Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2014 в 22:16, курс лекций
Пәнді оқу кезінде басқару шешімдерінің мақсаттық бағыталуына, қазіргі заманғы электрондық-информациялық технологиялардың элементтеріне, адам факторының рөліне, басқару шешімдерін дайындауда және жүзеге асыруда белгісіздіктер мен тәуекелдерді азайту мүмкіншіліктеріне көп көңіл бөлінеді. Бес бөлімге топталынып, ұсынылған материал Қазақстан Республикасының жалпыға міндеті жоғары кәсіптік білім стандартына енгізілген 05.05.07 – «Менеджмент» мамандығына ұсынылған «Басқарушылық шешімдерді жасау» пәні бойынша мәселелерді жүйелі түрде оқытуды қамтып көрсетеді.
Пәннің типтік бағдарламасы……………………………………………………………..
Пәннің жұмыстық оқу бағдарламасы…………………………………………………..
Силлабус…………………………………………………………………………………
Тапсырмаларды орындау кестесі……………………………………………………….
Пәнді қамтамасыз ететін оқу- әдістемелік карта………………………………………….
Лекциялық кешен………………………………………………………………………..
Глосарий………………………………………………………………………………….
СОӨЖ өткізуге әдістемелік нұсқау…………………………………………………….
СӨЖ ұйымдастыруға әдістемелік нұсқау
10.Пәнді оқыту бойынша әдістемелік нұсқау
11..Емтихан сұрақтары…………………………………………………………………...
Берілген технологияны қолданудың негізгі шарттары:
Бұл технология үшін ұйымдастырушылық қатынастардың сызықтық сызбасы тиімді болып келеді. Тапсырманы орындаудағы профессионалдылық тапсырманы орындаушының квалификациясымен анықталады, ал басшының квалификациясы екінші ретті рөлде. Технология мақсатқа жетуге кепілдік бермейді.
Кәсіпорындарда жиі бағдарламылық-мақсаттық технология қолданылады. Ол тапсырманы орындау үшін құралдарды, әдістерді, орындау мерзімдерін көрсетуден тұрады және бұл орындаудың ішкі немесе сыртқы аралық жағдайын бақылаудың нұсқамалары беріледі. Тапсырманы орындаудағы профессионалдылық тапсырманы берген басшының квалификациясымен анықталады, ал орындаушы квалификациясы екінші ретті рөлде. Бағдарламалық-мақсаттық технология әдетте мақсатқа жетуді кепілдендіреді. (2.6-сурет).
Мақсат
100%
А2
А3
А1
Т1 Т2 Т3 Торын
2.6-сурет. Бағдарламалық-мақсаттық технологияны жүзеге асыру сызбасы
( А1, А2, А3, А4 – Т1 ,Т2 ,Т3 ,Торын мерзімдерінде жоспарланған нәтижелер)
БМТ қолдану үш негізгі нәтижеге жеткізуі мүмкін:
Бұл технология басшының басқару мақсатын өңдеу, оның құралдары мен жүзеге асуын, сонымен қатар мерзімдері мен үрдістің аралық мәндерінің жағдайын қарастырады. Егер де қандай да бір берілген аралық мән орындалмаса, онда оның орындалуына қосымша ресурстар бөлінеді, егер де аралық мәнжоспарланғаннан асып тұрса, онда ресурстың бөлігі басқа қажеттіліктерге бағытталады және соынмен бьірге мақсатқа қарастырылған мерзімде қол жеткізіледі.
Бағдарламалық-мақсаттық технология қазіргі білімге сай, экономика-математикалық әдістер мен ақпараттық технологияларға негізделеді. Басқару мақсаттарына жету жоғары дәрежедегі мүмкіндікпен кепілдендіріледі.
Берілген технологияны қолданудың негізгі шарттары:
Берілген технологияға ұйымдастырушылық қатынастардың дөңгелектік сызбасы тиімді.
Регламенттік технология
Бұл технология тапсырмаларды орындауға құралдар мен олардың мүмкін шектеулілігін көрсету, кеңес берілетін әдістер мен оларды орындаудың бағдарлық мерзімін көрсетуден тұрады. Технология мақсатқа жақындау үрдісінің қатаң бақылауын қарастырады. Тапсырманы орындау профессионалдылығы тапсырма берген басшы квалификациясымен анықталады және орындаушымен.
Регламенттік технология келесілерге жеткізуі мүмкін:
Мақсат
100%
1
2
Т1 Т2 Т3 Торын Уақыт
2.7-сурет. Регаменттік
технологияны жүзеге асыру
Регламенттік технология басшының мүмкін болатын әр түрлі ресурстардың ( адами, материалдық, қаржылық және т.б.) шектеулілігі кезіндегі басқару мен стратегияның соғңы мақсатын жасауын қарастырады. Сонымен бірге мақсатқа міндетті түрде жетеді, бірақ мерзімін алдын ала анықтау қиын болады. Мақсатқа жету қойылған мақсатты жүзеге асыру үрдісінің барысында тек қана қатаң ішкі және сыртқы бақылау кезіеде кепілдендіріледі.
Берілген технологияны қолданудың негізгі шарттары:
Берілген технолгия статистикалық әдістерге, белгісіздік жағдайларындағы шешімдерді қабылдау теориясына негізделеді.
Бағдарламаға және алынған нәтижелерге авторлық құқық басшы мен орындаушыға беріледі.
Кеңес берілетін басқару құрылымдары болып сызықтық-функционалды, тұтынушыға бағытталған тауарлық құрылым табылады.
2.1- кестеде басқару шешімдерін жасау технологиялары салыстырылады.
2.1-кесте. басқару шешімдерін жасау мақсаттық технологияларының приоритеттері
Ұйымның саны, топтары формалары |
Технологиялар приоритеті | ||
Микро |
Ұйымның барлық формалары 5-10 адам саны бар |
Тәуекелдік өндіріс |
Инициативті-мақсаттық регламенттік бағдарламалық-мақсаттық |
Типтік өндіріс |
Регламенттік Бағдарламалық-мақсаттық Инициативтік-мақсаттық | ||
Кіші |
Серіктестіктер,қоғамдастықтар, кооперативтер, унитарлық ұйымдар 100 адам санымен |
Бағдарламалық-мақсаттық Регламенттік Инициативті-мақсаттық | |
Орта |
Акционерлік қоғамдар 1-5мың адамға дейін |
Бағдарламалық-мақсаттық Регламенттік Инициативті-мақсаттық | |
Социумдар |
Ірі бірлестіктер, қаржылық-өндірістік топтар, мемлекеттер 100 000 адам санымен |
Тек қана регламенттік |
Регламенттік технология басшының мүмкін болатын әр түрлі ресурстардың ( адами, материалдық, қаржылық және т.б.) шектеулілігі кезіндегі басқару мен стратегияның соғңы мақсатын жасауын қарастырады. Кеңес берілетін басқару құрылымдары болып сызықтық-функционалды, тұтынушыға бағытталған тауарлық құрылым табылады.
Сұрақтар:
1.Мәселелердің шағын тобын қамтитын, өзінің сипаты жағынан көбінесе жеке шешімдер болатын түрі
А)Қысқа мерзімді
В)Ұзақ мерзімді шешімдер
С)Сыртқы
Д)Негізгі
Е)Жанама
2.Орта мерзімді шешімдер неше жылға созылады?
А)1 жыл
В)2-3 жыл
С)5-10 жыл
Д)Дұрыс жауабы жоқ
Е)2 жыл
3.Бірнеше жылды керек ететін шешімдер түрі?
А)Ұзақ
В)Қысқа
С)Стратегиялық
Д)Тактикалық
Е)Оперативті
4.Ықпал ету обьектілер жөнінен шешім қандай болып бөлінеді?
А)Сыртқы, ішкі
В)Тиімді, тиімсіз
С)Негізгі, жанама
Д)Әлеуметтік, әкімшілік
Е)Ешқандай
5.Ұйым белгілі бір шаруашылыққа байланысты басқа кәсіпорындармен қарым-қатынас жасау қандай шешімді қамтиды?
А)Сыртқы
В)Ішкі
С)Ұзақ
Д)Орта
Е)Алдын-ала
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1.Теория и практика менеджмента: Учебник / Под ред. К.Е.Кубаева. Алматы: Қазақ университеті, 2005.
2.Литвак БУправленческие решения.– М.: ЭКМОС, 1998
3.Фатхутдинов Р. Разработка управленческого решения: Уч.пос.–М.: Бизнес-школа, Интел-Синтез, 1997
4.Евланов Л.Г. Теория и практика принятия решений. М.: Экономика, 1994.
6-тақырып Басқару технологиясының негізгі кезеңдері
Дәрістің мақсаты:
Жоспар:
1.Басқару технологиясының кезеңдері
Шешімдерді қабылдау технологиясы дегеніміз – оның құрамы мен керектілігі, олар ұйымның мәселелерін шешуге әкеледі. Менджерді алаңдататын басты мәселе – нақты басқарушылық мәселені шешіміз. Ол үшін шешімдердің белгілі бір керектілігі қажет, ал бастысы – олардың жүзеге асуы. Сондықтан келісім бір мезеттегі ант емес, ол белгілі құрылымы бар, уақыт бойынша дамитын процестің нәтижесі.
Шешімдерді қабылдау процессі - басқару субъектісінің іс-әрекетінің йиклді жүйесі, олар ұйымның мәселелерін шешуге бағытталған, шешім қабылдағанда жағалай талданып, оның орындалуы да қарастырылады.
Басқару шешімдерін шығару мен жүргізудің бүкіл үрдісі жоспарланған мақсатқа жетуге бағытталуы керек. Бұл 1.2-тақырыпта келтірілген Басқару шешімдерін жасау үрдісінің жалпы сызбаларымен байланысты. Мақсатқа бағытталу басқару шешімдерін жасау мен жүргізуде профессионалды басқару технологияларын қолдану нәтижесінде жүзеге асады. Басұару шешімдерін жасау технологиясы – ұйымның жалпы және кілтті мақсаттарына жету үшін басшының персоналға басқарушылық әсерін жүзеге асыра алу қабілеті, шеберлігі, өнері. Басқару шешімдерін жасау келесілерден тұрады:
Берілген технологияның негізі ұйымға, сонымен бірге оның әрбір
қызметкеріне жасалатын бизнес-жоспар болып табылады. Мамандандырылған қызмет ретінде кәсіпорында басқару басқару шешімдерін жасау технологияларын негізделген қолданудан басталады. Технократиялық технологияға қарағанда ( машина жасаудағы, металл өңдеудегі және т.б.) басқару шешімдерін жасау технологиясы детерминирленген болып табылмайды, себебі оның объектілері болып адамдар, бригадалар, бюро табылады. Сондықтан басқару шешімдерін жасау технологияларын қолданудың жағдайын жақсарту бойынша тқрақты жұмыс талап етіледі. басқару шешімдерін жасау технологиясының құрамына мақсатты технология және процессорлік технология кіреді . Процессорлік технологиялар мақсаттық технологияға қатысты құрал ретінде қызмет етеді. Мақсатты технлогогиялар инициативті-мақсатты, бағдарламалық-мақсатты және регламенттік технологиялардан тұрады. МТ- мақсаттардың жағдайларға байланысты приоритетіне бағытталған. МТ келіспейтін әсерлерді жоюға емес, шешімдерді мақсатқа жетуге бағыттайды.
МТ негізгі пәні мақсат болып табылады. Ұйымның мақсаты- кәсіпорынның қалайтын және ұйым үшін мүмкін болатын, қоғам үшін қажет және пайдалы үрдіс (құбылыс). Үрдіс ретінде мақсат ұйымда қабылданған даму тенденциясы көрсетеді, мысалы, « Туристтік қызметтерде клиенттердің қызығушылықтары мен қажеттіліктерін максималды қанағаттандыру». Құбылыс ретінде мақсат қандай да бір өнімді жасаудың соңғы кезеңін анықтайды, мысалы, « 2000 жылдың соңына қарай 120 жеңіл автокөлік үшін көпқабатты гараж салып, пайдалану мерзіміне енгізу». МТ БШӘ технологиясын мекеме бойынша көрсетеді.
Мақсат өте ұсақ мақсаттарға бөлінуі мүмкін (мақсат иерархиясы), әрбір мақсат кем дегенде екі міндеті қалыптастыруы керек. Өз кезегінде күрделі міндеттер екі негізгі сызбада көрсетілу мүмкін (2.4-сурет).
МТ жүзеге асыруда ынтымақтастық және пропорционалды авторлықты бөліп қарастырады. Ынтымақтастық авторлық – бұл міндеттер мен нәтижелерді орындаудың бүкіл бағдарламасына басшылық пен орындаушылардың тең құқықтары. Пропорционалды авторлық- бағдарламаға қатысқан барлық қатысушалардың шығындарының қатынасымен ( материалдық, интеллектуалдық және т.б.) анықталатын бүкіл бағдарламаға және міндеттердің нәтижесіне немесе олардың бөліктеріне құқықтар.