Кәсіпорындағы қысқа мерзімді міндеттемелердің теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Февраля 2014 в 09:46, дипломная работа

Краткое описание

Осы мақсатқа жету үшін келесідей сұрақтар қарастырылды:
1. Қысқа мерзімді міндеттемелердің мазмұны және олардың жіктелуі;
2. Несие операцияларының негізі және оның түрлері;
3. Бюджетке түсетін салық және салық салу түрлері және оның есебін ұйымдастыру;
4. Еңбекақы түрлері және есебінің жүргізілуі;
5. Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысуын ұйымдастыру;
6. Қысқа мерзімді міндеттемелер аудитінің жүргізілуі;
7. Кәсіпорындағы қысқа мерзімді міндеттемелердің бухгалтерлік есебін ұйымдастырудың жетілдіру жолдары

Содержание

Кіріспе 5

1. Кәсіпорындағы қысқа мерзімді міндеттемелердің теориялық негіздері 7
1.1 Қысқа мерзімді міндеттемелердің экономикалық мазмұны 7
1.2 Бюджетпен және банк ұйымдарымен есеп айырысу операцияларының негізі 11
1.3 Кәсіпорынның қаржылық есеп берудің ұлттық стандарттарының теориялық негіздері 21

2. «Балина» ЖШС-нің қысқа мерзімді міндеттемелер есебін ұйымдастыру 29
2.1 Кәсіпорынның жалпы экономикалық көрсеткіштері және есеп саясаты 29
2.2 Бюджетпен және бюджеттен тыс мекемелермен бухгалтерлік есепті ұйымдастыру 39
2.3 Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу есебі 49
2.4 Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеу есебін ұйымдастыру 53

3. Қысқа мерзімді міндеттемелердің аудиті және есебін жетілдіру жолдары 58
3.1 Кәсіпорынның аудиторлық қызмет теориясының негіздері 58
3.2. Қысқа мерзімді міндеттемелердің аудиті 61
3.3 Кәсіпорын қызметінің тиімділігін жақсарту жолдары 66

Қорытынды 75

Пайдаланған әдебиеттер тізімі 77

Қосымшалар 77

Прикрепленные файлы: 1 файл

888.doc

— 682.00 Кб (Скачать документ)

•  мерзімінде төленбеген есеп айырысулардан.

Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысулар есебі бойынша мынадай шоттар қорреспонденциясы беріледі.

 Кесте 7.

Жабдықтаушылар мен мердігерлермен есеп айырысу шоты бойынша жүргізілетін операциялар

 

Операциялар мазмұны

Дебит шот

Кредит шот

1

Жабдықтаушы-мердігерлердің шоттары акцептелді:

- материалдарды жеткізу  және  өңдеу қызметтерінің кұнына;

- қосылған кұн салығының  құнына

 

 

1310

1420

 

 

3310

2

Орындалған кұрылыс-монтаж жұмыстары үшін мердігерлердін талап  еткен шоттарына:

- жұмыстың кұнына;

- қосылған кұн салығы сомасына.

 

 

2930

1420

 

 

3310

3

Тасымалдау ұйымдарыньщ  өнім сату бойынша көрсеткен қызметі  үшін талап еткен шоты (егер тасымалдауға байлаішсты көрсетілетін қызмет, келісімшартта  өнім берушінің есебшен болған жағдайда): - көрсетілген қызмет кұнына; - қосылған кұн салым сомасына.

7110

3310

4

Жабдықтаушы-мердігерлерден материалдарды қабылдаған кезде кем шыққан және бағасының сәйкес келмеуіне, арифметикалық жіберген қатесі және т.б.

2160

3310

5

Бухгалтерлік есепте шот-фактурасыз келіп түскен материалдарды көрсету (шартта көрсетілген баға бойынша)

1310

3310

6

Жабдықтаушылардан келген шот-фактураға сәйкес бұрынғы шот-фактурасын кіріске алынған материалдардың құны сторно етіледі (қызыл сиямен).

1310

3310

7

Құны төленген бір-ақ айдың аяғыңда жолда қалған материалдардың немесе қоюшылардың коймасынан әкетілмеген материалдардьң құнына

1310

3310

8

Мердігерлік әдіспен  жөндеу жүргізілген негізгі құралдардың

8044

3310

9

Жабдықтаушы-мердігерлердің шоттары төленгенде

3310

1040

10

Жабдықтаушы-мердігерлерге  алдын ала берілген аванс сомасы есептелді

3310

1610


 

Кәсіпорынның басқа  заңды немесе жеке тұлғалардан сатып  алынған тауарлық-материалдық қорлар үшін (қосылған құнға салынған салық есебінсіз) акцептелтен шот-факгурасьша: Д-т: «Материалдар» немесе «Тауарлар» деп аталатын шоттардың тиістісі;

К-т: «Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысу» деп аталатын шот.

Ал бұл  тауарла үшін есептелген қосылған құн салығы сомасына:

Д-т: «Қосылған  құнға салынған салық» деп аталатын шоты;

К-т: «Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысу» деп аталатын шоты түріндегі  екі жақты жазу жазылады.

Жабдықтаушьшардьщ шот фактурасының қай шоттан төленгеніне қарай:

Дт: «Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысу» деп аталатьш шоты,

Кт: «Ақшалар» деп аталатьш шоты түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.

Шот-фактура  бойынша кәсіпорынның жабдықтаушыларға тауарларды сатып алу барысында төленген қосылған кұнға салынған салықтың сомасы ұйымның тауарларды (қызметгерді) сату барысында есетелінген бюджетке төленетін қосылған құнға салынған салықтың сомасынан шегерілгенде:

Дт. «Қосылған құнға  салынған салық» деп аталатын шот;

Кт: «Орны  толтырылатын қосылған құнға салынған салық» деп аталатын шот түріндегі жазуы жазылады.

Алынған аванстар бойынша  есеп айырысу есебі. Басқа заңды немесе жеке тұлғаларға сатылатын тауарлар немесе көрсетілетін қызметтер үшін алдын-ала алынған аванс сомалары бойынша есеп айырысу есебі «Тауарлық-материалдық қорларды қою үшін алынған аванстар» және «Жұмыстарды орындау және қызмет көрсету үшін алынған аванстар» деп аталатын шоттарда есептеледі.

Осы аталған операцияларға  сәйкес Кәсіпорынның алынған аванс  сомасына:

Д-т: «Ақшалар» шоты;

К-т: «Тауарлық-материалдық  қорларды қою үшін алынған аванстар»  немесе «Жұмыстарды орындау және қызмет көрсету үшін алынған аванстар» деп аталатын шоттарының тиістілері түрінде екі жақты жазу жазылады.

Ал сатып алушыларға босатылған тауарлар, көрсетілген қызметтер  құнынан алдын ала алынған  аванстар сомасы шегерілгенде:

Д-т: «Тауарлық-материалдық  қорларды қою үшін алынған аванстар» немесе «Жұмыстарды орындау және қызмет көрсету үшін алынған аванстар» деп аталатын шоттарының тиістілері;

К-т: «Сатып алушылар мен  тапсырыс берушілердің берешегі» немесе «Еншілес серіктестіктердің дебиторлық борышы» деп аталатын шоттардың тиістілері түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.

Егер алынған аванс  сомасының толық пайдаланылмағаннан қалған бөлігі тапсырыс берушілерге, сатып  алушы занды немесе жеке тұлғаларға қайтарылғанда:

Д-т: «Тауарлық-материалдық  қорларды қою үшін алынған аванстар» немесе «Жұмыстарды орындау және қызмет көрсету үшін алынған аванстар» деп аталатын шоттарының тиістілері;

К-т: «Ақшалар» деп  аталатын шоты түрінде бухгалтерлік жазуы жазылады.

Кәсіпорынның алған  аванстарының талдамалық есебі әрбір  аванс берген ұйым бойынша бөлек жүргізіледі.

 

2.4 Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеу есебін ұйымдастыру

 

Шаруашылық субъектінің түріне қарамастан әрбір қызметкердің кірісі субъект жұмысының түпкілік нәтижелерін ескергенде, оның жеке үлесімен анықталады және салықтармен реттелінеді. Жалақы тұтынушы кірісінің үлкен бөлігін құрайды, сондықтан да сұраныстың мөлшеріне, тауардың тұтынысына және олардың бағасына елеулі әсер етеді.

Жалақының номиналды және шынайы түрлері болады. Номиналды жалақы – дегеніміз жалдамалы еңбектің қызметкері өзінің күндік, апталық, айлық еңбегі үшін алатын ақша сомасы. Номиналды жалақының мөлшеріне қарап табысының деңгейі жайында айтуға болады, бірақ тұтынудың деңгейі мен адамның әл – ауқаты жайлы айту мүмкін емес.

Шынайы жалақы – алған ақшаға сатып алуға болатын өмірлік игіліктер мен қызметтердің жиыны. Ол наминалды жалақыға тікелей қатынаста және тұтыну заттары мен ақылы қызметтердің бағасы деңгейімен кері қатынаста болады.

Жалақы өнімнің өзіндік құнының негізгі элементтерінің бірі болып табылады, сондықтан да жалақы есебінің дұрыс ұйымдастырылуы еңбек өнімділігінің артуына, өнімнің өзіндік құнының кемуіне және еңбеккерлердің өмір деңгейінің жақсаруына себепші болады.

Қызметкерлермен есеп айырысу есебінің негізгі міндеттері:

1. Еңбектің саны мен сапасына, шығарылым нормасының орындалуына, жұмыс уақыты мен жалақы қорының пайдаланылуына бақылау жасау;

2. Субъектінің әрбір қызметкерлеріне жалақыны дер кезінде және уақытылы есептеу;

3. Жалақыдан дер кезінде және дұрыс ұстап қалу;

4. Белгіленген мерзімдерде қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысуды жүргізу;

5. Есептелген жалақыны өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құнына дер кезінде және дұрыс енгізу;

6. Өндірістік процеске басшылық жасау операцияларына қажетті еңбек пен жалақы туралы деректерді алу;

7. Еңбек және жалақы бойынша статистикалық септемені жасау.

Адам құрамының және жұмыс уақытын пайдаланудың есебі. Шаруашылық қызметінің процесінде жұмысқа қабылдау және жұмыстан шығару нәтижесінде қызметкерлердің саны өзгереді, жұмысы бойынша ауысулар жүргізеді. Адам құрамының есебін кадрлар бөлімі жүргізеді. Ол жалпы кәсіпорын бойынша, оның құрылымдық бөлімшелері бойынша қызметкерлердің саны туралы және осы санның өзгерісінің себептері туралы: жынысы, санаты, лауазымы, мамандығы, жұмыс стажы, білімі және басқа белгілері бойынша қызметкерлер құрамы туралы деректер алуды қамтамасыз етеді. Адам құрамын есепке алу үшін № Т-2 нысанындағы жеке карточка, ал ғылыми қызметкерлер үшін № Т-4 нысанындағы ғылыми қызметкерлерді есепке алу карточкасы қолданылады. Жұмысқа келген адамдар соңғы жұмыс орны туралы жазулар жазылған еңбек кітапшасын кадрлар бөліміне көрсетуге тиісті.

Жаңадан жұмысқа алынған қызметкерге еңбек кітапшасы толтырылады. Ол кадрлар бөлімінде сақталады. Оған табельдік номерлер тағайындалып, есеп айырысу карточкасы беріледі. Бухгалтерия оған ай сайын жалақы туралы мәліметтерді енгізеді. Жаңадан қабылданғандарды жұмысқа қабылдау туралы № Т-1 нысанындағы бұйрықпен рәсімдейді. Басқа жұмысқа ауыстыру туралы № Т-5 нысанындағы бұйрық қызметкерді бір бөлімшеден басқа бөлімшеге, бір лауазымнан басқасына өткізуді рәсімдеу кезінде қолданылады. Соның негізінде жеке карточкада және еңбек кітапшасына белгілер қойылады. Демалыс беру туралы № Т-6 нысанындағы бұйрық жыл сайынғы және өзге демалыстарды рәсімдеуге арналған. Оның негізінде жеке карточкаға белгілер қойылады, ол бухгалтерия демалыс кезеңіне ақы төлеуді жүргізеді.

Еңбек шартын тоқтату туралы № Т-8 нысанындағы бұйрық қызметкер жұмыстан кеткен кезде қолданылады және еңбек кітапшасына жазулар жазуға, жеке карточкасын жабуға және түпкілікті есеп айырысуға негіздеме болады. Өз еркімен жұмыстан кеткен кезде қызметкер № Т-8 нысаның кері жағына өтініш жазады. Материалдық жауапты адам қабылданған, ауысқан және жұмыстан кеткен жағдайда толық материалдық жауапкершілік туралы шарт жасасылып, жаңадан тағайындалған адамдарға құндылықтарды берудің тәртібі мен мерзімдері белгіленуі тиіс. Қызметкердің жұмысқа қабылдану мерзіміне қарай былайша бөлінеді: тұрақты – жұмысының аяқталу мерзімі көрсетілмеген, уақытша – 2 ай шамасындағы мерзімге, маусымдық – маусымдық жұмыстарды орындау кезеңіне (6 айдан аспайды). Кәсіпорындарда жұмыс жасайтындарды тізімдік және тізімдік емес персонал деп бөледі. Орындайтын функцияларына байланысты жұмыс жасайтындарды жұмысшылар және қызметкерлер деп бөледі. Қызметкерлер басшылар, мамандар және басқа қызметкерлер болып бөлінеді. Жұмысшыларды өндіріс процесіне қатысуына қарай негізгі және көмекші деп бөледі.

Жұмыс уақытының есебі. Жұмыс уақытының есебін табельдерде жүргізеді. Табельді есептік деректері еңбек тәртібін сақтауға, жұмысқа келу мен кетудің уақытылығына бақылау жасауға, жұмыспен өтелген уақыт туралы және жұмысқа себепті және себепсіз келмеу туралы еркін деректермен қамтамасыз етуге, жалақы есебін жүргізуге қажет. Кәсіпорындарда табельдердің мынадай түрлері қолданылады:

  • № Т-12 нысаны, жұмыс уақытын пайдалануды есепке алуға және есептік деректерді өңдеудің механикалық әдісі негізінде жалақыны есептеп шығаруға арналған;
  • № Т-13 нысаны, жалақыны есептеусіз жұмыс уақытын пайдалану есептерін есепке алуға арналған;
  • № Т-14 нысаны, тұрақты айлық кесімді жалақысы немесе ставкасы бар қызметкердің жұмыс уақытын есепке алуға арналған;

Табель – бұл жұмыс жасаушылардың санаттары бойынша қызметкерлер тізімі. Табельге жазуды және одан қызметкерлердің фамилияларын алып тастауды адам құрамын есепке алу жөніндегі құжаттардың негізінде жасайды. Табель күн сайын жұмыс күні аяқталған бойда мына 2 әдістің біреіумен жабылады:

1 - әдіс. Мұндай кезде қалыпты жұмыс сағаты – 8 сағат 12 минут қойылады. Жұмысқа келмеу әріптермен немесе сандармен қойылады.

2 - әдіс. Бағандарға тек жұмысқа келмеу белгісі қойылады. Ал жұмысқа келген күндер ұяшықтары бос қалады. Табельді дұрыс толтыру үшін жұмыс уақыты үш топқа бөлінеді.

1. Жұмыспен өтелген уақыт (жұмыс күні ішіндегі жұмыс сағаты, жұмыс уақытынан тыс жұмыстар, мейрам және демалыс күндеріндегі жұмыстар);

2. Жұмыспен өтелмеген, бірақ төленген уақыт (ауырған күндер, демалыс, жасөспірімдердің жеңілдік сағаттары, нәрестелерді тамақтандыруға арналған үзіліс);

3. Жұмыспен өтелмеген, төленбеген уақыт (бос жүру, қызметкерлердің кінәсі бойынша тұрып қалу, кешігу, жұмыстан ерте кетіп қалу).

Жұмыстың уақтылы басталуына және аяқталуына, жұмыс күні ішінде жұмыс уақытының пайдаланылуына бақылау жасауды кәсіпорын башысы жүзеге асырады.

Бақылау әдістері:

  • Карточкалық, бақылау сағаттарының көмегімен;
  • Жетондық, табельдік жетондар мен маркілерді пайдалану арқылы;
  • Өткізу, мұндай кезде кіріп – шығуға рұқсат қағаз беру жұмыс күнінің басында және аяғында жүргізіледі;
  • Рапорттық – ведомстік, бөлімше бастығының рапорттары мен табельдік ведомостерін пайдалану арқылы;
  • Бақылау - өткізу қағаздарының көмегімен.

Техникалық нормалау, яғни жұмыс түрлері, жұмыстың күрделілігі мен қызметкерлердің біліктілігі ескеріліп, жалақының тарифтік жүйесі арқылы жүзеге асатын жұмыс уақытының шығындар нормасын әзірлеу еңбекті есепке алудың маңызды элементі болып табылады. Осы сетканың және разряд аралық коэффициенттердің негізінде есептелген тарифтік ставкалар мен лауазымдық кесімді жалақылар тарифтік келісімдер мен ұжымдық шарттарды жасасуға негіз болад. Қызметкердің айлық тарифтік ставкасы сол мезетте ҚР – да белгіленген ең төменгі жалақыны тиісті разрядтағы қызметкердің тарифтік коэффициентіне көбейту ретінде анықталады.

Жинақтаушы зейнетақы  қорымен есеп айырысудың есебі. Зейнетақы қорымен есеп айырысулар есебі «Жинактаушы зейнетақы қорымен есеп айырысу» деп аталатын шотта жүргізіледі. Меншік нысанына қарамастан барлық кәсіпорындар мен ұйымдар, сондай-ақ жеке кәсіпкерлікпен айналысатын заңды тұлғалар шарттар бойынша жұмысшы жалдайтын тұлғалар, зейнетақы қорына жарналар аударып түруға міндетті. Зейнетақы қорына белгіленген мерзімінде жарна төленбеген жағдайларда Кәсіпорындар өсім сомасын төлейді, сондай-ақ ұйымның лауазымды тұлғаларына бұндай жағдайда айыппұлдар салынуы мүмкін.

Информация о работе Кәсіпорындағы қысқа мерзімді міндеттемелердің теориялық негіздері