Лекции по "Бухгалтерскому учету"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2014 в 22:16, курс лекций

Краткое описание

Пәнді оқу кезінде басқару шешімдерінің мақсаттық бағыталуына, қазіргі заманғы электрондық-информациялық технологиялардың элементтеріне, адам факторының рөліне, басқару шешімдерін дайындауда және жүзеге асыруда белгісіздіктер мен тәуекелдерді азайту мүмкіншіліктеріне көп көңіл бөлінеді. Бес бөлімге топталынып, ұсынылған материал Қазақстан Республикасының жалпыға міндеті жоғары кәсіптік білім стандартына енгізілген 05.05.07 – «Менеджмент» мамандығына ұсынылған «Басқарушылық шешімдерді жасау» пәні бойынша мәселелерді жүйелі түрде оқытуды қамтып көрсетеді.

Содержание

Пәннің типтік бағдарламасы……………………………………………………………..
Пәннің жұмыстық оқу бағдарламасы…………………………………………………..
Силлабус…………………………………………………………………………………
Тапсырмаларды орындау кестесі……………………………………………………….
Пәнді қамтамасыз ететін оқу- әдістемелік карта………………………………………….
Лекциялық кешен………………………………………………………………………..
Глосарий………………………………………………………………………………….
СОӨЖ өткізуге әдістемелік нұсқау…………………………………………………….
СӨЖ ұйымдастыруға әдістемелік нұсқау
10.Пәнді оқыту бойынша әдістемелік нұсқау
11..Емтихан сұрақтары…………………………………………………………………...

Прикрепленные файлы: 1 файл

umkd-bchkt.doc

— 813.00 Кб (Скачать документ)

Д)Алтыға

Е)Беске

  

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

  1. Кузнецова Л.А. Разработка управленческого решения: Учеб пособие / Челяб. госун-т Челябинск, 2001- 70 с.
  2. Чуйкин А.М. Разработка управленческих решений: Учебное пособие / Калинингр. ун-т. - Калининград, 2000. - 150 с.
  3. Управленческие решения. Учебное пособие. / Юкаева В.С. - Дашков и К, 1999.
  4. Смирнов Э. А. Разработка управленческих решений: Учебник для вузов. - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2000.
  5. Разработка управленческого решения. / Трояновский В.М. - РДЛ, 2003.
  6. Фатхутдинов Р.А. Управленческие решения: Учебник. 4-е изд., перераб. и доп. - М.: ИНФРА - М. – 2001.-315 с.

 

 

4-тақырып Басқару шешімдерінің типологиясы. Классификацияның қағидалары мен белгілері.

Дәрістің мақсаты: Басқару нәтижелерінің, мақсат жүйесінің және миссиямен белгіленген басқару шешімдерін талдап, жалпы реттелуін қарастыру.

Сұрақтар:

1. Басқару шешімдерінің типалогиясы

2. Басқару шешімдерге қойылатын  талаптар

 

 Басқару шешімдерін жіктеудің теориялық және практикалық мәні зор. Басқару шешімдерінің табиғаты алуан түрлі. Олардың алуан түрлілігін жүйелеу, реттеу үшін түрліше белгілері бойынша жіктейді.

Басқару субъектісі бойынша шешімдерді былайша бөлуге болады:

  1. Әкімшілік шешімі;
  2. Қоғамды ұйымдар шешімі т.б.

Басқару объектісі бойынша шешімдерді жалпы және жекелей, күрделі және қарапайым деп бөледі. Жалпы шешім, әдетте, бүкіл шаруашылықтың мүддесін қозғайды. Жекелей шешімінің жедел сипаты болады, бұл көбінесе басқарудың төменгі буынына тән.

Ықпал ету объектісі бойынша шешімді сыртқы және ішкі деп бөледі.

Сыртқы шешім халық шаруашылығы өндірісінің ерекшелігін айқындайды, әрі сол шаруашылықтың жоғарғы ұйымдармен және органдармен, сондай-ақ ауыл шаруашылық өнімдерін өңдейтін кәсіпорындармен қарым-қатынасын қарасытырады.

Ішкі шешім ауыл шаруашылығы кәсіпорынның өзіндегі қызмет саласына жатады.

Уақыт өлшеміне қарай шешімді: перспективалық, күнделікті және жедел деп бөледі.

Болашақ шешімнің орындалуына ұзақ уақыт керек. Мәселен, ірі мал шаруашылық кешендерін салу, кәсіпорынды дамытудың әлеуметтік-мәдени жоспарлары т.б. перспективалық шешімге жасаты. Мұндай мәселелер күрделі қаржы бөлуді, еңбек, материалдық және басқадай ресурстарды қамтиды. Перспективалық шешім бағдарламалық сипат алатындықтан, перспективалық жоспарларда көрсетіледі.

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары үшін күнделікті шешім көбінесе бір-екі жыл аралығында жүзеге асырылады.

Жедел шешім, әдетте, қысқа уақыт ішінде (бірнеше апта, күн, ай) жүзеге асырылады.

Басқару шешімі ұйымдастырылуына қарай жекелей алқалы және ұжымдық болып бөлінеді.

Жекелей шешім – бұл басшының ұжыммен немесе жекелеген адамдармен келісімінсіз, әрі ешбір талқылаусыз жеке зінің шығарған шешімі. Бұл көбінесе ұсақ-түйек мәселелерді қозғайтын жедел шешім немесе өндірісті дамытудың принципті проблемаларын қозғамайтын шешім. Төтенше жағдайда мұның өзі ерекше маңызды шешім болуы мүмкін. Жекелей шешімнің сипаты мен мазмұны басқарудың орталықтану деңгейіне қарай айқындалады.

Алқалы шешім – бұл мамандар тобымен және тиісті басшылармен бірлесіп, ақылдасып отырып жасалынатын шешім. Мұндай шешімге әдетте мұқият әзірленеді, әрі онда көптеген мәселелер қамтылады. Алқалы шешімде әр түрлі басшылардың жекелей жауапкершілігіне нұқсан келтіретін жайттар болмауы тиіс.

Ұжымдық шешім брлық ұйым мүшелерінің жалпы жиналысында қарастырылып, сонда қабылданады.

Қызметтік мақсатына орай шешімдерді жоспарлау-экономикалық, технологиялық қаржы және әкімшілік сипатта бөледі.

А.И.Пригожин «Басқарудың әлеуметтік жағдайлары» кітабында басқару шешімдерін былайша жіктейді:

  1. Мұқият айқындалған типті шешім, оның мазмұнына басшының дербес ерекшеліктері әсер етпейді немсе шамалы әсер етеді. Бұған кадр мәселелері (жұмысқа қабылдау және шығару), агрономиялық, инженерлік және зоотехникалық-малдәрігерлік жұмыстарды ұйымдастыру және т.б. жатады. Мұндай шешімдерді ойластырғанда алдыңғы тәжірибелер міндетті түрде ескеріледі.
  2. Ынталы шешім, яғни онша айқындалмағкан шешім, мұнда асшының жекелей үлесі басым болуы мүмкін.
  3. Шығармашылық шешім белгілі бір статистикалық мақсатты және соған жетуді көздейді. Әдетте мұндай шешім ұжымның алдында тұрған күрделі мәселелерді қозғайды. Мұндай шешімнің мысалына кәсіпорындағы ғылыми-техникалық прогресті, оның әлеуметтік жағдайын дамыту бағдарламалары жатуы мүмкін. Атап көрсететін жайт, мұндай мәселелер бойынша шешім әзірлеуге міндетті түрде сол шаруашылықтың жұмыскерлері, оның қоғамдық ұйымдары кеңінен қатыстырылуы тиіс.

Шет ел авторлары ұйымдық шешімдерді бағдарланған және бағдарланбаған деп жіктейді.

Бағдарланған шешім дегеніміз жоспарлаудың немесе іс-әрекеттердің белгілі бір жүйемен жүзеге асу нәтижесі, былайша айтқанда, шешімнің математикалық теңдеуі. Әдетте балама мүмкіндіктерінің саны шектеулі, сондықтан да таңдау ісі ұйым белгіленген бағыт шебінде болуы тиіс.

Бағдарланбаған шешім біршама жаң, ішкі құрылымы қалыптаспаған немесе белгісіз факторлар жағдайында қабылданады. Мұндай шешімдерге мыналар жатады:  ұйым мақсаты қандай болу керек, басқару бөлімшесінің құрылымын қалай жақсарту керек.

Осы жағдайлардың кез келгенінде проблеманың нағыз себептері аталған факторларың біреуі болуы мүмкін. Мұндайда басшының таңдауында көптеген варианттар болады.

Практикада таза түрінде бағдарланған немесе бағдарланбаған шешімдер сирек кездеседі, барлық шешімдер шектеулі варианттардың аралығында болады.

Осы келтірілген жіктеулер басқару шешімдерінің барлық жағын қамтымайды, алайда едәуір мәні бар. Оның өзі алуан түрлі шешімдерді түсінуді оңайлатады, әрі барлық түрін қарастыруға көмектеседі. Сонымен қоса бұлайша жіктеудің практикалық пайдасы да бар. Соның арқасында басқарудың әр түрлі буынындағы қызметкерлер жағдайы мұқият талдап, неғұрлым тиімді, әрі заңды шешімдерді таңдап алады, сондай-ақ басқарудың әр түрлі деңгейінде шығарылатын шшешімдерді өзара келісуге мүмкіндік береді.

Жоғарыда атап көрсетілгендей, нақты басқару шешімдері өзінің мазмұндық ерекшеліктері жағынан бір-бірінен айырмашылығы бар. Алайда, көптеген шешімдерді өзара салыстырғанда, олардың арасында елеулі ұқсастық, заңды белгілер бар екендігін аңғаруға болады.

Басқару шешімдерінің ішкі мазмұнының біртұтастығы проблема қалай шешілуі керек деген сауалға жауап береді. Бұл – шешімнің маңыздыф бөлігі.

Шешімнің ұйымдық бөлігіне мынадай мәселелер жатады: іс-әрекеттің бірізділігі мен реттілігі, календарлық мерзімдер (ақырғы және аралық), орындауға жауаптылар (ұйымның, қызмет адамының аты және фамилиясы көрсетілген), орындаушылар арасындағы үйлестіру және өзара әрекеттесу мәселелері есеп беру тәртібі.

Болашақ шешімнің орындалуына ұзақ уақыт керек. Мәселен, ірі мал шаруашылық кешендерін салу, кәсіпорынды дамытудың әлеуметтік-мәдени жоспарлары т.б. перспективалық шешімге жасаты. Мұндай мәселелер күрделі қаржы бөлуді, еңбек, материалдық және басқадай ресурстарды қамтиды. Басқару шешімдерінің ішкі мазмұнының біртұтастығы проблема қалай шешілуі керек деген сауалға жауап береді. Бұл – шешімнің маңызды бөлігі болып табылады.

Сұрақтар:

1.Ұйымдық шешім нешеге бөлінеді?

А)2

В)3

С)4

Д)5

Е)7

2.Математикалық теңдеулерге байланысты жүзеге асыратын шешім түрі

А)Бағдарланған

В)Жалпы

С)Сыртқы

Д)Математикалық

Е)Ұйымдық

 

3.Бағдарланбаған шешім дегеніміз не?

А)Белгісіз факторлармен ілесе жүретін ұйымдағы жағдайлар

В)Нарықтық экономикаға өтеу кезінде пайда болатын жағдайлар

С)Белгілі бір мақсаты, міндеті жоқ шешім

Д)A және С жауаптары

Е)Дұрыс жауабы жоқ

 

4.Ұйымдағы шешімнің қабылдауына көмекші құралы ретінде және оның кемшіліктерін жоятын шешім түрі

А)Бағдарланған

В)Ішкі

С)Жеке

Д)Жалпы

Е)Барлық шешім түрі

 

5.Өнімді қалай жақсартуға болады, бөлімшенің құрылымын қалай жетілдіру қажет және бағыныштыларды қалай ынталандыру керек деген шешімдердің типі қайсысына жатады?

А)Бағдарланбаған

В)Бағдарланған

С)Вербалды

Д)Негізгі

Е)Орташа

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

1.Теория и практика менеджмента: Учебник / Под ред. К.Е.Кубаева. Алматы: Қазақ университеті, 2005.

2.Литвак БУправленческие решения.– М.: ЭКМОС, 1998

3.Фатхутдинов Р. Разработка управленческого решения: Уч.пос.–М.: Бизнес-школа, Интел-Синтез, 1997

4.Евланов Л.Г. Теория и практика принятия решений. М.: Экономика, 1994.

 

 

5- тақырып  Басқару шешімдерін жасау және қабылдау технологиясы

Дәрістің мақсаты: Жобаны басқарудың кезеңдері мен фазаларын талдау

Сұрақтар

1. Басқару шешімдерін әзірлеуде мақсаттың приоритеті (БШӘ)

2. Инициативтік-мақсаттық  технология

3. Бағдарламалық-мақсаттық  технология

 

Басқару шешімдерін шығару мен жүргізудің бүкіл үрдісі жоспарланған мақсатқа жетуге бағытталуы керек. Бұл 1.2-тақырыпта келтірілген басқару шешімдерін әзірлеу үрдісінің жалпы сызбаларымен байланысты. Мақсатқа бағытталу басқару шешімдерін жасау мен жүргізуде профессионалды басқару технологияларын қолдану нәтижесінде жүзеге асады. Басқару шешімдерін жасау технологиясы – ұйымның жалпы және кілтті мақсаттарына жету үшін басшының персоналға басқарушылық әсерін жүзеге асыра алу қабілеті, шеберлігі, өнері. Басқару шешімдерін жасау келесілерден тұрады:

    • ақпаратты жинау мен өңдеудің әдістері мен құралдары;
    • персоналға тиімді әсер етудің тәсілдері;
    • ұйымдастыру мен басқарудың қағидалары, заңдары мен заңнамалары;
    • бақылау жүйесі.

Берілген технологияның негізі ұйымға, сонымен бірге оның әрбір

қызметкеріне жасалатын бизнес-жоспар болып табылады.  Мамандандырылған қызмет ретінде кәсіпорында басқару басқару шешімдерін әзірлеу технологияларын негізделген қолданудан басталады. Технократиялық технологияға қарағанда ( машина жасаудағы, металл өңдеудегі және т.б.) басқару шешімдерін жасау технологиясы детерминирленген болып табылмайды, себебі оның объектілері болып адамдар, бригадалар, бюро табылады. Сондықтан Басқару шешімдерін жасау технологияларын қолданудың жағдайын жақсарту бойынша тқрақты жұмыс талап етіледі. Басқару шешімдерін жасау технологиясының құрамына мақсатты технология (МТ) және процессорлік технология кіреді (ПТ). Процессорлік технологиялар мақсаттық технологияға қатысты құрал ретінде қызмет етеді. Мақсатты технлогогиялар инициативті-мақсатты, бағдарламалық-мақсатты және регламенттік технологиялардан тұрады. МТ- мақсаттардың жағдайларға байланысты приоритетіне бағытталған. МТ келіспейтін әсерлерді жоюға емес, шешімдерді мақсатқа жетуге бағыттайды.

Мақсаттық технология негізгі пәні мақсат болып табылады. Ұйымның мақсаты- кәсіпорынның қалайтын және ұйым үшін мүмкін болатын, қоғам үшін қажет және пайдалы үрдіс (құбылыс). Үрдіс ретінде мақсат ұйымда қабылданған даму тенденциясы көрсетеді, мысалы, « Туристтік қызметтерде клиенттердің қызығушылықтары мен қажеттіліктерін максималды қанағаттандыру». Құбылыс ретінде мақсат қандай да бір өнімді жасаудың соңғы кезеңін анықтайды, мысалы, « 2000 жылдың соңына қарай 120 жеңіл автокөлік үшін көпқабатты гараж салып, пайдалану мерзіміне енгізу». Мақсаттық технология Басқару шешімдерін жасау технологиясын мекеме бойынша көрсетеді.

Мақсат өте ұсақ мақсаттарға бөлінуі мүмкін (мақсат иерархиясы), әрбір мақсат кем дегенде екі міндеті қалыптастыруы керек. Өз кезегінде күрделі міндеттер екі негізгі сызбада көрсетілу мүмкін (2.4-сурет).

Мақсаттық технология жүзеге асыруда ынтымақтастық  және пропорционалды авторлықты бөліп қарастырады. Ынтымақтастық авторлық – бұл міндеттер мен нәтижелерді орындаудың бүкіл бағдарламасына басшылық пен орындаушылардың тең құқықтары. Пропорционалды авторлық- бағдарламаға қатысқан барлық қатысушалардың шығындарының қатынасымен ( материалдық, интеллектуалдық және т.б.) анықталатын бүкіл бағдарламаға және міндеттердің нәтижесіне  немесе олардың бөліктеріне құқықтар.

 

 

 


 




 



 


 

 

 

                                   .........................


 

 

 

 

 

 

 

 

2.4-сурет. Мақсаттар  мен міндеттерді ірілендіру сызбасы

Берілген технология міндеттерді құралдарын және оларды орындау әдісін көрсетпей беруге негәізделген және инициативті және маманданған орындаушыға есептелген. Инициативті-мақсаттық технология басшының жұмысшы үшін міндеттің тек қана соңғы мақсатын жасауды қарастырады, сонымен бірге орындау мерзіміне( Морын)  жету механизмін көрсетпей. (2.5-сурет). Сонымен бірге мақсат белгілі бір себептерге байланысты орындалмауы мүмкін (қисық 1), қарастырылған уақыт мерзімінде  немесе одан бұрын орындалуы мүмкін (қисық 2), белгіленген мерзімнен тыс орындалуы мүмкін (қисық 3). Инициативтік-мақсатты технология бағыныштылардың инициативті шешім қабылдауларына кең мүмкіндік береді.

Мақсат

 



 


 


 


 

 

 

 

 

 

Уақыт

                                                                                             Морын

 

2.5-сурет. Инициативті-мақсаттық  технологияны жүзеге асыру сызбасы

Информация о работе Лекции по "Бухгалтерскому учету"