Лекции по "Бухгалтерскому учету"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2014 в 22:16, курс лекций

Краткое описание

Пәнді оқу кезінде басқару шешімдерінің мақсаттық бағыталуына, қазіргі заманғы электрондық-информациялық технологиялардың элементтеріне, адам факторының рөліне, басқару шешімдерін дайындауда және жүзеге асыруда белгісіздіктер мен тәуекелдерді азайту мүмкіншіліктеріне көп көңіл бөлінеді. Бес бөлімге топталынып, ұсынылған материал Қазақстан Республикасының жалпыға міндеті жоғары кәсіптік білім стандартына енгізілген 05.05.07 – «Менеджмент» мамандығына ұсынылған «Басқарушылық шешімдерді жасау» пәні бойынша мәселелерді жүйелі түрде оқытуды қамтып көрсетеді.

Содержание

Пәннің типтік бағдарламасы……………………………………………………………..
Пәннің жұмыстық оқу бағдарламасы…………………………………………………..
Силлабус…………………………………………………………………………………
Тапсырмаларды орындау кестесі……………………………………………………….
Пәнді қамтамасыз ететін оқу- әдістемелік карта………………………………………….
Лекциялық кешен………………………………………………………………………..
Глосарий………………………………………………………………………………….
СОӨЖ өткізуге әдістемелік нұсқау…………………………………………………….
СӨЖ ұйымдастыруға әдістемелік нұсқау
10.Пәнді оқыту бойынша әдістемелік нұсқау
11..Емтихан сұрақтары…………………………………………………………………...

Прикрепленные файлы: 1 файл

umkd-bchkt.doc

— 813.00 Кб (Скачать документ)

 

ISO туралы жалпы түсінік 

  ISO –стандарттау бойынша әлемдік  қауымдастықта мойындалған халықаралық  ұйым. Ол ISO 900 X ( Х- жиынтықтың жалпы  белгіленуі, Х= 1,2,3,4) сапа стандарты,  ISO- 14000 экологиялық стандарты , т.б. сияқты  жаһандық стандарттарды құру  саласында жұмыс жасайды. ISO 900 X сапа стандарты жалпы сипатқа ие және экономика мен өнеркәсіптің нақты салаларына тәуелді емес. Стандарттар сапаны басқару және сапаны қамтамасыз етудің үлгісі  бойынша басшылық нұсқауларды қамтиды.

   ISO 900 X жүйесі ИНКОТЕРМС- 90 халықаралық сату - сатып алу шартын өнім , өндірістік процестің барлық сатыларындағы  ақпарат және қызмет сапасының кепілдігін қамтамасыз ету саласында толықтырады.

   Кез келген дәрежедегі  көп бағдарламалық өнімдер ISO 900 X идеологиясын бейнелейді. Оның ішінде  келесі модульдер кең таралған: Site power- кез келген уақытта ақпаратқа қолжетімділік және кез келген сұраққа тез жауап беру;   Site line-өнеркәсіптік кәсіпорынды басқару;   Site select- дайын өнім жинақтарына тапсырыстарды пішіндеу құралы;  Site quide-кәсіпорындағы бизнес процестерді үлгілеу құралы.

   Қазіргі кезде РФ тек  жүзге жуық кәсіпорындар ғана  аталған модульдері бар бағдарламалық  өнімдерді енгізген. Бірақ бағдарламалық  өнімдерде ұйымдағы сапаны басқару  бойынша барлық қызмет түрлерінің  үлгісі жасалмаған.

    ISO 900 X жүйесінің сипаттамасында  шаралар жиынтығы түрінде жалпы  функциялар нақтыланған. Бұл шараларды  сапаны басқарудың төрт кезеңі  түрінде көрсетуге болады:

     1-кезең

  1. Өнім сапасын жақсартудың негізі мақсаттары мен жоспарланған соңғы нәтижелерді тұжырымдау.
  2. Сапаны бағалау жүйесін таңдау: авторлық әдіспен, бенч – маркинг әдісімен, стандарттармен салыстыру.
  3. Есеп беру формасы мен салыстыру үлгісін дайындау.

    2-кезең

4.Сапаны жақсарту үшін  нақты жасалым жоспары мен  процестерді енгізуді құрау( уақыт пен аралық нәтижелер).

5.Ресурсқа деген қажеттілікті  анықтау.

6.Стандарттарды , есеп беру  формасын, өнім сапасының функционалдық  әдістерін қолдану бойынша нұсқауларды  қалыптастыру.

3- кезең

7. Сапаны жақсарту  процесін  түзету үшін клиенттерден түскен жедел ақпараттарды есепке алу ( ұсыныстар, алғыстар, шағымдар).

8.Сапаны басқару процесі  туралы мәліметтер базасын үнемі  жасап отыру.

4- кезең

9. Сапаны анықтау процедурасын  жүзеге асыру және оны    ISO 900 X стандарттары талаптарымен  үйлестіру.

10. Өнім сапасын бағалау процедурасын жүргізу.

11. Өнім сапасын бағалауды  жүргізу бойынша есеп беруді  құрастыру.

12. Бағалау процесінің  сапасын жоғарылату үшін резервтерді  анықтау.

  БШ процесінің сапасын және оны іске асырудың нақты нәтижелерінің тиімділігін жоғарылатуда шығармашылық ұжымды құрудың ұйымдастырушылық жағы үлкен рөл ойнайды. Басшы ұжымның тиімді жұмыс істеуі үшін ынталандырушы шарттарды құруы қажет. Бұл шарттарға мыналарды жатқызуға болады:

  • Жасаушыларды толық және өз уақытындағы ақпараттармен қамтамасыз ету;
  • Жасаушылар ұжымында ми шабуылын кәсіби жүргізу және алынған нәтижелерді тіркеу;
  • Неғұрлым кәсіби деңгейі жоғары мамандардың білімдері мен  тәжірибесін қолдану;
  • БШ  - нің барлық кезеңдерін, оның ішінде жағдайларды жан жақты қарастыру;
  • Орыншылдық, субъективизм, көз бояушылықты жоюда назарды күшейту;
  • Беделді мамандармен мойындалған ұжымның негізгі жетістіктерінің шешімінде бейнелену;
  • Шешімдер мониторингін жүзеге асыру.

  Жоғарыда келтірілген  әрбір шарт басшы тарапынан  нақты жұмыстарды жүргізуді талап  етеді. Жасаушыларды толық және өз уақытындағы ақпараттармен қамтамасыз ету үшін басшы әр түрлі құралдарды қолдануы мүмкін: ескі әдетпен  кітапханада карточкалар арқылы іздеуден бастап жасаушы столына қажетті ақпаратты ақпараттық компьютерлік желі арқылы бағыттап жөнелту. Көріп отырғанымыздай, диапазон өте кең. Ал өзге қарастырлған шарттар бойынша осыған ұқсас бейне қалыптасқан. Басшы үшін компания қызметі шарттарының өзгерісінің динамикасын білу жақсырақ, сонда оның ұжым жұмысына осы немесе өзге шарттардың әсері мен деңгейін талдай алуға мүмкіндігі болады.

Тиімділік біреудің біреуге әсер қалдыруын білдіретін «эффект» сөзінен шыққан. Бұл әсер ету экономикалық, ұйымдық, психологиялық,

    БШ -нің экологиялық  тиімділігі – қысқа мерзім  ішінде аз жұмыскерлер саны  немесе аз қаржылық шығындармен персонал мен ұйымның экологиялық мақсатқа жетуінің дәлелі. Экологиялық мақсаттар адамның келесідей қажеттіліктерін жүзеге асырады: қауіпсіздік, денсаулық, өмірдің тұрақты дамуын ұйымдастыру, физиологиялық.

    БШ -нің этикалық тиімділігі – қысқа мерзім ішінде аз жұмыскерлер саны  немесе аз қаржылық шығындармен персонал мен ұйымның құлықтылық мақсатына жетуінің дәлелі. Этикалық мақсаттар адамның өзін қоршаған өзге адамдармен құлықтылық нормаларын сақтауға қызығушылықтары мен қажеттілігін іске асырады.

    БШ -нің саяси  тиімділігі – қысқа мерзім  ішінде аз жұмыскерлер саны  немесе аз қаржылық шығындармен  персонал мен ұйымның саяси  мақсаттарға қол жеткізуінің  дәлелі. Саяси мақсаттар адамның  келесідей қажеттіліктерін іске  асырады: сенім, патриотизм, өзін көрсету, басқару.

   БШ -нің тиімділігі  оны жасау және қамтылған адамдар  мен компаниялар деңгейіне байланысты  бөлінеді. БШ тиімділігін өндіріс  және компанияны, компаниялар тобын, сала, аймақ, елді басқару деңгейінде  бөледі.

    Компания қызметінің тиімді жұмыс істеуінің қажетті шарты болып бизнестің барлық қатысушыларының : меншік иелері, менеджерлер, персоналдар, клиенттер, контрагенттердің қызығушылықтарының балансы табылады. Ортақ қызығушылықпен бірге әркімнің өз қызығушылығы бар және оны өзге қатысушылар ескеруі және сыйлауы қажет.

   БШ  тиімділігін  басқару компанияның өз қызметін  және шығарылатын өнім тиімділігінің  стандарттары, нормалары мен нақты  көрсеткіштерінің негізінде сапалық  және сандық бағалау жүйесі  арқылы жүзеге асырылады. Мұндай көрсеткіштер, нормалар мен стандарттарға мына салалардағы мәліметтер жатады:

  • Жалпы компания қызметі;
  • Персоналдардың мүдделері мен қажеттіліктерін қанағаттандыру деңгейі;
  • Нақты нарықтағы компания қызметі;
  • Басқару, қызмет көрсету, өндірістік қызмет;
  • Тікелей өндіріс;
  • Өнімнің жеке түрлерін өндіру;
  • Материалдық және зияткерлік ресурстарды қолдану;
  • Компаниядағы паблик-рилейшнз,

сонымен бірге компанияда қабылданған тиімділіктің жинақтаушы көрсеткіші.

  • БШ –нің экономикалық тиімділігін бағалау әдістері.Экономикалық тиімділікті ( қарастырғанда нақты БШ іске асыру нәтижесінде алынған үстеме өнімнің құнын , яғни оның нарықтық құнын нақты анықтау әдістемелік тұрғыда қиын. Ақпараттық түрде іске асқан БШ тауардың, қызмет немесе білімнің  материалдық- заттық формасында тікелей көрініс таппайды, тек ол үшін жағдай жасайды. БШ  оң  экономикалық тиімділігі- бұл үнемдеу,
  • Қызметтің тікелей нәтижесі бойынша.

    Жанама әдіс  БШ нарықтық құнын және БШ  шығынды талдауды бірдей шарттарда  жасалған және іске асқан бірдей типтегі объектілердің барлығы үшін БШ нұсқаларын талдау жолын қарастырады. БШ нақты іске асқанға дейін басқару мен өндірістің көптеген деңгейінен өтеді , сондықтан осы процесті жеделдететін және тежейтін субъективтік факторларға назар аудару керек.

Сұрақтар:

1.Басшы мен қызметкер арасындағы ұйымның негізгі мақсатына жетудегі іс-әрекеттер жиынтығы

А)Міндет

В)Мақсат

С)Жүйе

Д)Қызмет

Е)Нәтиже

 

2.Басқару жүйесінде міндет нешеге бөлінеді?

А)3

В)2

С)4

Д)5

Е)7

 

3.Ұйымдағы қызмет түріне байланысты жауапкершілік түрін көрсет

А)Кәсіби

В)Ортақ

С)Қоғамдық

Д)Қызметтік

Е)Моральды

 

4.Басқару жүйесінде менеджерлер қабілетін арттыру үшін әртүрлі деңгейдегі ұйым ішінде және ұйымнан тыс қандай қызмет әдісін жүргізеді?

А)Эксперттік

В)Холдингтік

С)Бәсекелестік

Д)Ұжымдық

Е)Барлық жауаптар дұрыс

 

5.Эксперттік бағалау әдісін басшы ұйымда не үшін қолданады?

А)Ұйымда пайда болған күрделі мәселелерге шешім табу үшін

В)Бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін

С)Нарықта өз үлесін табу үшін

Д)Барлық жауаптар дұрыс

Е)А және С жауаптары

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

 

1.Теория и практика менеджмента: Учебник / Под ред. К.Е.Кубаева. Алматы: Қазақ университеті, 2005.

2.Литвак БУправленческие решения.– М.: ЭКМОС, 1998

3.Фатхутдинов Р. Разработка управленческого решения: Уч.пос.–М.: Бизнес-школа, Интел-Синтез, 1997

4.Евланов Л.Г. Теория и практика принятия решений. М.: Экономика, 1994.

 

 

15-тақырып Басқару шешімдері сапасының көрсеткіштері

 

Дәрістің Мақсаты: Бұл тақырыпта басшының шешім қабылдауынан алдағы қойылған мақсаттарға жетуі туралы айтылады. Оның ең бастысы қабылданған шешімнің нәтижесі және сапасы. Көп жерде соңғы шешімнен көп мақсаттар айқындалады.

 

Сұрақтар

1 Өнімнің сапасы- БШ-нің  соңғы  нәтижесі

2 БШ сапасын бағалау 

 

Өнімнің сапасы техникалық база, технология, экономика, өндірісті ұйымдастыру мен мәдениеттің ғана нәтижесі емес, сонымен бірге басқару шешімдерінің кәсібилігі мен мәдениетінің де нәтижесі.

   Басқару процесі мен әдістемесіне  жеткілікті көңіл бөлмеу өндірістік  процестің өзіне бағытталған  орасан зор тырысушылықты төмендетеді, мысалы дұрыс емес басқару шешімдері ең жаңа технологияның өзінің тиімді пайдаланылуын жояды. Дәстүрлі түрде өнімнің сапасын көптеген басшылар оны өндірудің технологиясымен, персоналдардың кәсіби деңгейімен байланыстырады, яғни бірқатар статикалармен. Шын мәнінде өнімнің қажетті сапасына қол жеткізу оны жетілдірудің тұрақты процесімен байланысты, оны сапаны басқару деп атайды. Бұл басқаруды  жүзеге асырудың үш нұсқасы бар (7.1-сурет).

  А нұсқасы жұйелік тұрғыдан  қарастырылады, мұнда бірінші сатыда басқару қызметінің жалпы сапасына назар аударылады, одан кейін өндіріс технологиясының сапасына назар аударылады. Б нұсқасы кешенді тұрғыдан қарастырылады, ол өнім сапасына тікелей әсер ететін басқару мен өндірістің үш элементінің сапасының басымдығына негізделеді. В нұсқасы локальды тұрғыда қарастырылады. Онда өндірістің технологиясына негізгі назар аударылады. В нұсқасы ең кең тараған және әдістемесі жақсы жасалған. Б  нұсқасы енді енгізіліп жатыр және онда өндірістің технологиясына да, өнім сапасын басқаруда да стандарттар жиынтығы бар, мысалы ISO 9000.              А нұсқасы  - компанияны дамытудың перспективасы.

    Сапа – бекітілген  және болжанған қажеттіліктерді  қанағаттандыра алу мүмкіндігіне  қатысты  объектілердің сипаттамасының  жиынтығы. Кейде сапа «әрекетке жармдылық» деп түсіндіріледі. Оны функционалдық жарамдылығы, эксплуатациялық сипаттамасы, қауіпсіздік және сенімділік деңгейі бойынша бағалайды.

   Басқару қызметінің сапасы  – жалпы қабылданған талаптар  мен стандарттарға сәйкес келу  деңгейі. Әдетте басқару қызметінің сапасын басқару шешімдерінің сапасына қарай бағалайды.

БШ сапасы- бұл БШ –нің ұйымның ішкі талаптарына сәйкес келу деңгейі. БШ жасау мен іске асыру кезінде басшы БШ жасау мен іске асырудың әрбір кезеңіне мән беруі қажет. Әрбір кезеңнің сапасы барлық БШ сапасының жалпы бағасына маңызды үлес қосады. Сапа 0-дан 1-ге дейінгі қатысты бірлікте өлшенеді. БШ  төмегі сапасына 0 мәні беріледі, ал жоғарғысына – 1. БШ жалпы сапасы тізбектеліп орындалатын барлық құраушы кезеңдер, сатылар, операциялардың сапасының көбейтіндісі ретінде анықталады. Мысалы, БШ жасау кезінде мынадай сапа мәндері бар : 0.8; 0.9; 0.7; 0.8; 0.7; 0.8; 0.8; 0.9; 0.7; 0.8  10 операция орындалды. Әрбір операцияның сапасының мәні өз кезегінде жақсы, бірақ БШ жалпы сапасы 0.091- ге тең болады. Бұл өте төменгі деңгей. Сондықтан БШ жасау мен іске асыру процесінің барлық құраушыларына кәсіби тұрғыдан қарағанда ғана барлық БШ қалыпты сапасын қамтамасыз етуге болады.

   Тағы да бір рет БШ  жасау мен іске асыру процесінің  сапасына әсер ететін негізгі элементтерді тізбектеп өтейік: ақпарат, басқару мақсаттарының жиыны, кәсіпорынның тұжырымдамалық үлгісіне енетін объектілер жиыны, қолданыстағы басқару технологиясы, БШ жасау процесінің таңдалған қасиеті, БШ беру формасы , БШ–нің  ұйымдастырушылық аудиті. Қарастырылған элементтерге қосымша жалпы жүйелік элементтерді де қосуға болады: ұйымдастыру мен басқарудың заңдары және ұйымдастыру үшін заңдар. Осы заңдардың ортасында БШ жасау мен іске асыру процесі жүзеге асады. Барлық аталған элементтер бір бірінің қызметін күшейтуі қажет, яғни эмердженттілік қасиетіне ие жүйені құруы қажет.

Информация о работе Лекции по "Бухгалтерскому учету"