Несиенің мәні мен функциялары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Июня 2013 в 17:12, реферат

Краткое описание

Өндіріс, ұдайы өндіріс процесінің бастапқы пункті, шешуші жағдайы бола отырып, басқа фазаларымен тығыз байланыста. Ұдайы өндіріс процесі материалдық игіліктердің қоғамдық өндірі процесінің үздіксіз жаңаруы ретінде, оның әр түрлі сатыларының біртіндеп ауысуын ұлғайтады. Әрбір саты - өндіріс, үсестіру, айырбас және тұтыну белгілі бір мағынаға ие.

Содержание

1. Несиенің мәні және қажеттілігі.
2. Несиенің құрлымы.
3. Несиенің формалары мен түрлері.
4. Несиенің фукциялары
5. Қарыз пайызының экономикалық мәні
6. Несиелік ресурстар және оардың қалыптасу көздері

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ақша, несие, банктер..doc

— 651.00 Кб (Скачать документ)

Банктік және коммерциялық несиенің динамикасы әр түрлі. Коммерциялық несиенің көлемі өндіріс пен тауар айналымының ұлғаюмен жоғарылайды және олардың азаюы мен қысқарады. Өнеркәсіптің дамуы кезеңде оған ұсынысы және сұранысы жоғарылайды, ал дағдарыстар кезіңінде азаяды. Өндіріс дағдарысы әсерінен тауарлардың өндіруі мен өткізілуі де қысқарады, ал қарыздарды, ал қарыздарды төлеу үшін банктік несиеге деген сұраныс өседі. Өндірістің жаңданып, жоғарлаған кезінде нағыз капиталдық көлемі өседі, өңдірістік  мақсаттар үшін банктік  қарыздарға деген сұраныс жоғарла йды. Қоғасдық капиталдың ұдайы өндірілуі тұрғысынан банктік несие қарыз капиталына (қарыз алушылар қаражаттарды жұмыс істеп тұрған капиталдық көлемі ұлғайту үшін пайдаланғанда) және ақшалай қарызға (қарыз алушылар қаражатты өздерінің қарыздық міндеттемелерін өтеу үшін алғанда) бөлінеді. Жеке капиталды ұдайы өндіріс тұрғысынан алғанда, бұл бөліну қарыздың қамтамасыз етілуіне байланысты және қарыз алушы капиталының шамасына несиенің әр түрлі әрекетін көрсетеді. Несие алу кезінде тауарларды, бағалы қағаздарды кепілдікке қоя отырып, борышқор банктен қосымша капитал алмайды. Оның көзқарасы тұрғысынан, бұл- ақша қарызы.

Банктік несие әмбебап болып келеді, өйткеті банк арқылы қайта бөлінген қарыз капиталы экономиканың барлық салаларыңда қолданыс табады. Бұл ерекшелік оның жедел даму себебі қызметін атқарады. Қарыз мәмілесінің дербес сипаты бар, онда ақшалай капитал өнеркәсіптік капиталдан бөгелген. Кредитордың мақсаты – пайыз түрінде табыс алу. Қарыз алушыға қайтарымдылық, мерзіімділік және пайыз төлеу жағдайларында қарыз капиталын ұсынушы банктік мекеме кредитор ретінде көрінеді.

Банктік несие өзінің маңызды ерекшеліктерін сақтай отырып, едіуір сандық және сапалық өзгерістерге ұшырайды. Олардың біреуі қарыз мәмілесіні қатысушыларымен байланысты. Қазіргі уақытта ол мәміленің екі қаиысушыларымен банкирлер және жұмыс істеп жүрген капиталистермен шектеліп қалмайды. Бір жағынан, қарыз капиталын беруді банктерден басқа әр түрлі мекемелер (қаржылық компаниялар, өзар несие баннктері) жүзеге асырады. Қарыз капиталдарымен мәміле жасаушы жаңа типтегі мекемелер кейде «банктік емес» деген атқа ие, ал бұл жағдай олардың мәнін қзгертпейді (мысалы, Ұлыбританиядағы құрылыс қоғамы олардың қызметі тұрғын үй несиесін берумен байланысты) Екінші жағынан, қарыз алушылардың құрамы өзгереді. Жұмыс істеп тұрған капиталистарден басқа (акционерлік компаниялар және жеке кәсіпорындар) қарыз алушылар – несиелік- қаржылық мекемелер, тұрғындар, үкімет және жергілікті үкімет органдарды болып табылады. Банктік мекемелерде қарыз алушыларға ақшалай қаражаттарды берудің өр түрлі мүмкіндіктері бар.

Несиелік мүмкіндіктер ғана емес, сонымен қатар берілген қарыздардың көлемдері де өзгереді. Несиелік опирациялардың көлеміне ішкі және сыртқы фокторлар әсер етеді. Біріншіге банктің қолында бар ресурстардың көлемі жатады. Ресурстардың өсуіне сәйкес оның несиелік мүмкіндіктеріне әсер етеді және активтік операциялардың ұлғаюына жағдай жасайды.

Банктік белгілі бір  шетке капитал шығару және онықарыз алушыларға беру мүмкіндігі бар. Қазіргі  жағдайда депозиттер банктік ресурстардың бірден- бір көзі болып табылмайды. Несиелік мекемелер ақшалай қаражаттарды банк аралық нерықтан қарызға алады, сонымен қатар көрсетілген мақсатқа облигациялық қарыздарды да белсенді пайдаланады.

Банктік несиенің шамасына ақшалай- чектік эмиссиямен толықтырған  нақтылы ресурстардың көлемі ғана емес, оған өнеркәсіптік компаниялар,жеке тұлғалар және мемлекеттік мекемелер тарапынан қарыз қаражаттарына деген сұраныс та әсер етеді. Осылайша экономикалық төмендеу кезінде қарыз капиталы нақтылы конъюнктурасын айқындаушы негізгі фактор болып, банктердің ресурстары емес, несиеге деген әлсіз сұраныс болып табылады.

Несиелік жүйе мемлекет тарапынан болатын ықпалға ұшырайды. Меклекеттік органдар және орталық  банктер ұдайы қолданылатын несиелік шектеулер, активтік операциялардың жасанды  түрде қысқарылуын тудырады. Осылайша, несиенің экономикалық ғана емес, оның әкімшіліктік те шектері бар.

Банктер өз саясатын қайта  қарастыра отырып және несиенің берілуі  мен қызметтің басқа түрлері  арсындағы қолайлы арақатынасты табуға тырысады. Мысалы, қаржылық инженеринг жүйесі - әр түрлі экономикалық кеңес  беруді қоса алғандағы, қаржылай қызмет көрсетулердің толық комплектісін ұсыну дамытылады.

Кредитор ретінде банктердің рөлі біршама төмендегеніне қарамастан, ол едәуір шамада қысқаруы мүмкін деп  есептеуге негіз жоқ. Өйткені көптеген кәсіпорынның қосымша қаражаттарға деген қажеттіліктері, бірінші кезенте , банктік несие есебінен қанағаттандырылуы мүмкі, ол өнеркәсіптік компаниялар үшін, жеке тұлғалар үшін де қарыз қаражаттарын алудың анағұрлым ыңғайлы формасы болып келеді. Осылайша, несиелік жүйенің негізгін ірі банктер құрайды, ал банктік несие өзінің басымдық жағдайда қалады.

Тұтыну несиесі- бұл тұрғындарға тұтыну тауарларын сатып алу және тұрмыстық қызметтерді төлеу үшін коммерциялық (бөлшек сауда орындары арқылы төлемді кейінге қалдыра отырып, тауарды сату) және банктік (тұтыну мақсатына қарыздар) формада берілетін несие. Тұтыну несиесінің негізгі міндеті – тұрғындарға тауарларды сатуға қолдау көсету. Бұл несие бөлшек сатумен тығыз байланысты: бір жағына – тауар айналымының ұлғаюымен несиенің көлемі де өседі, өйткені тауарларға болған сұраныс несиеге де сұраеыс тудырады; екінші жағынан- тұрғындарды несиелеудің өсуі төлем қабілеттіне сұранысты күшейтеді. Бұл тәуелділік, әсіресе, қазіргі уақытта нарықтың тауарлармен толығу жағдайында көрінеді.

Несиенің бұл түрін  әр түрлі елдерде салыстыру оның дамуының әр түрлі деңгейін көреседі. Италия мен Жапонияда тұрғындардың жалпы қарыз сомасының қатысы, осы елдердің жалпы ішкі өнімдеріне 10%деңгейінде, ГФР және Францияда – 30%, ал Ұлыбритания мен АҚШ-та -60%-дан астам. Тұтыну несиесі негізінен қымбат тұратын тауарларды сатып алу кезіңде: автомобильдердің, электр тұрмыстық құралдары, жиһаздардың және т.б. пайдаланылады. Тауар қымбат болған сайын, несие жиі қолданылады. Капиталистік елдерде несие көлемінін жартысынан көбі автомобильдерді сатудың үлесіне тиеді. Қалған тауарлар көбінесе қолма-қол төлеу шартымен сатылады,

70- жылдардан бастап  бірқатар елдерде жеке тұлғаларға  тұрақты несиелер ашу тәжірибесі  кең таралады. Бұл жерде айтылатын  нәрсе тауарларды сырттай каталогтардың  көмегімен несесе ірі әмбебаптардан сатып алатын алушылар туралы болып отыр. Тұтыну несиесінің бұл түрінің мақсаты – клиенттерді жоғалтпай сақтап қалу және оларды көбейту, сонымен қатар сәйкесінше фирманың сауда айналымын ұлғайту.

Сондай-ақ, банктік мекемелер  тұтыну несиесі жүйесіне қосылмай. АҚШ-пен және Ұлыбританияның коммерциялық банктері жеке тұлғаларға «дербес несиелер» деп аталатын несиелерді беруі қолдана бастады. Бұл несиелерді тұтыну несиенің бір түрі деп қарастыруға болады, бірақ олардың тауарларды қаражыландырудан бірқатар мәнді айрмашылықтары бар.

Біріншіден, дербес несиелер- бұл жеке тұлғаларға ақшалай формада  беретін банктік қарыздар; екіншіден, бұл несиелер нақтылы коммерциялық мәмілеге бекітілген, сондықтан олар сатып алынған тауар үшін төлемді  кейінге қалдыруға қарағанда анағұрлым икемді болып табылады; үшіншіден, делдалдардың болмауы мұндай несиелер жүйесің едәуір икемді және қарапайым етеді, өйткені оған банк пен қарыз алушы қатысады.

Бербес несиелер тұтыну тауарларын сатып алу мен белгілі бір қызметтерді алу үшін (мысалы, туристік сапарларды төлеу) кезінде пайданылады. Бұл несиелерді көбінесе жас жанұялар және білім алудың бүкіл кезеңіне қарыздарын 5 жыл ішінде өтеу үшін оқуға түскен студенттер аладыы. Әдетте дербес несиенің сомасы қарыз алушының 3 айлық еңбекақы мөлшерімен шектеледі, өтелу мерзімі- 36 ай.

Қазіргі уақытта дербес несиені пайдалану ерекжелері анағұрлым  біркелкі бағытталынған. Бұған несиелік карточкаларының жаппай қолдану  жағдай жасады.Бұл төлем карточкаларының  көптеген түрлері бар. Олардың барлығын ортақ сипат біріктіреді, яғни тауарды болашақта төлемін төлеу бойынша сатып алу мүмкіндігі туады.

Тұтыну несиелі көптеген елдердің экономикасында үлкен роль атқарады, сондықтан ол мемлекеттік  органдар тарапынан белсенді реттеуге ұшырайды. Бұл реттеуді екі түрге бөлуге болады: беру деңгейі және пайдалану деңгейі бойынша. Беру сатысында мемлект тұтынушыларды несиелеуді кейде қолдап, кей кезде тежейді. Банктер және қаржылық компаниялар қызметтердінің бұл түріне несиелік шектеу әрекеті таралады.

Экономикалық құлдырау және әлсіз сұраныс жағдайында мемлекеттің  саясаты елде іскерлік белсенділікті  ынталандыруға бағытталған. Бұл  үшін тұтыну несиесіне жеңілдік жағдайлар  енгізілген: тауар бағасының қолма қол түрде төленетің бөлігін қысқарту, несиенің мерзімін ұзарту, оның құнының төмендетілуі. Экономиканың «қызып кеткен» ақшаның инфляциялық құнсыздануы күшейуі жағдайында қарама- қарсы саясат жүргізіледі: қолма- қол төлемнің үлесі жоғарылайды, несиенің мерзімі қысқарады және пайыздық мөлшерлеме жоғарылайды. Дамыған елдерде тұтыну несиесінің маңыз өте жоғары. Ол  тұрғындардың тауарға сұранысын ынталандырады және олардың өндірісі мен өткізілуінің ұлғаюына жағдай жасайды. Тұтыну несиесін көбінесе табыс деңгейі орташа жұмысшылар мен қызметкерлер пайдаланады. Бірақ ұзақ пайдаланыстағы тауарларды несиеге алу жеке тұлғаларға қолма- қол мәміле арқылы алғанға қарағанда едәуір қымбатқа түседі.

КСРО-да тұтыну несиесі 60-70-жылдары  дамыды. Несие ұзақ қолданыстағы тұрмыстық  заттарды сатып алу үшін 1-2% жылдық мөлшерлемемен 6-24 айға берілді.

Тұтыну несиесі жеке тұлғаларға ұзақ мерзімді банктік қарыз  формасында тұрғын үй алуға және салуға берілуі мүмкін. Қазақстанда осы  үшін мамандандырылған Мемлекеттік  тұрғын үй құбылыс банкі құрылған

Жаңа тұрын үй саяспһаиының Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес азаматтарға қызмет көрсету үшін Тұрғын үй құрылыс банктінде қарыз- жинақ шоттары ашылады. Қарыз-жинақ шоттарын құрылысты бастауға,т жарналарды жинақтау мен, тұрғын үй сатып алуға және осы мақсаттарға жеңілдік несиелерін несиелерін беру үшін пайдаланылады.

Ипотекалық  несие –жылжымайтын мүліктерді: жерді, тұрғын үй және өндірістік ғимараттарды кепілдікке ала отырып берілетін қарыз.

Мемлекеттік несие- азаматтарға және заңды тұлғаларға қатысты қарыз алушы немесе кредитор ретінде мемлекет және жергілікті билік органдары болатын несиелік қатынастар жиынтығы. Мемлекеттік несиенің негізгі формасы – мемлекеттік займдар, сонымен қатар қысқа мерзімді қазыналық міндеттемелер, тұрғындардың жинақ кассасындағы салымдар болып табылады. Қысқа мерзімді қазыналық міндеттемелер (вексельдер жіне де басқа несиелік міндеттемелер) ресми түрге бюджеттегі уақытша кассалық үлесі жабу үшін шығарылады, бірақ іс жүзінде – бюджет тапшылығына байланысты шығарылады. Қазақстанда 1994 жылдың сәуір айынан бастап қазыналық вексельдер аукционы үнемі өткізіліп тұрады.

Халықаралық несие- валюталық және тауарлық ресурстарды қайтарылымдылық және пайыздар төлеу шарттарымен беру бойынша байланысты халықаралық экономикалық қатынастар сферасындағы қарыз капиталының қозғалыс формасы. Кредиторлар және қарыз алушылар ретінде банктер, жеке тұлғалар, кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер, сонымен қатар халықаралық және аймақты ұйымдар қатынасады.

Қазақстан Республикасының  жетекші халықаралық қаржылық ұйымдарға  мүше болуы, экономикалық реформалар жүргізу үшін қосымша қаржылық көздерге қол жеткізуге мүмкіндік берді.

Халықаралық валюта қорымен 185,6 млн СДР (арнайы қарыз құқығы) сомасын «стенд-бай» несиесі шеңберінде келісімге қол  қойылады. «Стенд-бай» - резервтік несие – кредитор қажет болған жағдайда және көрсетілген талаптар орындалған кезде (бұл жағдайда сөз Қазақстандағы экономикалық реформалардың бағыттары бойынша ХВҚ- мен келісімнің шарттары орындалуы туралы болып отыр) ақшалай қаражаттардың белгілі бір сомасы келісілген уақыт аралығында несиеге берілетіні туралы келісім.

Келісімнің әрекет етуінің барлық кезеңі бойында ХВҚ миссиясымен «стенд-бай» бағдарламасының жүзеге асуының нәтежелеріне талдау жасалынды және кредитор займның кезекті траншын бөлу туралы шешім қабылданды.

Қысқа мерзімді бағдарламаның  жеткістікті орындалуы ХВҚ-ның 1996-1998 жылдары орта мерзімді бағдарламасы туралы келісім жасауға мүмкіндік  берді.

1993 жылы Халықаралық  қайта құру және даму банкімен 1993 жылы құрылымдық реформалардың  үкіметтік бағдарламасын қолдауға бағытталған 180 млн АҚШ доллары сомасында медеттік займ бөлу туралы және Қазақстанның экономикалық қаржылық, әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы саясаты секторларына техникалық көмек көрсетуге бағытталған 38млн АҚШ доллары сомасында техникалық көмек қарызын бөлу туралы келісімге қол қойылды.

Еуропалық қайта құру және даму банкі «Қазақстанда 100млн  ЭКЮ сомасында несие бөлді. Бұл  бағдарламаға экономиканың төменгідей секторларындағы жобалар кіргізілді: қонақ үй шаруашылығы, алтыны бар рудаларды қайта өңдеу, диірмен құрылысы, косметика өңдірісі, құрылым және медицина саласындағы жобалар.

Жапонияның экспорт-импорт банкі ХҚДБ-мен қатар қоса қаржыландыруға займ бөлді.

Азиялық даму банкі мен  Қазақстан Республикасы арсында 1994 жылы 40млн АҚШ доллары сомасында арнайы көмек займы туралы келісімге қол қойылды.

Халықаралық займдарды  пайдалануды екінші деңгейдегі банктер  де белсенді қолдануда.

Несиенің түрлері бұл белгілі бір түрдегі экономикалық қатынас ретінде несиеден келіп шығатын белгілі бір қасиеттерге ие оның бір түрі.

Түрдің формадан айырмашылығы – диалектика категориясы болып  табылмайды, ол несиені ерекше түрдегі  экономикалық қатынастар ретінде түрсінуді  анықтайдын жіктеудің категориясы  болады.

Осыған байланысты несие  түрлері төмендегідей жіктеледі.

      1. мерзімдері бойынша а)қысқа мерзімді (1 жылға дейін); ә) орта мерзімді (1 жылдан 3-5 жылға дейін); б) ұзақ мерзімді (3-5 жылдан жоғары);
      2. несиелеу объектілері бойынша; а) негізгі қорларға берілетін несие ; ә) айналым қорларына берілетін несие;
      3. несиелеу әдістері бойынша: а) қалдық бойынша несиелеу сауда жіне жабдықтаушы -өткізуші ұйымдар несиеленеді, ал қалғандарында айналым бойынша да, қалдық бойынша да несиелеудің элементтері бар.

Информация о работе Несиенің мәні мен функциялары