Лекции по "Бухгалтерскому учету"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2014 в 22:16, курс лекций

Краткое описание

Пәнді оқу кезінде басқару шешімдерінің мақсаттық бағыталуына, қазіргі заманғы электрондық-информациялық технологиялардың элементтеріне, адам факторының рөліне, басқару шешімдерін дайындауда және жүзеге асыруда белгісіздіктер мен тәуекелдерді азайту мүмкіншіліктеріне көп көңіл бөлінеді. Бес бөлімге топталынып, ұсынылған материал Қазақстан Республикасының жалпыға міндеті жоғары кәсіптік білім стандартына енгізілген 05.05.07 – «Менеджмент» мамандығына ұсынылған «Басқарушылық шешімдерді жасау» пәні бойынша мәселелерді жүйелі түрде оқытуды қамтып көрсетеді.

Содержание

Пәннің типтік бағдарламасы……………………………………………………………..
Пәннің жұмыстық оқу бағдарламасы…………………………………………………..
Силлабус…………………………………………………………………………………
Тапсырмаларды орындау кестесі……………………………………………………….
Пәнді қамтамасыз ететін оқу- әдістемелік карта………………………………………….
Лекциялық кешен………………………………………………………………………..
Глосарий………………………………………………………………………………….
СОӨЖ өткізуге әдістемелік нұсқау…………………………………………………….
СӨЖ ұйымдастыруға әдістемелік нұсқау
10.Пәнді оқыту бойынша әдістемелік нұсқау
11..Емтихан сұрақтары…………………………………………………………………...

Прикрепленные файлы: 1 файл

umkd-bchkt.doc

— 813.00 Кб (Скачать документ)

Алынған мәліметтерді талдаған кезде, оның сипатына қарай әр түрлі тәсілдерді де пайдаланады. Мәселен,  сапалық мәліметтер дегенді зерттеу үшін белгілі логикалық амалдарды: салыстыруды, синтезбен талдауды, абстракциялауды, жинақтауды, индуктивтік және дедуктивтік қорытындлауды, әртүрлі дәлелдеу тәсілдерін пайдаланады.

Егер мәліметтер қалыптасса, оны талдаудың сандық тәсілдерін қолданып, мұндайда компьютерлік техника мен экономикалық-математикалық тәсілдерді падаланады.

Шешімдер варианттарын тұжырымдау. Шешімдер варианттары санының болуы проблемаларды шешудің ең қолайлы жолын  таңдауға мүмкіндік береді. Бір вариантты ғана ойластырып қою, әдетте, қолайлы шешімді қамтамассыз етпейді. Мұндай жағдайда болжалдау дегеніміз, ұсыныс түрінде келіп түскен міндеттерді адын ала сынама вариантта шешу. Алдын ала түскен вариантты шешу, әдетте, міндетті тұжырымдау кезеңінде пайда болады. Барлық варианттарды, тіпті алғашында орындауға болмайтын сияқты вариантты да қарастыру керек. Ол үшін осыған ұқсаса міндеті шешкен кезде жинақталған тәжірибені пайдалану қажет. Шешілетін варианттарды таңдау үшін сандық талдауды да эвристикалық тәсіл деп аталатындығы да қолданылады.

Күрделі мәселелерді шешкенде көптеген факторлар болғанда, ал шешімнің дұрыс болмауы қосымша шығынға ұшырататындықтан, міндетті шешудің қазргі математикалық тәсілдерін пайдалану ұсынылады.

Маркетинг принциптері негізінде кәсіпорынды басқарудың нарықтық экономикасына көшкенде, шешім қабылдар алдында нақты жағдайға талдау жасалады да, мұндайда кәсіпорынның қандай жағдайда екендігі анықталып, болжалдау жүргізіледі (нақты жағдайда кәсіпорынды не күтеді?), сыртқы орта ықпалы (ол қандай қысым көрсететіні) анықталады.

Осыдан кейін маркетингтік синтез жүргізіледі. Мұның мәнісі мақсат ұсыну (жағдайды түзету үшін не істеу керек?), мақсатты бағалау (неге басқалай емес, дәл осылай істеу керек?), тек содан кейін ғана шешім қабылдау.

Шешімнің қолайлы вариантын таңдау. Шешім варианттарының бірнешеуін ойластырғаннан кейін, әр вариантты жеке қарастырады. Шешім қабылдаудың бұл сатысында әр түрлі варианттардың қиындық дәрежесі мен орындау мүмкіндігін айқындау қажет. Ең тәуір вариантты таңдау басқару шешімінің жауапты кезеңі. Іске аспайтын варианттарды шығарып тастайды да, ақырғы таңдауға неғұрлым жүзеге асатын вариант шешімдерін қалдырады. Қолайлы шешім вариантын ақырғы таңдау жөніндегі бұдан кейінгі жұмыстарды оңайлату үшін не істеу керек? Ол үшін әрбір вариантты мұқият ойластыру қажет.

Шешім варианттарын ойластыру дегеніміз не?

Біріншіден, бұл шешімнің барлық құрамдас бөлігін, әсіресе, мақсаты мен міндетін мүмкіндігінше толық тұжырымдайды.

Екіншіден, қойылған мақсатқа жетудің негізгі бағыты, жолы мен амалы, сондықтан қолда бар еңбек, матералдық, қаржы және басқадай ресурстар, ғылыми идеялар, жаңалықтар, өнертабыстары зерттеледі, әсіресе, уақыт факторы ескеріледі.

Үшіншіден, басқарушы және басқарылатын жүйелердің, әсіресе осы шешімді жүзеге асыратын кезде басқару мен байланыс арасындағы әркеттестік пен үйлесімді ойластырады.

Төртіншіден, әр вариант бойынша іс-әрекет нәтижесінің мүмкіндігі бағаланады.

Қабылданатын шешімнің нәтижелік межеулеуішін таңдау-күрделі, әрі жауапты кезең. Критерий дегеніміз, қабылданатын шешімнің әр  түрлі варианттарының тиімділігін салыстыруға мүмкіндік беретін көрсеткіш немесе бірнеше көрсеткіш.

Мақсатты тұжырымдау мен өлшемдерді таңдау арасында басқару шешімі үшін әрқашанда тікелей байланыс болуы керек. Межеулеуіштер көмегімен қойылған мақсатқа жетуге жұмсалатын шығын деңгейі анықталады. Сонымен, межеулеуіштерді таңдаумен басқару шешімін ойластыру жөніндегі жұмыстың әзірлік кезеңі аяқталады.

Шешім қаьылдаудың дәстүрлі нышанымен қоса, басшы шешімді орындаушылармен, оны жүзеге асырудың нақты бағдарламасын да ақылдасады.

Мақсатты тұжырымдау мен өлшемдерді таңдау арасында басқару шешімі үшін әрқашанда тікелей ббайланыс болуы керек. Межеулеуіштер көмегімен қойылған мақсатқа жетуге жұмсалатын шығын деңгейі анықталады. Сонымен, межеулеуіштерді таңдаумен басқару шешімін ойластыру жөніндегі жұмыстың әзірлік кезеңі аяқталады.

Сұрақтар:

1.Шешім қабылдау неше сатыдан тұрады?

А)3

В)4

С)2

Д)5

Е)6

 

2.Шешім қабылдаудың алғашқы сатысын көрсет?

А)Әзірлік

В)Негізгі

С)Қорытынды

Д)Ағымдағы

Е)Күнделікті

 

3.Әзірлік сатыда шешім  қабылдаудың қандай жүйесі орындалады?

А)Барлық жауаптар дұрыс

В)Жалпы сипаттамалар беріледі

С)Қажетті ақпараттармен таныстырады

Д)Мүмкін болатын нұсқауларды белгілейді

Е)Мақсат тұжырымдалады.

 

4.Шешім қабылдаудың бүкіл процесінің бастамасы нені анықтауға саяды?

А)Жағдайды

В)Мақсатты

С)Құрылымды

Д)Қызметті

Е)Жоспарды

 

5.Әзірлік сатының бірінші кезеңінің мәні неде?

А)Жағдайды анықтау

В)Дайындау

С)Жоспарлау

Д)Енгізу

Е)Міндет қою

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

1.Теория и практика менеджмента: Учебник / Под ред. К.Е.Кубаева. Алматы: Қазақ университеті, 2005.

2.Литвак БУправленческие решения.– М.: ЭКМОС, 1998

3.Фатхутдинов Р. Разработка управленческого решения: Уч.пос.–М.: Бизнес-школа, Интел-Синтез, 1997

4.Евланов Л.Г. Теория  и практика принятия решений. М.: Экономика, 1994

 

           

8 – тақырып Басқару шешімдерінің сапасы мен тиімділігін қамтамасыз ету параметрлері мен шарттары. Шешімдерді қабылдау мәселесін қою

 

Дәрістің мақсаты: Басқару шешімдерінің негізі мен қазіргі әдістерін талдау.

 

1. Басқару шешімдерінің тиімділігінң негізгі қағидалары

2. Басқару шешімдерінің қазіргі  әдістері

1 Проблеманы жедел шешудің  кең тараған тәсілдерінің бірі  идеяны ұжымдық генрациялау –  «ми шабуылы» тәсілі. Мұның мәнісі  эксперттер негізінде және проблемадағы әр түрлі көзқарасты ескерте отырып, проблеманы дәл тұжырымдау, оны шешу амалдарын қарастыру.

Мұндайда мынадай қағиданы басшылыққа алады. Әуелі бір проблемаға назар аударады. Содан кейін кез келген идеяны, оның орынды-орынсыздығына немесе практикалық құндылығы күмәнді бола тұрса да қарастырады. Ұсынылған ұсынысты сынауға немесе бағаауғка тыйым салынады. Жаңа идеяны генрациялауды қолдайды, әрі көтермелейді, творчествалық ахуалды қуаттайды. «Ми шабуылы»   нәтижесі бойынша секцияға қаьысушылар анкета толтырады және «мақсат тармағы» жасалады (8,9 кестелерді қара). Бұл тәсіл көптеген жақсы идеяны жинауға мүмкіндік береді. Әр түрлі көзқарастар синтезделеді. Мұның барлығы жаңа, сондай проблемаларды шешуге ықпал етеді.

Қызмет көрсету тәсілі: секцияға қатысушылар проблемаларды шешудің ұсынылған варианттарын талқылайды, «жақтаушылар» мен «қарсылық» білдірушілердің пікірін таразылап, ең қолайлысын таңддауға тырысады.

Артықшылығы: әр алуан ой-пікірлер проблемаларды неғұрлым терең түсінуге ықпал етеді.

Кемшілігі: секцияға қатысушылардың барлығы бірдей проблеманы жете түсінбеуі және толық таныспауы, сол себептен олар оны шешуге өз үлестерін қоса алмауы мүмкін.

Пікір жинау тәсілі. Проблеманы жекелеген міндеттерге жіктеледі. Эксперттерге қойылған проблемалар тұтастай хабарланып, солардың қызмет бабына жататын жекелеген міндеттерді шешу үшін ұсыныс енгізуді тапсырады. Артықшылығы: эксперттер қолайлы жағдайды міндетті шешумен шұғылдана алады.

Кемшілігі: ұсыныс талқыланбайды, проблеманы шешу көзқарасы субъективті.

«Дельфа» тәсілі» (көне Греция мифологиясы бойынша кеңес алу үшін дельфийлік оракулге жүгінетін болғкан). Эксперттер мен мамандардан белгілі бағдарлама бойынша сұрайды. Бұлар бағдарламаны жүзеге асыру мүмкіндігін бағалауы, әрі өз пікірлерін негіздеуі тиіс.

 

8-кесте

«Ми шабуылы» сеансына қатысушылар

АНКЕТАСЫ

(«Ми шабуылы» сеансынан кейін  бір топ адам бірлесіп толтырады)

 

Рет №

Ұсынылған идея мазмұны

Идеяның маңыздылық дәрежесі 1-ден 10-ға дейінгі шкала аралығында.

1

2

3


 

 

9-кесте 

«Ми шабуылы» идеясын ұжымдық генерациялау нәтижесі бойынша «мақсат» тармағын құру

 

«Мақсат тармағы» деңгейінің атаулары

Деңгейдегі элементтер саны

Элементтер атауы

  1. Басты мақсат

 

  1. Проблемалар мақсатының тармағы

 

 

  1. Міндеттер

 

 

  1. Жүйені жобалау тапсырмасы

 

Сеансқа қатысушылар айқындайды

 

Сеансқа қатысушылар айқындайды

 

Сеансқа қатысушылар айқындайды

 

 

Артықшылығы: проблемаларды шешуге мамандар мен эксперттерді, соның ішінде басқа ұйымның кеңесшілерін тартуға болатындығы.

Кемшілігі: коммуникацияның жоқтығы, бағалау субъективтік сипатта болады.

Морфологиялық тәсіл (элеметтер бойынша талдау). Проблемалар көптеген міндеттер мен мәселелерге жіктеледі. Әрбір шешімдер белгілінеді, осыдан кейін олар салыстырылады. Содан кейін шешім таңдап алынады да, тұтастай проблеманы шешу үшін жинақталады.

Арттықшылығы: проблема мәнін терең түсінуге және ұсынуға мүмкіндік береді.

Кемшілігі: шешілетін проблема аясының тым тарлығы.

Шешім қабылдаудың кез келген тәсілінде ақырғы вариантты таңдау, соған тікелей жауап беретін басшының билігінде.

Қабылданған шешім арнайы құжаттарда – бұйрықтарда, жарлықтарда, қаулыларда, нұсқауларда, хаттамалрда көрсетіледі. Басқару шешімінің де шамалы болатындығының белгісіздігі. Тәуекел еткенде де, кез келген нышанында айқын әрі белгілі мақсаты, дәл мекен-жайы, орындау мерзімі, орындау жолдары мен амалдары болуы тиіс.

Басқару шешімінің де шамалы болатындығының белгісіздігі. Әрбір шешімдер белгілінеді, осыдан кейін олар салыстырылады. Содан кейін шешім таңдап алынады да, тұтастай проблеманы шешу үшін жинақталады.

Сұрақтар:

1.Өндіріс мамандары мен басшылары шешім қабылдамастан бұрын нені жақсылап біліп алуға міндетті?

А)Ұйым жағдайын

В)Ұйым мақсатын

С)Қызметкерлер талабын

Д)Басшы ұсынысын

Е)Дұрыс жауабы жоқ

 

2.Іс әрекеттің түпкі нәтижесі деген не?

А)Мақсат

В)Қимыл

С)Қызмет

Д)Дәреже

Е)Жағдай

 

3.Мақсат тұжырымдалғаннан кейін жұмыста өзара байланысты қатарынан келетін неше кезең болады?

А)2

В)4

С)5

Д)3

Е)1

 

4.Шешімді ақпаратпен қамтамасыз ету деген не?

А)Қажетті мәліметтерді өңдеу, іріктеу

В)Ішкі шарттардың жиынтығы

С)Жаңа қалыпқа көшіруде талап етілетін сыртқы көздер

Д)Дұрыс жауабы жоқ.

Е)Аталғандардың бәрі дұрыс

 

5.Әзірлік сатының өте жауапты және күрделі кезеңі, сол сияқты әртүрлі критерий жасап шығарушы

А)Ғылыми және озық тәжірибелер жетістіктері

В)Шешімді ақпаратпен қамтамасыз ету

С)Жағдайды анықтау

Д)Шешімдердің варианттарын бағалау

Е)Мамандар ұсыныстары

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

     

1.Теория и практика менеджмента: Учебник / Под ред. К.Е.Кубаева. Алматы: Қазақ университеті, 2005.

2.Литвак БУправленческие решения.– М.: ЭКМОС, 1998

3.Фатхутдинов Р. Разработка управленческого решения: Уч.пос.–М.: Бизнес-школа, Интел-Синтез, 1997

4.Евланов Л.Г. Теория и практика принятия решений. М.: Экономика, 1994.

 

 

9-тақырып Басқару шешімдерін мақсаттық бағыттау

Мақсаты: құрамын зерттеу, элементтік құрылымын зерттеу, басқару нысаны сыртқы ортасын талдаудың нгізгі әдістері мен оның басқару шешімдерімен өзара ықпалдастығының ерекшелігі.

Жоспар:

1. басқару шешімдерін қабылдау  факторларының жүйесі.

2. басқару шешімдерін құру мен  қабылдаудың сыртқы ортасының құрылымы.

Қабылданатын шешімдерге әсер ететін факторлар жүйесінде екі топты бөліп көрсетуге болады. Бірінші топқа шешім қабылдау мәселелерінің құрылымын құратын факторлар кіреді. Бұлар институционалды және жеке мақсаттар, баламалы шешімдер түрлері және олардың салдары, шығындар көлемі, ақпарат таралу қарқыны, оның құны, шешім қабылдауға кететін уақыт, әсер түрі. Бұл жерде ШҚТ(шешім қабылдаушы тұлға) әрекеті құрылымы мен тапсырма құрылымы арасында үлкуен ұқсастық байқалады.

Информация о работе Лекции по "Бухгалтерскому учету"