Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Февраля 2014 в 09:46, дипломная работа
Осы мақсатқа жету үшін келесідей сұрақтар қарастырылды:
1. Қысқа мерзімді міндеттемелердің мазмұны және олардың жіктелуі;
2. Несие операцияларының негізі және оның түрлері;
3. Бюджетке түсетін салық және салық салу түрлері және оның есебін ұйымдастыру;
4. Еңбекақы түрлері және есебінің жүргізілуі;
5. Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысуын ұйымдастыру;
6. Қысқа мерзімді міндеттемелер аудитінің жүргізілуі;
7. Кәсіпорындағы қысқа мерзімді міндеттемелердің бухгалтерлік есебін ұйымдастырудың жетілдіру жолдары
Кіріспе 5
1. Кәсіпорындағы қысқа мерзімді міндеттемелердің теориялық негіздері 7
1.1 Қысқа мерзімді міндеттемелердің экономикалық мазмұны 7
1.2 Бюджетпен және банк ұйымдарымен есеп айырысу операцияларының негізі 11
1.3 Кәсіпорынның қаржылық есеп берудің ұлттық стандарттарының теориялық негіздері 21
2. «Балина» ЖШС-нің қысқа мерзімді міндеттемелер есебін ұйымдастыру 29
2.1 Кәсіпорынның жалпы экономикалық көрсеткіштері және есеп саясаты 29
2.2 Бюджетпен және бюджеттен тыс мекемелермен бухгалтерлік есепті ұйымдастыру 39
2.3 Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу есебі 49
2.4 Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеу есебін ұйымдастыру 53
3. Қысқа мерзімді міндеттемелердің аудиті және есебін жетілдіру жолдары 58
3.1 Кәсіпорынның аудиторлық қызмет теориясының негіздері 58
3.2. Қысқа мерзімді міндеттемелердің аудиті 61
3.3 Кәсіпорын қызметінің тиімділігін жақсарту жолдары 66
Қорытынды 75
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 77
Қосымшалар 77
Бухгалтерлік есепте
табыстың (зиянның) сомасы бухгалтерлік
есеп стандартьша сәйкес анықталған
табыс пен шығындардың
Түрақты айырмашылықтың пайда болу себебі, бухгалтерлік табысты анықтау барысьшда есепке алынатын табыс пен шығындардың кейбір белігі салық салынатын табысты санағанда есепке алынбайды. Түрақты аайырмашылықтар қатарына мыналар жатады:
Уақытша айырмашылықтың пайда болу себебі есеп беретін кезенде есептелген бухгалтерлік табыстар мен шығындардың кейбір баптар бойынша сомасы осы кезеңдегі салық салынатын табыстарды анықтарда есепке алынбай келген кезендердегі салық салынатын табыстардың құрамына кіргізіледі. Сөйтіп, есеп беретін кезеңдегі пайда болған уақытша айырмашылық келешектегі есеп беретін мезгілде күшін жояды.
Уақытша айырмашылық мыналардың нәтижесінде пайда болады:
Бухгалтерлік және салық есептерінің талаптарындағы өзге-шеліктер нәтижесінде пайда болған айырмашылыктар «Кейінге қалдырылған қорпоративтік табыс салығы» деп аталатын шотта жургізіледі. Бұл пассивті шот болғандықтан кейінге қалдырылған салық сомасы өскенде бұл шот кредитгелініп, ал азайғанда дебиттелінеді. Кейінге қалдырылған салық сомалары бұл шотта өздерінің түрлері бойъшша бөлек есептеледі.
Қосылған құнга салынатын салық. Қосылған құнға салынатын салық тауарларды өндіру, жұмысты орындау немесе қызмет керсету және олардың айналысы барысында қосылған құн өсімінің бір бөлігін аудару, сондай-ақ осы елге тауарлар импорты кезіндегі аударым болып табылады. Бұл ретте салық салынатын айналым мен салық салынатын импорт салық объектісі болып табылады. Қосылған құнға салынатын салық «Қосылған құнға салынатын салық» шотында есептеледі. Бұл пассивтік шот болғандықтан кредитіне салынған салық сомасы, ал дебитіне бюджетке аударылған және субьектінің жабдықтаушыларға тиісті түрде ресімделген салық шоты бойынша төлеген сомалары жазылады. Бюджетке төленуге тиісті қосылған құнға салынатын салық етісізілген өнім, орындалған жұмыс немесе көрсетілген қызмет үшін есептелген қосылған құнға салынатын салықтың сомасы мен сатып алынған тауарлар, материалдар мен жабдықтаушылардың көрсеткен кызметі, орындаған жұмысы үшін төленген (есептелген) қосылған құнға салынатын салық сомаларының арасындағы айырма ретінде айқындалады. Қосылған құнға салынатын салық мөлшері Қазақстан Республикасының салық заңында белгіленеді.
Кәсіпорынның бюджетпен есеп айырысу операциялары 3100 «Бюджетпен есеп айырысу» шотында есепке алынады. Корпоративтік табыс салығы бойынша бюджетпен есеп айырысу 3110 «Төлеуге жататын ағымдағы табыс салығы» шоты бойыншо жүзеге асырылады.
«Балина» ЖШС-нің корпоративтік табыс салығын есептеген кезде 7710 шот дебиттелініп, 3110 шоты. Бұл салық жылдың соңында бір рет септелінеді. Ал осы корпоративтік табыс салығын бюджетке есептеген кезде оның аванстық төлемін қоса алғанда 3110 шоты дебеттелініп, 1040 шоты кредиттелінеді.
Кейінге қалдырылған табыс салығы және сонымен байланысты есеп айырысулар. Кейінге қалдырылған салықтың есебі үшін 4310 «Кейінге қалдырылған табыс салығы» шоты арналған. Бұл шотта бухгалтерлік және салық есебінің талаптарындағы айырманың нәтижесінде пайда болған уақытша сомалары көрсетіледі.
Бухгалтерлік есепте табыс пен зиян есеп саясатында қаралған және есеп стандарттарымен қарастырылған қағидасы бойынша қаржылық – шаруашылық қызметінің нәтижесі анықталады. Салықтық есепте табыс пен зиянның сомасы бухгалтерлік есепте көрсетілген сомамен салыстырылып, солардың арасындағы айырмасына тиісті түзетулердің көмегімен анықталады.
Бұл арада мынаны ескерген жөн: салық есебінде жиынтық жылдық табыстан (негізгі құрал – жабдықтарды амортизациялау, негізгі құрал – жабдықтарды жөндеу, проценттер және тағы басқалары бойынша) ұстап қалулар (жеңілдіктер) туралы, сондай – ақ табыстар туралы (үйлерді, ғимараттарды) сату кезінде құнның, сондай – ақ ақша құнсыздануына түзетулерді есепке ала отырып амортизациялауға жатпайтын алашақтардың өсуі; кәсіпкерлік қызметті шектеуге келіскені және кәсіпорынды жапқаны үшін тағы басқалары жөнінде хабарлама қалыптасады; бұл хабарламада салық салынатын табыс сомалары және бюджетке төленуге тиісті заңды тұлғалардан алынатын табыс салығының сомалары туралы бухгалтерлік әрі салық есебі деректері арасындағы алшақтыққа әкеліп соғады.
Қосылған құн салығы салынатын тауарларды тиеуді, жұмыстарды атқаруды немесе қызмет көрсетуді жүзеге асыратын қосымша құнға салынатын салық бойынша есепте тұрған салық төлеуші аталған тауарларды, атқарылған жұмыстарды немесе көрсетілген қызметтерді қабылдап алатын тұлғаға салық шот – фактурасын ұсынуға міндетті.
ҚҚС есептеу кезінде 1210 «Алынуға тиісті қарыздар» шоты дебеттеледі де, 3130 «Қосылған құн салығы» шоты кердиттеледі.
Акцизді есептеген кезде 1210 шоты дебеттеліп, 3140 шотының «Акциз» деп аталатын субшоты кредиттеледі. Ал оны бюджетке аударған кезде, 3140 дебеттеліп, 1040 шоты кредиттеледі.
Әлеуметтік салық. Бұл салықты жұмыс беруші кәсіпорын есептейді, ол ақшалай да, заттай да төленуі мүмкін. Әлеуметтік салықтың есебі 3150 шоттың «Әлеуметтік салық» деп аталатын субшотында жүреді. Әлеуметтік салық ай сайын есептелінеді, ол үшін еңбеккерлердің жалпы табысынан әлеуметтік салық ұсталмайтын сомасы шегеріліп, қалған сомадан салық ұсталынады. Есептелінген әлеуметтік салық мына шоттардың дебетінде: 8014, 8034, 8044, 7110, 7210 және 3150 шоттың кредитінде табылады.
Жер салығын есептегенде 7210 шот дебеттеліп, 3160 шот кредиттеледі. Салықты төлеу салықтық кезеңнің 1 – ші шілдесінен кешіктірмей тіркелген объектілер бойынша жергілікті бюджетке төленеді. Ол кезде 3160 шот дебеттеліп, 1040 шот кредиттеледі.
Көлік құралдарына салынатын салықты есептеген кезде 7210 «Жалпы және әкімшілік шығыстарының» шоты дебеттеледі де және 3170 «Көлік құралдарына салынатын салық» шоты кредиттеледі. Салықтардың барлық түрлері бюджетке аударылады, ол кезде 3170 шоты дебеттеліп және 1040 шоты кредиттеледі.
Мүлікке салынатын салық. Бюджетке төленетін мүлік бойынша салынатын салықтың есебі 3180 шотында көрініс табады.
Жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы. Жеке тұлғалар бойынша бюджетпен есеп айырысу есебі 3120, 3190 пассивтік шотында жүреді.
Еңбеккерлердің табысы
бойынша жеке табыс салығының
сомасы еңбеккерлердің табысына қолданатын
мөлшерлеменің көмегімен
Банк мекемелер несиелерінің есебі. Кәсіпорындар мен ұйымдар өздерінің шаруашылық қызметі барысында меншікті капиталдарымен қатар басқа қатыстырылған (тартылған) капиталдарды да қолданады. Бұл қатыстырылған капитал бухгалтерлік есепте міндеттемелер деп аталады. Көз келген өндіріспен айналысатын ұйым сол өнімді өндіру үшін қажетті шикізаттар мен материалдар алғаны үшін жабдықтаушы-мердігерлерінің алдында міндетті болса, саудамен айналысатын ұйымдар өзінің сататын тауарларын жеткізіп беруші, яғни қызмет көрсетуші ұйымінаың алдында қарыз болуы мүмкін. Тіпті өндіріспен де немесе саудамен де айналыспайтын кәсіпорындардың өзі қарамағында жұмыс істейтін жұмысшылары мен қызметкерлеріне олардың істеген еңбегі үшін, сондай-ақ бюджетке түрлі салықтар үшін қарыз немесе оның алдында міндеттемесі болуы мүмкін. Қазіргі таңда қаржының жетіспеушілігінен банктер, банктен тыс мекемелерден, шет елдерден қарыз, несие алып өздерінің жұмысын жандандырып жатқан.
Кесте 5.
Бюджетпен есеп айырысу шоты бойынша жүргізілетін операциялар
№ |
Операциялар мазмұны |
Дебит шот |
Кредит шот |
1 |
Заңды ұйымдардан бюджетке алынатын қорпоративтік табыс салығы сомасына. |
7710 |
3110 |
2 |
Төтенше жағдайларға және токтатылған операцияларға байланысты табыстар (зияндар) салығының сомасына |
7470 |
3110 |
3 |
Төтенше жағдайдың және тоқтатылған операциялардың салдарынан шеккен зиянға байланысты, өзгерген салық сомасына |
3110 |
7470 |
4 |
Заңды ұйымдардын бюджетке нақты аударған корпоротивтік табыс салығы сомасы |
3110 |
1040 |
5 |
Салық есебіндегі кайта бағалау үстеме өсімінің, бухгалтерлік есептегі кайта бағалау үстеме өсімінен жоғары болған кезінде |
3110 |
5320 |
6 |
Сатып алушыларға және тапсырыс берушілерге сатылған өнім (жұмыс, кызмет) үшін талап етілген шот бойынша қосылған құн салығының сомасьна |
1210 |
3130 |
7 |
Бюджетке аударылған қосылған құн салығы сомасьна |
3130 |
1040 |
8 |
Жеке тұлғаларға есептелген табыс салық сомасына |
3350 |
1040 |
9 |
Серіктестіктерге |
3010 |
1040 |
10 |
Жеке түлғалардың |
3120 |
1040 |
11 |
Бюджетке артық аударылған салық сомасының кайтарылуы |
1040 |
3120 |
12 |
Есептелген әлеуметтік салық сомасы |
3150 |
1040 |
13 |
Есептелген акциз салық сомасы |
1210 |
3140 |
14 |
Есептелген акциз салығынын сомасы бюджетке есеп айырысу шотынан аударылды |
3140 |
1040 |
15 |
Есептелген жер салығы сомасы |
7210 |
3160 |
Сондай-ақ міндеттімелерін шектен тыс көбейтіп алып, оны қайтаруға мүмкіншілігі болмай жабылып, аукционға салынып, сатылып жатқан ұйымдар көптеп көздеседі. Осы айтылған міндеттімелер есебі бухгалтерлік есептегі ең негізгі, яғни қай саладағы болмасын кәсіпорындардың көкейтесті мәселелері екендігі сөзсіз. Кәсіпорындардағы міндеттемелердің есебі типтік шоттар кестесінің алтыншы міндеттемелер деп алынатын бөлім шоттарында есептеліп жүргізіледі.
Несие - бір заңды тұлғаның екінші бір заңды тұлғаға немесе жеке адамның заңды тұлғаға әдетте келісілген мөлшерде пайыз өсім (процент) алу үшін белгілі бір уақытқа заттай немесе ақшалай уақытша қаржы беруге байланысты пайда болатын экономикалық қарым-қатынас жүйесі болып табылады.
Нарықтық экономика жағдайында несие коммерциялық және банктік болып екіге бөлінеді.
Каммерциялыц несие — бір кәсіпорынның екінші кәсіпорынға сатқан тауарының кұнынан алынатын төлемнің кейінге қалдырылуына байланысты туындайды.
Банк несиесі — ұйымға ақша түрінде өндірісін ұлғайтуға, ағымдағы қызметгеріне байланысты қарыздарын төлеу үшін беріледі.
Несие беру және оны қайтару (өтеу) тәртібі тиісті заңдарға сәйкес және кәсіпорынның банкімен немесе басқа да несие берушілермен жасалған келісімшарттары негізінде реттеліп жүргізіледі. Онда несие берілетін объекті, несие беру шарты мен тәртібі, оның етелетін (кайтарылу) мерзімі, міндеттемесі, өзара қамтамасыз ету түрі, пайыздық өсім мөлшерлемелері мен оның төлем тәртібі, екі жақтық жауапкершілік мен құқығы, тол-тырылатын және бір-біріне беретін кұжаттарының тізімі тағы да басқалар көрсетіледі.
Кәсіпорындар банк мекемесінен несие сұрамастан бұрын несие алудың қажеттілігін, оны уақытында кайтарудың мүмкішлігін, әрбір коммерциялық банктердің несие беру, өтеу, өсім пайызы мөлшерлемелерімен және басқадай талаптарымен танысып, алдын ала шешіп алуы қажет. Банк мекемелері, әдетте несие сұраушы ұйымның төлем қабілеггілігі және қаржы түрақтылығы жағдайын тексереді. Ол үшін кәсіпорынның тиісті бухгалтерлік ақпаратты мәліметтерін алып танысады. Берілетін уақыт аралығына сәйкес банк несиесі қысқа мерзімді (бір жылға дейінгі уақыт) және ұзақ мерзімді (бір жылдан артық уақыт) болып екіге бөлінеді.
Несиенің объективті қажеттілігі — бұл, кәсіпорынның өндірістік және сауда айналымы капиталының заңдылықтарына негізделген.
Банк мекемелері несиелерінің есебі. Банк несиесі есебі қысқа және ұзақ мерзімді несие беру туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық банк мекемесі бекітетін «Қысқа және ұзақ мерзімді несие беру ережелеріне» сай жүргізіледі. Қысқа мерзімді несие ұйымның айналым қаржысын құрайтын көздердің бірі болып саналады.
Информация о работе Кәсіпорындағы қысқа мерзімді міндеттемелердің теориялық негіздері