Несиенің мәні мен функциялары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Июня 2013 в 17:12, реферат

Краткое описание

Өндіріс, ұдайы өндіріс процесінің бастапқы пункті, шешуші жағдайы бола отырып, басқа фазаларымен тығыз байланыста. Ұдайы өндіріс процесі материалдық игіліктердің қоғамдық өндірі процесінің үздіксіз жаңаруы ретінде, оның әр түрлі сатыларының біртіндеп ауысуын ұлғайтады. Әрбір саты - өндіріс, үсестіру, айырбас және тұтыну белгілі бір мағынаға ие.

Содержание

1. Несиенің мәні және қажеттілігі.
2. Несиенің құрлымы.
3. Несиенің формалары мен түрлері.
4. Несиенің фукциялары
5. Қарыз пайызының экономикалық мәні
6. Несиелік ресурстар және оардың қалыптасу көздері

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ақша, несие, банктер..doc

— 651.00 Кб (Скачать документ)

Мысалы, тұтыну несиенің түрлері тауарлы және ақшалай болуы мүмкін, ал халықаралық несиені төмендегідей жіктеуге болады:

  1. несиелеуобъектісі бойынша: тауарлы және қаржылық несиелер;
  2. Экономикалық мазмұны бойынша: сыртқы сауда операцияларымен байланысты коммерциялық жіне қаржылық –кез келген мақсат үшін пайдаланылады (қарызды өтеуге, бағалы қағаздарға инвенстициялау);
  3. Несие субъектілері бойынша: жеке, үкіметтік және халықаралық қаржылық ұйымдар бередін;
  4. Мерзімдері бойынша: қысұа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді.

Шетелдік әдебиеттерде несиелердің келесі жіктеулері кездеседі.

Несиелердің категориялары:

А)қарыз алушының типі бойынша:

    1. Тұтыну.

    2. Бөлшек/ көтерме.

    3.Ауыл шаруашылығы.

    4. Коммерциялық/ өнеркәсіптік.

    5.Қозғалмайтың  мүлік.

    6. Энергия.

    7. Үкімет- (жергілікті  үкімет, тауарлары, автомобильдері) федералдық.

Ә)мақсаты бойынша:

    1.Тұтыну (мысалы, тұтыну тауарлары, автомобильдері).

    2. Айналым капиталы.

    3. Құрылғылар.

    4. Ғимарттар.

    5. Жобалар.

    6. Лизингтік  қаржыландыру.

Б) Әрекет ету  мерзімі бойынша:

    1. Қысқа мерзімді (бір жылдан кем емес)

    2. Орта мерзімді (1жылдан 4 жылға дейін)

    3. Ұзақ мерзімді (5 жыл және одан жоғары)

В) Өтелу кестесі  бойынша:

    1. Бірдей төлемдермен  (мысалы, тұтыну несиесі үшін ай  сайын ).

    2. Кезеңі төлемдерге (тоқсан сайын, жарты жыл сайын, жеңілдікті кезеңді немесе жеңілдіксіз кезеңі, модификацияланған несие – «шар», яғни өтелуі кезінде бұрын жүргізілген төмендерге қарағанда анағұрлым көп төлемді талап ететін несие).

    3. Бір рет  төлемді (қысқа, орта және ұзақ  мерзімді несие – «шар»).

Г) Қамтамасыз етілуі бойныша:

    1. Қамтамасыз  етілмеген.

    2. Кепілмен  қамтамасыз етілген (қолма-қол  бағалы қағаздарман, жермен, ғимараттармен  ).

    3. Кепілдірілген.

    4. Басқа да  қамтамасыз етілулер (міндеттеме, кепісім,  міндеттемесі бар хат).

    Қазақстанда  несиелердің келесі түрлері дамыған.

    1. Ұлттық банктің несиелері.

Аукциондық  – Ұлттық банктің ақша несие саясатының уақытша құралы болып табылатын және екінші деңгейдегі банктітерінің 1 айдан 3 айға берілетін қысқа мерзімді несиелерге деген қажеттіліктердің қанағаттандыру мақсатындағы берілетін несие.

Ломбардтық- Ұлтық банктің мемлекеттік бағалы қағаздарды кепілге ала отырып, жоғары пайызбен берілетін қысқа мерзімді несиесі түрі.

Бюджеттік- Ұлтық банк Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне қайтарымдылық (нарықтық) шартымен беретін несиесі.

Ұлттық банктің республикалық  бюджетті несиелеуі қысқарып және бұл 1998 жылдан бастап бюджет тапшылығын инфляциялық  емес жабуға көшумен байланысты тоқтатылады.

2. Екінші деңгейдегі  банктердің несиелері:

- өз айналым қаражаттарының  жетікіліксіздігін уақытша толықтыруға.

- күрделі жұмсалымдары  қаржыландыруға:

- импорттық бойынша  контрактілері төлеу үшін берілетін  импорт.

- ипотекалық;

- неселік және негізінде-  қарыз алушының бірінші талап  етуі бойынша және белгілі бір кезең бойында келісілген лимит шегінде оған несие беру туралы бантің заңдық рәсімделген міндеттемесі;

- консорциялық – несиеліік,  кепілдік немесе басқа да бантік  операцияларды бірігіп жүзеге асыру үшін қендай да бір ірі банктің қамқорлығымен уақытша бірлескен екі немесе одан да көп банктер беретін несие, бұл кезде бір банктің мүмкіншілігі қандай да бір себептен\рге байланысты бұл функйияларды дербес жүргізуге жетпеуі мүмкін:

- тұтыну мақсаттарына;

- банкаралық;

Банкаралық несиелердің негізгі көлемі ұйымдастырылған банкаралық нарықта аукциондық сату арқылы ұсынылатынды. Негізгі кредиторлар ретінде ірі банктер (Халықаралық банк, Қазкоммерцбанк) болады.

3. Қарыз портфеліп жіктепъу жіне  екінші деңгейдегі банктердің  несиелік қызметінен келетін шығындарды жабу үшін ревервтер (провизиялар) құру тәрібі туралы Ережеге сәйкес Ұлтық банк қарыздардың сапалары болып олардың келесі бөлінулерін белгіледі:

Стандартты-қайтарылу мерзімі әлі жетпеген және сапасы күмән туғызбайтын несие;

Стандартты емес-несиенің қайтарылуы 30 күнге кешіктірілуімен байланысты тәуекелі аз және бір реттен артық емес ұзартылған несие;

Қанағаттанарлықсыз- ұзартылу мерзімі ұзақтылған қарыз шотына жатқызылған күннен бастап 30 бен 60 күн аралығында және бір реттен артық емес ұзартылған несие;

Күдікті- қарыздың ұзартылған қарыздар шотына жатқызылған күннен бастап ұзақтыру мерізі 60- күннен 90 күнге дейінгі несие;

Шығынды- ұзартылу мерзімі 90 күннен артық несие. Пайыздар есептеу қарыздың ұзартылған қарыздар шотына жазылған күннен бастап 90 күн өткеннен соң тоқтатылады. Пайыздардың есептелуінің тоқтатылуы банктің баласында есептеген пайыздардың өсуінің тоқтатылғанын білдіріді. Есептеген пайыздардың есебі баланстан тыс жүргізіледі.

Банктердің қарыз портфелінің  жектелуі, оның сапасының жоғарылуы және несиелік қызметтен болуы мүмкін шығындарды жабу үшін резервтер (провизиялар) құру мақсатын көздейді және жаплы алғанда банктік жүйенің тұрақты даму мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

 

4. Несиенің функциялары.

Алдын ал сұрақтың терминологиялық жағына тоқтоламыз. «Функция» түсінігі ғылымда және тәжірибеде кең түрде қолданылады. «Функция» латынша. «functio", «атқару», «жүзеге асыру» деген мағананы бірдіреді. Философиялық сөздікте «функцияның» анықтамасы былайша беріледі: «Берілген  қатынастар жүйесіндегі қандай да бір объекті қасиеттерінің сыртқы көрінісі. Мысалы, сезім органдарының фунциялары ақшаның функциялары, мемлекттің функциялары және т.б.» Жаратылыстану ғылымында функция деп қасиет, жұмыс, тәуелділікті түсіндіріледі. Күнделікті тұрмыста функция әрекет ретінде ашықталады.

Экономикалық теорияда функция  деп құндық категориялар мәнінің  көоінісі түсіндіріледі. Демек, несиенің фунциялар мәнінің көрінісі түсіну орында, алайда несиенің функиясы –  оның мәні емес, тек осы мәнінің  көрінісі. Біз қарастыратын несиенің кез келген көрініс оның функиясы ретінде ерекше.

Несиеніғ функияларын қарастыру  үшін келесідей ғылыми амалдар орынды. Біріншідан, бәрінен бұрын фунция да несиенің мәні саяқты объективты сипатта. Фунция кркдитор мен қарыз алушы арасында несиелік қатынасқа түсе отырып орындайтын белгілі бір «жұмыстың» көрінісін сипаттайды. Екіншіден, несиенің фунциясын талдау кезінде тағы да бір жағдайды ескеру керек: несие өзінің қозғалыс процесінің әрбір кезеңінде барлық фунцияларымен емес, олардың біреуімен немесе бірнешеуімен өз мәнін көрсетеді. Демек, әрбір кезеңде немие өзінің қозғалысының белгілі бір сатысында болады, сондықтан өзініңмәнді көріністерінің барлық жиынтығын бірден көрсете алмайды. Мысалы, ақша төлем құралы функциясында бір мезгілде айналыс құралы функциясын немесе қор жинау функциясын атқара алмайды. Несие де сол сияқты. Үшіншіден, функция – бұл қатып қатар емес, өзгермелі категория. Несиенің мәнінің өзгеруімен қатар оның көрінісі де өзгереді. Төртіншіден, функция несиенің біртұтас процесс ретіндегі ерекше көрінісін білдіреді.

Бұл функцияның жеке кредиторға немесе қарыз алушыға емес, жалпы несиелік қатынасқа жататындығымен түсіндіріледі; несиенің көрінуі, тек егер ол тең  дәрежеде несиелік мәміленің екі  қатынасушысына да қатысты болса  ғана, оның функциясы ретінде анықталуы мүмкін.

Мұнан басқа, функция несиенің барлық формалары мен түрлерінің ерекше көріністерін сипаттауы керек. Коммерциялық несиенің, банктік несиенің жеке бөлектенген  функциялары жоқ. Функцияны несиенің формалары немесе түрлі емес, оның экокномикалық категория ретінде ретіндегі мәні тудырады.

Несенің теорисында оның келесі функциялары  бөлініп шығарылады: қайта бөлу, нақты ақшаларды несиелік операциялардың ауыстыруы.

Кредитор мен қарыз алушы  арасында несиелік қатынас айырбас процесінде уақытша босаған құнның қарыз алушыға берілуі жолымен қайта бөлу сатысында пайда болады, сонан соң бұл құн өзінің алғашқы иесіне қайта оралады. Осыған байланысты несиеніғ қайта бөлу функциясын көрсетукерек. Бірінші жағдайда кредитор қарыз мәмілесі арқылы қарыз алушыға тауарлы – материалдық құндылықтарды бере алса, басқа жағдайда ақшалай қаражаттарды береді, бірақ екі жағдайда да ьеру объектісінің формалары әр түрлі болғанымен оның мазмұны біреу – құн қайта бөлінеді. Осылайша, өайта бөлу функциясының көмегімен құн қайта бөлінеді.

Қайта бөлу қандай белгілер бойынша  жүретініне байланысты мынандай түрлерге бөлінеді: аумақ аралық, салааралық, салаішілік және шаруашылықаралық. Қайта  бөлудің барлық түрлерінде берілген құнға меншік иесі өзгермейтінін ескерте кету керек. Берілген құнға меншік иесі кредиторда сақталады.

Егер несиелік қатынасқа  кредитор мен қарыз алушы ретінде олардың орналысқан жерлеріне тәуелсіз әр түрлі заңды тұлғалар түсетін болса, құнның қайта бөлінуін аумақаралық  деп айтуға болады. Салаішілік қайта бөлу салалық банктерден несие алған кезде орын алады. Егер құн бір саланың өкілі болып табылатын кредитордан, басқа саланың кәсіпорны болып табылатын қарыз алушыға берілген жағдайда несиенің көмегімен салааралық қайта бөлу орын алады.

Егер кредитор бір  шаруашылық субъектісінің уақытша  бос ақшалай қаражаттарын тартып, оны басқа субъектілерге қарызға  беру көзі ретінде пайдаланылса, онда құнның шаруашылыаралық қайта бөлінуі  орын алады.

Несие арқылы ресурстардың қайта бөлінуің әр түрлі деңгейде қарстыруға болады. Несиелік қатынастардың субъектілері деңгейінде құнның жеке шеңбер айналымында және айналымында тауарлы- материалдық қүндылықтардың да ақшалай қаражаттардың да қайта бөлінуі жүреді. Халық шаруашылығы деңгейінде құнның жиынтық шеңбер айналымында оның қозғалысы несие арқылы жиынтық ұлттық өнім мен ұлттық табыстың қайта бөлінуіне ұласады. Несиенің қайта бөлу функциясы құнның жалпы қайта бөлінуін емес, уақытша босаған құнның жалпы қайта бөлінуін қозғайды. Сонымен, қатар несие арқылы жүзеге асырылатын қайта бөлу, өткізу процесінің жалғасы болуы да мүмкін. Коммерциялық несие кезінде тауар өндіруші өз өнімін сатып алушыға төлеуді кейінге қалдыру шариымен сатады, яғни несиелік негізде. Алайда, мұндай кейінге қалдыру үшін тауар өндірушіде оның өнімін төлеу кезіне дейін бос ресурстары болуы керек. Немесе оларды ұдайы өңдірістің басқа субъектілерінен (банктен) уақытша пайдалануға алу керек. Екі жағдайда да шаруашылықтың әр түрлі буындарында жасалып қойған нәрселер қайта бөлінеді.

Несиенің қайта бөлу функциясының төменге берілгендей ерекшеліктері бар.

Біріншіден, несиенің көмегімен  тек материалдық игіліктердің өндіріс  құрал жабдықтарының және тұтыну затының, яғни бір жыл ішінде өндірілген жалпы ұлттық өнімнің құны ғана бөлініп  қоймайды, сонымен қатар елдің экономикасының дамуының алдыңғы кезендерінде жасалған құн да қайта бөлінеді;

Екіншіден, несиенің қайта  бөлу функциясы құнның жалпы қайта  бөлінуін қозғалмайды, уақытша босаған  құнның қайта бөлінуін сөз етеді;

Үшіншіден, қайта бөлу функиясының мәндегі уақытша босаған құнды уақытша пайдалануға беру процесі болып табылады;

Төртіншіден, несиенің көмегімен  уақытша босаған құнның берілуі  нарықтық экономикаға тән делдал банктердің және басқа несиелік мекемелердің қаиысуымен жүзеге асырылады.

Несиенің тағы бір функциясы  ретінде нақты ақшалардың орнын несиелік операциялардың басуы болып табылады. Тауар шаруашылығында нақты ақшалардың орнын несиелік операциялардың басуы үшін қажетті жағдайлар жасалған. Қарызға берілген құнды тауарлы – материалдық құндылықтар, қызметтер, өзара талаптарды есептеуді аяқтау, аккредитивтер ашу, тұрғындардың тұтыну тауарларын алуы үшін шоттарды төлеуге пайдалану, қолма-қол ақшалай төлемдерді қысқартуға, ақша айналымының құрлымын жақсартуға, төмен айналымын ұлғайтуға мүмкіндік береді, осылайша айналыс шығындарын азайтады. Қазіргі тауар шаруашылығында қарызға берілген құнның шаруашылық айналымына енуі ақшаның жалпылама орнын басу функциясын орындалмайды, ал экономикалық айналымда олардың уақытша орнын басу функциясын орындайды. Қарыз лаушының алған және шаруашылық, айналымына енген қарызға берілген құн ақшаға тән – «жұмысты» орындай бастайды (тауарлы –материалдық құндылықтарды алу үшін жалақыны төлеу және т.б. пайдаланылады).

Нақты ақшалардың орнын  несиелік операциялар басуының келесідей алғышарттары бар:

Біріншіден, банктік жүйенің  дамуы және төлем айналымын үйымдастыруда  оның рөлінің жоғарылауы;

Екіншіден, экономикада  төлем міндеттемесі немесе талабы бар  төлем құжаттарының дербес айналысы;

Үшіншіден, Орталық банктердің несиелік ақшаларды эмиссиялауы.

 

 

 

 

Қарыз пайызының  экономикалық мәні

Қарыз пайызы несиенің негізгі атрибуты ретін несие бағасының ирроционалды формасы болады. Қарыз пайызының абсалюттішамасы қарыз алушының несиені пайдаланғаны үшін төлейтін белгілі бір соманы білдіреді және пайыздық сома деп аталады. Форманың ирроционалдығы, біріншіден, қарызға берілген құн ақшалай формада бола отырып, тағы да ақшалай формада екінші бағаны алғандай болады; екіншіден, пайыз сомасы ретінде қарыз алушы төлейтін сома оған бастапқыда қарызда берілген құнның шамасына тең келмейді. Қаарыз пайызы тауар өндірісі негізінде пайда болады.

Информация о работе Несиенің мәні мен функциялары