Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2014 в 22:16, курс лекций
Пәнді оқу кезінде басқару шешімдерінің мақсаттық бағыталуына, қазіргі заманғы электрондық-информациялық технологиялардың элементтеріне, адам факторының рөліне, басқару шешімдерін дайындауда және жүзеге асыруда белгісіздіктер мен тәуекелдерді азайту мүмкіншіліктеріне көп көңіл бөлінеді. Бес бөлімге топталынып, ұсынылған материал Қазақстан Республикасының жалпыға міндеті жоғары кәсіптік білім стандартына енгізілген 05.05.07 – «Менеджмент» мамандығына ұсынылған «Басқарушылық шешімдерді жасау» пәні бойынша мәселелерді жүйелі түрде оқытуды қамтып көрсетеді.
Пәннің типтік бағдарламасы……………………………………………………………..
Пәннің жұмыстық оқу бағдарламасы…………………………………………………..
Силлабус…………………………………………………………………………………
Тапсырмаларды орындау кестесі……………………………………………………….
Пәнді қамтамасыз ететін оқу- әдістемелік карта………………………………………….
Лекциялық кешен………………………………………………………………………..
Глосарий………………………………………………………………………………….
СОӨЖ өткізуге әдістемелік нұсқау…………………………………………………….
СӨЖ ұйымдастыруға әдістемелік нұсқау
10.Пәнді оқыту бойынша әдістемелік нұсқау
11..Емтихан сұрақтары…………………………………………………………………...
«Құқықтар» бөлімі
« Жауапкершілік» бөлімі
Жоспарлау - экономикалық
бөлімі экономикалық талдау
Кәсіптік жауапкершілік
ретінде заңдық, тәртіптік, экономикалық
жауапкершілік шаралары
Заңдық жауапкершілік
мемлекеттік реттеу нормалары
мен мемлекеттік заңдар
Тапсырманы орындамау немесе дұрыс орындамағаны үшін тәртіптік жауапқа тарту жазалау, ескерту, сөгіс беру, өзге жұмысқа ауыстыру, жұмыстан шығару формасында жүзеге асады.
Әкімшілік
жауапқа әкімшілік құқық бұзушылық,
азаматтар еркіндігі мен
Экономикалық
жауапқа тарту басшы келтірген
материалдық немесе ақшалай
Этикалық жауапкершілік ұйымның барлық қызметкерлері үшін орындауға міндетті этика ережелері мен ортақ құндылықтар жүйесінде көрініс табатын этикалық нормаларды басшы бұзған жағдайда орын алады. Этикалық нормалар өмір мәнін бағалау, адам мақсаты, жақсылық пен жамандық мазмұны, моральдық борыш, өнегелік принциптер мен идеалдарды қамтиды. Жауапкершілік басшы туралы қоғамдық пікірді өзгерту, қоғамдық бетке басу, этикалық түсініктер бойынша лауазымға сай еместігін хабарлау формасында жүзеге асады.
Саяси жауапкершілік
мемлекеттік басқару мен
Партиялық
жауапқа тарту партия
Материалдық жауапқа
тарту әдетте шектеулі
Әлеуметтік және экологиялық
жауапкершілік осыдан ары
Бұл жауапкершіліктің барлық түрлерін былайша жіктеуге болады:
- жауапкершілік деңгейі бойынша
- жауапкершілік уақыты бойынша (өткен , қазіргі үшін және қабылданып қойған шешімнің болашағы үшін). Мысалы , фашистік Германия басшыларының Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі қылмыстық істері үшін, РФ жекешелендіру идеологтарының жалпы қоғамдық меншіктің әділетсіз бөлінуіне әкелген шешімдері үшін;
- қате шешімдерден келген
Әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастырудағы жүйелік көзқарас әлеуметтік шындықты ұсынудың екі әдісіне негізделеді:
- әлеуметтік топтарды табысы, қызығушылықтары мен білімі бойынша көп сатылы тігінен бөлу;
- БШ қабылданатын қоғамдық өмірдің салалары бойынша көлденеңінен бөлу : экономика, саясат, өнер сфералары және т.б. Әрбір салада қабылданатын БШ тұрғындардың өмір сүру деңгейіне әсер етеді. Саяси, экономикалық немесе өзге шешімдер дәулетті, аз қамтылған және орташа ауқатты азаматтардың санын көбейтуі немесе азайтуы мүмкін.
Қоғамдық өмірдің тік және көлденеңінен бөлінуінің үйлесуі БШ әлеуметтік жауапкершілігін бақылау мен бағалаудың матрицалар сериясын құруға мүмкіндік береді. Әрбір матрица тұрғындардың тұрмысының ағымдағы жағдайын тіркейді. 6.2- суретте экономика, саясат және құқық саласындағы қабылданған үш шешімге байланысты ағымдық әл ауқаттың өзгеруі көрсетілген. Осы әл ауқаттың өзгеруі арқылы жүзеге асыратын тұлғалардың әлеуметтік жауапкершілігін бағалайды.
Әлеуметтік жауапкершілік
Сонымен, Әрбір салада қабылданатын БШ тұрғындардың өмір сүру деңгейіне әсер етеді. Саяси, экономикалық немесе өзге шешімдер дәулетті, аз қамтылған және орташа ауқатты азаматтардың санын көбейтуі немесе азайтуы мүмкін.
Сұрақтар:
1.Басқару шешімін қабылдау кезінде заңды тұлға мен жеке тұлғалардың арасында келісу тәртібін көрсет
А)Барлық жауаптар дұрыс
В)Қабылданатын шешім міндетті түрде құжатталуы керек
С)Құжат белгілі бір уақытта байланысты болуы керек
Д)Келісілген құүжат ұйымның құжаттар архивінде сақталуы керек
Е)Келісім-шарт өз мерзімінде орындалуы керек
2.Кез келген тұлғаның өз іс әрекетіне есеп беруі
А)Жауапкершілік
В)Міндеті
С)Мақсаты
Д)Барлық жауабы дұрыс
Е)Дұрыс жауабы жоқ
3.Басқару жүйесінде жауапкершілік нешеге бөлінеді?
А)2
В)3
С)4
Д)6
Е)5
4.Ұйымда арнайы құжаттар арқылы бекітілген заңды және жеке тұлғаның арасындағы байланыс қай жауапкершілік түріне жатады?
А)Ресми
В)Жеке
С)Заңды
Д)Биресми
Е)Тұлғалық
5.Жеке жауапкершілік негізінде басшы өзінің міндетті қызметі үшін не алады?
А)А және В жауаптары
В)Сыйақы
С)Жалақы
Д)Қажеттілік
Е)Еңбек
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1.Теория и практика менеджмента: Учебник / Под ред. К.Е.Кубаева. Алматы: Қазақ университеті, 2005.
2.Литвак БУправленческие решения.– М.: ЭКМОС, 1998
3.Фатхутдинов Р. Разработка управленческого решения: Уч.пос.–М.: Бизнес-школа, Интел-Синтез, 1997
4.Евланов Л.Г. Теория и практика принятия решений. М.: Экономика, 1994.
14-тақырып Басқару шешімдерінің тиімділігі
Дәрістің мақсаты: Басқару шешімдерінің тиімділігі, басқару қызметінің тәртібі (регламентация).
Басқару өнерінің әділеттілігімен қатар басқару қызметін құрайтын , жақсы зерттелген және кең тәжірибесі бар процестерді талдау. Басқару қызметінің стандарттарының жобалары мен басқару механизмдерін жасау; есеп берудің типтік формаларын қалыптастыру
Сұрақтар:
1 Басқару қызметінің тәртібі (регламентация).
2 Тиімділік
Компаниядағы басқару қызметі оны басқару жүйесінің бір бөлігін құрайды, ұйымдарды басқарудың тәжірибесінің тамыры тереңде болғанымен, оны зерттеу салыстырмалы түрде таяуда басталған. Басқару жүйесінің элементтерінің әр түрлі күрделілігі мен жетілдірілгендігі бар:
Ұйымның табысты қызмет етуі бірінші кезекте басшының және басқару саласындағы мамандардың кәсібилігіне байланысты. Бірақ та басқару қызметіне нақты стандарттар аз, ал осы қызметті бақылау жүйесі әлі толығымен жасалмаған. 7.1- кестеде компаниядағы негізгі қызмет түрлерінің стандарттауға байланысты ағымдық жағдайы туралы мәліметтер келтірілген. Ұйымдағы жалпы басқару қызметі басқару қызметін басқару, сонымен бірге өндірістік және қызмет көрсетушілік әрекетті басқаруды біріктіреді.
Әрбір осы құрамдас бөлік стратегиялық басқару, персоналды басқару, сыртқы коммуникациялар мен басқаруда кеңес беруді қамтиды. Көптеген басқару процестерін үлгілеу кластерлік талдауды қолдануды қажет етеді, себебі аталған процестің көптеген параметрлері әр түрлі сипатқа ие: жақсырақ немес жаман, биігірек немесе төменірек, ұнайды немесе ұнамайды.
Басқару өнерінің әділеттілігімен қатар басқару қызметін құрайтын , жақсы зерттелген және кең тәжірибесі бар процестерді бөлуге болады. Бұл жұмыс шеңберінде басқару қызметінің стандарттарының жобалары мен басқару механизмдері жасалады; есеп берудің типтік формалары қалыптастырылады. Бұл жұмыс бухгалтерлік есеп және аудиттің халықаралық стандарттарын қалыптастыру әдістемесі бойынша жүргізіледі. Осылайша басқару қызметінде аудитті жүргізудің стандарттары жиынтығының табиғи түрде кеңеюі жүзеге асады. Бұл жұмыстың басқару қызметі үшін бағдарламалық өнімдерді жасаудың базасы ретінде болашағы зор болып келеді. Аудит басқару қызметінде қабылданған стандарттар немесе регламенттерді осы қызметтің нақты процесімен салыстырып қарайды.Басқару қызметінің нақты процесінің негізгі параметрлері есептеудің типтік формасында тіркеледі. Басқару қызметінің тексеріліп отырылған параметрлерінің стандарттар немесе регламенттерден ауытқушылығы оның сапасын бағалаудың пәні болып табылады.
1- кесте. Ұйымдағы негізгі қызмет түрлерін стандарттау
Ұйымдағы негізгі қызмет түрлері және оның құраушылары |
Стандарттардың жасалыну деңгейі |
Стандарттардың қолданылу деңгейі | |||
ISO 900 X |
ГОСТ РФ Р 1.0-92 |
ISO 900 X |
ГОСТ РФ Р 1.0-92 | ||
|
Басқару қызметін басқару |
Жалпы түрде бар |
Жасалынып жатыр |
Қолданыл майды |
Қолданыл майды |
Қызмет көрсету және өндірістік қызметті басқару |
Жеткілікті түрде жақсы жасалған |
Жалпы түрде бар |
Аз фирмалар қолданады |
Мүлдем қолданыл майды | |
Конструкторлық, технологиялық, экономикалық және өзге дайындаулар |
Жеткілікті түрде жақсы жасалған |
Жеткілікті түрде жақсы жасалған |
Аз фирмалар қолданады |
Кең қолданылады | |
Есептеу (бухгалтерлік, қаржылық ,т.б.) |
Жеткілікті түрде жақсы жасалған |
Жеткілікті түрде жақсы жасалған |
Аз фирмалар қолданады |
Кең қолданылады | |
Персонал |
Жалпы түрде бар |
Жасалынып жатыр |
Қолданыл майды |
Қолданыл майды | |
Дайындау Жүзеге асыру Пайдалану |
Жеткілікті түрде жақсы жасалған |
Жеткілікті түрде жақсы жасалған |
Аз фирмалар қолданады |
Артықшылықты қолданымға ие |