Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Июня 2013 в 17:12, реферат
Өндіріс, ұдайы өндіріс процесінің бастапқы пункті, шешуші жағдайы бола отырып, басқа фазаларымен тығыз байланыста. Ұдайы өндіріс процесі материалдық игіліктердің қоғамдық өндірі процесінің үздіксіз жаңаруы ретінде, оның әр түрлі сатыларының біртіндеп ауысуын ұлғайтады. Әрбір саты - өндіріс, үсестіру, айырбас және тұтыну белгілі бір мағынаға ие.
1. Несиенің мәні және қажеттілігі.
2. Несиенің құрлымы.
3. Несиенің формалары мен түрлері.
4. Несиенің фукциялары
5. Қарыз пайызының экономикалық мәні
6. Несиелік ресурстар және оардың қалыптасу көздері
Банкаралық ақша нарығында бар несиелік қаражаттар жетіспеген жағдайда коммерциялық банк Орталық банктен қысқа мерзімді несие ала алады, ол банктік жүйеде « соңғы инстанциялы кредитор» қызметін орындайды және коммерциялық банкке өтімдіктің уақытша дағдарысын жетуде көмек- көрсете алады. Банкаралық несиелік ресурстардың екінші деңгейдегі банктер арасындағы қозғалысы, айналымдағы ақша массасы көлемінің өзгеруіне әкелмейді. Ол тек қатаң бақыланатын ақша массасы агрегаттарының М0, М1, М2, М3 – арасындағы өзгерістерді тудырады. Өйткені, коммерциялық банктер мәмілелерді тек таратылған несиелік ресурстар және Орталық банктік ақша эмиссиясы негізінде ғана жасайды.
Коммерциялық банктер басқа кез келген заңғы тұлға сияқы ресурстарды бағалы қағаздар, акциялар, облигациялар, депозиттік және жинаұ сертификаттарын шығару жолымен жинақтау құқығы бар. Бұл қаражаттар несиелік ресурстардың депозиттік емес көздерін жатады.
Банк қызметіндегі банктердің меншікті қаражаттарын басқа ресурстарымен салыстырғанда мәнді ерекшеліктері бар. Қазіргі уақытта банктік мекемелер меншікті қаражаттары және резервтері есебінен ресурстарға деген жалпы қажеттіліктің 10 пайызынен кем емесін қамтиды, ал банктік емес қаржы – несие институитарда бұл арақатынас 40-55%- ды құрайды. Банктердің меншікті қаражаттардының мұндай ерекшелігі бірқатар жағдайлармен байланысты. Біріншіден, банктер өздерінің қаржы нарығындағы делдалдық роліне байланысты тұрғындардан, заңды тұлғалардан (фирмалардан, компаниялардан және мемлекеттік мекемелерден) депозит түрінде бөгде ақшша капиталын тартады; екіншіден, салымдарды мемлекеттік қорғау жүйесі салымдарды жаппай алу қаупін едәуір төмендетеді және банктерге өтімділікті қамтамасыз етуге қажетті меншікті қаражаттардың бөлігін қысқартуға мүмкіндік береді; үшіншіден, банктік активтер нарықта нағұрлым өтімді және тез өткізілетін болғандықтан, бұл банктерге ақшалай ресурстарды біршама тез жинақтау мүмкіндігін қамтамасыз етеді және осыған орай меншікті қаражаттарға деген қажеттілікті төмендетеді.
Меншікті капиталды қалыптастыру коммерциялық банктер қызметінің басталуы алдындағы міндетті саты болып ьабылады. Меншікті капитал – бұл бәрінен бұрын қаржылық ресурстардың көзі. Ол құрылтайшылар банк қызметінің бастапқы сатысында бірқатар бірінші кезенді шығындарды жүзеге асырған кезде де қажет. Меншікті қаражаттар ұзақ мерзімді активтерге ( ғимараттар, құрылғылар) жұмсалуы мүмкін. Сонымен қатар, меншікті капитал құрамында: резервтік қорлар, негізгі құралдар қоры, амортизациялар және банк ісін дамыту қоры есепке алынады.
Ерекше несиелік ресурс болып эмиссиондық ресурс ьабылады. Оның несиелік ресурс ретінде құралуы және пайдалану мүмкіндігі келесімен байланысты: тұрғындардың қолма- өол ақша түрінде алатын ақшалай табыстары бірден жұмсалмайды, сондықтан банктің кассаларынан келіп түсетін түсімдерден бір жыл ішінде артық болуы тұғындардың өз табыстарының бөлігін жұмсалый-ақ банк тұлғасында мемлекетті несиелеуін бірдіреді.
Үлестірілген пайда – бұл банктің қарамағында қалатың пайданың жинақтақталаған бөлігі. Жылдық аяғында банктің баолық нәтежелік шоттарының сомалардың бір бөлігі пайдалар және заяндар шоттын: екінші – төленетін дивиденттер шотына: үшінші –салық төлеуге; келесі бөлігі – резервтік қорларға аударылады. Қалғаны – үлестірілмеген пайда – банк несиелік ресурстар ретінде жұмсайтын қаражаттар қорын білдіреді.
Несие жүйесі.
Жоспар:
Несие жүйесінің ұғымы және оның құрылымы.
Нарықтық экономмкада несие – банк жүйесі маңызды роль атқарады. Ол арқылы кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың ақшалай есеп айырысулар мен төмендері жүргізіледі, ол уақытшы бос ақшалай қаражаттарды, халықтың жинақтары мен табыстарын жұмылдырады және белсенді түрде жұмыс жасайтын капиталға айналдырады, сондай-ақ көптеген түрлі несиелік, сақтандыру, делдалдық, инвестициялық, сенім, кеңес беру және басқа да операцияларды орындайды.
Өндіріске қатысты алғанда, екінші кезекте саналатын несие жүйесі оған тұрақты және елеулі ықпал етеді. Ол бірнеше дүркін ақшалай қорлардың ауқымын кеңейтіп, өндіріс тиімділігінің өсуін қолдай отырып ақшалай қаражаттардың бір саладан екіншісіне қайта құйылуын қамтамасыз етеді.
Несие жүйесінің ролі мен маңызы келесідей бірқатар көрсеткіштермен сипатталады: несиелік жұмсалымдардың жалпы көлемі, кәсіпорындар мен ұйымдардың негізгі және айналым капиталын қалыптастыруға банктегі қарыздардың үлесі, жалпы төлем айнлымы және т.б.
АҚШ несиелік қатынастардың даму дәрежесі бойынша, шаруашылықтың өндіірістік және өндірістік емес сферасын банк сферасының қамтуы, несиелік мекемелердің көп түрлілігі мен көп тараптылығы жағынан, қаржы капиталы талаптарының қуаттылығы бойынша әлемнің басқа да елдерін артқа қалдырады. Американдық несие жүйесінің ауқымы туралы кейбір мәліметтер төмендегідей көрсеткіштерді беруі мүмкін. Несиелік мекемелер арқылы қолма-қолсыз ақша жолымен жүзеге асырылатын жылдық төлем айналымының басым бөлігі 80-жылдардың басында 60-65 трлн доллар сомасында бағаланған.
Американдық шаруашылықта пайдаланылатын ақшалай капиталдың орта есеппен ¾ бөлігі несие жүйесі арқылы өтеді. Несиелік мекемелер арқылы жұмылдырылған. Ақшалай қаражаттардың орташа жылдық саласы 1989 жылы 700 млрд долларды құраған.
Несие жүйесінің өз қызметтерін орындауы барысында несиелік қатынастар туындайды. Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтап, оны қайтару және ақы төлеу шартында қайта бөлуге байланысты несиелік мекемелермен әр түрлі субъектілер арасындағы экономикалық байланыстар несиелік қатынастардың мазмұнын анықтайды.
Бірақ, несиелік қатынастар мазмұны тек қана ақшалай капиталды жинақтап, оны заңды және жеке тқлғаларға уақытша пайдалануға берумен ғана тұрмайды. Несиелец процесінде ұлғаймалы ұдайы өндірістік айналымы үшін тқлем құралдарының қосымша массасы құралады. Төлем айналымының аса ауқымды ағыны төлем төлеушілер мен мекемелер және соңғылары мен алушылар арасында экономикалық қатынастарды қалыптастырумен қатар, несиелік қатынастар мазмұнын толықтыра отырып, несие жүйесі арқылы өтеді.
Несие жүйесінің елдегі ақша айналымын реттеудегі, заңды және жеке тұлғаларға әр түрлі қызметтер көрсету барысындағы қалыптасатын экономикалық қатынастарды да несиелік қатынастар мазмұнына жатқызуға болады.
Несиелік қатынастар екі жақты сипатқа ие және шаруашылық субъектілері үшін де, сондай-ақ несие жүйесінің мекемелері үшін де бірдей қажет. Ақшаны несиелік мекемелерде сақтау – несиелік ресурстарды құруды білдірсе, ал оларды экономика және халық қажеті үшін орналастыру – несие беруді білдіреді.
Екі жақты қатынас: шаруашылық ұйымдары мен несие жүйесі, несие жүйесі мен халық, мемлекет пен несие жүйесі, несиелік мекемелер, әр түрлі елдердің несиелік мекемелері арасында болуы мүмкін.
Жоғарыда түсіндіргеніміздей, несиелік қатынас негізінен ақшалай формада несие экономикалық категориясының қызмет етуі барысында жүзеге асырылады. Несиелік қатынастардың сыртқы көрінісі несие формасын сипаттайды. Ол несиелік қатынастардың мәні және ұйымдастырылуын синтездейді. Несиелік қатынастардың мәні мен мазмұны диалектикалық бірлікте болады. Несиелік қатынастар формасы олардың мазмұнына сәйкес келіп және оның дамуын ынталандыруы тиіс. өндірістік қатынастардың өзгерісі несиелік қатынастар мазмұны мен несие формасының өзгеруіне әкеледі.
Несие екі формада болады: тауарлық және ақшалай. Тауар несиесі коммерциялық несиенің бірінші негізін білдіреді. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің бір-біріне қарыз беруі барысында, аталған несие формасында сақшалай формада қайтарылады. Өйткені, алушы субъект несие беруші тауар несиесін алғанын куәландыратын вексальді, сондай-ақ салынған мүлік туралы парақты немесе басқадай құжаттарды береді. Бұл тұста несиелік қатынастар субъектілеріне – шаруашылық жүргізуші субъектісі және банк жатады. Несиелік қатынастардың мазмұнындағы өзгерістер нәтижесінде тауар формасындағы несие ақшалай, ең бастысы банктік формасы пайда болып дамиды.
Несиелік қатынастар мен несие формаларының және несиелік мекемелердің жиынтығы кең мағынадағы несие жүйесі ұғымын құрайды.
Ал несие жүйесі тар мағынасында – бұл несиелік есеп айырысу қатынастарын ұйымдастырушы, елдегі ақша айналысын реттейтін және басқа да қаржфлай қызмет көрсететін несиелік мекемелер торабы болып табылады.
Басқаша айтқанда, несие жүйесі банктік және басқа да мекемелердің жиынтығын несиелік операцияларды жүзеге асыру және олардың құқықтық формаларын ұйымдастыруы арқылы сипатталады. Несиелік қатынастарды ұйымдастыруда: банктік және банктік емес институттар шеңберінде екі жүйені бөліп қарастырады. Соған сәйкес несие жүйесінің екі негізгі буыны қалыптасады: банктік және мамандандырылған несие – қаржы мекемелер.
Экономиканың әрбір экономикалық- тарихи даму кезеңіне несие- ақшалай қызмет көрсетудегі қажеттіліктерге толық жауап бертін несиелік әсті ұйымдастыру типі, өзіндік несие жүйесінің құрылымы сәйкес келеді. Мысалы, жоспарлы- орталықтандырылған КСРО экономикасында Мембанктің жетекшілігімен ұйымдастырылған несие жүйесінің құрылымы қызмет етсе, нарық экономикасы үшін монополиясыздандырылған банктік және банктік емес мекемелерден құралатын несие жүйесі қажет.
Бірлескен несие жүйесінің күрделі, көп буынды құрылымы болады. Егер де несиелік мекемелердің өз клиенттеріне көрсететін қызметтерінің жіктелуін негізге алатын болсақ, онда қазіргі несие жүйесінің үш маңызыды элементін бөліп қарастыруға болады.
Орталық ( эмиссиялық) банк;
Коммерциялық банктер;
Мамандырылған несиелік мекемелер: ( сақтандыру, жинақтық, ипотекалық, сенімгерлік (трастовый) және т.б.).
Функционалдық мамандануына, шаруашылық буындарға несие- қаржылық қызмет көрсету көлемі мен санына сәйкес банктік жүйе несие жүйесінің ядросы, ал несиелік институттардың қызметін реттеуші бірегей орган – Орталық банк болып табылады.
Орталық банк- бірінші деңгейдегі мемлекеттік банк, сондай- ақ кез келген елдің ол мемлекеттік, халықтық немесе ұлттық банк деп аталуына тәуелсіз эмиссиялық, ақша-несие институты болып табылады. Орталық банк – бұл « банктердің банкі». Ол заңды және жеке тұлғалармен операциялар жүргізбейді, оның клиенттеріне – коммерциялық банктер және басқадай мекемелер, сондай- ақ үкіметт ұйымдары жатады.
Банктік мекемелерге
қатысты Орталық банк тікелей
әрекет ету және реттеу, бақылау
мен қағалау қызметтерін
Коммерциялық банктер қарыз капиталы нарығының әр түрлі секторларында қызмет ететін көп қызметті мекемелер болып табылады. Олар кәсіпкерлік тәжірибесінде белгілі бір көптеген қаржылық операцияларды орындайды. Коммерциялық банктер кез келген елдің несие жүйесінде әдеттегідей негізгі, базалық буын ролін атқарады.
Олар үкіметтің, іскерлер мен миллиондаған жеке тұлғалардың салымдарын шоғырландыра отырып, қаржы жүйісінің орталығы болып қала береді. Коммерциялық банктер қарыздық және инвестициялық операциялар арқылы өздерінің әр түрлі қорларына қарыз алушылардың қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Мамандырылған несие мекелелері. (оларды парабанктік деп атайды) нарық экономикасындағы несие жүйесіне қажетті маңызды буын болып табылады. Бұл мекелерсіз экономиканың әр түрлі салаларында және тұрғындарға көрсетілетін несие жүйесінің қызметтері толық болмас еді.
Парабанктік мекемелер көбінесе белгілі бір клиенттер типіне немесе бірер негізгі қызмет түрлерін көрсетуге бағытталады. Олардың қызметтері нарықтық кішігірім сегменттеріне ғана қызмет көрсетуге жұмылдырылады.
Мұндай мекемелер екі жақты бағыныштылықта болады: бір жағынан, олар несиелік және есеп айыру қызметтерін жүзеге асырумен байланысты болатындықтан да Орталық банктің соған сәйкес талаптарын басшылыққа алады. Екінші жағынан олар, қандай да бір қаржы, сақтандыру, инвестициялық немесе басқа да операцияларға мамандана отырып, тиісті ведомстволардың реттеу әрекеттеріне ұшырайды.
Несиелік мекемелердің түрлері.
Несие ісі- ақшалай сауда-
саттық негізінде несиелік операцияларды
орындауға бағытталған
Несиелік мекемелер түрлерін, оның ішіндегі банктік мекемелерді қарастырудан бұрын бізге «банк» және «банктік қызмет» ұғымын білу қажет. Әлемдік тәрірибеде банктік қызмет деп банктің басты кәсіби қызметтерін, депозиттер қабылдау және қарыз беруді түсінеді. Міне, осындай түсінік Италияда, Испанияда, Бельгияда, Грецияда және басқа елдердің банктер туралы заңдарында бекітілген. Ал, Германия мен Францияда банк немесе несиелік мекеме деп, өз клиенттеріне есеп айырысу, бағвлы қағаздармен сауда-саттық, лизингтік және басқа да операцияларды көрсетумен айналысатын кез келген мекемені айтады. Сондай-ақ, оларда банктік емес мекемелерге депозиттер қабылдау, есеп айырысуды жүргізу, сақтандыру кепілдемелерін беру және т.б. заңмен тыйым салынады.