Несиенің мәні мен функциялары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Июня 2013 в 17:12, реферат

Краткое описание

Өндіріс, ұдайы өндіріс процесінің бастапқы пункті, шешуші жағдайы бола отырып, басқа фазаларымен тығыз байланыста. Ұдайы өндіріс процесі материалдық игіліктердің қоғамдық өндірі процесінің үздіксіз жаңаруы ретінде, оның әр түрлі сатыларының біртіндеп ауысуын ұлғайтады. Әрбір саты - өндіріс, үсестіру, айырбас және тұтыну белгілі бір мағынаға ие.

Содержание

1. Несиенің мәні және қажеттілігі.
2. Несиенің құрлымы.
3. Несиенің формалары мен түрлері.
4. Несиенің фукциялары
5. Қарыз пайызының экономикалық мәні
6. Несиелік ресурстар және оардың қалыптасу көздері

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ақша, несие, банктер..doc

— 651.00 Кб (Скачать документ)

Осылайша мемлекеттік  кәсіпорындарды қолдайтын тікелей  несиелеу саясатының төменгі пайыздық мөлшерлеме саясатымен берілуі несиелік ресурстарды дұрыс орналастырмауға әкелді.

Арнайы банктердің өздерінің  кәсіпорындарын олардың өтімділігін  ескермей, тікелей несиелендіруі  – мерзімі өтіп кеткен қарыздардың  ұлғаюына әкеліп соқтырады, ал осы кезде  жаңадан пайда болған, нарықтық қатынастарға бағытталған кәсіпорындар банктерден несие алуға қол жеткізе алмады.

Төменгі пайыз мөлшерлемесінің  саясаты жинақ ақшаларды банктерге  толық мөлшерде жұмылдыруға мүмкіндік  берген жоқ. Кәсіпорындар мен жергілікті тұрғыдар өздерінің жинақ ақшаларын  нақты активтерге салғанды қалады. Кәсіпорындар өздерінің тауарлар қорын арттырса, азаматтар өз қаражаттарына жылжымайтын мүлік пен ұзақ мерзімге пайдаланылатын тауарлар сатып ала бастады. Нақты активтер ақшалай қорларды құнсызданудан, инфляциядан қорғайтын ең басты құрал болып табылады. Салымдар үшін төлейтін банк пайыздары инфляциядан туындайтын шығынның орнын жаппады. Мекемелер мен жергілікті тұрғындардың жинақ ақшаларын жұмылдырудың жеткіліксіздігіне байланысты, несиелік ресурстар жеткіліксіздігі банктердің тиімді мекемелерге несие беруге мүмкіндік бермейді.

Несиелік ресурстарды  үлестіру сипатына мемлекеттік кәсіпорындарға субсидиялық және жеңілдетілген  несиелерді беру тәжірибесі кері ықпалын  тигізді. Субсидиялық несиелер деп  – аәсіпорындардың өдеріне тән  шығындарының орнын толтыруы әлеуметтік қорғауға арналған, сонымен бірге, кәсіпорынның дәстүрлі тиімсіз жұмыстарын көрсететін шығындар, т.б. олар Ұлттық банктің қайта қаржыландыратыннесиелерге қарағанда, төменгі пайыздық мөлшерлеме бойынша берілді. Қаражаттандырылған несиелер саясаты кәдімгі несие мен мемлекеттік дотация арасындағы айырмашылықты мүлде жойды. Бұл қарыздарды кәсіпорындар өтемеді.

Ауыл шаруашылық кәсіпорындарға және есеп айырысуда өзара есептесуді жүргізу үшін жеңілдікті несиелерді беру тәжірибесі кеңінен қолданады. 1992 жыл Ұлттық банктің бұндағы несиелерінің үлесі барлық қайта қаржыландырған несиелердің 70%-ын немесе барлық несиелік салымның 42%-ын құрады. Жеңілдікті несиелердің негізгі бөлігі ауыл шаруашылық және дайындаушы кәсіпорындардың үлесіне тиді.

1993 жылы мақсаты үкіметтік  бағдарламаларға берілетін орталықтандырылған  несиелер жеңілдетілген пайыздық  мөлшерлемелермен (3%, 25% және 65%) беріледі. Банктердің барлық берген несиелерінің 7,5 млрд теңге жалпы сомасынан,  олардың үлесіне 76% тиді, себебі 1992 жылы коммерциялық банктердің пайыздық мөлшерлемеге қойылатын шектеулер алынып тастағаннан кейін, Ұлттық банктің орталықтандырылған несиелік ресурстарының есебінен банктерге беретін несиелері бойынша маржа 3% мөлшерінде сақталды. Нәтижесінде, орташа пайыздық мөлшерлеме орталықтандырылған несиелер жөнінен 1993 жылы жалпы республика бойынша 48,2% құрады. Сол жылы тұтыну бағаларының индексі 2269,8% деңгейде анықталды.

Ұлттық банк кәсіпорындар қарыздарының жаппай есеп айырысуын (клиринг) жүргізу кезінде қарыз-кәсіпорындарға субсидиялық жеңілдетілген несиелер берді. 1992 жылы осы мақсаттарға берілген несиелердің үлесі барлық жеңілдік несиелердің 30% -ы болды. Несиенің негізгі бөлігі өтелмей қалды.

Дегенмен жоғарыда аталған  несиелер кәсіпорындардың қаржылық жағдайын жақсартуға берілгенімен де, олар кәсіпорындар шығындарын қаржыландырудың құралына айналды. Сонымен қатар, субсидиялық және жеңілдетілген несиелер бойынша номиналды пайыздық мөлшерлемесі мен инфляция деңгейінің арасындағы үлкен айырмашылық – қаржылық алып-сатарлыққа мүмкіндік туғызды.

Несиелік жұмсалымдардың жалпы сомасында мемлекеттік  емес қарыз бюджетінің тапшылығын жабу үшін үкіметке берілген несиенің үлес салмағы жоғары: 1992 жылы 1 қаңтарында олар тиісінше 13,7 және 11 % құраса, 1993 жылы 1 қаңтарында – 1,5 және 2%, ал 1993 жылы бюджеттік тапшылықты жабуға – 877 млн теңге берілді немесе ол несиенің барлық сомасының – 11,8%-ын құрады.

Нәтижесінде несиелік жұмсалымдар  құрылымы әлдеқайда нашарлады, мерзімі  өтіп кеткен несиелер үлесі ұлғайды. Пайыздық мөлшерлеменің төмен болуынан Ұлттық банктің ұтылғаны мен капиаталды жлғалту сомасы өте жоғары болды.

1992 ж. Республикада  басталған төлемсіздік дағдарысы  кәсіпорындардың қаржылық жағдайына  және жалпы экономикаға қатты  әсер етті және әлі де әсер  етуде. Көптеген кәсіпорындар өнім өндіруді төмендетуге, ал кейбіреулері өндірісті тіпті тоқтатуға мәжбүр болды. Есепе айырысуда тауарлар мен көрсетілген қызметтерге алдын ала төлем және бартер қолданады.

1991 ж. 1 қаңтарда уақытында  төленбеген есеп айырысу құжаттары 5 млн теңге құраса, 1992 ж. 1 қаңтарына – 11,2 млн теңгеніғ ал 1992 ж. Маусымында – 384 млн теңге немесе жалпы ұлттық өнімнің – 12,3% немесе алынған банктік несиелердің жалпы сомасының – 84,1% құрады. 1993 ж. Мерзімі өтіп кеткен төлемдер 91,5 млн теңгеден 5,5 млрд. Теңгеге дейін немесе 60 есе жоғары өсті. Сөйтіп, банктердің қарыздары бойынша мерзімі өтіп кеткен қарыздар 12,6 млн  теңгеден 1,7 млрд теңгеге дйін немесе 135 есеге ұлғайды.

Мұндағы құбылыс көптеген себептермен түсіндіріледі: бірінші  төлемдер жүйесінің тиімсіздігі және несиелік нарықтың мәселелері. Әсіресе, олар 1992 ж. Басында Ұлттық банк кәсіпорындарға несие беруді шектей бастаған кезде пайда болды. Кәсіпорындар жөнелтілген тауарлары үшін басқа кәсіпорындардан төлемдерін ала алмауынан төлемдер жарты жылға немесе одан да көп уақытқа кешіктірілді. Жағдайы жақсы, төлем қабілеттілігі бар, тіпті төлем қабілетінсіз кәсіпорындар да қауіпті жағдайларға ұшырады.

 

  


Информация о работе Несиенің мәні мен функциялары