Лекции по "Бухгалтерскому учету"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2014 в 22:16, курс лекций

Краткое описание

Пәнді оқу кезінде басқару шешімдерінің мақсаттық бағыталуына, қазіргі заманғы электрондық-информациялық технологиялардың элементтеріне, адам факторының рөліне, басқару шешімдерін дайындауда және жүзеге асыруда белгісіздіктер мен тәуекелдерді азайту мүмкіншіліктеріне көп көңіл бөлінеді. Бес бөлімге топталынып, ұсынылған материал Қазақстан Республикасының жалпыға міндеті жоғары кәсіптік білім стандартына енгізілген 05.05.07 – «Менеджмент» мамандығына ұсынылған «Басқарушылық шешімдерді жасау» пәні бойынша мәселелерді жүйелі түрде оқытуды қамтып көрсетеді.

Содержание

Пәннің типтік бағдарламасы……………………………………………………………..
Пәннің жұмыстық оқу бағдарламасы…………………………………………………..
Силлабус…………………………………………………………………………………
Тапсырмаларды орындау кестесі……………………………………………………….
Пәнді қамтамасыз ететін оқу- әдістемелік карта………………………………………….
Лекциялық кешен………………………………………………………………………..
Глосарий………………………………………………………………………………….
СОӨЖ өткізуге әдістемелік нұсқау…………………………………………………….
СӨЖ ұйымдастыруға әдістемелік нұсқау
10.Пәнді оқыту бойынша әдістемелік нұсқау
11..Емтихан сұрақтары…………………………………………………………………...

Прикрепленные файлы: 1 файл

umkd-bchkt.doc

— 813.00 Кб (Скачать документ)

Жоспар:

1  Басқару шешімдерін қабылдау  мен өңдеу

2 ПРУР кезіндегі аналитикалық  әдістердің ерекшеліктері 

3 Статистикалық әдістің рөлі.

4 Матиматикалық бағдарламалау  әдісінің ерекшеліктері

5 Матрицалық әдіс орны

Басқару шешімдерін қабылдау мен өңдеу

 Басқару шешімдерін қабылдау  мен өңдеудің бірнеше үлгілері бар. Соның ішінде көп кездесетіні рационалды үлгі болып табылады. Ол келесі болжамдарға негізделеді:

  • Қажет ақпараттың барлығы алынуы мүмкін;
  • Мәселе нақты анықталуы мүмкін;
  • Мақсаттар тәуелсіз;
  • Көптеген альтернативалар пайда болуы мүмкін;
  • Мақсат және альтернативалардың әрқайсысы тығыз байланысуы мүмкін.

Бұл үлгіні шектеулі рационалды үлгі алмастырады. М.Вебердің айтуы бойынша мәселелер шешімнің рационалды емес қабылдануымен, эмоцияға берілуімен байланысты. Шығу жолы –бюрократия.

Мақсаттар мәселесі – олар өте көп, жоғарғы деңгей, төменгі деңгей мақсаттар, саяси мақсаттар.

Менеджермәселесі – шешім қабылдауға уақыттың тығыздығы, білімнің шектелуі, ақпарат шектеулі болғанда шешім қабылдау.

Ұйым мәселесі – оның шешім қабылдау процесінде өзгеруі, шиеленістердің көп болуы.

ПРУР кезіндегі аналитикалық әдістердің ерекшеліктері.

Нақты үлгілері болып: талап ету, шешім құрылымы, технологиялар кестесі, процедуралар құрамы, жарғылық құжаттар.

Бұл әдісті қолдану шарттары:

  • Шектелмеген жұмысшылар штаты;
  • Шексіз уақыт;
  • Басшының өтініші;
  • Типтік басқару шешімдерін дайындау.

Статистикалық әдістің рөлі.

Статистикалық әдіс дәлме-дәл орындауды көздейді. Ол ақпараттардың нақтылығына сүйенеді.

Негізгі шарттар:

  • Орындаушылар штаты шектелмеген;
  • Уақыт шектелген;
  • Типтік үлгі.

Матиматикалық бағдарламалау әдісінің ерекшеліктері.

Аналитикалық үлгінің бір түрі. Ол матиматикалық дәлділікке негізделген. Көптеген формулалар мен есептеу заңдарын қарастырады. Басты мақсат болжамды процестерді теңдікке келтіріп, ең тиімдісін таңдап алу.

Негізгі шарттар:

  • Орындаушылар штаты шектелмеген;
  • Уақыт шектелген;
  • Инновациялық мінез.

Матрицалық әдіс орны.

Матрицалық әдіс – ол қызығушы жақтардың келісімін нақты жүргізу әдістері. Ол келісім-шарт немесе бір жақтың талап етуін қарастырады.

Келісім келесі жолдармен жүзеге асады:

  • Екі жақтың бірдей келісуі;
  • Бір жжақтың қысым көрсетуі;
  • Қажеттіліктерді алдын-ала ескеру.

Негізгі шарттар:

    • Екі жақтың міндетті түрде келісуі;
    • Жақтар саны;
    • Орындаушылар штаты шектелмеген;
    • Уақыт шектелген.

Аналитикалық әдістердің нақты үлгілері болып: талап ету, шешім құрылымы, технологиялар кестесі, процедуралар құрамы, жарғылық құжаттар табылады.

Бұл әдісті қолдану шарттары:

  • Шектелмеген жұмысшылар штаты;
  • Шексіз уақыт;
  • Басшының өтініші;
  • Типтік басқару шешімдерін дайындау.

Сұрақтар:

1.Күрделі мәселелерді шешудің  әдістерін көрсет

А)Барлық жауаптары дұрыс

В)Құбылыстарды түрлендіру

С)Күрделі мәселені жеке бөлімдерге көрсету

Д)Мәселені құрамдастыру

Е)Мәселені стандарттау және классификациялау

 

2.Болжау әдістері нешеге бөлінеді?

А)2

В)4

С)3

Д)5

Е)7

 

3.Сандық және сапалық әдістер қайсыған жатады?

А)Болжау

В)Жоспарлау

С)Бақылау

Д)Тактикалық

Е)Басқару

 

4.Белгілі бір алқаның, мамандардың ой пікірінше, тәжірибесіне негізделген әдіс түрі

А)Сапалық

В)Сандық

С)Шеберлік

Д)Өзгерістік

Е)Дұрыс жауабы жоқ

 

5.Шешімдерді жүзеге асыруда оларға түзетулер енгізу қандай себепке байланысты болады?

А)Барлық жауаптары дұрыс

В)Егер шешім нашар ұйымдастырған болса

С)Сыртқы себептерге байланысты болса

Д)Белгілі бір жағдайларды күрт өзгерістерінен

Е)Белгілі қателіктер кеткен жағдайда

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1.Теория и практика менеджмента: Учебник / Под ред. К.Е.Кубаева. Алматы: Қазақ университеті, 2005.

2.Литвак БУправленческие решения.– М.: ЭКМОС, 1998

3.Фатхутдинов Р. Разработка управленческого решения: Уч.пос.–М.: Бизнес-школа, Интел-Синтез, 1997

4.Евланов Л.Г. Теория и практика принятия решений. М.: Экономика, 1994.

 

 

12-тақырып Белгісіздік және тәуекел жағдайларды басқару шешімдерін жасау

Дәрістің мақсаты: Басқару шешімдерін жүзеге асырудың белгісіздік және тәуекел жағдайлары

Сұрақтар:

1. Басқару шешімдерін дайындау

2. Тәуекел жағдайындағы тәсілдері

 

  Нарықтық экономикаға көшкен жағдайда дербес әрекет етуге балама шешім варианттарын ойластыруға тура келеді. Сонымен қоса мұндай жағдайда сыртқы ортадан қауіп-қатер де күшейе түсуі мүмкін. Сондықтан да тәуекел ету экономикалық өмірдің ажыратылмайтын бөлігі болып саналады.

Оксфорд сөздігі тәуекел «зиянға немесе шығнға ұшырау мүмкіндігі» деген анықтама береді. Шаруашылық тәуекеліне алуан түрлі анықтама беріліп келеді.

А.М.Омаровтың анықтамасы бойынша – «тәуекел дегенімізге қауіп-қатер төнген жағдайда қоғамға пайдалы нәтижеге жету мақсатында әрекет ету». Тәуекел етудің өзіндік сипаты – нәтижесінің тым көп немесе мүлде шмалы болатындығының белгісіздігі. Тәуекел еткенде шешуші міндеттің қалай орындалатындығын, табысқа жету-жетпеуін күні бұрын жағдайдан ауытқығанда, шығынға ұшырату қатері төнгенде және сонымен қоса пайда табу мүмкіндігі туғанда пайда болады.

Жоғары нәтиеге жетуді қамтамасыз ететін шешімнің өзі де, әдетте нағыз тәуекел шешеім болып саналады, сол себептен де батыл тәуекел талабы жоғарғы нәтижеге жету ниетін көздейді. Тәуекелсіз зор табысқа жету мүмкін емесе.

Менеджментте батыл шешімге брғысы келмейтін басшы ұйым үшін қауіпті, оны тоырауға ұшыратушы деп саналады. Әдетте батыл шгешім қабылдаудан тайсақтайтын менеджерлер творчествалық ізденіске бейімсіз, шаруашылық міндеттерді жүзеге асыруға қабылетсіз адамдар ретінде бағаланды.

Практикада мәні шамалы міндеттер деген сирек болады. Өзінің табиғкаты жағынан олар мүмкін болатын, демек, тәуекел міндеттер.

Мәлімет жетіспегенде және фактілер айқын болмаған жағдайда басшы түрліше таңдау жасауға тура келеді.

Отандық және шетелдік тәжірибелердің көрсеткеніндей, іскерлік тәуекел ету, белгілі бір принциптерге сәйкес әрекет ете біуге байланысты. Сондықтан да іскер басшылар батыл шешім қабылдаудан қорықпайды. «ДД» компаниясының Джеймс Бэрктің айтуы бойынша, оның фирмасының бірден-бір қағидасы – «Сіз сәтсіздікке әрқашанда дайын болуға тиіссіз».

Тәуекел ету әр түрлі белгілері бойынша жіктеледі. Мәселен, тәуекел пайда болу орына қарай былайша бөлінеді: а) шаруашылықтың өзіндігі; б) адамның жеке басына байланысты; в) табиғат факторларына байланысты.

Пайда болу себебіне қарай: а) болашақтағы; б) әріптестер әрекетіің белгісіздігі; в) мәліметтердің жеткіліксіздігі.

Шаруашылық тарапындағы ішкі және сыртқы себептерден туындайтын қауіп-қатерді зерттеудің елеулі мәні бар.әрбір жағдайда басшы қабылданғн шешімді жүзеге асыру нәтижесінде мүмкін болатын ұтыс пен ұтылысты таразылайды. Мұндайда шешімнің әр түрлі варианты, параметрлері, соның ішінде болмаған сандық бағасы бойынша салыстырмалы да содан кейін оның ең қолайлысы таңдап алынады.

Таңдау нәтижесінде қолайлы нәтидеге жетуге мүмкіндік беретін, қауіп-қатер барынша кемітетін вариантты іздестіруге болады.

Талдау барысында тәуекел ету дәрежесіне баға беріледі. Мұнда ықтималдық пен зардаптың санды мәні, сондай-ақ мүмкін болатын қауіп-қатер айқындалады. Осылайша қалыптасқан нақты жағдайда қаіу-қатер меңгеретін мәліметтер аламыз.

Әуелі қауіп-қатер объектісі, содан кейін қауіп-қатер орны, оның себептері айқындалады. Содан кейін қауіп-қатерге баға беріледі.

Менеджментте батыл шешімге брғысы келмейтін басшы ұйым үшін қауіпті, оны тоырауға ұшыратушы деп саналады. Мұндайда шешімнің әр түрлі варианты, параметрлері, соның ішінде болмаған сандық бағасы бойынша салыстырмалы да содан кейін оның ең қолайлысы таңдап алынады.

Сұрақтар:

1.Басшы шеберлігін неден көруге болады?

А)Шешімнің сапасына қарап

В)Ұйымдағы қарым – қатынас жүйесіне

С)Басшы тәжірибесіне, мықтылығына

Д)Барлық жауаптар дұрыс

Е)Жауаптар дұрыс емес.

 

2.Шешімнің себеп-салдарын модельдеп, оларды талдап, тексеру қай әдіске жатады?

А)Сандық

В)Сапалық

С)А және В жауаптары

Д)Болжау

Е)Шеберлік

 

3.Ұйымда шешімді қалыптастыру ережелері мен заңдарға байланысты процесс.

А)Өңдеу

В)Өткізу

С)Болжау

Д)Бақылау

Е)Жоспарлау

 

4.Басқару шешімін өткізу процесі кезінде не қалыптасады?

А)Басшы мен қызметкер арасындағы тиімді қарым-қатынас

В)Байланыс

С)Басшы мен жұмысшы топ арасындағы байланыс

Д)Қарым- қатынас

<variant>Барлық жауабы дұрыс

 

5.Басшы мен қызметкер арасындағы қарым – қатынастың тиімділігі неде?

А)Барлық жауабы дұрыс

В)Түсіністік

С)Келісім

Д)Қызметкер бұйрықты орындауы

Е)Тәжірибеде қызметкер өз талабын орындауы

 

Пайдаланған әдебиеттер тізім

1.Теория и практика менеджмента: Учебник / Под ред. К.Е.Кубаева. Алматы: Қазақ университеті, 2005.

2.Литвак БУправленческие решения.– М.: ЭКМОС, 1998

3.Фатхутдинов Р. Разработка управленческого решения: Уч.пос.–М.: Бизнес-школа, Интел-Синтез, 1997

4.Евланов Л.Г. Теория и практика принятия решений. М.: Экономика, 1994.

13 - тақырып Қабылданған шешімнің  орындалуын ұйымдастыру. Шешімдердің  орындалуын бақылау

 

Дәрістің мақсаты: : Бұл тақырыпта басшының шешім қабылдау кезіндегі өз басына алатын жауапкершілігі туралы және жауапкершіліктің түрлері туралы айтылады.Әлеуметтік және экономикалык мәні де туралы айтылады және оның қаншалықты маңызды екендігі көрсетіледі.

 

Сұрақтар:

1 Жауапкершілік  пен міндет- қызметтің бөлінбес  нышаны

2. Жауапкершіліктің  түрлері

3. Басшының  әлеуметтік және экологиялық  жауапкершілігі

 

Басшының өкілдігі мен құқықтары БШ жасау мен іске асыруда шешуге міндетті мәселелер тобын туындатады. Осы жұмысы үшін басшы келісім шартқа сәйкес материалдық және моральдық сыйақы алады. Өкілдік пен құқық жасалған жұмыс үшін жауапкершілік пен міндеттерсіз мүмкін емес. С.И. Ожеговтың сөздігінде аталған тақырыптағы негізгі ұғымдарға келесідей түсініктеме берілген.

   Міндет –біреуге  жүктелген және орындау міндетті  болып табылатын әрекеттер тобы. Қызметтік, қоғамдық және жалпы  әскери міндеттер деп бөледі.

   Жауапкершілік- өз  әрекеттері мен істері жайлы  біреуге есеп беру қажеттілігі , міндеті. Жауапкершілік ресми және жеке болуы мүмкін.

Компания қызметі сферасының әр алуандылығы жауапкершіліктің келесідей типтік жиынтықтарын қалыптастырды: кәсіби, заң, әлеуметтік, экологиялық, экономикалық, этикалық, саяси, партиялық, тәртіптік, әкімшілік және материалдық (1 сурет).

   Басшының  кәсіби  міндеттері мен жауапкершілігі  компанияның лауазымдық нұсқауларында  көрініс табады. Басшының типтік  лауазымдық  нұсқаулары төрт бөлімді  қамтиды: жалпы ережелер, міндеттер, құқықтары мен жауапкершіліктері.

                  Жоспарлау -экономикалық бөлімі экономикалық талдау бюросының басшысының лауазымдық нұсқауы

«Жалпы ережелер» бөлімі

  1. Экономикалық талдау бюросының басшысы  жоспарлау -экономикалық бөлімінің басышысына тікелей бағынады.
  2. Экономикалық талдау бюросының басшысы өз жұмысында жоспарлау - экономикалық бөлімінің Ережесін және осы лауазымдық нұсқауды басшылыққа алады.
  3. Экономикалық талдау бюросының басшысы  лауазымына жоғары экономикалық және инженерлік – экономикалық білімі бар және экономикалық қызметте үш жылдан кем емес еңбек өтілі бар немесе орта арнайы білімі және экономикалық қызметте бес жылдан кем емес еңбек өтілі бар тұлғалар тағайындалады.

 «Міндеттер» бөлімі

  1. Қорларды анықтау және бәсекеге қабілетті өнім өндіруге бағытталған ұсыныстарды жетілдіру үшін өзге құрылымдық бөлімшелермен бірге ұйым және оның бөлімшелерінің қызметінің кешенді экономикалық талдауын ұйымдастыру мен жүргізу.
  2. Ұйымның өндірістік -шаруашылық қызметінің технико- экономикалық көрсеткіштерін жоспарлауда қолданылатын нормативтерге талдау жүргізу.
  3. Ұйымдағы экономикалық жұмыстардың әдістері мен қойылымдарын жақсартуға бағытталған ұйымдық- техникалық шараларды жетілдіруге қатысу.
  4. Өзге бөлімшелермен бірге ұйым және өнімнің жеке түрлерінің рентабельділігінің деңгейін жоғарылату бойынша шараларды жетілдіру.
  5. Өнім сапасының деңгейін негіздеу , зауыт ішіндегі мамандану мен кооперацияландыруды технико- экономикалық негіздеуді есептеуге қатысу.
  6. Рационализация,ойлап табушылық,лицензиялық келісімдер, алдыңғы қатарлы технология, инвестицияларды негіздеу бойынша бөлімшелердің жүргізген есептеулерін бақылау және әдістемелік жетекшілік жасау.
  7. Ұйым басшылығы үшін ұйым жұмысын экономикалық талдау нәтижелері бойынша қажетті материалдарды дайындау.
  8. Бас бухгалтериямен бірге өнім шығару бойынша өндірістік бөлімшелердің жұмысындағы шығындар мен нәтижелерді бақылау және ұйымдастыру.
  9. Цехтар мен ұйым қызметін өздерінің жұмыстарының ерекшелігіне байланысты бағалау үшін көрсеткіштер жүйесін жетілдіруге қатысу.
  10. Орындалатын жұмыстың өнімділігі мен сапасын жоғарылату үшін ақпараттық технологиялар мен қазіргі заманғы бағдарламалық құралдарды қолдану.

Информация о работе Лекции по "Бухгалтерскому учету"