Лекции по "Бухгалтерскому учету"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2014 в 22:16, курс лекций

Краткое описание

Пәнді оқу кезінде басқару шешімдерінің мақсаттық бағыталуына, қазіргі заманғы электрондық-информациялық технологиялардың элементтеріне, адам факторының рөліне, басқару шешімдерін дайындауда және жүзеге асыруда белгісіздіктер мен тәуекелдерді азайту мүмкіншіліктеріне көп көңіл бөлінеді. Бес бөлімге топталынып, ұсынылған материал Қазақстан Республикасының жалпыға міндеті жоғары кәсіптік білім стандартына енгізілген 05.05.07 – «Менеджмент» мамандығына ұсынылған «Басқарушылық шешімдерді жасау» пәні бойынша мәселелерді жүйелі түрде оқытуды қамтып көрсетеді.

Содержание

Пәннің типтік бағдарламасы……………………………………………………………..
Пәннің жұмыстық оқу бағдарламасы…………………………………………………..
Силлабус…………………………………………………………………………………
Тапсырмаларды орындау кестесі……………………………………………………….
Пәнді қамтамасыз ететін оқу- әдістемелік карта………………………………………….
Лекциялық кешен………………………………………………………………………..
Глосарий………………………………………………………………………………….
СОӨЖ өткізуге әдістемелік нұсқау…………………………………………………….
СӨЖ ұйымдастыруға әдістемелік нұсқау
10.Пәнді оқыту бойынша әдістемелік нұсқау
11..Емтихан сұрақтары…………………………………………………………………...

Прикрепленные файлы: 1 файл

umkd-bchkt.doc

— 813.00 Кб (Скачать документ)

Жүйелік бағдар — бұл қазіргі заман ғылымының әдістемелік бағыты, жүйенің объектілерінің талдауы мен әдістемелігімен байланысты болатын. Жүйе — бұл бір-бірімен байланысты құрамдас элементтердің жиынтығы. Толықтылық — жүйенің құрамы, сыртқы ортамен байланыс кезінде өзін-өзін көрсету. Бұл ұғымның мазмұны жүйені бір бүтін ретінде қарастырады, олар оның құраушы әлементтерінің құрамында жоқ. Ал олардың арасындағы ішкі байланыс сыртқы орта элементтерімен байланыспен салыстырғанда қатаң болып келеді.   

Жүйенің бір-бірімен байланысты элементтерінің жиынтығы ішкі жүйені құрады. Күрделі жүйе әртүрлі деңгейдегі ішкі жүйелерді біріктіреді. Кез- келген  жүйенің ішкі жүйесі оның элементтеріне қатысты өзі жүйе болады. Мәселен, қала аймақтың ішкі жүйесі болып табылады, ал қалалық кішігірім аудан қаланың ішкі жүйесі болып табылады.

Жүйелік талдау — бұл әлеуметтік-экономикалық, техникалық және басқа да адам қызметі сферасындағы басқа да мәселелерді шешу кезіндегі жүйелік бағдарды қолдану.  Кез-келген жүйе үшін келесідей ерекшеліктер тән:

-жүйе тәртібі толығымен оның құрамына енетін ішкі жүйелерге тәуелді; 

- жүйені бөлшектерге ажыратқанда ол өзінің құрамын жояды; 
         - Ішкі жүйенің құрамы олардың жүйеден ажыратылуы кезінде жоғалады.

Әлеуметтік-экономикалық жүйенің айрықша ерекшелігі:

  • Басқару процесіндегі адам факторы рөлінің күшеюі;
  • Мәселелер комплекстігі және олардың әлеуметтік, экономикалық, басқару, техникалық және басқа аспектілерінің бірыңғайлығын зерттеудегі қажеттілігі;
  • Ағымдағы процесстердің қозғалыста болуы;
  • Ғылыми білімнің интеграциясы;
  • Объектілер арасындағы тығыз байланыс;
  • Қаржылық, уақытша, адами ресурстарының жетіспеушілігі;
  • Басқару процесстерінің автоматтандырылуы мен стандартталуының жоғары деңгейі.

Жүйенің негізгі құраушылары кіру, процесс, шығу;

Кіру – ішкі процестегі олардың рөлдері бойынша сыныпталатын элементтерден тұрады.

Кірудің бірінші элементі (Х) – кейбір процесс немесе операция объекті. Ол жүйенің ақпаратын, энергиясын, ресурсын сипаттайды.

Екінші элементі (Х) – сыртқы орта элементтерінің жиынтығы және жүйе процесіне әсер етеді.

Жүйемен бақыланбайтын сыртқы орта факторлары 2

құраушыға ажыратылады:

  • Кездейсоқ;
  • Сыртқы факторлар, қарасиырылатын жүйеге қатынасы бойынша оң әсер ететін.

Сыртқы орта мақсаты белгілі, жартылай белгілі немесе мүлдем белгісіз.

Кірудің үшінші элементі (Х) – ұйымдастыру және функционалдандырудың ережесін, мақсатын, амалдарын, шектелген шарттарын қамтиды.

Жүйенің кірісі құрамы бойынша сыныпталады:

  • Материалды, энергетикалық;
  • Ақпараттық;
  • Аралас.

Жүйелер, олардың құрамына енетін элементтерінің түрлеріне тәуелді келесі түрлерге бөлінеді:

- машиналық және автоматтық, белгілі  кезең уақытында адамның қатысуынсыз  функционалдануға қабілеті бар; человеко-машинные;

  • Әлеуметтік, «адам — адам», яғни адамдар арасындағы қарым-қатынасқа негізделеді.
  • Жүйелер сыртқы ортамен байланыс деңгейіне тәуелді ашық және жабық болып бөлінеді. Ашық жүйелер сыртқы ортамен ақпараттық, материалдық энергия ағымымен алмасады. Ал, жабық жүйелерде тәжірибелік тұрғыдан алғанда қоршаған ортамен ақпараттық, материалдық, энергиялық қарым-қатынас байқалмайды.

Мақсатына байланысты жүйелер бірмақсатты, яғни бір ғана мақсатты орындайды және көпмақсатты.

Жүйені басқару қағидасы қарама –қарсы байланысқа негізделеді. Қарама-қарсы байланыс — тікелей немесе басқа да элементтер арқылы жүзеге асырылатын жүйе кірісі мен шығысын байланыстырады.

 Басқару шешімдерін құрастырып  жүзеге асыру үрдісі жүйелік  бағдардың толық және кезекті  қолдануына негізделеді.

Сонымен, жүйе — ортақ мақсатпен байланысқан  және бір-бірімен байланысқан элементтер жиынтығы, бір бүтінді құрады.

 

Шешімді басқаруды әзірлеу мен өңдеу процесінде келесідей 4 негізгі субъектіні атауға болады: шешімге тапсырыс беруші, шешімді құрастырушы, шешімді орындаушы және оны пайдаланушылар.

Шешімге тапсырыс берушілер болып:

* оның орындалуын ұйымдастыратын басқарушы өкіл немесе оны орындаушылар ретінде өздері орындайтындар; 

* өздерінен дәрежесі  төмен басқарушы өкілдерге жоғары  дәрежедегі басшылықтың тапсыруы;

* басқару немесе биліктің  қадағалаушы органдары (басшылық, акционерлер, қадағаушы кеңес, сот органдары, қоғамдық ұйымдар және т.б. ).

Шешімді құрастырушылар болып: жеке мамандар, сонымен қатар басқарушылар, жобалық ұйымдар, заңи және қадағалаушы органдар, қоғамдық ұйымдар.

Шешімді орындаушылар болып: компания немесе қоғамдық ұйымдар қызметкерлері болуы мүмкін.

Шешімді пайдаланушылар: персонал немесе  тұрғындар, олар үшін шешім әзірленеді және жүзеге асады, ұйымдар және бөлімшелер.

Шешімді басқаруды әзірлеу мен жүзеге асыру басқару қызметінің әдістемесіне сәйкес нақты функция, шара мен операцияның нақты иерархиясын қамтиды.

Басқару шешімдерін жасаудың нақты функциясы шаралардың жиынтығын қамтиды., ал әр шара жалпы функция жиынтығынан тұрады, ал, жалпы функция операциялардың қажетті жиынтығын қамтиды. Шешімді басқаруға дайындық пен жүзеге асыру кезінде функциялар, шаралар мен операциялардың өзара қарым-қатынас схемасының 3 негізгі нұсқасы қолданылады:

  • Басқару шешімдерін жасаудың масштабты көлемдегі нақты функциясы сипатында;
  • Басқару шешімдерін жасаудың масштабты процедуралар сипатында;
  • Басқару шешімдерін жасаудың масштабты сипаттағы жалпы функциялары кезінде.

Функция – бұл белгілі белгілер бойынша біртектес іс-әрекеттердің жиынтығы, басқарудың ортақ мақсатына бағытталған болып келеді. 

Басқару шешімдерін жасаудың нақты функцияларының тізіміне келесілерді жатқызуға болады:

* стратегиялық жоспарлау;

* басқару қызметін басқару;

* сыртқы және ішкі  ортадағы коммуникация;

* адами ресурстарды басқару;

* басқарушылық кеңес;

* өндірістік және қызмет  көрсету саласын басқару; 

* компанияның басқару жүйесін қалыптастыру (методология, құрылым, процесс, механизм, басқару техникасы).

Стратегиялық жоспарлау  компанияның мақсатына жетуге қажет болатын нақты стратегияны әзірлеуге апаратын басқару шешімдерін әзірлеу мен жүзеге асыруды қарастырады.

Стратегия ( генерал өнері) – бұл мақсатқа жетудің жалпы және жан-жақты жоспары.Келесі стратегиялар кең қолданылады:

* өсім стратегиясы – компанияның ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді жоспарының негізгі көрсеткіштерін өсіруін қарастыратын іс- әрекеттер жоспары; 

* шектелген өсім стратегиясы–  мүмкін болатын инфляция есебімен  бұрынғы жылғы жспарға жетуге  негізделген іс –әрекеттер жоспары;

* жұмыстан босату стратегиясы – компанияның ұзақ және қысқа мерзімді жоспардың негізгі көрсеткіштері  ағымдағыдан төмен болып келетін іс-әрекеттер жиынтығы.

Басқару қызметін басқару шешімдерді басқарумен байланысты. Кез –келген бөлімше басшысы екі лауазымды да атқарады – нақты техникалық және биологиялық облыстағы маман мен басшы. Мәселен, бас агроном тек агрономдық қызметпен ғана емес, сонымен қоса басқарушылық қызметпен айналысады

Сыртқы және ішкі ортадағы коммуникация басқару шешімдерді компанияның оңтайлы қызметін қалыптастыру үшін әзірлейді. Бұл басқару шешімдері жеткізушілер мен пайдаланушылардың, жұмысшылар мен клиенттердің қарым-қатынасын құрады. 

Адами ресурстарды басқару  – бұл функция персоналды басқару тәрізді кең тараған функцияның құрамына кіреді. Адами ресурстар деп: еңбек өнімділігі, ғылыми және тәжірибелік потенциал, адамның жеке қасиеттері.

   Қызмет көрсетуді және өндірістік қызметті басқару  шешімді басқаруды компанияның функционалдаушы жүйесіне оның қайта өңделуінсіз бейімдейді. Шешімдерді басқару  бухгалтерия, кадр бөлшімін, маркетинг бөлімінің, өндірістік цехты басқару және т.б.қызметін жүзеге асырады.  

Компанияның жүйесін басқаруды қалыптастыру.  Шешімдерді басқаруда бейнеленеді, компанияның реформалануына бағытталады. Осы тәрізді шешімдердің нәтижесі компания миссиясына, оның құрылымына, шығарылатын өнімге, кадрлық саясатқа, сыртқы ортамен байланысына өмірлік өзгіріс береді. Оған компанияның бөлінуі немесе бірігуі мысал бола алады.  

  Әр нақты функция сегіз шарадан тұрады, олар өз тарапынан екі кезеңнен тұрады: басқарылатын шешімдердің әзірленуі мен жүзеге асуы.

 «Паблик рилейшинс»  позициясы бойынша басқару шешімдерінің жүзеге асырылуы оның өңделуінен бұрын не дейін басталу керек.  Осыған байланысты басқару шешімдерінің жалпы жүзеге асу процедурасы өзгереді. 

  • Басқару шешімдерін әзірлеуде қызығушылық танытатын тұлғалардың ақпаратпен қамтылуы (бұйрық, БАҚ- дағы баспаға шығару және т.б.);
  • Басқару шешімдерін жүзеге асыру процесінің орындаушылары мен тапсырыс берушілерімен келісу;
  • Басқару шешімдерінің жүзеге асу ұйымы;
  • Басқарылатын шешімдердің ағымдағы және соңғы жүзеге асу нәтижесі;
  • Басқару шешімдерін әзірлеудегі ағымдық және соңғы нәтижесін талқылау;

Басқару шешімдерін әзірлеудегі жалпы функцияларына келесілер жатады:

* Басқару шешімдерін  әзірлеуде нақты әдістер мен  технологиялардың пайдалануын болжау;

* Басқару шешімдерін  әзірлеуде кезіндегі әдістер  мен таңдалған технологиялардың мазмұны мен құрамын жоспарлау;

*  Басқару шешімдерін  әзірлеуде бойынша ұйым  (әкімшілік , технологиялық, қаржылықжәне т.б.);

* нақты функция орындайтын  орындаушыларды ынталандыру;

* қызметтің орындалуын  бақылау; 

* Басқару шешімдерін әзірлеуде үрдісі бойынша мұрағат қорының қалыптасуы.

Басқару шешімдерін әзірлеудің жалпы функциясы келесі екі функцияға бөлінеді. Сонымен қоса ол төмен деңгейдегі жалпы функциялар жиынын қамтиды. Мәселен, «Ақпараттық дайындық » шарасының «Жоспарлау» деп аталатын жалпы функциясы функция ішілік бөліктерге ажыратылады: интернет сайттарын қарау үшін жоспарлау, интернеттен ақпарат алғаны үшін төлем жасау жүйесін жоспарлау Функцияның жүзеге асырылуы үшін болжам жасап жоспарлау керек және т.б.

Жүйелік бағдар — бұл қазіргі заман ғылымының әдістемелік бағыты, жүйенің объектілерінің талдауы мен әдістемелігімен байланысты болатын. Жүйе — бұл бір-бірімен байланысты құрамдас элементтердің жиынтығы. Толықтылық — жүйенің құрамы, сыртқы ортамен байланыс кезінде өзін-өзін көрсету. Бұл ұғымның мазмұны жүйені бір бүтін ретінде қарастырады, олар оның құраушы әлементтерінің құрамында жоқ. Ал олардың арасындағы ішкі байланыс сыртқы орта элементтерімен байланыспен салыстырғанда қатаң болып келеді.

Жүйе — ортақ мақсатпен байланысқан  және бір-бірімен байланысқан элементтер жиынтығы, бір бүтінді құрады.

Басұару шешімдерін жасау нақты функцияларының құрамына стратегиялық жоспарлау, басқару қызметін басқару, сыртқы және ішкі ортадағы коммуникация, адами ресурстарды басқару, басқарушылық кеңес, өндірістік және қызмет көрсету саласын басқару, компанияның басқару жүйесін қалыптастыру (методология, құрылым, процесс, механизм, басқару техникасы) және т.б жатады.

    

Сұрақтар:

1.Мәселені тек сезім арқылы  шешем деген адамның шешімі қалай жүреді?

А)Көптеген кедергілерге тап болады

В)Жақсы шешім қабылданады

С)Шешім тиімді болады, бірақ ұйымда ол қолданбауы мүмкін

Д)Шешім сезім арқылы шешілмейді

Е)Барлық жауабы дұрыс

 

2.Басқарушылық шешім неше түрі бойынша жіктеледі?

А)4

В)6

С)5

Д)3

Е)2

 

3.Шешілетін мәселелердің ауқымдылығына байланысты шешім түрлерін көрсет

А)Жеке және жалпы

В)Жеке және ішкі

С)Сыртқы және ішкі

Д)Негізгі және жанама

Е)Дұрыс жауабы жоқ

 

4.Бүкіл шаруашылыққа қатысты шешілетін шешім түрі?

А)Жалпы

В)Негізгі

С)Жеке

Д)Ішкі

Е)Сыртқы

 

5.Қабылдаған шешімнің ұзақтығына байланысты шешім нешеге бөлінеді?

А)Үшке

В)Төртке

С)Екіге

Информация о работе Лекции по "Бухгалтерскому учету"