Несиенің мәні мен функциялары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Июня 2013 в 17:12, реферат

Краткое описание

Өндіріс, ұдайы өндіріс процесінің бастапқы пункті, шешуші жағдайы бола отырып, басқа фазаларымен тығыз байланыста. Ұдайы өндіріс процесі материалдық игіліктердің қоғамдық өндірі процесінің үздіксіз жаңаруы ретінде, оның әр түрлі сатыларының біртіндеп ауысуын ұлғайтады. Әрбір саты - өндіріс, үсестіру, айырбас және тұтыну белгілі бір мағынаға ие.

Содержание

1. Несиенің мәні және қажеттілігі.
2. Несиенің құрлымы.
3. Несиенің формалары мен түрлері.
4. Несиенің фукциялары
5. Қарыз пайызының экономикалық мәні
6. Несиелік ресурстар және оардың қалыптасу көздері

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ақша, несие, банктер..doc

— 651.00 Кб (Скачать документ)

Үстемелер (кеміту) шамасына әсер ететін негізгі факторларға мыналар жатуы мүмкін: клиенттің төлем қабілеттілігі, жобаның тәуелділік дәрежесі, клиенттің төлем қабілеттілігі, жобаның мөлшерлемесінің мөлшері, несиеге сұраныс жағдайы,қарызды ұсыну мерзімі, қосымша несиелік ресурстарға деген қол жетушілік, инфляция деңгейі.

Пайыздық мөлшерлеменің қолдау сферасына және оның деңгейін реттеу тәсіліне байланысты ресми пайыздық (есептік) мөлшерлеме; банкаралық және базалық болып ажыратылады.

Ресми пайыздық мөлшерлемені басқа  да банктерге бірінші кезекте  коммерциялық банктерге берілетін  несиелер бойынша орталық банктер  беогілейді. Бұл операциялар ұзақ уақыт бойы коммерциялық вексельдерді қайта есептеу түрінде жүзеге асырылды, айтылған мөлшерлеменің екінші атауы осымен түсіндіріледі. Оның деңгейін өзгерте отырып, Орталық банк коммерциялық банктердің тиімділігіне, олардың несиелік мүмкіндіктерін жоғарылата немесе төмендете отырып әсер етеді. Есептік саясат нарықтық қатынастары дамыған елдерде экономиканы ақша-несиелік жағынан реттеудің дәстүрлі әдістернің қатарына жатқызады. Оның келесі міндеті несиені қымбаттату жолымен елде инфляцияның күшеюіне кедергі жасау болып табылады. Мұндағы есеп айырысу қарапайым: коммерциялық банктер ресми мөлшерлеменің өсуі жағдайында клиенттер үшін пайыздық мөлшерлемені жоғарылатады, осылайша, ақшаға деген сұраныс төмендейді.

Қазіргі уақытта банкаралық мәліметтердің  дамуына байланысты коммерциялық банктер қажет болған жағдайда несиені эммисялық институттан емес, банк-корреспонденттен ала алады, қарыз алушы үшін мұндай мәміле арзан да болады. Бұл ресми пайыздық мөлшерлеме деңгейінің банкаралық пайыздық мөлшерлеме деңгейінен жоғары болуына әкеліп соғады.

Банкаралық пайыздық мөлшерлееменің, мысал ретінде ЛИБОР – лондондық  банкаралық мөлшерлемені айтуға болады, ол евровалюталық нарықта депозиттік, несиелік операцияларда және еврооблигациялық займдарда, сонымен қатар ПИБОР  – париждік банкаралық мөлшерлеме кең түрде қолданылады. ПИБОР сегіз ірі париждік банктердің мөлшерлемелері мәндерінің арифметикалық ортасы ретінде анықталады. Бұдан көрі анағұрлым белгілі ЛИБОР банкаралық мөлшерлеме жекелеген халықаралық несиелік мәмілелердің құнын есептеу барысында базалық ретінде қолданылады. Бұл жағдайда ЛИБОР базалық мөлшерлемеге, әдетте, мәміле түріне, қарыз алушының қарыздық жағдайына қарай ақша нарығындағы конъюктура байланысты маржа қосылады.

Ақша нарығында несиелер бойынша  базалық мөлшерлеме АҚШ-та қолданылатындай бірінші класты қарыз алушыларға «ПРАЙМ РЕЙТ» жүйесі бойынша ресми немесе банкаралық мөлшерлемеге қарағанда анағұрлым жоғары деңгейде, бірақ шағын және орта фирмаларға берілетін несиелер бойынша мөлшерлемеге қарағанда біршама төмен деңгейде бөлінеді. Қарыз пайыздың нормасын белгілеген кезде негізгі анықтаушы жағдай – қарыз алушының сенімділігі, оның қаржылық жағдайы. Қарыз алушы сенімді болған сайын базалық мөлшерлемеге қосылатын қосылым да төмен болады жіне бұған керісінше. Несиелік операциялар бойынша базалық мөлшерлеме әр түрлі анықтамаларда қандай да бір деңгейде көрсетілгенімен іс жүзінде әрбір банк өз мөлшерлемесін белгілей алады, яғни қазіргі уақытта несиелік салыстырмалы түрде тіуелсіз пайыздық саясат жүргізеді, бірақ базалық мөлшерлеме олар үшін белгілі бағыт ретінде болады. Банк-клиент қатынасында пайыздық мөлшерлеме тек қарыздар бойынша ғана емес, депозиттік операциялар бойынша да қолданылады. Коммерциялық банктердің депозиттік операциялары бойынша пайыздық мөлшерлеменің динамикасын анықтаушы негізгі фактор ретінде несиеге сұраныстың оны ұсынумен салыстырғандағы жоғарылау тенденциясы болып табылады.

Қазақстан Республикасында несие  жетімсіздігі құбылысының дамуы, әсіресе, 1994 жылдың бірінші жартысында айқын  байқалады, бұған белгілі бір дәрежеде мемлекеттік рестриктивтік ақша-несиелік саясаты жағдай жасады. Бірақ, депозиттер бойынша пайыздық мөлшерлемеде көрінетін жеткілікті түрде жалпы сипаттағы факторларға, сонымен қатар, ресурстарды тарту мерзімі несиеге деген сұраныс жағдайы, несиелік ресурстар нарығындағы жағдайлар, (төлем шамасы, ұсыныстың болуы) клиенттердің мінез-құлқы (құрылтайшылар, үлескерлер, сала кәсіпорындары, т.б.) оның сенімділігі салық саясаты және инфляциялық тенденциялардың қатысы бар. Орталық банктің саясаты да осындай факторлардың бірі ретінде болады, бірақ пайыздық мөлшерлемелердің динамикасында көбіне тікелей емес, несиелік нарықтық жағдайлары арқылы көрінеді, сондықтан оның мөлшерлеме шамасына әсер етуі тек жанама түрде болуы мүмкін.

Ақыр соңында, мемлекеттік қазыналық міндеттемелер (МҚМ) бойынша пайыздық мөлшерлеме ажыратылады. Мемлекеттік қазыналық міндеттемелер (МҚМ) бойынша пайыздық мөлшерлеме ажыратылады. Мемлекттік қазыналық міндеттемелерді сатып алушы несиелік операциялардың ерекше формасы ретінде қарастыруға болады, онда қарыз алушы болып бағалы қағаздардың эмитенті- Қаржы министрлігі, ал кредитор болып олардың сатып алушылары табылады. Сондықтан МҚМ бойынша жылдық табыстылықты келесі формула бойынша анықтауға болады:

Т=(НҚ*ДБ/ДБ)* (365*10/Т)          (5)

мұнда:

Т- жылдық табыстылық, %;

НҚ- МҚМ –нің номиналды  құн;

ДБ- МҚМ- нің дисконтталған  бағасы;

Т- МҚМ-нің айналыс  кезеңі, күндері.

 

НЕСИЛІК РЕСУРСТАР  ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУ КӨЗДЕРІ.

Нарық жағдайында банктердің ресурстық потенциалын өсіру  мәселелері және оның тұрақтылығын қамтамасыз бірінші дәрежелі маңызға. Несиелік ресурстар халық шаруашылығының уақытша бос ресурстары мен жинақты (ақшалай және тауарлай формада) және банктік жүйесінің арнайы несиелеу үшін арналған қаражаттарының жиынтығы.

Несиелік ресурстар  ақшалай ресурстардың бір формасы. Демек, біздің көзқарасымызша, экономикалық белгісі бойынша анағұрлым дұрысы, несиелік ресурстардың қайтарымдылық  негізде уақытша пайдаланылатын ақшалай қаражаттардың бөліктері  ретінде айқындалуы болып табылады.

Коммерциялық банктер  қарыз беру процесінде пайдалану  үшін жинақтайтын несиелік ресурстар  келесі көздер есебінен құралады.

Депозиттер;

Банкаралық займдар;

Депозиттік емес көздер;

Коммерциялық банктердің меншікті қаражаттары.

Несиелік ресустардың аталып кеткен көздерін ретімен қарастырайық.

Нарықтық экономикаға  өту және банктік жүйені басқару  құрылымындағы және сызбасындағы өзгерістер несиелік ресурстардың құрамында және көздерінде көрініс тапты. Несиелік ресурстардың анағұрлым тұрақты  бөлігі болып депозиттік қаражаттар табылад, әр түрлі белгілері бойынша жіктеледі. Депозиттердің салым ретінде орналастырылуы мүмкін ең төменгі шегі деген ұғым жоқ. Теория жүзінде ең жоғары  шегі бар, өйткені банк Орталық банк анықтайтын өз қаражаттары мен міндеттемелері арасындағы нормативтік арасындағы нормативтік арақатынасты сақтауға міндеттенеді.

Депозиттер деп әдетте клиентердің банке белгі бір  талаптарының бар екенін куәландыратын  банктік шоттардағы жазулар несесе клиенттердің банктердегі келісімдер және шарттар бойынша салымдар формасындағы ақшалай қаражаттары түсіндіріледі. Депозиттік операциялар негізінде банктердің несиелік ресурстарының көп бөлігі құралады. Банктік депозиттер жүйесі ағымдық салымдарды (қажет уақытында талап ететін салымдар), заңды және жеке тұлғалардың мақсатты және мерзімдік салымдарын қамтиды.

Депозиттердің және депозиттік операциялардың дүниежүзілік стандарт деңгейіне дейін  дамуы Қазақстан Республикасында  нарықтық экономикаға тән, экономикалық жағдайлардың құрылуына қарай бірте- бірте жүретін болады. Мұндай жағдайлар болып коммерциялық банктердің толық акционерленуі және олардың қызметтерінің коммерциялануы, екі деңгейлік жүйенің толық мәнді қызмет етуі, салымшылардың мүдделерін қорғайтын құқықтық базаның жасалуды, ақша айналымын және массасын реттеудің және бақылаудың жаңа әдістерін енгізу мен ең негізгісі – экономиканың нақты секторын жандандыру болып табылады.

Банктік тәжірибеде депозиттер бірнеше  критерийлер бойынша жіктеледі: алыну формалары; салымшылардың  категориялары, мақсатты бағыты, және табыстылық дәрежесі бойынша. Депозиттерді және депозиттік операцияларды ұйымдастырудың халықаралық тәжірибесі шоттар формаларының көптігімен ерекшеленеді. Депозиттік шоттар жүйесін құру үшін база ретінде шетелдік коммерциялық банктердің тәжірибнсі пайдаланылуы мүмкін.

Нарық жағдайында коммерциялық банктер  қолданатын әр түрлі критерий бойынша  депозиттерді жіктеудің тәртібін келесі 1,2,3,4 сызбалардан көруге болады.

Бірінші сызбада көрсетілгендей, депозиттер алыну формалары бойынша екі топқа бөлінеді: қажет уақытында талап етілетін және мерзімді депозиттер.

Қажет уақытында  талап ететін депозиттер шоттарда сақталынатын қаражаттардың сипатына және тиістілігіне байланысты былайша бөлінеді: кәсіпорындар және ұйымдардың, фирмалардың, компаниялардың, концерндердің және басқа да заңды тұлғалардың есеп айырысу және ағымдық шоттарындағы қаражаттар; экономикалық міндеті әр түрлі қорларды сақтау бойынша арнайы шоттарындағы меншікті қаражаттары; есеп айырысуыдағы қаражаттар; басқа банктермен несиелік қалдықтар; шетелдік банк-корреспондентер шоттарындағы қаражаттардың несиелік қалдығы

Алыну формалары  бойынша депозиттер.




 

 

 

 

 

 

 

Салым иелерінің  категорияларды бойынша депозиттер


 


Қажет уақытында талап ететін депозиттердің ерекшеліктерді мынада: біріншіден, ақшаларды алу және сату кез келген уақытта ешқандай шектеусіз бөліктеп те, толығымен де жүзеге асырылады; екіншіден, ақшалар шоттан қолма- қол формасын да, чек арқылы да алынуы мүмкін; үшіншіден, шот иесі банкке шотты пайдаланғаны  үшін тұрақты айлық мөлшерлеме түрінде немесе әртүрлі жазылған чек үшін комисиялық алым төлемді; төртіншіден, банк қажет уақытында талап етілетін депозиттер бойынша Орталық банкке мерзімді бепозиттердің қарағында ең төменгі резервті жоғары сәйкестікте сақтауға міндетті. Қажет уақытында талап етілетін депозиттердің негізгі артықшалығы жоғары тиімділігі, оларды төлем қаражаттары ретінде тікелей пайдалану мүмкіндігі болып табылады. 

Мерзімді депозит анық белгілі бір мерзімі бар, ол бойынша тұрақты пайыз төленеді пайыз төленеді және әдетте салымды мерзімінен бұрын алуға шек қойылады. Мерзімді депозиттер жеке тұлғалардың, компаниялардың, кәсіпорындардың және ұйымдардың банктерде шоттарға алдын  ала белгілі бір мерзімге, әдетте 1 айдан кем емес, орналастырған қаражаттарын білдіреді.

Мерзімді депозиттердің ерекшеліктері мыналар болып табылады: біріншіден, шоттардағы қаражаттар есеп айырысуға арналмаған және оларға чектер жазылмайды; екіншіден, шоттардағы қаражаттар жай айналады; үшіншіден, мерзімді депозиттер бойынша пайыз төленеді (бұл кезде пайыздық мөлшерлеменің ең жоғары деңгейі жекелеген кезеңдерде Орталық бану арқылы реттелуі мүмкін); төртіншіден, мерзімді депозиттер үшін қажет уақытында талап етілетін депозиттерге қарағанда міндетті резервтердің анағұрлым төлем формасы белгіленеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Корпорациялардың фирмалардың  және басқа да коммерциялық ұйымдардың депозиттері.



Біздің банктік жүйеге қатысты мерзімді депозиттердің  біршама көп көрсететін формасы  – бұл жеке тұлғалардың жинақ  салымдары. Олардың қаражаттары  белгілі бір шектеулермен алынуы мүмкін ( мысалы, алдын ала хабарлап).

Қазіргі уақытта нарықтық экономикасы дамыған көптеген елдерде депозиттерді жіктеу екі жағдайды ескертуге негізделген:

1)депозиттің мерзімі, 2) салымшылардың категориясы. Аталып  өткендей депозиттердің мерзімі  бойынша оларды потенциалда банктік  ресурстар ретінде пайдаланумен  байланысты ерекшеліктері бар. Салымшылардың категорияларына байланысты, әдетте, шоттардың келесі түрлері бөлінеді: жеке тұлғалардың, корпорациялардың, акционерлік компаниялардың, орталық үкіметтің, жергілікті үкімет органдарының, қаржылық мекемелердің, шетелдік салымшылардың шоттары (2,3,4 сызбалар).

 

 

 

 

 

 

 

Жеке тұлғалардың  депозиттері


 


Соңғы уақытта депозиттердің кейбір категорияларының арасындағы анық шекара жойылуда, депозиттердің әр түрлі  түрлерінің қасиеттерін біріктіретін « гибридтік» шоттар пайда болуда ( мысалы, қажет уақытында талап ететін және мерзімді салымдарды біріктіретін шоттар),

Банкаралық  займдар- банктің ресурстық потенциалының тұрақтылығын қолдау үшін ресурстарды қалыптастырудың маңызы көзі. Банкаралық несиелеу банктің тиімділік тенденциясын қолдау мақсатында жүзеге асырыладыжәне негізінен қысқа мерзімді сипатта болады. Банкаралық займдар корреспонденттік қатынастар шеңберінде жүреді және банк ресурстарының басқа көздеріне қарағанда қымбат болады.

Банкаралық займдың  ерекшелігі мынада: біріншіден, банкаралық ресурстар банкаралық ресурстар банкаралық ақша нарығынн тартылады, екіншіден, әдетте, банкаралық несиелерді тарату клирингтік орталықтағы корреспондеттік шоттардың ақшалай қаражаттардың қалдықтары шетінде жүзеге асырады.

Банкаралық ақша нарығында  депозиттердің берудің және қайтарудың іс жүзінде кез келген комбинациялы мерзімдерімен бірге жасайтын несиелік мәмілелердің әр түрлі шарттары кең  тараған. Осылайша ең қысқа мерзімді займ болып «бір күндік қысқа ақшалар» деп аталатын немессе «овернейт» депозиті болып ( несиелік ресурстардың ертең қайтарылуы мен бүгін берілуі) табылады. « Бір күндік ақшалар» ақша бойынша пайыздық мөлшерлеме (сыйақы) кейде анағұрлым ұзақ мерзімдік несиелік ресурстар бойынша мөлшерлеме деңгейінен бірнеше есеге асып кетеді.

Банктердің нақтылы  тартыған ресурстар шегінде ж.мыс  істеуі банкаралық несиелеуде автоматизмды болдырмайды. Коммерциялық банктердің несиелі ресурстарды тіпті бір  күнге таратуының өзі сәйкес мәмілені жасауды және талапқа сай рәсімдеуді талап етеді. Бұл жағдай коммерциялық банктердің жұмысын қауырт көрсетеді, оларды сағат сайын несиелік жұмсалымдарды қайта қаржыландыру мәселелері мен, яғни қоршоттарға уақытында « дәм беріп» және баланстың тиімді құрылымын қолдап отыру үшін нарықтан бос несиелік ресурстарды іздеумен айналысуға мәжбүр етеді. Соңғысы, банктің міндеттемелері бойынша төлейтін талаптардан ағымдық түсімдер есебінен дер ккезінде төлеуді қамтамасыз ететіндей арақатынастың сақталуын ұйғарады. Егер ертең коммерциялық банктің клирингтік орталығындағы коршотында тапшылық орын алатын болса, онда, тіпті мерзімі бүрсігінде белгіленген ірі  ақшалай түсімдердің өзі және банктің банк операциясының есеп айырысу тиімділігінің мүмкіндігі, оны қаражаттарды ертең деп белгілеген мерзімге тарта отырып, мысалы, бүрсүгінде қайтару міндетінен босатпайды.

Информация о работе Несиенің мәні мен функциялары