Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2014 в 22:16, курс лекций
Пәнді оқу кезінде басқару шешімдерінің мақсаттық бағыталуына, қазіргі заманғы электрондық-информациялық технологиялардың элементтеріне, адам факторының рөліне, басқару шешімдерін дайындауда және жүзеге асыруда белгісіздіктер мен тәуекелдерді азайту мүмкіншіліктеріне көп көңіл бөлінеді. Бес бөлімге топталынып, ұсынылған материал Қазақстан Республикасының жалпыға міндеті жоғары кәсіптік білім стандартына енгізілген 05.05.07 – «Менеджмент» мамандығына ұсынылған «Басқарушылық шешімдерді жасау» пәні бойынша мәселелерді жүйелі түрде оқытуды қамтып көрсетеді.
Пәннің типтік бағдарламасы……………………………………………………………..
Пәннің жұмыстық оқу бағдарламасы…………………………………………………..
Силлабус…………………………………………………………………………………
Тапсырмаларды орындау кестесі……………………………………………………….
Пәнді қамтамасыз ететін оқу- әдістемелік карта………………………………………….
Лекциялық кешен………………………………………………………………………..
Глосарий………………………………………………………………………………….
СОӨЖ өткізуге әдістемелік нұсқау…………………………………………………….
СӨЖ ұйымдастыруға әдістемелік нұсқау
10.Пәнді оқыту бойынша әдістемелік нұсқау
11..Емтихан сұрақтары…………………………………………………………………...
Басқару шешімдері басқару қызметінің нәтижесі болатындықтан «Басқарушылық шешімдерді жасау» пәнінің зерттеу обьектісі барлық әлеуметтік сала болады.
Шешім қабылдау концепцияларының теориялық негіздерін дамытқан алғшқы кешендік жұмыстар Ч.Бернард, А.Стин, Г.Сайман, Д.Мартин, К.Ридлидің жұмыстары болды.
Бұл пән студенттерге басқару шешімдерін жасаудың ең тиімді схемаларын таңдауға, сонымен бірге шешімдердің сапасын анықтайтын ең маңызды және елеулі факторларды есепке алуды үйретеді.
Пәнді оқудың нәтижесі – басқару шешімдерін жасаудың әртүрлі алгоритмдерін құрастырудың, оларды жүзеге асырудың ең тиімді ұйымдастыру формаларын таңдаудың дағдыларын игеру.
Басқарушылық шешімдер – мәселесін жағдай, жолды таңдауға, әдістерге менеджмент жұйесінің мақсатына сәйкес оларды шешудің құралдарына мақсатты бағыттанған талдаудың шығармаларының нәтижесі.
Басқарушылық шешімге болып мәселені жоюдың қажеттілігі, оның маңыздылығының төмендеуі немесе жойылуы, яғни объектілердің шынайы параметрлерінің қалаулы, болжаулы параметрлерге жақындауы. Талдау неғұрлым шынайы себептерді табуға және растуға мүмкіндік береді. Көбінесе әңгіме мына факторлар жайында болады.
Ұйымның қызметі негізделетін дұрыс емес принциптер ұйымның қызметін бағалаудың қате шарттары, бөлімшелер, ұжым және жұмысының қызметін бағалаудың қате шарттары (асырмалы шарттар шынында мәселе жоқ жерде мәселе тудырады, ал төмендетілгендер, керісінше, мәселенің шынайы мәнін төмендетеді);
Көбіне қызығушылықты шешімдерді кезекті өзара байланысқан кезеңдер, басқарушылардың әр түрлі іс-әрекеттерінің этаптары ретінде қарай отырып қабылдау туғызады.
Басқарушылық шешімге бірнеше жалпы талаптар қойылады.
Жан-жақты негізделетін неғұрлым толық және шыңайы ақпараттың негізінде шешім қабылдаудың қажеттілігін білдіреді. Бірақ бқл жеткіліксіз. Шешім барлық сұрақтарды қамтуы қажет, басқарылатын жүйенің барлық қажеттіліктерін қамтуы қажет. Ол үшін басқарылатын жүйенің қоршаған ортаның даму жолдарын, ерекшеліктерін білу қажет. Ресурстың қамтамасыз етудің, ғылыми-техникалық мүмкіндіктердің, дамудың мақсаттың қызметтерін, кәсіпорынның экономикалық және әлеуметтік преспективаларын ұлттық және әлемдік экономиканы талдау қажет. Шешімнің жан-жақты негізделуі жаңа фактолармен ғылыми-техникалық және әлеуметтік-экономикалық ақпаратты, яғни озық кәсіби ойлауды, оның анамистикалық-синтетикалық қызметті іздеуді қажет етеді.
Жаңашылдық әлеуметтік-экономикалық жүйені қажеттіліктері мен міндеттері қабылданған шешімнен қалыс немесе озық болмауын білдіреді. Ерте қабылданған шешім жүзеге асырылуға негіз таппайды және жағымсыз тенденцияларды дамуына импульс болады. Олар тек онсыз да қажетсіз процестерді қиындатады.
Қажетті мазмұнның толықтылығын шешім барлық басқарушылық басқарушы объектісі, оның қызметінің барлық саласын, дамуының барлық бағыттарын қамту қажет екенін білдіреді. Неғұрлым басқарудың жалпы формасындағы шешім мынаны қамтуы қажет:
Құзіреттілік – басқару субъектісінің басқарудың жоғарғы деңгейімен белгіленген құқық пен құзіретті қатаң сақтау. Әрбір орган, басқару деңгейінің жауапкершілігі мен құқықтарының баланстануы – тұрақты проблема. Ол дамудың жаңа міндеттерінің пайда болуымен, регламентация реттеу жүйесінің олардан қалыс болуына байланысты.
Бұрын қабылданған шешімдермен сәйкестік – дамудың қолайсыздығын білдіру. Ол заңды, қаулыларды, бұйрықтарды сақтау үшін қажет. Және ұйымның деңгейінде сәйкестік ғылыми-техникалық, нарықтық, әлеуметтік саясаты, өндірістік аппараттың қызметін жүзеге асыру үшін қажет. Бұрын қабылданған шешімдермен сәйкестік сонымен қатар қоғамдық дамумен, нақты себеп-салдар байланыс үшін қажет. Қызмет балансы, жүйенің қызмет етудің жаңа шарттарына қанша мемлекеттік бұрынғы шешімдерді алып талдауменен. Бір-біріне қарама қайшы шешімдердің пайда болуы дұрыс емес дамудың, басқарушылық мәдениет деңгейінің төмендігінің нәтижесі
Сұрақтар:
1.Ұйымдастыру шешімдерін
А) Менеджер
В) Басшы орынбасары
С) Кәсіпкер
Д) Ұйым
Е) Бақылаушы
2.Ақпарат алмасу сияқты кез келген басқару қызметінің құрамдас бөлігі не?
А) Шешім қабылдау
В)Мақсат қою
С)Қызмет көрсету
Д)Қарым- қатынас
Е)Дұрыс жауабы жоқ
3.Басқарушының алға қойған
А)Қаржының тиімділігі
В)Басқару жүйесі
С) Ынталандыру қабілеті
Д)Тиімді шешім қабылдау
Е)Ұйымның ішкі құрылымын жетілдіру
4.Шешім дегеніміз не?
А)Баламалы таңдау
В)Ақыл-ойдың түпкі нәтижесі
С)Белгілі бір істің аяқталу нәтижесі
Д)Жұмыстағы түбегейлі іс-қимыл
Е)Дұрыс жауабы жоқ
5.Мүмкін болған екі ұйғарымның бірін таңдап алу мәжбүрлігі нені көрсетеді?
А)B және D жауаптары
В)Шешім
С)Альтернатива
Д)Ұйым нәтижесі
Е)Баламалы таңдау
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1.Теория и практика
2.Литвак БУправленческие
3.Фатхутдинов Р. Разработка управленческого решения: Уч.пос.–М.: Бизнес-школа, Интел-Синтез, 1997
4.Евланов Л.Г. Теория и практика принятия решений. М.: Экономика, 1994.
2- такырып Шешім – ұйымдастыру акті, шешім- басқару процесінің кезеңі, шешім- басқарушы жүйенің басқарылушы жүйеге әсерін ресмилендіру процесі
Дәрістің мақсаты: Шешімінің мәні мен мағынасын түсіну, олардың басқарылу жүйесі мен өзіндік ерекшеліктерін танып білу.
Сұрақтар
1. Шешім: мәні мен мағынасы
2. Басқару шешімдерінің процесі
Басқару қызметі процесінде шешім қабылдау ең түйінді мәселе. Шешім қабылдау басқару процессінің міндетті, қажетті бөлігі. Басшының кез келген әрекеті іс жүзінде белгілі бір шешім қабылдаудан басталады.
Кәсіпорынның және ондағы бөлімшелер қызметінің нәтижесі басшының дер кезінде шешімді дұрыс қабылдау қабілетіне, әрі оны жүзеге асыра білуіне, ал оның жеделдігі мен дұрыстығы басшының тәжірибесі мен біліміне байланысты. Егер ол өндірісті, технологияны және адамдарды жақсы білетін болса, жұмыс тәжірибесі мол болса, онда оған шешім қабылдау қиынға түспейді.
Басшы соныме қоса жете ойластыруы жоқ деректерді болжалдай білуі, дұрыс қорытынды жасай білуі және соның негізінде жағдайға сәйкес келетін шешім қабылдауы тиіс. Басшы кез келген жағдайда шешім қабылдаудан бас тартпауы тиіс.
Қабылданған шешім бүкіл ұжымның экономикалық және әлеуметтік нәтижелеріне, әрбір жұмыскерге қолайлы немесе қолайсыз әсер етуі мүмкін. Сондықтан да шешім қабылдаған адам өзіне үлкен жауапкершілік жүктейді.
«Басқару шешімі» термині екі негізгі мәнде қолданылады. Бірінші жағдайда ол белгіленген басару актісін, қабылдаған іс-әрекет жоспарын, қаулы-қарарларды т.б. екінші жағдайда – проблемалар мен міндеттер шешімін қабылдаудың және жүзеге асырудың ең қолайлы вариантын білдіреді.
Басқару шешімінің ең маңызды белгісі, объекті: өндіріс немесе басқару жүйесінің өзі болып саналады.
Шешім туындаған проблема болған жағдайда қабылданады. Проблема дегеніміз, жүйенің қажетті және қолданылып жүрген қалпының арасындағы сипатталатын жағдай. Жалпы әрекеттесетін жүйелерде шешім қабылдамаса да болады. Алайда іс жүзінде бұлай болуы мүмкін емес, өйткені өндірісте көптеген ауытқу, теріс ықпал ету жағдайлары кездесетіндіктен, оны түзету үшін шешім қабылдауға тура келеді.
Басқару шешімінің қабылдауға жүйелік тұрғыдан қараудың, пайда болған проблемаларды шешудің жүйелігін сақтаудың зор маңызы бар. Әрбір жаңа шешім алдыңғы шешімдерді өрістету үшін қабылдануы, сөйтіп бірыңғай өндірістіук міндеттерді кезең-кезеңімен орындауды қамтамасыз етуі тиіс.
Басқару шешімінің маңызды талабы оның сонылығы. Күрделі өндірістік жағдайда, әсіресе жұмыстың қауырт кезінде, егер барлық факторларды ескеруге көп уақыт кететін болса, онда шешім қабылдауды кешіктіріп, жұмыстың орындалуына кедергі жасағаннан гөрі, ең дұрысы тәуекел еткен жөн. Мұның тек жедел шешімге ғана емес, басқа да шешімдерге қатысы бар. Керженцев былай деп атап көрсетеді: «шектен тек қол қусырып отырғанша, онша негізделмеген болса да, шешім қабылдаған жөн, өйткені шешімнің шала тұстарын кейіннен жетілдіруге болады.».
Басқару шешімінің маңызды талаптарының бірі – мақсаткерлік. Шешім ұжымның мақсатын, басты міндеттерін білдіреді, кез келген жұмысты тікелей орындаушыларға берілетін тапсырмалады айқындайды. Ірі шаруашылық шешімдері бірнеше мақсатты айқындайды.
Кез келген шаруашылық шешімі әділ болуы, яғни шешімді қабылдаған кезде істің нақты жағдайы ескерілуі тиіс. Сонымен қоса, кез келген шаруашылық шешімі дәйекті болғаны жөн. Практикалық тәжірибе ғылыми жетістіктеріне сүйенсін, яғни кез келген шаруашылық шешімі ғылыми негізделсін. Басқару шешімі жан-жақты болуы яғни шаруашылық мәселелерімен қоса әлеуметтік сипаттағы мәселелерде шешілсін.
Кез келген шешім, ол ауызша, мейлі жазбаша түрде қабылданса да, дәл нақты, айқын, дәлелді болуы, толық қамтылуы әрі кімге арналғаны дәл көрсетілуі тиіс.Шешімде тапсырманың мәні, оның көлемі, мерзімі, жүзеге асыру әдісі, сондай-ақ орындауға жааптылар көрсетілген.
Сонымен, басқару шешімінің маңызды талаптарының бірі – мақсаткерлік. Шешім ұжымның мақсатын, басты міндеттерін білдіреді, кез келген жұмысты тікелей орындаушыларға берілетін тапсырмалады айқындайды. Кез келген шешім, ол ауызша, мейлі жазбаша түрде қабылданса да, дәл нақты, айқын, дәлелді болуы, толық қамтылуы әрі кімге арналғаны дәл көрсетілуі тиіс.
Сұрақтар:
1.Мүмкін болған екі ұйғарымның бірін таңдап алу мәжбүрлігі нені көрсетеді?
А)B және D жауаптары
В)Шешім
С)Альтернатива
Д)Ұйым нәтижесі
Е)Баламалы таңдау
2.Басқаруда шешім қабылдау қандай жүйеленген процесс болып табылады?
А)Өте қатаң, әрі күрделі
В)Күрделі және тиімсіз
С)Аса маңызды емес
Д)Кейде қарастырылатын және тиімді
Е)Қажетсіз
3.Басшының іс-әрекетін неғұрлым түсіну үшін ұйымдағы жалпылама шешім қабылдау мінездемесін көрсететін не?
А)Ұйымдық шешім
В)Басшының іс-әрекеті
С)Қабылданған шешім
Д)Жұмыскерлердің еңбекақысы
Е)Дұрыс жауабы жоқ
4.Лауазымды адамдардың өздеріне берілген міндеттерді орындау қабілеттілігін таңдай білуі
А)Ұйымдық шешім
В)Ұйымдастыру
С)Басшылық стиль
Д)Дұрыс жауабы жоқ
Е)Басқарушылық
5.Ұйымдық шешім дегеніміз не?
А)Ұйымда қабылданған және орындалған мақсат
В)Ұйым басшысы шешетін қызмет
С)Ұйым мен ұйымнан тыс адамдардың шешімі
Д)Ұйым алдындағы шешілмеген мәселе
Е)Барлық жауаптары дұрыс
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1. Беспалов В.А. Наука
и искусство принятия
2. Грабовый П.Г. и др. Риски в современном бизнесе. М.: Альянс,1994
3.Доусон Р. Уверенно принимать решения. М.: ЮНИТИ, 1996
4. Друкнер П.Ф. Задачи менеджмента в XXI веке. М.: Издательский дом «Вильямс», 2001
3-тақырып Басқару шешімінің формальды және формальды емес аспектілері
Дәрістің мақсаты: ұғым түсінігі, мазмұны, басқару шешімдерін қабылдау мен өңдеу процестерінің жүйелік бағдарын жүзеге асыру ерекшеліктері мен құрылымдық элементтері.
Сұрақтар:
1 Жүйелік бағдар басқару шешімдерінің негізі ретінде
2 Басқару шешімдері әдістеріндегі негізгі ұйымдық элементтері
3 Басқару шешімдері әдістеріндегі кезіндегі нақты функциялардың мазмұны мен тізімі
4 Басқару шешімдері әдістеріндегі кезінде жалпы функциялар мен процедуралардың мазмұны
Қазіргі таңда басқару бойынша мамандар мен билік өкілдері шешімді өңдеу мен қабылдау уақытындағы жүйелік бағдарды қолдануға үлкен қызығушылық танытуда. Тәжірибе жүзінде кез келген экономикалық, әлеуметтік, басқару зерттеулерінде жүйелік бағдарды қолдануға жүгінеді.