Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Февраля 2014 в 09:46, дипломная работа
Осы мақсатқа жету үшін келесідей сұрақтар қарастырылды:
1. Қысқа мерзімді міндеттемелердің мазмұны және олардың жіктелуі;
2. Несие операцияларының негізі және оның түрлері;
3. Бюджетке түсетін салық және салық салу түрлері және оның есебін ұйымдастыру;
4. Еңбекақы түрлері және есебінің жүргізілуі;
5. Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысуын ұйымдастыру;
6. Қысқа мерзімді міндеттемелер аудитінің жүргізілуі;
7. Кәсіпорындағы қысқа мерзімді міндеттемелердің бухгалтерлік есебін ұйымдастырудың жетілдіру жолдары
Кіріспе 5
1. Кәсіпорындағы қысқа мерзімді міндеттемелердің теориялық негіздері 7
1.1 Қысқа мерзімді міндеттемелердің экономикалық мазмұны 7
1.2 Бюджетпен және банк ұйымдарымен есеп айырысу операцияларының негізі 11
1.3 Кәсіпорынның қаржылық есеп берудің ұлттық стандарттарының теориялық негіздері 21
2. «Балина» ЖШС-нің қысқа мерзімді міндеттемелер есебін ұйымдастыру 29
2.1 Кәсіпорынның жалпы экономикалық көрсеткіштері және есеп саясаты 29
2.2 Бюджетпен және бюджеттен тыс мекемелермен бухгалтерлік есепті ұйымдастыру 39
2.3 Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу есебі 49
2.4 Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеу есебін ұйымдастыру 53
3. Қысқа мерзімді міндеттемелердің аудиті және есебін жетілдіру жолдары 58
3.1 Кәсіпорынның аудиторлық қызмет теориясының негіздері 58
3.2. Қысқа мерзімді міндеттемелердің аудиті 61
3.3 Кәсіпорын қызметінің тиімділігін жақсарту жолдары 66
Қорытынды 75
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 77
Қосымшалар 77
Несиелер қайтарымдылық, төлем және мерзімділік шарттары бойынша келісіп, коммерциялық негізде беріледі.
Несие алу үшін кәсіпорындар банк мекемесі басшысының атына өтініш береді. Бұл өтінішке қосымша өзіне қажетті несие сомасы мөлшерін, оның жұмсалатын мақсаты мен бағытын, өтелу яғни қайтару мерзімін, сонымен қатар осы несие сомасы арқылы орындалатын операциялар үшін жасалған бизнес-жоспар және тағы да басқадай құжаттар табыс етуі тиіс.
Кәсіпорындар мен ұйымдар банктен бірінші рет несие алуы барысында жоғарыда аталған құжаттармен қоса банкке өздерінің жарғысын, құрылтайлық құжаттарының көшірмесін, тіркелу куәліктерін және тағы да басқа құжаттарды табыс етуі керек.
Жалпы кәсіпорындарға берілетін несие сомасы, банк мекемесінің жауапты мамандары ұйымның өткізген құжаттарын тексеріп болғаннан кейін, несие бойынша борышты және пайызды қайтару. Өтеу үшін кепілдікке салыпған меншік туралы келісімшарттың орындалуына сәйкес беріледі.
Банк мекемесі мен несие алушы кәсіпорын арасындағы несиелік қызмет көрсету бойынша келісімшарт бір жылға немесе одан да ұзак мерзімге жасалады. Егер келісімшарт бір жылдан артық уақытқа жасалған жағдайда несие жыл сайын бекітілетін несиелік келісімшарт негізінде беріледі. Несиелік келісімшарт банк мекемесімен әрбір несие алушы ұйым (клиент) үшін жеке-жеке жасалады.
Қысқа мерзімді банк несиелері 1 жылдан аспайтын уақытқа беріледі (яғни 12 айдан артық емес уақытқа). Кейбір жағдайларда түрлі себептерге байланысты бұндай несиенің мерзімі ұзартылуы мүмкін. Бірак үзартылған мерзімін қоса есептегенде сның мерзімі екі жылдан аспауы керек.
Банк несиесі кәсіпорынның, яғни несие алушының есеп айырысу шоттарындағы қаражаттарының мөлшеріне (көлеміне) қарамай-ақ беріледі және қолма-қол емес тәртіппен несие алушының қарыз шотынан оның есеп айырысу шотына ақша аудару арқылы жүргізіледі. Несиелік борышты өтеу тәртібі, нақты мерзімі, әдістері несиелік келісімшартта қарастырылады. Егер несие алушы келісімшартта белгіленіп көрсетілген мерзімінде несиелік борышын өтей алмайтын болса, банк мекемесі алдын ала несие алушьшың рұқсатынсыз кепілдік берушінің шотынан қарыз сомасын қайтару жайлы талап қояды.
Кәсіпорын банк мекемесінен несие алған уақытьшда:
Д-т: «Ақшалар» немесе «Жабдықтаушы мердігерлермен есеп айырысу» және тағы да басқа шоттар;
К-т: «Банк мекемесінің қарызы» шоты түрінде бухгалтерлік жазуы жазылады.
Ал бұл алынған несие қайтарылған уақытта:
Д-т: «Банк мекемссінің қарызы» шоты;
К-т: «Ақшалар» шоты түрінде бухгалтерлік жазуы жазылады.
Осы алынған несие үшін есептелген пайыз сомасына:
Д-т: «Сыйақы түріндегі шығын» шоты;
К-т: «Төленетін сыйақы» шоты түрінде бухгалтерлік жазуы жазылады.
Кәсіпорын бұл міндеттемені төлеген уақытында:
Д-т: «Төленетін сыйақы» шоты;
К-т: «Ақшалар» шоты түрінде бухгалтерлік жазуы жазылады.
Кесте 6.
Банк және банктен тыс мекемелердін карыздары шоты бойынша жүргізілетін операциялар
№ |
Операциялар мазмұны |
Дебит шот |
Кредит шот |
1 |
Алынған банк несиелері кассаға немесе есеп айырысу шотына келіп тусті |
1010, 1040 |
3010 |
2 |
Жабдықтаушы мердігерлерге банк несиесінің есебінен қойылған аккредитивтер |
1070 |
3010 |
3 |
Жабдықтаушы мердігерлерге қарыз сома банк несиесінің есебінен төленді |
3310 |
3010 |
4 |
Жабдықтаушы мердігерлерге алдағы уакытта алынатын материаддық қорлар үшін банк несиесінің есебінен берілген аванс |
1610 |
3010 |
5 |
Көрсететін қыметі немесе орындайтын жұмысы үшін жабдықтаушы ұйымға банк несиесінің есебінен берілген аванс |
3310 |
3010 |
6 |
Есептелген салық бойынша ұйымның бюджетке карыз сомасы банк несиесінің есебінен аударылды |
3110 |
3010 |
7 |
Вексельге алынған банк несиелері |
3010 | |
8 |
Кәсіпорынның банк мекемелерінен алған несиелері бойынша қарызы есеп айырысу шотынан өтелінді |
3010 |
|
9 |
Банктен тыс мекемелердің несиелерінің есебінен жабдықтаушы мердігерлерге карыз сома төленді |
3310 |
3020 |
10 |
Банктен тыс мекемелерден алынған несиелер бойынша қарыз есеп айырысу шотынан төленді |
1040 |
3010 |
Шетел валютасы түріндегі несиелер есебі. Еліміздің экономикалық жағдайын көтеру үшін сырттан инвестиция тартып, әр түрлі дүние жүзіндегі ірі банктерден де несие алынады. Соның ішіне есептелетін пайызы мен берілетін пайдалану мерзімі жағынан тиімді де маңызды болып саналатын халықаралық валюталық қордың мүше-елдеріне берілетін «СТЭД-БАЙ» несиесі болып табылады. Бұл қордың мүшелігіне кіретін елдер көз келген уақытта халықаралық валюталық қордан келісілген уақыт ішінде белгілі бір соманы ұлттық валютадан шетел валютасына айырбастауына, кедендік төлемдерді төлеу мерзімін несие есебінен ұзартуға құқығы бар,
Шетелдік банктерден немесе басқалардан шетелдік валюта түрінде несие алған ұйымның бухгалтериясында:
Д-т: «Ел ішіндегі валюталық шоттардағы ақшалар» немесе «Шетелдердегі валюталық шоттардағы ақшалар» шоттарының тиістісі,
К-т: «Банк мекемесінің қарызы» шоты түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.
- Ал ұйым бұл несиені қайтарған уақытында:
Д-т: «Банк мекемесінің қарызы» шоты
К-т: «Ел ішіндегі валюталық шоттардағы ақшалар» немесе «Шетелдердегі валюталық шоттардағы ақшалар» шоттарының тиістісі түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.
Банктен тыс мекемелердің несиелері есебі. Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы заңға сәйкес барлық кәсіпорындар өздерінің меншігіндегі ақшаларының қозғалысын еркін пайдалануға, яғни өз қалауы бойынша жұмсауға құқылы. Яғни өзінің бос тұрган ақшаларын кәсіпорын басқа кәсіпорындарға инвестиция ретінде салуға немесе несиеге беруіне болады. Міне, сондықтан да ұйымдар өзіне қажет ақшаны тек қана банк мекемелерінен емес, басқа заңды немесе жеке тұлғалардан да несиеге, қарызға алуларына болады. Ұйымдардың басқа кәсіпорындардан алған несиесіне бухгалтерияда жазылатын екі жақты жазу банк мекемелерінен алынатын несиеге жазылатын жазуға ұқсас болып келеді.
Ұйым банктен тыс мекемеден несие алған уақытылда:
Д-т: «Ақшалар» шоты;
К-т: «Банктен тыс мекемелердің қарызы» шоты түрінде бухгалтерлік жазуы жазылады.
Ал бұл
алынған несие қайтарылған
Д-т: «Банктен тыс мекемелердің қарызы» шоты;
К-т: «Ақшалар» шоты түрінде бухгалтерлік жазуы жазылады.
Осы алынган несие үшін есептелген пайыз сомасына:
Д-т: «Сыйақы түріндегі шығын» шоты,
К-т: «Төленетін сыйақы» шоты түрінде бухгалтерлік жазуы жазылады.
Кәсіпорындар бұл міндеттемені төлеген уақытында:
Д-т: «Төленетін сыйақы» шоты,
К-т: «Ақшалар» шоты түрінде бухгалтерлік жазуы жазылады.
Басқадай несиелік операциялар есебі. Коммерциялык банктер іс жүзінде көбінесе несиені нақты ақшалай емес, төлем қаржысы есебінде, яғни пайдаланатъш вексель түрінде береді. Несие алушы ұйымдар мұндай вексельдерді өздерін материалдық қорлармен, тауарлармен жабдықтайтын, сондай-ақ қызмет көрсететін жабдықтаушылармен есеп айырысу үшін пайдаланады. Әрбір вексельдің айналу мерзімі несие беруші банк мекемесімен несие алушы ұйымньң арасындағы келісімшартта қарастырылып белгіленеді. Бұл айтылған вексель-дер айналым мерзімі шегінде бір ұйымнан екінші ұйымға төлем кұралы ретінде бірнеше рет берілуі мүмкін. Олардың пайдалану мерзімі аяқталғанда вексельді ұстаушы ұйым оны банк мекемесіне төлем ретінде табыс етеді. Ал осы вексель түрінде несие алған ұйым несиелік келісімшарттың аяқталуына қарай банк мекемесіне алған несиесіне сәйкес есептелетін пайыз сомасын аударады.
Әрбір кәсіпорын
өз қалауы бойынша «Басқадай қарыздар» де
Д-т: «Ақшалар» шоты,
К-т: «Басқадай қарыздар» шоты түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.
Бұл алынған каржы бойынша есептелген пайыз (процент) сомасына:
Д-т: «Сыйақы түріндегі шығын» шоты;
К-т: «Басқадай қарыздар» шоты түрінде екі жақтыі жазу жазылады.
Ал вексельдерді дисконттау бойынша операцияларға:
Д-т: «Басқадай қарыздар» шоты;
К-т: «Алынған
вексельдер» шотты түрінде
2.3 Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу есебі
Кез келген кәсіпорын үзіліссіз және ырғақты жұмыс істеп түруы үшін оны уақтылы керекті материалдармен жабдықтап отырудың маңызы зор болып табылады. Ұйымды материалдық-қорлармен жабдықтау экономикалық және әлеуметтік дамыту жоспарларына сәйкес жүргізіледі. Кәсіпорын өнім өндіруші ұйымдармен, сондай-ақ делдалдық ұйымдармен өзіне керекті материалдық қорлармен және техникалармен қамтамасыз ету жөніңде келісімшарттар жасасады немесе өзінің делдалдары арқылы биржадгін сатып алады. Осы жоғарыда аталған ұйымды керекті материалдармен және басқа да ісұндылықтармен жабдықтайтын Кәсіпорындар-мен есеп айырысуының есебі «Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысу» деп аталатын шотта жүргізіледі. Бұл шотта есеп айырысу сомасының деңгейіне және нысандарына қарамастан жабдықтаушылардан алынған материалдар мен қосалқы белшектер, олардың атқарған жұмыстары мен көрсеткен қызметтері үшін есептелінген қарыз сомалардың есебі жүргізіледі. «Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысу» деп аталатын шоттың кредитінде тиісті материалдық-қорлар, шығындар бойынша жабдықтаушылардың акцептелген шот-фактурасына сәйкес есептелген сомалар, ал бұл шоттың дебиті бойынша «Ақшалар» деп аталатын шотының және баска да шоттардың кредитінен (төленген жерлеріне байланысты) оларға төленген сомалар жазылады. «Жабдықтаушы және мерді-герлермен есеп айырысу» шоты бойынша есеп нөмірі 6-журнал-ордерде жабдықтаушы-мердігерлердің әрбір шот-фактурасы бойынша бөлек жүргізіледі. Бұл журнал-ордерде жабдықтаушы-мердігерлердің шот-фактураларының акцептелуі, материалдық құндылықтардың, жұмыстар мен қызметтердің қабылдануы, олардың құнының төленуі жайлы мәліметгер жазылады.
Келіп түскен шот-фактураларды алдымен үлгілі түрі М-1 «Келіп түскен жүктер есебі журналына» тіркейді. Бұл журнал бойынша ұйымда материалдық құндылықтардың уақытылы келіп түсуіне бақылау жасалады. Журналға жазылуға тиісті мәліметтер-ді жабдықтау бөлімі тауар-көлік жүк құжаттары (накладнойлары), кіріс ордерлері, материалдарды қабылдау туралы актілер негізінде Кәсіпорын қоймасына материалдық құндылықтардың келіп түсуіне қарай жазып отырады. Журналға тек акцептелген шот-фактурасы ғана жазылады.
Фактураланбаған жабдықтар есебі. Кейбір жағдайларда келіп түскен материалдық ққұдылықтардың құжаттары (шот-фактуралары) болмауы мүмкін. Мұндай құндылықтарды фактураланбаған жеткізілім деп атайды. Фактурланбаған жеткізілімдер фактураланған, яғни шот-фактураларымен бірге келген жеткізілімдер тәрізді әрбір жабдықтаушылар бойынша жеке көрсетіледі. Фактураланбаған жабдықтарды жазу үшін үлгілі түрі М-7 «Материалдарды қабылдау туралы актілер» қолданылады, олар шот-фактурамен ресімделмеген материалдар, сондай-ақ, қабылдау кезінде артық шыққан тауарлык-материалдық құндылықтарға да жазылады. Фактураланбаған жабдықтардың шот-фактуралары келген уақытында оларға бұрын жазылған деректер сторно етіліп нөмірі 6-журнал-ордерге шот фактурадағы мәліметгер жазылады. Төлем жасалған, бірақ айдың аяғына дейін кәсіпорынның қоймаларына түспеген тауарлық-материалдық құндылықтардың шот-фактуралары немесе төлем талап тапсырмалары негізінде 6-журнал-ордерге әдеттегі тәртіп бойынша жазу жазылады. Айдың аяғында жолдағы материалдық құндылықтардың сомасын журнал-ордердің «Келіп түспеген жабдықтаушы қоймасындағы жүк үшін» деп аталатын арнайы бағанасында көрсетеді. Журнал-ордер бойынша жиынтықтарды шығарғаннан кейін жолдағы тауарлық-материалдык қорлардың құнын материалдақ қорлар шоттарына жазады, олар материалдық жауапты адамдар есебіне жатқызылмаса да, жедел ескеріліп отырады. Сөйтіп, жолдағы тауарлық-материалдық қорлар айдың аяғында тиісті шоттарда шартты түрде есептелініп, олардың құндары жабдықтаушылар мен есеп айырысулар түрғысында дебиторлық қарыз болып табылмайды. Келесі айдың басында жолдағы материалдардың қалдығы сторно етіледі (қызыл жазумен жазылады).
Жабдықтаушылар және қызмет көрсетушілермен есеи айырысулар есебі жөніндегі журналды ай аяғында «Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысу» деп аталатын шот бойынша талданған қалдықтар көрсетіледі. Талдамалық есептің құрылымы жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу жөніндегі қалдықтар туралы мағлұмат алуды қамтамасыз ету үшін және есеп айырысуды жедел бақылау үшін мына топтардан қалыптасады:
Информация о работе Кәсіпорындағы қысқа мерзімді міндеттемелердің теориялық негіздері