Несиенің мәні мен функциялары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Июня 2013 в 17:12, реферат

Краткое описание

Өндіріс, ұдайы өндіріс процесінің бастапқы пункті, шешуші жағдайы бола отырып, басқа фазаларымен тығыз байланыста. Ұдайы өндіріс процесі материалдық игіліктердің қоғамдық өндірі процесінің үздіксіз жаңаруы ретінде, оның әр түрлі сатыларының біртіндеп ауысуын ұлғайтады. Әрбір саты - өндіріс, үсестіру, айырбас және тұтыну белгілі бір мағынаға ие.

Содержание

1. Несиенің мәні және қажеттілігі.
2. Несиенің құрлымы.
3. Несиенің формалары мен түрлері.
4. Несиенің фукциялары
5. Қарыз пайызының экономикалық мәні
6. Несиелік ресурстар және оардың қалыптасу көздері

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ақша, несие, банктер..doc

— 651.00 Кб (Скачать документ)

Бюджеттен тыс  қорлар – мемлекет оларды белгілі бір қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін тарта отырып, оперативтік дербес негізінде жұмсайтын қаржылай қаражаттарды қайта бөлу және пайдалану нысандардың бірін білдіреді. Бұл қорлар қаржы нарығының инвесторларды және қатысушылары ретінде бола алады, себебі, біріншіден, ақшалай қаражаттарды пайдалану, оларды жинақтау уақытымен дәл келмейді, ал екіншіден, инвестициядан түсетін табыстар сол немесе басқа қордың шығынын қаржыландыратын қосымша табыс болып табылады.

Қазақстандағы мемлекеттік  бюджеттен тыс қорларға жататындар:

Зейнетақы қоры;

Халықты жұмыспен қамту мемлекеттік қоры.

Әлеуметтік  сақтандыру қоры.

Міндетті медициналық  сақтандыру қоры (ММСҚ).

Зейнетақы қоры. Оның басты міндеттері:

    • зейнетақы мен балаларға жәрдемақы төлеу үшін мақсатты сатты алым және қаражат жинақтау, оларды қаржыландыруды ұйымдастыру;
    • халықты әлеуметтік қолдауға байланысты республикалық және аймақтық бағдарламаларды қаржыландыруға келісім – шарт негізінде қатысуы;
    • өзін- өзі қаржыландыру қағидаларының негізінде қор қаражаттарының ұдайы өндірісін ұлғайту.

        Бұл қор 1993 жылдан бастап Әлеуметтік  қорғау министрлігіне бағынады. 1994 ж. Зейнетақы қоры бюджеттің құрамына біріктіріліп, төрт айдан соң қайтадан бөлінген. 1995 жылдан бастап Зейнетақы қоры бюджеттен тыс болып саналады.

Зейнетақы қорының қаражаттары  меншік формаларына және қызметіне  байланыссыз жұмыс беретін кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметпен айналысатын адамдардың сақтандыру жарналарының аударымдары есебінен құралады. Зейнетақы өорлары мен Әлеуметтік сақтандыру қорына аударылатын жарналар еңбекақы төлеу қорының 30%-ың құрайды. Жинақталатын жарналардың 85% қаражаты – зейнетақы қорына, ал 15% - Әлеуметтік сақтандыру қоры мен Міндетті медициналық сақтандыру қорына тиесілі.

Қор бюджетінің жобасын  Әлеуметтік қорғау министрлігі жасайды  жіне оны қордың басшыларына береді, оның құрамына: Қаржы министірлігінен, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінен, Үкімет және Президент әкімшілігінен өкілдер кіреді.

Әлеуметтік сақтандыру қоры – аумақтық және салалық деңгейде бөлінетін, мемлекеттік маңыздылығы бар ресурстардың орталық қоры болып табылады. Әр түрлі меншік формасындағы кәсіпорындардың, ұйымдардың және кәсіпкерлік қызметпен айналысатын тұлғалардфң қаражаттарының міндетті түрде қатысуымен сақтандыру әдісі арқылы құрылады. Әлеуметтік сақтандыру қорының қаражаты еңбекақы төлеу қорынан – мемлекеттік әлеуметтік сақтандыруға аударымдар жасау есебінен қалыптасады. 1993-1995 жж. Бұл қорға барлық аударымдардың 15%-зы түскен. 1996 ж. 1қаңтарына бастап бұл көрсеткіш 5%-ға азайған. Әлеуметтік сақтандыру қорының қаражаттары әр түрлі жәрдемақылар төлеуге (уақытша жұмысқа жарамсыздарға, бала туына және бала туған кезде бір мезеттік жәрдемақы түрінде және т.б.), емдеу- демалыс орындарын қаржыландыруға жұмсалынады. Бұл қордың шығындарының басым бқлігін жәрдемақы төлеуге жұмсалатын қаражаттар алады.

Еңбекпен қамту мемлекеттік  қоры 1991 жылы мемлекеттік жұмыспен қамту қызметінің төңірегінде дербес жүйе ретінде құрылған және мемлекеттің жұмыспен қамтуға байланысты саясатын іске асыру бойынша шараларды қаржыландыруға бағытталады. Қаулымен анықталғандай, оның қаражаты мемлекеттік бюджетке жатпайды, ендеше ол да бюджеттен тыс қор болып табылады. Соған қарамстан 1993 жылы оның қаржылық жағдайының жақсаруы және артық қаражаттарын бюджеттің қажетіне жұмсау мүмкіндігіне байланысты ол бюджетке біріктіріледі. 1995 ж. мамыр айынан бастап Еңбекпен қамту мемлекеттік қоры қайтадан бюджеттен тыс қор болып шығады.

Оның қаражат көздеріне:

-меншік және шаруашылық  жүргізу түріне байланыссыз кәсіпорындардың,  ұйымдардың, мекемелердің және басқа  да жұмыс берушілердің еңбекақы төлеу қорынан белгілі мөшерде міндетті аударымдар жасау (2%);

- мемлекеттік бюджеттен  бөлінетін дотация;

- отандық және шетелдік  кәсіпорындардың, қоғамдық ұйымдардың  және азаматтардың ерікті жарналарынан, коммерциялық қызметтен түсетін табыстардан және басқа да түсімдерден.

Міндетті медициналық  сақтандыру қоры. 1995 жылы 29 қырқүйектегі Қазақстан Республикасы үкіметінің № 1295 қаулысымен Қазақстан Республикасы үкіметі қармағында Міндетті медициналық сақтандыру қоры құрылды. Бұл Қор ҚР-сы заңдарында көзделгендей міндетті медициналық сақтандыру жүйесіндегі сақтандырылған азаматтардың сол облыстағы мемлекеттік қаржы саясатын қарастырып, сондай- ақ ол жүйенің қаржылай тұрақтылығын қамтамасыз етуге байланысты шараларды дайындап жүзеге асыруға, Қазақстанның барлық аумағында сақтандырылған азаматтарға медициналық көмек ретінде жағдай жасауға бағытталады.

Қазақстан Республикасында  бюджеттен тыс қорға аударымдар пайызы

 

Еңбекақы төлеу қоры


                           30%                                            Мемлекеттік

                        --------------                               жұмыспен қамту

                         85% 15%                                          қоры (2%)

                Зейнетақы қоры                Әлеуметтік сақтандыру қоры (5%)

                                                            Мінд. мед. сақтандыру қоры (10%)

ҚР үкіметі қарамағындағы  Міндетті медициналық сақтандыру қорының  қаржылай қаражаттары мемлекеттік  медициналық сақтандыру меншігінде бола отырып, бюджеттік құрамына және басқа да қорларға кірмейді.

Олар келесі көздердің  есебінен құралады:

    • ҚР үкіметінің белгіленген мөлшерде жұмыс берушілерді міндетті медициналық сақтандыруға төлемген сақтандыру төлемдерінің бір бөлігінен;
    • қордың қарылай қаражаттарының нормаланған сақтандыру запасынан;
    • қордың уақытша бос қаржылай қаражаттарын пайдаланудан түскен табыстардан;
    • заңды және жеке тұлғалардың өз еркімен жарна қосуы және сай тартуынан;
    • ҚР заңдарымен тыйым салынбаған басқа да түсімдерден.

Мемлекеттік емес зейнет ақы қоры (МЕЗҚ) – бұл қоғамдағы әлеуметтік ауыртпалықты азайтуға, мемлекеттің өз міндеттерін орындаудағы шығындарын қысқаруға, қаржы нарығының тұрақтылығын арттыруға, ұзақ мерзімді инвестициялауға арналған «арзан ақшаларды» тартуға мүмкіндік беретін әлеуметтік –экономикалық институт болып табылады. МЕЗҚ- келісім –шартқа сәйкес жарнамаларды жинақтап, зейнетақы төлейтін коммерциялық емес ұйымдар ретінде құрылды. Қор жинақталған қаражаттарды көбейту мақсатында оларды зейнетақы қорының активтерін басқаруға байланысты арнайы компанияға (ЗАБҚ) береді. Бұл қор банктік шотын кастодиандық қызметпен айналысуға лицензия алған кастодиан банкте ғана ашады.

Кастодиан- бұл бағалы қағаздар мен ақшалай қаражаттар мәмілесін жүргізетін және өзіне сеніп тапсырылған бағалы қағаздарды қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға.

Қор қызмет ететін кастодиан  банк пен зейнетақы активтерін басқаратын компаниямен бірге ақпараттарды үнемі салыстырып отыруы тиіс. Кастодиан- банк: зейнетақы жән корпаративтік активтердің жалпы сомасын, инвестицияланған қаражаттар сомасын, қаржы инвестициясы құнының өзгеруін, бағалы қағаздарды сатудан түскен түсімдер сомасын, комиссиондық сыйақы сомасын тексереді.

Зейнетақы активтерін басқару  компаниясымен: зейнетақы жарналарының түскен сомасы, зейнетақылық жиналымдарға төлемдер сома, инвестиция түрлері бойынша инвестицияланған қаражаттар сомасы, алынған инвеситициялық табыс сомасы, басқа қорларға ауысқан салым иелерінің саны және олардың сомалары салыстырылады.

Инвестициялық қор (инвестициялық компания)-тартылған қаражаттарды бағалы қағаздарға инвестициялау мақсатында, өзінің акцияларын шығару және ашық түрде орналастыру арқылы ақшалай қаражаттарды тартуға байланысты қызметін жүзеге асыратын акционерлік қоғам формасында құрылатын заңды тұлға. Акционерлермен өзара қатынасына байланысты инвестициялық қорлар келесідей түрге бөлінеді: өзара біріккен қорлар – ашық инвестициялық қор және инвестициялық компания – жабық инвестициялық қор.

Инвестициялық қордың келесідей  құқықтары болады.

-сол инвестициялық  қордың бағалы қағаздар портфеліне  тиісті акциялары бойынша акционерлік  қоғамның басқаруына қатысуға;

- басқарушылар мен  бағалы қағаздар портфелін басқару  туралы келісім-шарт жасауға;

- басқа тұлғалардың  барлығымеен, соның ішінде тіркеуші және кастодиандық келісім-шарт жасауға және қарым- қатынасты тоқтатуға;

- инвестициялық қордың  бағалы қағаздар портфелің басқаруға  байланысты қызметті жүзеге асыруға  кез келген сұрақтарды инвесорлық  басшысынан талап етуге және  алуға;

Инвестициялық қордың мына салаларына тыйым салынады:

-акциядан басқа бағалы  қағаз түрлерін шығаруға;

-банктерден инвестициялық  қордық таза активтерінің құнынан  он пайыздан астам мөлшерде, алты  айдан асатын уақытқа заемдық  қаражаттар алуға;

-акцияның бақылау  пакетін сатып алуға күшті шектеу қоюғы;

-кез келген тәсілде  заемдар беруге;

-қайта сатып алу  шартымен өзіне тиісті бағалы  қағаздарды сатуға (РЕПО операциясы).

Инвестициялық қорға  қойылатын ең маңызды шектеу- бұл  оны өзінің баңалы қағаздар портфелінен  басқарудағы қызметін тәжірибе жүзінде айыруды сипаттайды. Бағалы қағаздар портфелін басқаруға қатысты барлық қызмет инвестициялық қорды басқарушы жүктеледі.

Инвестициялық қорды  басқарушы- инвестициялық қормен оны  басқару туралы келісім- шарт негізінде  әрекет етуші және бағалы қағаздар портфелін басқаруға байланысты кәсіби қызметті жүзеге асырушы заңды тұлға.

Инвестициялық банктерден басқаларының басқарушы қызметін атқаруға құқығы жоқ.

Несиелік серіктестік  дегеніміз-банк болып табылмайтын, өзінің қатысушыларына несие беру және қызмет көрсету мақсатында құрылған, өз қызметін Ұлттық банктен қарыздық және басқа да банк операцияларын жүргізуге берген лицензиясы негізінде жүзеге асырушы заңдыы тұлға. Несиелік серіктестік жабық акционерлік қоғам және жауапкершілігі шектеулі серіктестік түрінде құрылатын және өз қызметін жүзеге асыратын коммерциялық ұйым болып табылады. Несиелік серіктестіктің қатысушылары жарғылық қорының елу пайыздан астамы мемлекетке жататын өкіметті атқарушы және сот билігінен, қаржылық капиталы мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардан, сондай-ақ, оны тіркеген мемлекеттің заңымен сәйкес келетін оффшорлық аймақтағы компания статусы бар заңды тұлғалардан басқа жеке және заңды тұлғалар ( резиденттер және резидент еместер) болуы мүмкін.

Несиелік серіктестіктердің  ҚР-сының аумағында, сондай- ақ одан тысқары жерлерде филиалдарын, өкіметтіліктерін және еншілес серіктестіктерін ашуға құқығы болмайды.

Несиелік серіктестік  келесі операцияларды жүзеге асырады:

    • кассалық операциялар- банкноттар мен монеталарды қабылдау, санау, ұсақтау, айырбастау, сорттау, қаптау және сақтау.
    • қарыздық  операциялар- несиелік серіктестік қатысушыларына ақшалай формада несиелер беру;
    • аударымдық операциялар- ақша аудару бойынша несиелік серіктестік қатысушыларының тапсырмаларын орындау;
    • сенім (транстық) операциялар- сенім білдірушінің (несиелік серіктестік қатысушыларының) мүддесіне сай және тапсырмасы бойынша ақшаны басқару;
    • несиелік қатысушылар үшін клирингтік операциялар- төлемдерін жинақтау, салыстыру, сұрыптау және растау, сонымен бірге олардың өзара есепке алу мен клирингке (несиелік серіктестік) қатысушылардың таза позицияларын анықтау;
    • сейфтік операциялар- сефтік жәшіктерді, шкафтар мен үй – жайларды жалға баруді қоса есептегендегі клиенттердің бағалы қағаздары, құжаттары мен құндылықтарын сақтау бойынша қызметтер;
    • несиелік серіктестікке қатысушы заңды және жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау;
    • несиелік серіктестікке қатысушыларының банктік шоттары олардың тапсырмасы бойынша есеп айырысу.

Аталған операциялардан басқа, несиелік серіктестіктер Ұлттық банк лицензиясы болған жағдайда төменде көрсетілгендей операцияларды жүзеге асыруға құқылы:

    • факторингтік операциялар- төлемін төлемеу тәуекелі қабыллануымен бірге тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алушыларды төлемді талап ету құқығына ие болуы;
    • форфейтингтік операция (форфейтирлеу) – сатушыға айналымсыз вексельді сатып алу арқылы тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алушының қарыздық міндеттемесін төлеу;
    • келісім- шарттың бүкіл әрекет ету мерзімі ішінде жалға берілетін мүлікке жалға берушінің меншік құқығының сақтандыруымен мүлікті жалға беру (лизинг).

Қолданыстағы банктік  заңдармен қарастырылған банктік  және басқа операциялар несиелік серіктестік ҚР-сының ұлттық валютасы – теңгемен жүргізіледі. Несиелік серіктестік Ұлттық банктің оның рұқсатымен немесе екінші деңгейлі банктерде корреспанденттік шот аша алады.

Сақтандыру  компаниялары. Сақтандыру дегеніміз – белгілі бір сақтандыру жағдайлары кезінде сақтандырушылардың сақтандыру төлемдерінен, сондай-ақ заңмен тыйым салынбаған басқа да көздерден құралатын сақтандыру өтемдері ақшалай қорлардың есебінен төленетін жеке заңды тұлғалардың ( сақтандырылғандардың ) мүдделерін мүліктік қорғау жөніндегі қарым- қатынас болып табылады.

Информация о работе Несиенің мәні мен функциялары