Кәсіпорындағы қысқа мерзімді міндеттемелердің теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Февраля 2014 в 09:46, дипломная работа

Краткое описание

Осы мақсатқа жету үшін келесідей сұрақтар қарастырылды:
1. Қысқа мерзімді міндеттемелердің мазмұны және олардың жіктелуі;
2. Несие операцияларының негізі және оның түрлері;
3. Бюджетке түсетін салық және салық салу түрлері және оның есебін ұйымдастыру;
4. Еңбекақы түрлері және есебінің жүргізілуі;
5. Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысуын ұйымдастыру;
6. Қысқа мерзімді міндеттемелер аудитінің жүргізілуі;
7. Кәсіпорындағы қысқа мерзімді міндеттемелердің бухгалтерлік есебін ұйымдастырудың жетілдіру жолдары

Содержание

Кіріспе 5

1. Кәсіпорындағы қысқа мерзімді міндеттемелердің теориялық негіздері 7
1.1 Қысқа мерзімді міндеттемелердің экономикалық мазмұны 7
1.2 Бюджетпен және банк ұйымдарымен есеп айырысу операцияларының негізі 11
1.3 Кәсіпорынның қаржылық есеп берудің ұлттық стандарттарының теориялық негіздері 21

2. «Балина» ЖШС-нің қысқа мерзімді міндеттемелер есебін ұйымдастыру 29
2.1 Кәсіпорынның жалпы экономикалық көрсеткіштері және есеп саясаты 29
2.2 Бюджетпен және бюджеттен тыс мекемелермен бухгалтерлік есепті ұйымдастыру 39
2.3 Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу есебі 49
2.4 Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеу есебін ұйымдастыру 53

3. Қысқа мерзімді міндеттемелердің аудиті және есебін жетілдіру жолдары 58
3.1 Кәсіпорынның аудиторлық қызмет теориясының негіздері 58
3.2. Қысқа мерзімді міндеттемелердің аудиті 61
3.3 Кәсіпорын қызметінің тиімділігін жақсарту жолдары 66

Қорытынды 75

Пайдаланған әдебиеттер тізімі 77

Қосымшалар 77

Прикрепленные файлы: 1 файл

888.doc

— 682.00 Кб (Скачать документ)

4. Қаржылық есептеменің мақсаты болып пайдаланушыларды қаржылық жағдай, қызмет нәтижелері және есептік кзеңде қаржылық жағдайдың өзгерісі туралы нақты, тиімді және мәнді ақпаратпен қамтамасыз есту табылады.

5. Серіктестіктің бухгалтерлік балансы ҰС-ның талаптарына сай. Бухгалтерлік баланс серіктестікте бар активтерді, меншік капиталды, міндеттемелерді көрсетеді.

Түсініктемелік жазбахатта келесі ақпараттар ашылады: активтерді пайдаланудағы құқықтық шектеуліктер; міндеттемеге берілген кепілдер; болашақ ұзақ мерзімді инвестицияларды қаржыландыруға аргалған қаражаттар; байланысты жақтар туралы ашық ақпараттар; тұрақты айырмашылықтар туралы; төтенше ахуалдар туралы.

6. Серіктестіктің ұзақ мерзімді активтері келесілерді құрайды: негізгі қралдар; материалдық емес активтер; ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздар; болашақ кезең шығындары; ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар.

7. Ағымды активтер келесілерден құралады: тауарлы – материалдық қорлар; болашақ кезең шығындары; ақша қарадаттары; қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар; дебиторлық қарыздар.

8. Ұзақ мерзімді міндетемелер келесілерден құралады: несиенің қамтамасыз етілуі; несиенің қамтамасыз етілмеуі; қоғамның негізгі шаруашылық және серіктестік еншілестерінің бір біріне өзара берілген қарыздары; мерзімі ұзартылған салықтар; ұзақ мезімді дебиторлық қарыздар.

9. Ағымды міндеттемелер келесілерден құралады: қысқа мерзімді несиелер; кредиторлық қарыздар; төленілетін шығындарды есептеу; болашақ кезең табыстары; басқа да есептік есеп айырысулар.

10. Қоғамның меншік капиталы келесілерден құралады: жарғылық капитал; қосымша төленген және төленбеген капитал; резервтік капитал; бөлінбеген пайда (зиян).

11. Бухгалтерлік есепте шаруашылық операцияларды көрсеу кезінде серіктестік бузгалтерлік есептік жұмыстық шоттар жоспарымен басшылығымен қызмет етеді.

Қаржылық – шаруашылық қызмет нәтижелері туралы есептеме.

Қаржылық – шаруашылық қызмет нәтижелері туралы есептеме ҰС-на сәйкес жасақталады. Есептік кезеңде табылған барлық кіріс және шығыс баптары есептік кезеңде анықталған таза табыс немесе зиянды кірістіреді. Қаржылық – шаруашылық қызмет нәтижелері туралы есептеме есептік кезеңге серікттестіктің қаржылық нәтижелерін сипаттайды.

1.Негізгі қызметтен табыс сатылған тауарлы – материалдық қордан, көрсетілген қызметтен, жасалған жұмыстан болады. Дайын өнімнен (тауардан, жұмыстан, қызметтен) түскен табыс қосылған құн салығы, акцидер және тағы сол сияқты салықтық және міндетті төлемдерді сонымен қатар, қайтарылған тауарларды, сатып алушыға сатудағы жеңілдіктерді және бағалық жеңілдіктерді қоспай көрсетеді (алып тастап).

2. Сатылған дайын өнімнің (тауардың, жұмыстың, қызметтің) өзіндік құны өнім (тауар, жұмыс, қызмет) өндірумен байланысты, яғни, экономикалық мазмұнына қарай: материалдық шығындар, еңбекақы шығындары, сақтандыру аударымдары, негізгі құралдар ақауы және басқа шығындар элементтеріне топтастырылатын нақты шығындарды құрайды.

3.Жиынтық (валовой) табыс – сатылған дайын өнімнің (таруардың, жұмыстың, қызметтің) қаржылық нәтижесі. Ол негізгі қызмет нәтижесінде сатылған дайын өнімнің (тауарды, жұмыстың, қызметтің) және сатылған дайын өнімнің (тауардың, жұмыстың, қызметтің) өзінді құны арасындағы айырмашылықпен анықталады.

4.Кезең шығындары – бұл өндірістік дайын өнім (тауар, жұмыс, қызмет) өзіндің құнына кірістірілмейтін, шығындар. Кезең шығындарына мыналар жатқызылады: жалпы және әкімшілік шығындар; сату шығындары; сыйақыларды төлеу шығындары.

5. Негізгі өндіріс қызметінен түскен тасыс (зиян) қалдықты қаржылық нәтижені білдіреді және жиынтық табыс пен кезең шығындары арасындағы айырма арқылы анықталады.

6. Негізгі қызметтен емес табыс, негізгі қызметтен емес табыстан болған қаржылық қалдық нәтижесін білдіреді, яғни айналымнан тыс активтер алмастырылуы, биржада айналымда болатын бағалық қағаздардың қайта бағалануы.

7. Салық салалғанға дейінгі қарапайым қызметтен түмкен табыс «Негізгі қызметтен табыс (зиын)» көрсеткіштерінен сомалау жолымен анықталатын салық салуға дейінгі қарапайым қызметтен түскен табыс қалдықтау нәтижесінде көрініс табады.

8. Табыс салығы ҰС №11 «Табыс салығы бойынша есеп» сәйкес анықталады.

9.Салық салынғаннан қарапайым қызметтен түскен табыс «Салық салудың алдында қарапайым қызметтен түскен табыс» және «Табыс салығы» мәліметтер көрсеткшитерінің айырмашылықтар түрлері бойынша есептеу жолымен анықталады;

10. Салық салудан кейінгі қарапайым қызметтен түскен табыс пен ақуалды жағдайға кеткен шығын арасындағы айырмашылық жолымен анықталатын Қоғамның есептік кезеңде алынған қалдықтық нәтижесинде таза табыс (зиян) көрініс табады;

Ақша қозғалысы туралы есептме

1. Ақша қозғалысы туралы есептемеде серіктестік ақшасының келіп-түсуі мен кетуі туралы ақпаратта көрініс табады.

2. Ақша қозғалысы туралы есептеме ҰС №4 және барлық ақша төлем түрлерінің келіп түскенуі ашылатын тікелей әдіс жолымын есептелінеді;

3. Операциялық қызмет – серіктестіктің табыс алумен байланысты қызметі және инвестициялық және қаржылық қызметке қатысты емес қызметі.

4. Инвестициялық қызмет – сатып алынған және сатылған активтер, төленетін кредиттерді беру және алумен байланысты қызметі.

5. Қаржылық қызымет – жарғылық капитал көлемі мен құрамының өзгерісі және ация шығару немесе басқа да бағалы қағаздарды шығару жолымен түскен қарыз қаражаттары, банктік несиелерді алу, банктік несиелерді жабуға кеткен ақша қаражаттары, өз акцияларын сатып алу, дивиденттерді төлеу және басқа операциялар нәтижелері болып табылатын серіктестік қызметі.

6. Ақуалды жағдайдан ақша қозғалысы сипатына қарай операциондық, инвестициялық және қаржылық қызметтерден болған ақша ретінде калассификацияланады.

7. Пайыздар және дивиденттер түрінде алынған және төленген ақша қозғалысы бір есептік кезеңнен екінші есептік кезеңге алмаса болатын операциондық және қаржылық қызмет түрінде классификацияланады.

8. Табыс салығын төлеу нәтижестіннен туындайттын ақша қозғалысы операциондық қызмет тірінде калассификациялаады, егер де ол қаржылық және инвестициялық қызмет нәтижесі ретінде анықталмасы.

9. Қазақстан Республикасының территориясында орналасқан бактердегі есеп айырысу, валюталық шоттарындағы ұйымның ұлттық және шетел валютасындағы ақшаның бары мен қозғалысы туралы ақпаратты сараптау үшін «Салық салуға дейінгі қарапайым қызметтен табыс» және «Табыс салығы» мәліметтер көрсеткіштері арасындағы айырмашылық түрінде есептеу жолымен жүргізіледі.

Кесте 4.

«Балина» ЖШС-нің негізгі технико-экономикалық көрсеткіштері

(мың тенге)

 №

Көресткіштер

2006ж

2007ж

2008ж

Ауыт

қушы

лық (+,-), 2007/ 2006

Өсу темпі (%), 2007/ 2006

Ауыт

қушы

лық (+,-), 2008/ 2007

Өсу темпі (%), 2008/ 2007

1

Өнімді  өткізуден пайда, мың тенге

160420

164770

174140

+4350

+2,7

+13720

+12,5

2

Өнімнің өзіндік  құны, мың тенге

84210

84390

92070

+180

+0,2

+7680

+11,7

3

Жалпы табыс, мың тенге

80000

80990

99000

+990

+1,2

+18010

+22,2

4

Таза табыс, мың тенге

8501

8769

9554

268

+3,0

+785

+8,9

5

Негізгі құралдардың  орташа жылдық құны

20187

21300

22660

+1113

+5,5

+1360

+6,4

6

Қор қайтарымдылығы

4,0

4,05

4,24

-0,05

+1,2

+0,19

+4,7

7

Қор сыйымдылығы

4,99

5,01

6,02

+0,02

+0,4

+10,1

+18,0

8

Жұмысшылардың орташа тізімдік саны (адам)

800

853

860

+53

+6,6

+7

+0,8

9

Еңбек өнімділігі. тг/адам

50,8

65,2

66,1

+14,4

+28,3

+0,9

+1,3

10

Орташа  айлық жалақы

45,2

46,6

50,1

+1,4

+3,0

+3,5

+7,5

11

Жалақы  қоры

30342,2

30550

34221

+207,8

+0,6

+3671

+12,0


 

4 - Кестеден көріп отырғандай алғашқы көрсеткіш кәсіпорынның өнімді өткізу деңгейі 2006-2008 жылдар бойынша өсу қарқында белгіленген. Кәсіпорын табысын қарастыратын болсақ, өнімді өткізу пайдасы 2006 жылы 160420 мың теңге, ал 2007 жылы 164770 мың теңге болып, өзгеріс көлемі 4350 мың тенгеге жоғарлаған немесе 2,7 пайыз мөлшерге көбейді. Келесі жыл ол көрсеткіш 174140 мың теңгені, өсім сомасы 13720 мың тенгені немесе 2006 жылға салыстырғанды 12,5 пайызға өскен. Бұл өндіріс өнімдерінің өткізіліп сатылу көлемінің артуына, нарықтағы жоғары сұраныстың болуына байланысты қарастырылған.

«Балина» ЖШС-нің қаржылық - шаруашылық қызметтер деңгейінің жүргізілу барысына толық талдау жасау үшін, өнімнің өзіндік құнын анықтауымыз қажет, ол үшін өнімді өндіруге, өткізуге жүмсалған шығындар құрылымына талдау жасауымыз қажет.

Кәсіпорынның  нақты шығындар көлемі жоспарлық  көлемнен аз, яғни материалдық шығындар өнім өндіру барысында үнемделгендігін  көрсетеді. 2006 жылы 84210 мың теңгеге өнімнің өзіндік құны бағаланса, 2007 жылы ол 84390 мың теңгеге жоғарлаған, өсу көлемі 180 мың тенгені құраған немесе 0,2 пайызға өскен. Ал 2008 жылы бұл көрсеткіш 92070 мың тенгеге немесе 9,1 пайызға өскен.

Соның ішінде шикізат пен материалдарға, реогенттерге, дисперсоген, додискейл, диодиген, жөндеу жұмыстарына қажетті трубалардың  бағасының өзгерісі де өз әсерін тигізген. Яғни толық жөндеу жұмыстарына труболар да екі есе көп қолданылған.

 

2.2 Бюджетпен және бюджеттен тыс мекемелермен бухгалтерлік есепті ұйымдастыру

 

Бюджет - жалпы мемлекеттік  түрғыдан бөлініп (бекітіліп) пайдалану, жұмсау үшін құрылатын қаржы қоры болып табылады. Бюджеттің қаржысы экономиканы дамытуға, халықтың материалдық әл-ауқатын, мәдени деңгейін көтеруге және басқа да мақсаттарга пайдалалады.

Қазақстан Республикасының  салық кодексіне сәйкес жеке және занды түлғалардан алынатын салықтар, Мемлекеттік бюджетті толықтырудың негізгі көзі болып табылады.

Әлеуметтік салық — заңды тұлғалардың бюджетке төлейтін салықтарының бірі. Оның басқа салық түрлерінен ерекшелігі, бұл салықтың мөлшері кәсіпорынның жұмысшылары мен қызметкерлеріне олардың атқарған қызметі мен орындаган жұмысы үшін есептелетін еңбекақы төлеу қорына тікелей байланысты болып табылады. Яғни бұл салық ұйымның еңбекақы төлеу қорының белгілі бір пайызы түрінде есептеліп Кәсіпорынның шығындарына қосылып отырады. Бірақ та жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелген еңбекақыдан ұсталмайды. Әлеуметтік салықты төлеушілердің қатарына барлық заңды тұлғалар мен кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар жатады.

Әлеуметтік салық салу объектісіне, яғни еңбекақы төлеу қорына табыстың барлық түрлері кіреді; оның күшінде: әр түрлі сыйақылар, жәрдемақылар, жеке әлеуметтік жеңілдіктер және тағы да басқадай төлемдер.

Шаруашылық жүргізуші  ұйымдарда әлеуметтік салық ағымдағы айдың еңбекақы төлеу қорының  заңда қаралған пайызы мөлшерінде есептеледі де, келесі айдың 15-ші күнінен кешіктірілмей теленуі тиіс. Кәсіпорында әлеуметгік салық сомасы есептелгенде оның бухгалтериясында мынадай жазу жазылады:

Д-т: «Жалпы және әкімшілік  шығындар» деп аталатын шот;

К-т: «Әлеуметтік салық» деп аталатын шот.

Ал ол сома бюджетке есеп айырысу шотынан теленгенде:

Д-т: «Әлеуметтік салық» деп аталатын шоты;

К-т: «Ақшалар» деп  аталатын шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады.

 Заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы

Есепті жылда салық  салынатын табыстары бар заңды тұлғалар табыс салығын төлеушілер болып табылады. Табыс салығын төлеушілер қатарына зақды тұлғалар, олардың филиалдары және оқшауланған (дербестелген) бөлімшелер кіреді.

Әрбір салық төлеуші  салық салынатын табысты анықтау  үшін, жылдық табыстың жинақталған сомасынан табыс табу мақсатында жұмсалған шығындар мен шеккен зияндардьщ сомасын шегереді.

Кәсіпорынның жылдық табысына, яғни жыл бойы кіріс еткен  сомаларының жиынтығына сатылған немесе өткізілген өнімдер, атқарылған жұмысы мен көрсетілген қызметі және басқа да операциялар үшін салық төлеүшінің алуға (алған) тиісті ақшалай немесе басқа да каражаттары, сондай-ақ сатып алушыдан алуға тиісті сомалардың есебінен өзара есеп айырысу ретінде үшінші тұлғаларға жіберілген немесе тікелей не болмаса жанама шығындарды өтеуге жіберілген қаржылар жатады.

Салық салынатын табыстардың  және одан шегерілетін шегерімдер мен  жеңілдікгердің құрамы, сондай-ақ салынатын  табыс салығының мөлшері салық  кодексінде қаралады.

Салық төлеуші Кәсіпорын  тиісті салық органына «Заңды тұлғаның салық салынатын табысының декларациясын» ұсынуға тиіс.

Ұйым өзінің есепті жылдағы  алған табысы бойынша табыс салығы сомасын есептеу барысында бухгалтерлік есепте мына түрдегі екі жақты  жазу жазылады:

Д-т: «Қорпоративтік табыс  салығы бойынша шығындар» шоты;

К-т: «Төленетін қорпоративтік  табыс салығы» - шоты.

Ал бұл сома бюджетке аударылғанда:

Д-т: «Төленетін қорпоративтік  табыс салығы» деп аталатын шот;

К-т: «Ақшалар» деп  аталатын шоты туріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады.

Кейінге қалдырылған қорпоративтік табыс салығының есебі

Информация о работе Кәсіпорындағы қысқа мерзімді міндеттемелердің теориялық негіздері