Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2014 в 22:16, курс лекций
Пәнді оқу кезінде басқару шешімдерінің мақсаттық бағыталуына, қазіргі заманғы электрондық-информациялық технологиялардың элементтеріне, адам факторының рөліне, басқару шешімдерін дайындауда және жүзеге асыруда белгісіздіктер мен тәуекелдерді азайту мүмкіншіліктеріне көп көңіл бөлінеді. Бес бөлімге топталынып, ұсынылған материал Қазақстан Республикасының жалпыға міндеті жоғары кәсіптік білім стандартына енгізілген 05.05.07 – «Менеджмент» мамандығына ұсынылған «Басқарушылық шешімдерді жасау» пәні бойынша мәселелерді жүйелі түрде оқытуды қамтып көрсетеді.
Пәннің типтік бағдарламасы……………………………………………………………..
Пәннің жұмыстық оқу бағдарламасы…………………………………………………..
Силлабус…………………………………………………………………………………
Тапсырмаларды орындау кестесі……………………………………………………….
Пәнді қамтамасыз ететін оқу- әдістемелік карта………………………………………….
Лекциялық кешен………………………………………………………………………..
Глосарий………………………………………………………………………………….
СОӨЖ өткізуге әдістемелік нұсқау…………………………………………………….
СӨЖ ұйымдастыруға әдістемелік нұсқау
10.Пәнді оқыту бойынша әдістемелік нұсқау
11..Емтихан сұрақтары…………………………………………………………………...
Жағдайды талдау
Нәтижелерді
бақылау,
бағалау
Жүзеге асыруды
басқару
Шешімдегі
келіспеушілік
Сурет 1. Басқарушылық шешімдерді қабылдау процесінің құрамы мен этаптарының кезекшілігі
Басқарушылық шешімдерді қабылдау процесінің кезеңдерінің құрамы мен кезектілігі. Шешімдерді қабылдау процесінің кезеідерін қарастырсақ.
Жағдайды талдау. Басқарушылық шешімді қабылдау қажеттілігі сыртқы не ішкі әсерден белгі берілген кезде туындауды, ол жүйенің қызмет етуінің ауытқуына байланысты боолуы мүмкін. Сондықтан шешімді қабылдаудың басты шарттарының бірі – жағдайды талдау.
Жағдайды талдау ақпаратты жинауды және талдауды қажет етеді. Сыртқы ортаның негізгі орталықтарының жағдайы, ұйымның жұмыстары туралы мәліметтер менджерлер мен мамандарға түседі. Олар ақпаратты классификацияламайды, талдайды нақты мәндерді жалғанған мәндермен салыстырад, шешу қажет міселелерді анықтайды.
Мәселені идентификациялау шешімді қабылдаудың алғашқы қадамы - осы анықтап алу . Мәселенің мәніне екі көзқарас бар. Біріншісінде мәселе ретінде алға қойған мақсат орындалмағанда не алынған бағыттан ауытқу болған жағдай қарастырылады. Екіншісінде - нәтижелілікті көтеру мәселесі. Екеуін қосып, мәселе ретінде қалаулы мен шынайы жағайлардың бөлінуін қараймыз.
Ұйымда барлық жұымстар мен элименттер өзара байланысты екенін ұмытпауымыз керек, ұйымның бір мәселесінің шешілуі – екіншісі мәселені қалдыруы мүмкін. Сондықтан мәселені шешкенде одан туындайтын басқа мәселелер минималды болу керек.
Таңдау критерийлерін анықтау. Мәселенің шешу жолдарын құрастырмас бұрын, басқарушы ең жақсы шешіммен салыстырылатын көрсеткіштерді анықтап алуы қажет. Ол көрсеткіштерді таңдау критерийлері деп атаймыз.
Баламаларды құру. Мәселені шешу кезінде барлық баламаларды қарастырсақ қана оптималды шешімге келе аламыз.
Бірақ басқарушы барлық баламаларды ескеріп, бағалап жатуына толық қандай білімі және уақыты жеткіліксіз.
Сондықтан менджерлер
қолайлы шешімді тауып
Баламаны таңдау. Мәселені шешудің барлық амалдарын қарастырып болған соң, оларды бағалап, жетістіктері мен кемшіліктерін салыстырып, мүмкін болатын нәтижелерін талдау қажет.
Басқарушы мәселені шешудің жолдарын қарыстару барысында салыстырмалы көлемдердің болжамды бағаларымен жұмыс жасайды., олар әрқашан ықтималды болады. Сондықтан әрқашан тәуекелділік кіру керек, яғни әр баламаның орындалуы мүмкіндігін айқындау қажет.
Шешімнің кесімділігі. Қазіргі басқару жүйелерінде еңбек бөлінісінің нәтижесінде шешімді дайындайтын ұйымның бір жұмысшылары ал қабылдаушы және бекітуші – басқалары болып қалыптасты, ал орындаушылар мүлде басқалары, яғни басқарушы өзі қарастырылмаған дайындаоған шешімді бекітеді, шешімді дайындалған, талдаған мамандар оның жүзеге асырылуына қатыспайды, ал орындаушылар шешімдерді дайындауға, талқалуға қатыспайды. Сондықтан шешімді қабылдау негізінде келісушілік кіруі болады. Шешімдердің келіспеушілігінің ең жақсы әдісі – жұмысшыларды шешімді қабылдау жұмыстарына тарту. Кейде шешімді келісіп қабылдау тиімсіз, мүмкін емес кезеңдер болады, мұндайда шешімді менджер өзі ғана қабылдайды.
Жүзеге асыруды басқару. Мәселені шешу процесі балама жолдарда таңдаушымен шектелмейді: шыңайы нәтиже алу үшін қабылданған шешім жүзеге асырылуы керек. Сәтті жүзеге асыру үшін шаралар шешімін, ресурстарды анықтап, оны орындаушыларға мерзімі бойынша болу керек. Егер шешімдер өте маңызды болса, оларды жүзеге асырудың арнайы бағдарламалары жасалады.
Нәтижелерді бағалау және бақылау.
Шешім іске қосылған соң да, оны толығмен аяқталды деп есептемейміз, себебі ол өзіне-өзі анықтайтындығына көз жеткізуіміз қажет. Оны бақылау арқылы жүзеге асырамыз, бақылау – кері байланыс қызметін атқарады. Бұл кезеңде шешім нәтижелеріне бақылау, өлшеу жасалады.
Шешімдер уақытша болатынын бақылаудың негізгі мақсаты – шешімнің нәтижелігінің шешілмелі кезеңін уақтылы анықтау, осы өңдеп, қажет болса басқа шешім қабылдау. Бұл кезең шешім қабылдау тәжірибесінде бастама болып саналады.
Басқаруышылқ шешімдердің бақылау мәселесі өзекті болып табылады, әсіресе, ірі ұйымдар үшін. Әр түрлі тиімді, саналы шешімдер қабылдап, бірақ оларды жүзеге асыруды бақылайтын тиімді ұйымдастырылған жүйе болмаса, олар құжат дайылдау ісінің шеңберінде қалады да, тиісті нәтиже бермейді.
Сұрақтар:
А)Ішкі
В)Негізгі
С)Әкімшілік
Д)Сыртқы
Е)Дұрыс жауабы жоқ
2.Функционалды сипатына қарай шешім қалай бөлінеді?
А)Барлық жауабы дұрыс
В)Қаржылық, әкімшілік
С)Экономикалық, технологиялық
Д)Әкімшілік, экономикалық
Е)Дұрыс жауабы жоқ
3.Шаруашылық өз өмірінің түрлі жақтарын қамти отырып шешілетін шешім?
А)Ішкі
В)Экономикалық
С)Негізгі
Д)Жанама
Е)Қысқа
4.Ұйымда қызметкерлердің құқықтарын реттеп, олардың жұмыс істеуі мен тәртібін белгілеуге бағытталған шешім түрі?
А)Әкімшілік
В)Қаржылық
С)Технологиялық
Д)Ешқайсысы
Е)Жанама
5.Белгілі бір жоспарлардың нормалар мен нормативтердің жүйесімен анықталатын шешім?
А)Экономикалық
В)Негізгі
С)Атаулы
Д)Қаржылық
Е)Барлық жауаптар дұрыс
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1.Теория и практика менеджмента: Учебник / Под ред. К.Е.Кубаева. Алматы: Қазақ университеті, 2005.
2.Литвак БУправленческие решения.– М.: ЭКМОС, 1998
3.Фатхутдинов Р. Разработка управленческого решения: Уч.пос.–М.: Бизнес-школа, Интел-Синтез, 1997
4.Евланов Л.Г. Теория и практика принятия решений. М.: Экономика, 1994.
7-тақырып Басқару шешімдерін қабылдау механизмі
Дәрістің мақсаты: Басқару шешмідерін қабылдау мен талдау, түсінігін, құрылымын тану.
Сұрақтар
1. Басқару шешімдерін қабылдау
2. Басқару шешімдерін жүзеге асыру
1. Басқаруда, сондай-ақ
адамдардың басқа да іс-әрекет
салаларында өнерді, тәжірибені, теориялық
білімді практикалық мақсатта
қолдана білу істің ажырамас
бөлігі болып саналады. Әсіресе,
басқару шешімдерін
Шешім қабылдау процесінің интуитивтік, пайымдауға негіздеген немесе тиімді сипаты болады.
Интуитивтік шешім-бұл бір нәрсенің дұрыстығын сезуге негізделген таңдау. Мұндайда шешім – бұл бір нәрсенің дұрыстығын сезуге негізделген таңдау. Мұндайда шешім қабылдайтын адамдар әрбір балама варианттарға «келісу» және «қарсы болу» жағын қарастырып жатпайды. Мұны адамның өз таңдауы біледі.
Пайымдауға негізделген шешім – бұл білімге немесе жинақталған тәжірибеге негізделген таңдау. Бұрынғы ұқсас жағдайларда не болғанын біліп, нақты жағдайда балама варианттардың нәтижесін болжалдау үшін білімін пайдаланады. Сөйтіп, ол бұрынғы жеткен табысы бойынша балама варианттарды таңдайды.
Пайымдау негізінде шешімді тікелей басшының өі қабылдайтындықтан, оны қабылдаудың біршама артықшылықтары бар.
Шешімді жасау процесі үш негізгі кезеңнен тұрады: шешімді әзірлеу, қабылдау және жүзеге асыру. Төменде басқару шешімін жасау, қабылдау және орындау кезеңдерінің үлгі схемасы келтірілген:
Шешімді жасаудың және қабылдаудың принціпі осы схемасы, шешімді қабылдаудың «Технологиялық» процесінің енгізілу-енгізілмеуіне қарамастан, оның барлық кезеңдері мен линиясы шешім түріне байланысты. Қарапайым міндеттерді шешкен кезде аталған кезеңдердің барлығын пайдалану міндетті емес, және де керісінше, біршама күрделі міндеттерді, әсіресе перспективалық мәселелерді шешкен кезде шешім қабылдауға, әдетте барлық кезеңдер енгізіледі.
Келтірілген кезеңдердің көрсеткеніндей, басқару шешімін жасаудың және қабылдаудың қатаң логикалық құрылымы болады, әрі қаылданатын шешімге қарай айқын бірізділікті қажет етеді. Алайда, кез келген жағдайда, бұл жұмыстың барлық сатысы әзірлік, негізгі және қорытынды кезеңдерге бөлінеді.
Шешімді қабылдаудың әзірлік кезеңінде кез келген деңгейдегі басшы өндірістік, экономикалық, әлеуметтік жағдайларды бағалаудан бастауы тиіс. «Жағдай» ұғымына шешім қабылдауға ауыстыратын ішкі және сыртқы жағдайлардың барлық жиынтығы енеді.
Жағдайдың өзі тұтастай ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын немесе оның жекелеген өндірістік бөлімшелерін, жұмыскерлер тобын, жекелеген орындааушыларды қамтуы мүмкін. Жағдайдың қалыптасу сипатына қарай қабылданатын басқару шешімнің де өзіндік типі болады. Жағдайды дер кезінде бағалау және дұрыс түсіну көбінесе басқару шешімін қабылдау уақытына байланысты.
2. Басшы қалыптасқан
жағдайды жете ұға білуі тиіс.
Жағдайды бағалау процесінде
қабылданатын шешімнің мақсаты
қалыптасады – бұл міндетті
шешу процесінің бірінші
Проблема мен мақсат дұрыс тұжырымдалған жағдайда міндеттің шешілуі 50% қамтамассыз етіледі деп есептеуге болады. Басшының міндеті – өндірістік-техникалық, экономикалық, сондай-ақ әлеуметтік сипатта басқару жүйесінде пайда болуы мүмкін проблемаларды дер кезінде айқындау.
Басшы кез келген проблеманы ең алымен ұйымдық, басшылық тұрғысында қарастырады. Басшының басқару объектісі проблемаларын шешудегі ерекше көзқарасының өзі, міне, осында. Проблеманы тұжырымдау көп жағдайда басшының біліміне, тәжірибесіне, іскерлігіне, осы жұмысқа мамандарды, шаруашылық белсенділерін жұмылдыра білуіне байланысты.
Нақты мәселені, міндеттің не себепті қойылғандығын қарастырғкан кезде басшы жағдайды – оның пайда болу себептерін, орындауды неғұрлым тиімді ұйымдастыру мүмкіндіктерін т.б. айқындайды.
Шешімді ойдағыдай орындау үшін мақсаттың дәл, әрі айқын болуының айрықша маңызы бар. Кейде біртұтас мақсатты айқындау оңайға түспейді, өйткені өндірісте күн сайын көптеген міндеттер туындап жатыр. Сондықтан басты буын принципі бойынша міндетті негізгі мақсатқ бағындыру қажет. Мұндайда орындауға тиісті мақсаттың да, қорғалатын мақсаттың да болатындығын ескеру қажет. Мақсаттар қарама-қайшы болуы да мүмкін. Мұндай жағдайда да басты буын принциптерін ескерген жөн. Мақсаттар туралы өткен тарауларда толық баяндалады.
Мақсатты дәл анықтаудың психологиялық мәні де бар, өйткені мұндай жағдайда шешімді орындаушылар батыл әрекет ете алады.
Дұрыс шешім қабыдау жеткілікті, әрі айқын мәліметтер болғанда ғана мүмкін болады.
Мәлімет көлемі қарастырылатын міндеттердің күрделігіне, сондай-ақ шешімді қабылдайтын адамның біліктілігі мен тәжірибесіне байланысты. Перспективалық шешімдерді ойластыру үшін алуан түрлі, әрі көлемді мәліметтер қажет. Жедел мәселелер, технологиялық жағдайлар туралы шешім қабылдағканда мәліметтің онша көп болуы қажет емес.
Шешім қабылдау мақсатында мәлімет жинау үшін қолда бар типтік мәліметтерді пайдаланады, арнайы жасалған нышан бойынша сұрау салады, жекелей бақылау жүргізеді, мамандармен және қарапайым жұмыскерлермен әңгіме өткізеді, қалыптасқан жағдаймен танысады, эксперттердің пікірін таңдайды. Егер мүмкіндік болса, социологиялық зерттеу жүргізеді.