Несиенің мәні мен функциялары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Июня 2013 в 17:12, реферат

Краткое описание

Өндіріс, ұдайы өндіріс процесінің бастапқы пункті, шешуші жағдайы бола отырып, басқа фазаларымен тығыз байланыста. Ұдайы өндіріс процесі материалдық игіліктердің қоғамдық өндірі процесінің үздіксіз жаңаруы ретінде, оның әр түрлі сатыларының біртіндеп ауысуын ұлғайтады. Әрбір саты - өндіріс, үсестіру, айырбас және тұтыну белгілі бір мағынаға ие.

Содержание

1. Несиенің мәні және қажеттілігі.
2. Несиенің құрлымы.
3. Несиенің формалары мен түрлері.
4. Несиенің фукциялары
5. Қарыз пайызының экономикалық мәні
6. Несиелік ресурстар және оардың қалыптасу көздері

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ақша, несие, банктер..doc

— 651.00 Кб (Скачать документ)

Қолдан-қолға тауарлардың қозғалысы ретінде тауарлар айырбасы, қызметтер айырбасы несие жайындағы қатыныстың пайда болуына негіз болып табылады. Осыған байланысты бір маманның мындай пікірін атап өту артық болмайды: «бірте- бірте айырбас саудаға айналды; саудамен арнайы айналасатын адамдардың жаңа тобы – көпестер пайда болды; жылдың белгілі бір уақытында көпестер мен сатып алушылар кездесетін ерекше орындар пайда болды, жәңмеңкелер, яғни уақытша нарықтар құрылды. Көпестермен, жәңменкерлермен, жалпы саудаман бірге алғашқы несие пайда болды. Ірі сауда жүргізітін адам үшін алған тауарлардың төмен мерзімімен сатып алу төлемінің мерзімі сәйкес келмеген жағдайлар болады. Егер саудагер тауарын сатудан бұрын оны сатып алуға тиіс болса, онда осы уақыт ішінде несие алуға деген қажеттілік, яғни бұл адамға қарыз беру мүмкіндігіне деген менім пайда болады.

Несие қарыз мәмілесі ретінде ежелгі әдісте де, орта ғасырлық қолөнер, крепоснойлық шаруашылықта да және дамыған тауар шаруашылығында кездеседі. Барлық кезде біз анағұрлым жетілген, бір қарыз мәмілесіне кездесіп отырдық, бірақ осы мәмілелер негізінде ұлғайып отыратын, құқықтық хатталуы осы мәмілелер болып табылатын өндірістік қатынастардың әр түрлі шыруашылық жүйелерінде бір-бірінен өте қатты айырмашылықтары болады.

Несие бәрінен бұрын тауар өндірісі процесінде пайда болатын оның негізгі өндірістік қатынастарымен анықталатын қоғамның әлеуметтік байланыстарының белгілі бір типі. Сондықтан несие экономикалық категория ретінде тек өндірістік қатынастар шеңберінде ғана сипатталуы мүмкін. Бұл несиені экономикалық мазмұны, көзқарасы тұрғысынан қарастыруға қатысты. Несиені әлеуметтік байланыстың белгілі бір типі бола отырып, өндірістік қатынастар тобына  жатады.

«Өндірістік қатынастар өз жиынтығында  қоғамдық қатынастар, қоғам деп аталатындарды құрайды және сонымен бірге тарихи дамудың белгілі бір сатысында тұрған, өзінен тән ерекше сипаты бар қоғамды құрайды».

Қоғамның негізгі өндірістік байланыстарына сүйенген несиелік қатынастар жекелеген  тұлғалар мен кәсіпорындар, кәсіпорындар мен мемлекет, мемлекет пен тұрғындар, адамдардың әлеуметтік топтарының арасындағы тауарлар айналысы сферасында пайда болады.

Айналыс сферасы немесе тауарлар айналысы өндірістік қатынастармен анықталады. Осылайша, белгілі бір өндіріс, белгілі  бір тұтынуға, үлестіруге, айырбасқа және осы әр түрлі жағдайлардың бір- біріне белгілі бір қатынасына себепші болады. Өндіріс жағдайындағы айырбас құның немесе меншіктің бір иесінен басқаға ауысуы тірізді әр түрлі тәсілдермен жүзеге асырылады. Мұндай тәсілдердің бірі қарыз деп аталатын тауар айналасының бір формасы болған мәміле типі болып табылады. Тауар айналысының мұндай формасы өңдірістің ерекше шарттарымен анықталады, осы себептен тауарлардың иеліктен шығарылуы уақыт бойынша олардың бағасының өткізілуінеян  бөліп қалады. Бұл шарттар мынаған байланысты: «тауардың бір типі өз өндірісіне көп уақытты, ал басқа түрі анағұрлым аз уақытты талап етеді. Әр түрлі тауарлардың өндірісі жылдың әр түрі мерзімімен байланысты. Бір тауар өз нарығында пайда болса, басқасы алыс нарыққа сапар шегуі  қажет. Сондықтан, әлде бір тауар иеленуші келесі бір сатып алудан бұрын сатушы ретінде көрінуі мүмкін. Бірдей мәмілердің бір тұлғалардың арасында жиі қайталануы кезінде тауарды сату шартты олардың өндіріс шартымен реттеледі. Екінші жағынан, тауарлардың белгілі бір түрізн пайдалану, мысалы үйді, белгілі бір уақыт аралығында сатады. Бұл жағдайда сатып алушы тек мерзімі өткеннен кейін ғана шын  мәнінде тауардың тұтыну құнын алады. Сондықтанда ол тауарды төлемі төлегеннен бұрын алады.»

Ақшаның қажеттілігін қамтамасыз ететін себептер, несие қажеттілігінің де себептері болып табылады. Жай тауар шаруашылығы жағдайында тауар айналысының формасы ретіндегі қарыз мәмілесі қажеттілік пен өндіріс шарттарынан туындайды. Алайда өндіріс шарттары несиенің қажеттілігін толығымен ашпайды. Тауар айналысының ішкі мазмұны ретіндегі құн қозғалысы несиенің қажеттілігі туралы түсінікті тереңдетеді. Айырбас шаруашылығы жағдайында құн қозғалысы капиталдардың шеңбер айналымында және ол өндірістік айналымында нақтылы түрде көрінеді және ол несиелік қатынастар пайда болатын, дамитын нақтылы экономикалық негіз болып табылады. Артынан несиелік қатынас өзінің табиғаты бойынша құндық болады.

Несие ұдайы өндіріс процесінің үздіксіздігі қамтамасыз ету қажеттілігінен келіп шығады. Несие берілеген сайын ол шаруашылық субъектілерінің өндірістік капиталы ақшалай (негізгі және айналым), өндірістік және тауарлық формаларда бола алатыны бәрімізге мәлім. Бұл кезде олардың міндеті әр түрі. Шеңбер айналымының бірінші сатысында ақшалай қаражаттардың өндірістік құралдарында айналуы жүреді: ақшалай қаражаттарға өндіріс құралдары сатып алынады. Өндіріс процесінің екінші сатысында ақшалай өаражаттардың тауарға айналуы жұреді, өндірістік форма тауарлық формаға ауысады, өндіріс құралдыһары құнына жаңадан жасалған құн қосылады. Соңында, үшінші сатыда тауар өткізіледі және қайтадан ақшаға айналады. Өндірістік капиталдардың қозғалысы олардың бір формадан басқа формаға ауысумен тұйықталмайды, қозғалыс олардың ұдайы өңдірісінің процесі, капиталдардың шеңбер айналамы болып табылады. Капиталдың үнемі қайталанатын шеңбер айналымы – бұл капиталдардың айналымы. Өңдірістік капиталдардың бірде тауар формасында, бірде ақшалай формада болуы олардың қозғалысының жалпы формасы болып келеді, яғни олардың ұдайы өндіріс формасы болып саналады.

Өндірістік капиталдардың жүйелі түрде бір формадан басқа формаға  айналуы, сонымен қатар олардың  үнемі шеңбер қозғалысы, капиталдардың  шеңбер айналымы және айналымы барлық жерде бірдей емес: әрбір нақты  жағдайда олар өндірістің және тауар айналысының ерекшеліктерін қамтып көрсетеді. Өндірістік капиталдардың қозғалысы олардың шеңбер айналымы шегінде үздіксіздігімен ерекшеленеді. Олардың қозғалыс процесінде ақшалай қаражаттардың құйылуы және кері қайтуы, ресурстарда және оларды жабатын көздерде қажеттілердің толқуы байқалады. Мұны функционалдық формаларының өзгерісіне қарай негізгі, сондай-ақ айналым капиталдардының да қозғалысына байланысы байқауға болады.

Негізгі капиталдардың қозғалысы  процесінде мезгіл-мезгіл ақшалай ресурстар  формасында құн босатылады. Еңбек құралдары өндіріс процесінде ұзақ уақыт пайдаланылатыны белгілі, олардың құны тауар құнына бөлшектеніп ауысады. Негізгі капиталдар құнының ақшалай қаражаттардың кәсіпорындар шотында тұрып қалуына әкеліп соғады. Бұл кәсіпорын олардың тозған еңбек құралдарының орнына жаңаларын алу үшін; соның ішінде кезекті жаңа машиналар мен механизімдерді алу ұшін жеткілікті белгілі бір соманы жинақтағаннан кейін ғана пайдалана алады.

Алайда негізгі капиталдар құнының  бірте-бірте босатылуы, өз мөлшері бойынша кәсіпорынның олардың жаңа партияларын алу қажеттіліктерін қанағаттандыра алмайды, өйткені машиналар мен механизімдердің жаңа партиясы жекеленген бөліктерімен, детальдармен емес толығымен алынаады. Амортизациялық қорда негізгі капиталдардың тозған бөлшектерінің ауыстырылуы, жинақталған амортизациялық қаражат есебінен жүзеге асырылады. Негізгі капиталдарды қалпына келтіруге немесе оларды алуға өте үлкен шығындар жұмсалады, сондықтан оларды қаржыландыру ұзақ уақыт бойында ақшалай қаражаттар жинақтауды қажет етеді.

Негізгі капиталдар құнының қозғалысының  бір қалыпсыздығы, капиталдық шеңбер айналымы мен айналымының және олардың  ұзақтығынан болады. Нәтежесінде  бір кәсіпорындарда еркін ақшалай  қаражаттар пайда болса, басқаларында (әрә бір реттік шығындарға қажеттілікпен байланысты) олардың жеткіліксіздігі пайда болады.

Айналым капиталы құнының қозғалысымен байланысты осынды,ай көрінісі туындайды. Оның шеңбер айналымы және айналымының  ұзақтығы тым әр түрлі. Уақыт бойынша  ұзақтылық өзгерісі бәрінен бұрын өндірістің маусымдылығы, өндірістің және тауар айналысының уақыт бойынша сай келмеуі салдарынан пайда болады. Қосымша қаражаттарды тарту қажеттілігі импорттық қойылымдармен, тауары- материалдық құндылықтады бір реттік әкелумен және басқа формалармен байланысты болуы мүмкін. Қаражаттар қозғалысындағы бірқалыпсыздық дайын тауарларды жөнелтумен байланысты пайда болады. Тауарларды жөнелту мерзімі, оларды өткізуден түсім алу мерзімімен әрқашан сәйкес келе бермейтіндігі белгілі. Бұл көбінесе тауар өндірі орының оларды тұтыну орнынан көп жағдайда алыс орналасуынан, сонымен бірге, тауарды өткізу нарығынан бұл алшақтық едәуір болуы және уақытша бос ақшалай қаражаттарға деген қосымша қажеттілікті тудыруы мүмкін.

Тауарлай және ақшалай формалар ие өндірістік капиталдық шеңбер айналымы мен айналымы, құндық болып табылатын қатынастың пайда болуына және дамуына нақты материалдық негіз болады. Берілген шеңбер айналым процесінде, бір жағынан, оның аяқталуы жүреді, осының нәтежесі ретінде болатын ақшалай қаражаттар формасындағы құнның босатылуы жүреді. Екінші жағынан, объективті себептерге байланысты ақшалай ресурстардың жеткіліксіздігі, олардың өндірістік жұмсалуына қосымша қажеттіліктер пайда болады. Демек, несие және несиелік қатынастар құн қозғалысы кезіндегі өндіріс уақыты мен құн айналысы уақыты арасындағы, оның ақша формасында шоттарда уақытша тұрып қалуы мен оларды тауар өндірісінде пайдалану қажеттілігі арасындағы қарама- қайшылықтарды шешудің табиғи процесі ретінде пайда болады.

Біріншіден, қоғам босатылған ресурстардың бекерге доғарылуын болдырмауға, екіншіден, ұдайы өндірістің үздіксіз жүзеге асуына мүдделі болады.

Өндіріс уақыты мен айналыс уақыты арасындағы сәйкес келушілік, құндық субстанциясы бар жиынтық ұлттық өнім қозғалысына  да қатысты. Босатылған ресурстар жиынтық ұлттық өнім құнының барлық бөліктерінің – «С», “V” және «М» - өнімдері болуына мүмкін.

Мысалы, жалпы экономика көлемінде  өндірістік процесінде жұмсалған өндіріс  құралдарын қалпына келтіру қоры бірден жұмсалмайды: аморциялық аударымдар жинақталады, бос ресурстар өз қозғалысында тоқтап қалған  және өнімді пайдалануды талап ететін құндар түрінде тұрып қалады. Ұдайы өндірістің объективті процестеріне байланысты құн өндірісте толығымен қатыспайды “V” –да да осындай көрініс байқалады, оның кейбір бөлігі уақыт ша пайдаланылмайды және ақшалай формада банктегі шоттарда тұрып қалады. Әрине, бұл қоғамдық өнім құнының уақытша босатылған бөлігі неси еге негізделіп жинақталады, қарыз ақша түрінде өз қозғалысын жалғастырады. Мұнан басқа, «М» түрінде жаңадан жасалған құнның бөлігі де несие арқылы қайта бөлу сферасына тартылуы, несие қозғалысына құндық сипат беруі мүмкін.

Тауар шаруашылығы жағдайында өндірістік капиталдардың (негізгі және айналым) шеңбер айналымы және айналымы несиенің обьективті қажеттілігін толыө түрде түсіндіре алмайтынын атап өту керек. Уақыт бойынша капиталдың шеңбер айналымы мен айналымының кеңістікте бірқалыпты еместігі тек қаражаттардың бір буында босатылуы және басқа буында оларға қажеттіліктің бар болу фактын сипаттайды. Деме тауар шаруашылығында капиталдардың шеңбер айналымы және айналымда несиелік қатынастардың пайда болу мүмкіндігі қаланған.

Несиенің мүмкіндігі нақты болуы үшін белгілі бір  шарттар қажет. Олар кем дегенде  екеу: 1-несиелік мәмілеге қатылсушылар- кредитор және қарыз алушы экономикалық байланыстардан келіп шығатын мәндеттемелердің орындалуына материалдық кепілдік беретін заңды дербесс субъектілер ретінде болулары керек. Несиелік қатынасқа түсуші заңды және экономикалық мүдделердің сәйкестігі негізінде жүзеге асырулары қажет; 2-несие қажеттілігі, егер қарыз алушы мен қарыз беруші мүдделері сәйкес келген жағдайда қажет болып табылады. Несиелік мәміле жасауы үшін оның қатысушылары өзара ықылас білдірулері қажет. Экономикалық қатынастар бәрінен бұрын мүдделер ретінде көрінеді. Бұл мүдделер  сонында өндірістік қатынастың қатысушыларының еркімен реттелетін қандай да бір субъективті нәрсе емес. Әрекетті тудыратын кез келген мүдде бәрінен бұрын объективті процестерге өзара мүмкіндікті болдырмай қоймайтын нақты жағдайға сүйенеді. Несиелік қатынастар, бір жағынан, кредитор мен қарыз алушының арасында ақшалай қаражаттарды қарызға беру; екінші жағынан, оларды алу кезінде мүдделілік пайда болған жағдайда несиелік қатынастардың пайда болуы мүмкіндігі шындыққа айналғанда қажет болады.

Несиелік қатынастардың  субъектілері өзара мүдделерге негізделген  экономикалық байланыстар тұрақтылығымен, бір қалыптылығымен сипатталады, біртұтас жүце ретіндегі несие шеңберімен анықталады. Қажеттілік категориясы  кқбінесе объктіні тереңдей тану дәрежесін ішкі, тұрақты, қайталанып отырытын жалпылама қатынастарын, оның дамуының негізгі бағыттарын көрсетеді.

2.Несиенің  құрылымы.

Несиенің мәнін ашу- бұл несиені экономикалық қатынастардың  біртұтас жүйенің элементі ретінде  көрсететін, оның мәнді анықтылығын  білдіретін сапаларын тану болып табылады. Сондықтан несиенің мәні және қажеттілігі туралы жоғарыда айтылғандарға қосымша оның құрылымын, қозғалысының заңдылықтарын қарастырып көрейік.

Несиенің құрылымы белгілі  бір мәнге айналған жіне несиелік қатынастар танымының сатысы ретінде көрінеді. Ол несиеде тұрақты, өзгеріссіз қалады. Құрылымдық таладау тұрғысынан алғанда несие зерттеу объектісі ретінде, бәрінен бұрын оның суъектілері болып табылатын элеметтерден тұрады. Несиелік мәміледе қатынас субъектілері қарыз беруші және қарыз алушы болады. Кредитор мен қарыз алушының қалыптасуы таур өндірісі мен тауар айналысы негізінеде жүреді.

Сатып алу- сату процесінде тауарларды өткізу сатушының олардың  ақшалай эквивалентін әр түрлі әр уақытта тез арада алуына мүмкіндік бермейді. Бір тауар иеленуші қолма- қол тауарды сатады, ал басқасы ақшаны өкілі немесе болашақтағы ақшаның өкілі ретінде бола отырып тауарлы сатып алады. Сатушы – қарыз беруші, ал сатып алушы – борышқор болады. Кредитор және қарыз алушы бір полюсте эквивалент мерзімінің ұзартылуы, ал басқасында оның төленуі жүзеге асатын жағдайлардың барлығына қатысады.

Бастапқы кредитор мен  қарыз алушы қарапайым қатынастарда боады. Мүліктік теңсіздіктің тереңдетуіне байланысты артық өнімді бар рулық  қауымдастық мүшелер кредитор ретінде көріне алатын болады. Өсімқор – саудагер, көпес тәрізді ежелгі кәсіп. Ұазіргі уақыттағы банкир болудан бұрын, ол өте үлкен тарихи жолдан өткен. Кредитор ретінде храмдар, қоғамдық шаруашылық жүргізу субъектілерінің едәуір байлықтарын жинақтайды шаруашылық пен тұтыну мақсаттарына қызмет көрсетеді өзгеше банкирлік үйлер болады.

Кредитор- несиелік мәміленің қарызды ұсынушфы жағы. Қарыз беру үшін кредитордың қарамағында белгілі бір қаражаттар болуы керек. Оның көздері өз қорлары, ресурстары, өз кезінде қайтарылымдылық негізінде ұдайы өндіріс процесінің басқа субъктілерінен алынған ресурстар бол алады. Қазіргі уақыттағы шаруашылық кредитор – банк қарызды тек өз меншігіндегі ресурстар есебінен ғана емес, оның шоттарында сақтаулы тартылған қаражаттар есебіне де, сонымен қатар акция және облигацияларды орналастыру арқылы жинақталған қаражат есебінен де бере алады.

Информация о работе Несиенің мәні мен функциялары