Несиенің мәні мен функциялары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Июня 2013 в 17:12, реферат

Краткое описание

Өндіріс, ұдайы өндіріс процесінің бастапқы пункті, шешуші жағдайы бола отырып, басқа фазаларымен тығыз байланыста. Ұдайы өндіріс процесі материалдық игіліктердің қоғамдық өндірі процесінің үздіксіз жаңаруы ретінде, оның әр түрлі сатыларының біртіндеп ауысуын ұлғайтады. Әрбір саты - өндіріс, үсестіру, айырбас және тұтыну белгілі бір мағынаға ие.

Содержание

1. Несиенің мәні және қажеттілігі.
2. Несиенің құрлымы.
3. Несиенің формалары мен түрлері.
4. Несиенің фукциялары
5. Қарыз пайызының экономикалық мәні
6. Несиелік ресурстар және оардың қалыптасу көздері

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ақша, несие, банктер..doc

— 651.00 Кб (Скачать документ)

Осы жаңа міндеттемелер  мен талаптарды жасау үрдісі қаржылық делдалдықтың негізін құрайды. Несие  беруші қарыз алушыға және соған қатысты қаржылық институттар қызметінің қозғалысы орын ауыстыруы, қаржылық ресурстардың құйылуы қаржылық делдалдық деп аталады.

Әр түрлі көздерден  ақша капиталын жинау арқылы банктер  жалпы ақша қаражаттарының «тобын»  құрайды және де оларды жұмыс істеп  тұратын капиталға айналдырып, әр түрлі шарттардағы несиеге деген талаптарды қанағаттандыра алады.

Шаруашылық органдар мен тұрғындардың қаржылық-несиелік қызмет көрсетуін ұйымдастыру және несиелік жүйенің қызмет етуі шаруашылық құрылымдардың дамуында маңызды  роль атқарады.

Нарықтық экономикада  банктер монополитерге айналады және барлық қаржылық капитал арқылы нақты басқарады. Олар тек делдалдық  қызметтен шығып, ұдайы өндірістің барлық фазасының аясына ғана кіреді. Несиелік жүйе «ертегідей күшке» ие бола отырып «нақты өндіріске ең қауіпті түрде араласуы» мүмкін. К. Маркс келесіде «Ағылшын банкісі сияқты мекеменің сауда мен өнеркәсіпке билік етуіне» назар аударады. Банктер шаруашылық өмірдің орталығы, барлық экономиканың негізгі түйіні екені ескеріледі.

Банктік жүйенің мақсаты мен міндеттері негізінен экономиканы жалпы басқарудың мақсаттары және міндеттерімен бірдей, әйтсе де банктер басқарудың кішігірім жүйелері ретінде экономиканы басқарудың жалпы мақсатына жетуді қамтамасыз ететін, өзіне тән жеке міндеттерін орындайды. Экономиканы басқару органы ретіндегі банктің ролі оның өзінің қызметтерін орындау үрдісінде және банк ісін ұйымдастыруда жалпы принциптерді сақтауда көрініс табады.

Экономиканы басқару  процесінде банктер негізінен басқарудың экономикалық қатынастарын көрсетеді, ал әр қоғамның экономикалық қатынастары ең алдымен мүдде ретінде көрініс алады, ал экономикалық мүдде өндірістің мақсаты, яғни оны қозғаушы фактор болып табылатын әдістемелерді пайдаланады. Мүддені осылай деп түсінуден келесі туындайды, яғни оларға қажеттіліктерді қанағаттандыру арқылы әсер етуге байланысты. Банктер басқарудың экономикалық әдістері мәселен, несиелеу арқылы, экономикалық әр түрлі буындарының қарыз қаражаттарындағңы қажеттіліктерін әр түрлі несиелермен немесе қолма-қолсыз есеп айырысу арқылы экономиканың үздіксіз қызмет етуіндегі қажеттілігін қанағаттандырады, қоғамдық өнімнің тоқтаусыз қозғалысын қамтамасыз етеді.

Банктер есеп айырысу  операцияларын жүргізудің тәртібін бұзғаны үшін айыппұл, төлем күнін  созғаны үшін өсім, несиені өз уақытында қайтармағандығы үшін жоғары пайыздарды алумен өзінің мүддесін ғана емес, сонымен қатар, бұл операциялардың басқа да қатысушыларының мүддесін қорғайды.

Банктер өз қызметтерін  орындау кезінде функционалдық (экономикалық), салалық (министерстволар, компания, фирмалар) және аумақтарды (жергілікт орган) басқару органдарымен өзара тығыз байланыста жұмыс істейді.

Банктер экономикалық басқарудың органы болғандықтан, оның өз клиентттерінің алдындағы жауапкершілігі де экономикалық сипатта. Банктердің экономикалық жауапкершілігінің ең алдымен олар қызмет қөрсететін меншік түріне, ведомствалық тәуелділігіне байланысты емес, шаруашылық органдарының, (яғни өз акционерлерінің) шаруашылық және қаржылық қызметтерінің нәтижелерімен байланысты. Банктердің айналасында өздеріне әрбір банкті таңдайтын фирмалар мен компаниялар топталады. Олар басқа жағдайларда пайдамен қамтамасыз етілетін, өзі және клиенттері үшін операцияларды неғұрлым жүргізетін несиелік сипаты жүргізіледі.

Банктерде басқарудың басқа  органдарында жоқ ағымдағы ақпаратар болады. Ең алдымен ол қызмет көрсетілетін клиентерінің негізгі қызметі туралы ақпарат болып табылады. Шотта еңбекақы беру, жабдықтаушыларға төлем жасау, банктік несиелерді қайтару үшін қаражаттың болмауы тек объективті емес, сонымен бірге, осы шарт иесінің жұмысының нашар екендігінің күнделікті оперативті көрсеткіші болып табылады. Шотқа ақшаның келіп түсуі жабдықтаушының тиеген тауарларының өткендігін және т.б. білдіреді. Банктің мәліметтері бухалтерлік есепті құруды күтпей-ақ кәсіпорын қызметтерінің көптеген маңызды факторы туралы, әрі олардың нәтижелерін алдын ала көруге мүмкіндік береді. Бұл банктерге өз клиенттерінің жағдайын білуге, оларды бақылауға және олардың тағдыры мен табыстылығын анықтауға мүмкіндік береді.

Ақша айналымы бірлікпен мипатталады. Қолма-қол және қолма-қолсыз ақша қозғалысының аясы бір ақша бірлігінде қызмет көрсетеді, әрі өзара тығыз байланысты. Банктер кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың, жергілікті халықтың шот есептерін жүргізу арқылы ақша айналымының жиынтығын, ал олар арқылы шаруашылық процестердің барысын қадағалайды, әрі оларға ықпал етеді.

Банктік жүйеде қоғамның барлық ақшалай қорларды шоғырмандырған: мемлекеттік шаруашылық буындардың қаражаттары, халықтың жинақ ақшалары, т.б. бар. Банктер осы қорлардың қалыптасуына белсенді қатысады, яғни оларды пайдалану бойынша бақылау жүргізеді, ақша айналымын реттейді және сол арқылы ұдайы өндірістік үрдіске әсер етті.

Қазақстанның нарықтық экономикаға көшуімен банктердің алдын  жаңа мүмкіндіктер ашулыда. Меншікті жекешелендіру мен мемлекетсіздендіру нәтижесінде жеке меншік, меншіктің ұжымдық және акционерлік түрлері, кооперативтік қозғалыс кең етек алуда, меншіктің аралас түрінің негізінде кәсіпорындар құрылуда. Шаруа қожалықтары санының есебі, олардың бірлесуі, жалға, беруші (арендатор) және жеке еңбек қызметімен айналысатын тұлғалар да осыған жатады.

Қоғамда белгілі-бір класқа ие коммерсанттар, кәсіпкерлер пайда  болуда. Нарықтық қатнасчтардың дамуы  бойынша экономикада, қоғамда банктердің экономикалық ролі күшеюде. Олардың жұмысында бірінші орынға әкімшілік-әміршілік әдістердің орнын – экономикалық әдістер алмастырады.

Сөйтіп экономикаға  банктік ықпал етудің құндық құрылымдарының мағынасы арта түседі.

Бұл жағдайларда экономикада  инфляцияның төмендеуінде және олардың нарықтық жолға көшуінде, ең алдымен меншікті жекешелендіру мен мемлекетсізденудегі ролі айрықша. Бұнда банктік жүйенің негізгі мақсаты – несиелік механизмді жетілдіру, ақша массасын реттеудегі әдістерін жетілдіру, есеп айырысуды техдету және төлем тәртібін сақтауболып табылады. Қазақстан Республикасы 1993 жылы 15қараша айынан бастап өзіміздің ұлттық валютамыз – төл теңгемізді енгізді. Бірақ ифляция тоқтамады. Оның шыңы 1994 жылы шілде айында 46%-ға жетті. Ұлттық банк пен үкіметтің монетарлық шараларды қабылдауының нәтижесінде шілде айында инфляция (25%-ға), төмендеді, ал 1994 жылы тамызда 13,5 %-ға, қыркүйекте – 10,9%-ға тең болды.

Инфляцияның төмендеуінің нәтижесі қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің 300-ден 250 %-ға дейін төмендеуі мен  несиелік ресурстар аукциондағы %-дық мөлшерлеменің 460-тан 280%-ға төмендеуі, яғни несие үшін төлем – сұраныс пен ұсыныс негізінде анықтаған, нарыққа айналды. Теңгенің ресми және бейресми валюталық бағамдарының жақындасу тенденциясы бар. Аукциондарда қысқа мерзімді қазыналық вексельдердің сату көлемі жоғарылауда. Инфляция төлемдерінің жағымды сәті ретінде Ұлттық банктің директивті несиелерді беруден бас тартуын атауға болады және олар тек агроөнеркәсіптік несие үшін ғана сақталады. Несиелік ресурстар аукциондарда сатылады.

Ұлттық банк үкіметтің шығындарына несиелер беруді максималды төмендетуде. Мұндай барлық шаралар ұлттық валютаның тұрақтануы және инфляцияның төмендеуі бойынша жағымды нәтижелер береді.

Мемлекеттік меншікке реформа  жүргізуде банктердің ролі маңызды. Банктердің активтері мен пассивтерінің сапасы толығымен, олар қызмет көрсететін клиенттердің қаржылық жағдайына байланысты. Осы орайда банктік реформа мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру үрдісінен бөлек жүргізілмеуі керек. Сондықтан, банктік реформаның негізгі мақсатының бірі – экономикалық жеке секторын құру және кәсіпорынды жекешелендіруде демеушілік көрсету болып табылады. Бұдан келіп шығатыны – банктік реформа мемлекеттік меншікті жекешелендірудің мүдделеріне бағынуы керек. Өйтпесе олар шығыды несиелерден арыла алмайды, бұл қазіргі кезде көптеген мемлекеттік кәсіпорындардың несие портфелі сапасының төмендігіне қатысты.

Банктік реформа кәсіпорындарды жекешелендіруді қайта құруға және көп шығын шығаратын кәпорындарды тарату немесе қайта құруда өз үлесін алуы керек. Бұл шығынды және төлем қабілетсіз кәсіпорындарды несиелеуді шектеумен қатар өміршең кәсіпорындарды несиелеу мүмкіндігін кеңейтеді. Көп шығынды кәсіпорындардың өміршең кәсіпорындардан бөлініп және олардың жаңадан құрылған даму банкіне берілуі арқылы қызмет көрсетілуі қалған банктердегі нашар, әрекетсіз несиелердің шоғырлануын болдырмауы тиіс.

Банктік жүйенің реформасы  инфестициялық қорлардың ролін  жоғарылату және сауықтыру банктерін  құру жолымен жекешеленген кәсіпорындарды қайта құруға қолғабыс етеді. Сауықтыру банкінің ролі жекешелендіру бағдарламасының негізгі мақсаты болып табылатын, тиісінше жекешеленген және көп шығынды кәсіпорындарға корпоративті жетекшілікті күшейтуге қатысты арта түседі. Инвестициялық қорлар жекешелендірілетін кәсіпорындардың саудасына қатысып, олардың қарыздарын акционерлік капиталға алмастыруы мүмкін, яғни жеке меншік құқық жеке тұлғаларға көшеді деген сөз.

Банктік жүйенің реформасы  жеке кәсіпорындардың банктен несие  алуларын қамтамасыз етеді, жеке сектордың  дамуына жәрдемін тигізеді. Осы мерзімде ол шығынды мемлекеттік кәсіпорындарды қайта құруды ынталандырады.

Жекешелендіруші кәсіпорындарға республикада банктік реформаны  құрудың барысында қажетті ипотекалық банктер маңызды көмек көрсетеді, яғни бұл жерде әңіме жекешелендіруші кәсіпорындарға, оған тиісті мүлікті кепілге ала отырып, ипотекалық банктің ұзақ мерзімді несиесін беру мүмкіндігі туралы болып табылады. Бірақ ол үшін ең алдымен заң базасын жасау керек.

 

Қазақстандағы 1991 ж.бергі банктік реформа

Банктік жүйеде реформа жүргізудің қажеттілігі

Қазақстан Республикасының  экономикасы нарықтық қатынастарға көшу кезеңінде несиеі басқарудың жүйесін  және шаруашылық қызметіне банктік  қызмет көрсету механизмін құру, банктер  мен кәсіпорындардың қызметіне  жетекшілік етуде экономикалық әдістерді қолдану; банк пен клиенттері, сонымен қатар, банктің өз жүйесі шеңберіндегі, оның жекелеген буындарының арасындағы өзара қарым-қатынастар жүйесін қайта құру, яғи, жаңа құбылыстар мен процетерді ескере отырып, принципті түрде реформалау қажеттілігінің маңызы зор.

Қазақстан Республикасында  банктің жүйені реформалаудың қажеттілігі, Дүниежүзілік банктің мамандарының пікірінше, қысқа мерзімді мәселелер  категориясының бар болуымен түсіндіріледі  және оларды өз кезегінде макроэкономикалық  рформасын жүргізуде кедергі етуі мүмкін деп санайды. Бірінші категорияға (қаржылық) орталықтандырылған экономикадан мұра боп қалған мақсатты несие мен банктік тәжірибені мемлекеттік үлестіру жүйесінің ескі тәжірибесімен келісілген қаржылық ресурстарды жұрыс орналастырмау мәселесі; екінші категория мәселелеріне банктердің "сапасыз" (мерзімі өткен) қарыздары мен мемлекеттік зиянды кәсіпорындарын жатқызады. Бұл мәселелер өміршең (несие беруге қабілетті) мемлекеттік және жеке кәсіпорындардың қаржылық ресурстарға қол жеткізуіне кедергі болып, банктік қаржылық ресурстардың өміршең емес (шығынды) кәсіпорындардың пайдасына кетуіне жол береді.

Бұдан басқа, бұрынғы  жүйе мекемелер мен кәсіпорындар арасында төлем төлеулер мен есеп айырысуларды жұрыс жүргізе алмады.

1992 жыл ішінде Қазақстанның экономикасына несиелік салымдардың көбеюі байқалды. 1992 жылдың І тоөқсанында несиенің сомасы жалпы ұлттық өнімнің – 11,3%-ын құраса, ал ІҮ тоқсанда – 29,8 % құрады. Бұл негізінен қайта қаржыландыру және Ұлттық бактің несиесі есебінен болды, әрі бұл өз кезегінде Ресейдің Орталық банкінің контокорренттік несиемен қаржыландырады. Оларды келесідей мәліметтер куәландырады: 1992 жылдың І тоқсанында Ұлттық банктің коммерциялық банктерге берген несиелерінің сомасы – 6,7%-ды құраса, ІҮ тоқсанда – 17,8%-ды құраған. Мұндай несиелік ресурстарды арнайы банктер арқылы орталықтандырылған әкімшілік үлестіру – өміршең емес шығынды мемлекеттік кәсіпорындарға несие беру нәтижесінде банктерде жұмыс жасамайтын несиелердің яғни банктердің несиелік портфелінің нашар несиелерден құрылуына әкеліп соқтырады.

1993 жылы Ұлттық банктен  7,5 млрд теңге сомасында орталықтандырылған  несие берілді, 5,6 млрд теңгесі  – үкіметке, яғни олардың үлесі  75%-ды құрады, ал олар бойынша  жалпы қайтарылатын сома 138,5 млн  теңгеге немесе 3,9%-ға тең болды, қалған бөлігінің мерзімі ұзартылған болып табылды.

Ұлттық банкінің несиені  қайта қаржыландыру тәжірибесінің  жетіспеушілігі келесіде: банктер қаржылық емес несиелерге емін-еркін кіру мүмкідігіне  ие бола отырып, депозиттік ресурстарды  өз бетінше шоғырландыру ынтасынан айырылуда. Бұдан басқа, мұндай несиелерді субъективтік негізде орналастыруда банктердің жұмыстарының тиімділігі ескерілмейді, несиелік ресурстар барлық уақытта оңтайлы бөлінбейді. Несиелерді тиімді орналастыруға кедергі болған тағы да бір фактор – бұл төмен пайыздық мөлшерлеме саясаты. Төмен пайыздық мөлшерлеме қарыздарға деген қажеттіліктің көбеюіне және несиелік тапсырыс бойынша орталықтандырылған тікелей несиелендірілген мемлекеттік кәсіпорындардың қаржылық тәртібінің әлсіреуіне әсер етеді.

Мемлекеттік кәсіпорындар мұндағы арзан несиелерді алып, көбінесе оларды инвестор үшін емес, яғни жалақы төлеуге және материалды құндылықтарды  жинақтау үшін пайдаланды. Инфляция деңгейі  мен Ұлттық банк несиесінің номиналдық пайыз мөлшерлемесін салыстыруға болады: соңғысы 1992 жылы наурыз айында 25% жылдық мөлшерлемені құраса, бөлшек сауда бағаларының жылдық инфляциясы 500 %-дан жоғары болған. 1992 жылы қараша айында номиналды пайыздық мөлшерлемесі 65%-ға дейін жоғарылағанда, ал инфляция 1000%-ды құраған. Бұл кезде арзан несие алатын кәсіпорындар өздерінің қаржылық жағдайын жақсартуға және жұмыстарын қайта құруға асыға қоймады.

Информация о работе Несиенің мәні мен функциялары