Лекции по "Бухгалтерскому учету"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2014 в 22:16, курс лекций

Краткое описание

Пәнді оқу кезінде басқару шешімдерінің мақсаттық бағыталуына, қазіргі заманғы электрондық-информациялық технологиялардың элементтеріне, адам факторының рөліне, басқару шешімдерін дайындауда және жүзеге асыруда белгісіздіктер мен тәуекелдерді азайту мүмкіншіліктеріне көп көңіл бөлінеді. Бес бөлімге топталынып, ұсынылған материал Қазақстан Республикасының жалпыға міндеті жоғары кәсіптік білім стандартына енгізілген 05.05.07 – «Менеджмент» мамандығына ұсынылған «Басқарушылық шешімдерді жасау» пәні бойынша мәселелерді жүйелі түрде оқытуды қамтып көрсетеді.

Содержание

Пәннің типтік бағдарламасы……………………………………………………………..
Пәннің жұмыстық оқу бағдарламасы…………………………………………………..
Силлабус…………………………………………………………………………………
Тапсырмаларды орындау кестесі……………………………………………………….
Пәнді қамтамасыз ететін оқу- әдістемелік карта………………………………………….
Лекциялық кешен………………………………………………………………………..
Глосарий………………………………………………………………………………….
СОӨЖ өткізуге әдістемелік нұсқау…………………………………………………….
СӨЖ ұйымдастыруға әдістемелік нұсқау
10.Пәнді оқыту бойынша әдістемелік нұсқау
11..Емтихан сұрақтары…………………………………………………………………...

Прикрепленные файлы: 1 файл

umkd-bchkt.doc

— 813.00 Кб (Скачать документ)

Басқару процесі мен әдістемесіне жеткілікті көңіл бөлмеу өндірістік процестің өзіне бағытталған орасан зор тырысушылықты төмендетеді, мысалы дұрыс емес басқару шешімдері ең жаңа технологияның өзінің тиімді пайдаланылуын жояды.

Компаниядағы басқару қызметі оны басқару жүйесінің бір бөлігін құрайды, ұйымдарды басқарудың тәжірибесінің тамыры тереңде болғанымен, оны зерттеу салыстырмалы түрде таяуда басталған.

Сұрақтар:

1.Сандық  эксперттік бағалау әдісі ұйымда қолдану ерекшелігіне қарай нешеге жіктеледі?

А)4

В)3

С)2

Д)5

Е)Дұрыс жауабы жоқ

 

2.Ұйымда қалыптасқан жағдайдың ең маңыздысын көрсететін сандық бағалау әдісін көрсет

А)Тұрақты

В)Лоторея

С)Тұрақсыз

Д)Ортақ мүдде

Е)Сапалық

 

3.Тұрақты сандық бағалау ұйым үшін қандай әдісболып табылады?

А)Өзгермейтін

В)Өзгермелі

С)Тұрақсыз

Д)Ортақ мүдде

Е)Сапалық

 

4.Тұрақты сандық бағалау әдісі басқару жүйесінде неше жолмен қарастырылады?

А)2

В)3

С)4

Д)5

Е)6

 

5.Сандық көрсеткіштердің нақты нәтижесін бағалау үшін кімдердің арасында балдық шкала қарастырылады?

А)Эксперттер

В)Басшылар

С)Ұйымдар

Д)Қызметкерлер

Е)А және В жауаптары

 Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

1.Теория и практика менеджмента: Учебник / Под ред. К.Е.Кубаева. Алматы: Қазақ университеті, 2005.

2.Литвак БУправленческие решения.– М.: ЭКМОС, 1998

3.Фатхутдинов Р. Разработка управленческого решения: Уч.пос.–М.: Бизнес-школа, Интел-Синтез, 1997

4.Евланов Л.Г. Теория и практика принятия решений. М.: Экономика, 1994.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7.Глоссарий

 

Менеджмент – кәсіпорынды ұйымдастырудың туралы, оны дамытудың стратегиясы ретінде, қызметкерлерді іріктеу (әлеуметтік жағы) туралы және олардың жұмысын оңтайландырудың тәсілдері (психологиялық бөлігі) туралы ілімдер қамтитын кәсіпорынды тиімді басқару.

Бизнес – бұл пайда (табыс) алуға бағытталған қызмет.

Бизнес – істі жүргізу жүйесі.

 Бизнес – бұл адамдарға қажетті өнімді жасау.

Коммуникациялық үрдіс дегеніміз екі немесе одан да көп адамдар топтарының хабарлар, мәліметтер тағыда басқа алмасулары.

Шуылдар дегеніміз – хабарлардың өрескел түрде бұрмалануы.

Семантика – сөзбен берілген мәліметтің «сөздердің», қолданылуын және мағынасын түсіндіреді.

Ұймыдық құрылым – алға қойған мақсаттарға тиімді жету үшін жұмыс істейтін адамдардан арнайы құрылған тұтастық жүйе

Ұйым – алға қойған мақсатқа жету барысында адамдар тобы еңбегінің саналы үйлестірілуі.

Басқарудың экономикалық әдістері – бұл адамдарды экономикалық қатынастары мен олардың экономикалық мүдделерін пайдаланатын адамдарға ықпал етудің тәсілдері мен әдістері.

Шешім қабылдау- ақпарат алмасу сияқты кез келген басқару қызметінің (функциясының) құрамдас бөлігі.

Шешім – бұл баламаны (альтернативаны) таңдау.

Альтернатива – мүмкін болған екі ұйғарымның ішінен бірін ғана таңдап алуға деген мәжбүрлік.

Ұйымдық шешім- лауазымды адамдардың өздерін білетін міндеттерді орындаулары үшін таңдау қабілетінің болуы.

Бағдарланған шешімдер – математикалық теңдеулерде қолданылатын әрбір қимылдың белгілі бір сәйкестілігін жүзеге асырудың нәтижесі болып табылады. Немесе іс қимылдың айқын, белгілі бір қисынға сәйкес, нәтижелі түрде жүзеге асырылуы.

Бағдарлау – тиімді ұйымдық шешімдер қабылдаудың көмекші құралы. Шешімдердің қабылдануына қарай басшылар көмекшілерді жояды.

Пікірге негізделген шешімдер – білім немесе жинақталған тәжірибе арқылы келісілген таңдау.

Жалпы шешімдер – тұтас алғанда бүкіл шаруашылыққа қатысты шешімдер.

Жеке шешімдерге - өндірістің жекелеген жақтарын, қызметкерлердің жекелеген топтарын қамтитын шешімдер.

Ұзақ мерзімді шешімдер – жүзеге асырылуы бірнеше жылдарды керек ететін шешімдер.

Орташа мерзімді шешімдер – бір жыл ішінде жүзеге асырылатын және әдетте өндірістің жылдық циклімен байланысты болады.

Қысқа мерзімді шешімдер – мәселелердің негұрлым шағын тобын қамтиды да, өзінің сипаты бойынша  көбінесе жеке шешімдер болады.

Сыртқы шешімдер – белгілі бір шаруашылықтың жоғарғы ұйымдармен, басқа кәсіпорындармен қарым-қатынасын қамтиды.

Ішкі шешімдер – шаруашылықтың өз өмірінің түрлі жақтарын қамтиды. Сыртқы шешімдердің белгілі бір тобын орындамайынша, ішкі шешімдер, көп ретте жүзеге асырылмай қалады.

Функциялық сипаты бойынша – экономикалық, технологиялық, қаржылық, әкімшілік шешімдер болады.

Экономикалық шешімдер – жоспарлардың, нормалар мен нормативтердің, еңбекке ақы төлеудің бүкіл жүйесін жасаумен, бағамен, өнім өткізу және табыстарды бөлумен байланысты.

Технологиялық шешімдер - өндіріс процестерін ұйымдастыру мәселелеріне қатысты. Бұл шешімдер әрбір салада тиімді технологияны таңдап алуды, жұмыстарды материалдық – техникалық жағынан қамтамасыз етуді белгілеп береді.

Қаржылық шешімдер – жоспарлық және есеп беру қаржы баланстарын  белгілеп, бекітуге, түрлі қорларды бөлуге, несиелер алып, оларды өтеуге бағытталады. Ол шешімдерге ақшалай есеп айырысудың  бүкіл жүйесі жөніндегі шешімдер де жатады.

Әкімшілік шешімдер – басқару аппараттарының өз жұмысына қатысты болады және қызмет бабындағы адамдардың бөлімшелердің құқықтары мен міндеттерін реттеп отыруға. Олардың жұмыс істеуі мен өзара қарым-қатынасының тәртібін белгілеуге бағытталады.

Шешімнің тәуекел элементтерінің болуы – экономиканың үздіксіз өзгеруі, тұрақтанбауы жағдайында ұзақ уақыт бойы қолданылатын тиімді шешімдер күтілетін нәтижені мейлінше дәл қарастыруы мүмкін емес. Сондықтан шешімдер белгілі бір тәуекелді қалыптасқан жағдай үшін ең оңтайлы шешімді таңдай білу қажет.

Шешім өкілдігінің болуы – шешім басшыға берілген құқықтар негізінде ғана қабылданады. Шешім оны даярлауға міндетті органдар мен адамдардан ғана шығуы тиіс.

Шешім оперативтілігі – шешім өндіріс жағдайы нақ соны талап еткен күнде ғана қабылдануға тиіс. Кеш қабылданған шешім де, асығыс қабылданған шешім де бірдей зиянды.

Жағдай дегеніміз – жүйені жаңа қалыпқа келтіру үшін шешімдер қабылдауды талап ететін сыртқы және ішкі шарттардың жиынтығы.

Мақсат – іс-әрекеттің қажетті және болуы керек түпкі нәтижесі.

Критерий – шешімнің түрлі варианттарын салыстырып қарайтын көрсеткіш.

Бұйрық – линиялық басшы қабылдаған және осы бұйрыққа қатысы бар адамдар міндетті түрде орындауға тиіс шешімді тұжырымдау формасы.

Хаттама – қандай да бір алқалы (коллегиялы) органның кеңестерінде, мәжілістерінде, жиналыстарында мәселені талқылау барысында қабылданатын шешімдерді жазу формасы.

Модель – обьектіні бейнелей немесе оның суретін елестете отырып, оны алмастыра алатындай жүйе.

Суреттемені модельдендіру – болашақ қимыл- әрекеттің, ситуацияның, оқиғалардың алдан ала шамаланған дамуының ауызша суреттемесі.

Шешім обьектісі – басқару шешімі бағытталған нысана.

Шешім субьектісі – шешім қабылдауға және оны орындауға құқығы бар адамдар.

Проблема – қалау мен шындықтың сәйкессіздігі.

Ситуация – ол проблема туғызатын жағдай немесе проблемасы бар жағдай.

Мәселенің құрылымдалуы – мәселе ішіндегі элементтердің байланысын сан жағынан көрсетілуі.

Мотивациялау дегеніміз- бұл адамның бойындағы мотивтерді қозғау арқылы оларға әсер ету процесі.

Мотив дегеніміз- адамның белгілі бір іс қимыл әрекет жасауларына итермелейтін себеп.

Мотив- адамның ішкі хал-ахуалының жеке тұлғалық сипат алуы болып табылады.   

Ұйымдастыру дегеніміз- мақсатқа жету үшін адамдарға бірге тиімді жұмыс істеу мүмкіндігін беретін кәсіпорын құрылымын таңдау және оны құру процесі.   

Делегирлеу дегеніміз- басшыға сансыз көп мүмкіндіктерді қызметкерлер арасында бөлуге мүмкіндік беретін құрал.

Өкілеттіліктер- ұйымның ресурсын пайдалану құқығын шектеу және кейбір қызметкерлердің күш-жігерін белгілі бір міндетті орындауға бағыттау болып табылады.

Ресми ұйым- мақсатты орындауда басқару үрдісін жүйелі түрде үйлестіретін, нақты құрылымға ие болатын басшылық еркімен құрылған адамдар тобы.

Бейресми ұйым – қызмет барысындағы әлеуметтік қатынастарға, ішкі себептерге байланысты ойламаған жерден құрылған адамдар тобы.

 

 

 

 

8.Студенттің оқытушымен өзіндік жұмыс өткізуге әдістемелік нұсқау

 

1-тақырып: Семинар сабақтың жоспары

1. басқару шешімдерді талдау

2. Басқару шешімдерінің теориясы

 

2-тақырып: Семинар сабақтың жоспары

1. Шешім: мәні мен мағынасы

2.  Басқару шешімдерінің процесі

 

3-тақырып: Семинар сабақтың жоспары

1 Жүйелік бағдар басқару шешімдерінің негізі ретінде

2 Басқару шешімдері әдістеріндегі негізгі ұйымдық элементтері

3 Басқару шешімдері әдістеріндегі кезіндегі нақты функциялардың мазмұны мен тізімі

4 Басқару шешімдері әдістеріндегі кезінде жалпы функциялар мен процедуралардың мазмұны

4-тақырып: Семинар сабақтың жоспары

1. Басқару шешімдерінің типалогиясы

2. Басқару шешімдерге  қойылатын талаптар

 

5-тақырып: Семинар сабақтың жоспары

1. Басқару шешімдерін әзірлеуде мақсаттың приоритеті (БШӘ)

2. Инициативтік-мақсаттық технология

3. Бағдарламалық-мақсаттық технология

 

6-тақырып: Семинар сабақтың жоспары

1.Басқару технологиясының  кезеңдері

 

7-тақырып: Семинар сабақтың жоспары

1. Басқару шешімдерін қабылдау

   2. Басқару шешімдерін жүзеге асыру

 

8-тақырып: Семинар сабақтың жоспары

1. Басқару шешімдерінің тиімділігінң негізгі қағидалары

2. Басқару шешімдерінің қазіргі  әдістері

 

9-тақырып: Семинар сабақтың жоспары

1. басқару шешімдерін қабылдау  факторларының жүйесі.

2. басқару шешімдерін құру мен  қабылдаудың сыртқы ортасының  құрылымы.

 

10-тақырып: Семинар сабақтың жоспары

1. Басқару шешімдерін дайындау

2. Тәуекел жағдайындағы тәсілдері

 

11-тақырып: Семинар сабақтың жоспары

1  Басқару шешімдерін қабылдау  мен өңдеу

2 ПРУР кезіндегі аналитикалық  әдістердің ерекшеліктері 

3 Статистикалық әдістің рөлі.

4 Матиматикалық бағдарламалау  әдісінің ерекшеліктері

5 Матрицалық әдіс орны

 

12-тақырып: Семинар сабақтың жоспары

1. Басқару шешімдерін дайындау

2. Тәуекел жағдайындағы тәсілдері

 

 

13-тақырып: Семинар сабақтың жоспары

1 Жауапкершілік  пен міндет- қызметтің бөлінбес  нышаны

2. Жауапкершіліктің  түрлері

3. Басшының  әлеуметтік және экологиялық  жауапкершілігі

 

 

14-тақырып: Семинар сабақтың жоспары

 

1 Басқару қызметінің тәртібі (регламентация).

2 Тиімділік

 

 

15-тақырып: Семинар сабақтың жоспары

 

1 Өнімнің сапасы- БШ-нің  соңғы  нәтижесі

2 БШ сапасын бағалау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

9.Студенттің өзіндік жұмысын ұйымдастыруға әдістемелік нұсқаулар

 

1-тақырып Басқару процесін ұйымдастырудағы және әдістемелігіндегі шешімдер

          1. Әдебиеттерді зерттеу
          2. Өзін- өзін тексеруге арналған сұрақтар: Келесі түсініктердің мағынасын көрсет: мемлекет- саяси өкімет институты, мемлекет- «түнгі күзетші», мемлекет- макроэкономикалық реттеу институты, «әлеуметтік мемлекет»

1. басқару шешімдерді талдау

2. Басқару шешімдерінің теориясы

 

2-тақырып Шешім – ұйымдастыру  акті, шешім- басқару процесінің кезеңі, шешім- басқарушы жүйенің басқарылушы жүйеге әсерін ресмилендіру процесі

1.СӨЖ орындаған кезде  пайда болған сұрақтарды талдау.

2.Келесі тақырыптар бойынша  реферат дайындау:

 

3-тақырып Басқару шешімінің  формальды және формальды емес аспектілері

1. СӨЖ орындаған кезде  пайда болған сұрақтарды талдау.

2. .Келесі тақырыптар  бойынша реферат дайындау:

 

4-тақырып Басқару шешімдерінің  типологиясы. Классификацияның қағидалары  мен белгілері.

Информация о работе Лекции по "Бухгалтерскому учету"