 31 күн есепке алынбайды, ал ақпанда соңғы дейінгі қалдық 30 күнге қанша жетпесе, сонша қайталанады.
Күрделі пайыздарды есептеу қажеттілігі түрлі себептерден болуы мүмкін. Ұлттық банк үшін әр түрлі мерзімдерге бір пайыздық мөлшерлеме бойынша берілетін аууциондық несиелерді қайта қаржыландыру кезінде екінші деңгейдегі банктердің әр түрлі тиімді табыс алуын болғызбаудың маңызы зор. Бұл үшін Ұлттық банк тәжірибеге күрдклі пайыз әдісі бойынша пайыздар есептеуді енгізгенге дейін 1,3 және 9 айлық несиелер бойынша бірнеше әр түрлі ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемелерің белгілеуге мәжбүр болды. Күрделі пайызға өтумен байланысты қайта қаржыландырудың бірегеей мөлшерлеме белгіленетін болды.
Нарықтық қатынастарды
құрудың қазіргі уақыттағы
Екінші жағынан, банктік мекемлер жүргізетін пайыздық саясаттық ерекшеліктері сол және басқа да банктен тәуелсіз сипаты бар бірқатар жалпы факторлардың индивидуалыьдық көрінісінің салдары болып табылады, Жалпы жағдайда несие үшін пайыздық мөлшерлеменің қалыптасуының бастапқы негізгі тартылған ресурстар үшін төлемнің орташа деңгейі болады. Нарық жағдайында орташа ресурстар үшін төлем мөлшерлемесінің екі шектік мәні бар: ең төменгі және ең жоғарғы. Бұл мәніне төмен және жоғары кезде ресурстарды сатып алу- сату мәмілесі жасалмауы мүмкін, өйткені оның шарттары тараптардың біреуін қанағаттандырмайды. Фактор өз шекарасын қоса алғандағы, көрсетілген шетһктеулі мәнлердің шеңберлерінде әрекет етеді.
Қарыз пайыздық мөлшерлемесі мұзмұның жалпы сызбасы келесі түрде көрсетілуі мүмкін. Жалпы жағдайда банк берген несие үшін пайыздық мөлшерлеме тартылған ресурстар үшін төлем мөлшерлемесі мен пайыздық маржаның қосындысынан тұрады. Соңғысы, өз кезегінде, бірнеше бөліктермен тұруды мүмкін: қалыпты маржандан, яғни банктің қызмет етуімен байланысты шығындарды жабуы және банктің қалпыты пайда алуын қамтамасыз ететін маржандан. Қалпыты маржа сенімділігі жоғары дәрежелі несиелерге; неғұрлым жоғары болған сайын банктік қарыздың қайтарылатынына сенімділігі төмен болатын тәуекел үшін үстемелерге; нарықтық жағдайлардына (сұраныс-ұсыныс), үстемелер (кемітулер) мен ондағы сатушының жағдайына қарай ( монопология-бәсекелестік) бағдар ұстайды.