Кәсіпорындағы қысқа мерзімді міндеттемелердің теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Февраля 2014 в 09:46, дипломная работа

Краткое описание

Осы мақсатқа жету үшін келесідей сұрақтар қарастырылды:
1. Қысқа мерзімді міндеттемелердің мазмұны және олардың жіктелуі;
2. Несие операцияларының негізі және оның түрлері;
3. Бюджетке түсетін салық және салық салу түрлері және оның есебін ұйымдастыру;
4. Еңбекақы түрлері және есебінің жүргізілуі;
5. Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысуын ұйымдастыру;
6. Қысқа мерзімді міндеттемелер аудитінің жүргізілуі;
7. Кәсіпорындағы қысқа мерзімді міндеттемелердің бухгалтерлік есебін ұйымдастырудың жетілдіру жолдары

Содержание

Кіріспе 5

1. Кәсіпорындағы қысқа мерзімді міндеттемелердің теориялық негіздері 7
1.1 Қысқа мерзімді міндеттемелердің экономикалық мазмұны 7
1.2 Бюджетпен және банк ұйымдарымен есеп айырысу операцияларының негізі 11
1.3 Кәсіпорынның қаржылық есеп берудің ұлттық стандарттарының теориялық негіздері 21

2. «Балина» ЖШС-нің қысқа мерзімді міндеттемелер есебін ұйымдастыру 29
2.1 Кәсіпорынның жалпы экономикалық көрсеткіштері және есеп саясаты 29
2.2 Бюджетпен және бюджеттен тыс мекемелермен бухгалтерлік есепті ұйымдастыру 39
2.3 Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу есебі 49
2.4 Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеу есебін ұйымдастыру 53

3. Қысқа мерзімді міндеттемелердің аудиті және есебін жетілдіру жолдары 58
3.1 Кәсіпорынның аудиторлық қызмет теориясының негіздері 58
3.2. Қысқа мерзімді міндеттемелердің аудиті 61
3.3 Кәсіпорын қызметінің тиімділігін жақсарту жолдары 66

Қорытынды 75

Пайдаланған әдебиеттер тізімі 77

Қосымшалар 77

Прикрепленные файлы: 1 файл

888.doc

— 682.00 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасының  аймағына сырттан келген тауарларға салық салынады (ҚҚС босатылғаннан басқасы). Оларға салынатын салық деңгейі ҚР кеден заңына сәйкес анықталады және оларға кеден құны да қосылады.

Акциздік салық –  сатып алушы төлейтін тауардың бағасына немесе тарифіне қосылатын жанама салық  болып табылады.

Кесте 2.

Әлеуметтік салық көрсеткіштері

 

Әлеуметтік салықты  төлеушілер

Салық салынатын объектісі

Салық мөлшерлемесі

Салық кезеңі

ҚР заңды тұлға резиденттері, ҚР тұрақты мекемелер арқылы өз қызметтерін  жүзеге асырушы, резиденттер еместер

Еңбеккерлердің ке келген табысы, ақшалай да, заттай да нысанындағы

Шетел мамандарының табысынан-11%

Қалған басқа барлық еңбеккерлерден 20-7%

Календарлық ай, әр тоқсан сайын есеп берумен бірге

Жеке нотариустар, адвокаттар

Еңбекерлердің саны, салық  төлеушінің өзін қоса есептегенде

өзі үшін 3 айлық есептік  көрсеткіші;

Әрбір жұмыскер үшін 2 айлық  есептік көрсеткіші

 

Жеке кәсіпкерлер

 

Айлық есептік көрсеткіштен- 20%


 

 

Жер салығы. Салық салу мақсатында барлық жер ҚР – ның  заң актілеріне сәйкес арналым мақсатына  және белгілі бір категорияға жататындығына қарап қарастырылады.

Жер салығы олардың меншік құқын, тұрақты пайдалану құқын, уақытша тегін пайдалану құқын  растайтын құжаттардың негізінде  есептелінеді және әр жылдың 1 қаңтарына  жердің сапасы бойынша есебі мен  мемлекеттің үлесі бойынша мәліметін жер ресурстарын басқаратын өкілетті органдарға ұсынады.

Көлік құралдарына салынатын  салық. Мемлекеттік есепте тұрған меншік және меншікті сенімді басқаруға, шаруашылықты жүргізуге алынғандар және жеке тұлғалар салық төлеушілер болып табылады.

Көлік құралдарына салынатын  салық жыл сайын төленеді және ҚР заңдарымен белгіленген кезінде  төлем жасалады және олар көлік құралдарының қуатының әр киловатынан алынатын айлық  есептеу көрсеткіші бойынша алынады.

 

 

Кесте 3.

Мүлікке салынатын салық  көрсеткіштері

 

Мүлік салығын төлеушілер

Салық салынатын объектісі 

Салық мөлшерлемесі

Салық кезеңі

Заңды тұлға резиденттерінің  меншігіндегі салық салынатын объектілері

Салық салынатын объектісі: негізгі құралдар және МЕА б.таб. Заңды және жеке кәсіпкерлердің балансында тұрған объектінің бухгалтерлік есеп мәліметтері бойынша анықталған орташа жылдық қалдық құны

Салық салынатын объектінің жылдық орташа құнының 0,1% алынады: коммерциялық емес ұйымдардан, әлеуметтік сферадан, кітапхана саласы мен байланыстықызметтерден; мемлекеттік ғылыми кадрлерді аттестациялаудан;

Календарлық жыл

Заңды тұлға резидент еместердің меншігіндегі салық салынатын  объектілері

Жеке кәсіпкерлердің меншігіндегі салық салынатын объектілер

Салық салынатын объектісіне, кәсіпкерлердің меншігіндегі және меншігінде емес мүліктер жатады: үй-пәтер қорлары, саяжайы, т.б. аяқталмаған құрылыс объектілері

Салық салынатын объектінің жылдық орташа құнынан 1% мөлшерінде алынады.

 

Жеке тұлғалардың меншігіндегі салық салынатын объектілері

 

Салық мөлшерлемесін, салық салынатын объектінің құнына қарап, Салық Кодексі белгілейді.


 

 

Салық салынбайтын объектісі  болып:

  • жер салығы салынатын объектілер;
  • көлік құралдарының салығы салынатын объектілері;
  • ҚР–ның Үкіметінің шешімімен консервацияға жатқызылған негізгі құралдары;
  • мемлекеттік автомобиль жолдары;
  • инвестициондық жобаның аясында пайдалануға берілген негізгі құралдар.

 

Несие – нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементінен білдіреді. Оны барлық шаруашылық субъектілерімен қатар, мемлекет те, үкімет те, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады.

Несиенің пайда болуын өнімдерді өндіру сферасынан емес, олардың айырбас сферасыннан іздеу қажет. Тауар айырбастау – бұл тауардың бір қолдан екінші қолға өтуін білдіреді десе, шынымен де осындай айырбас кезінде несиеге байланысты қатынас туындайды.

Сонымен қатар, несие мен қаржы категорияларын бір санайтындар да аз емес, несие – бұл ақшалай қаражаттың екі жақты қозғалысын, яғни қаражаттың уақытша берілуін және уақыт өткен соң қайтарылуын баяндаса, ал қаржы – сол қаражаттың бір жақты қозғалысын бейнелейді, яғни қаражат: дотация, субвенция, субсидия түрінде бірлесе, олар қайтарымсыз сипатқа ие.

Несие – бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға (қарызға) берілетін ссудалық капитал қозғалысы.

Несие ақшалай капиталдың ссудалық капиталға өтуін қамтамасыз ете отырып, несие берушілер мен қарыз алушылар аоасындағы несиелік қатынасты бейнелейді. Несиенің көмегімен заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаражаттары мен табыстары экономикалық жүйе төңірегінде жинақтала отырып, уақытша және арқылы негізе пайдалануға берілетін ссудалық капиталға айналады.

Экономикалық категория ретінде, несие – кәсіпорындар, ұйымдар және бірлестіктер, сондай-ақ халық арасындағы несие қоын құру және олардың қайтарылу, пайыз төлеу шартында белгілі бір мерзімге уақытша пайдалануға беру негізінде қалыптасатын өндірістік қатынастар жиынтығы.

Қарыз алушы – бұл несиені алушы және оны қайтаруға міндетті, несиелік қатынастың екінші жағы. Борышқор және қарыз алушы бір-бірімен жақын сөздер болғанымен де, олардың түсініктері әр түрлі. Мысалыға, кәсіпорын немесе жеке азаматтардың коммуналдық қызметке, салықтарға т.б. байланысты төлемдері кешігуі мүмкін, бірақ бұл жерде ешқандай да несиелік қатынас туындамайды. Борыш бұл тек қана экономикалық қатынасты емес, сондай-ақ адамзаттық қатынастар жағдайын сипаттайды. Борыш – бұл өте ауқымды ұғым. Ал қарыз алушы – бұл қосымша қаражатқа деген сұранысы бар тұлға.

Қарыз беруші және қарыз алушымен қатар несиенің құрылымының элементіне берілетін объекті де жатады. Беру объектісі – бұл құнның ерекше бөлігі, яғни қарызға берілген құнды білдіреді.

Несиенің айналыс шғындарынан үнемдеу қызметінің іс жүзіне асуын несиенің экономикалық мәнінен туындайды. Шаруашылық субъектілеріндегі ақшалай қаражаттардың түсуі мен жүмсалуы арасындағы уақытша болатын алшақтық кей жағдайларда қаржылай ресурстарға деген қажеттілікті туындатады. Міне, сондықтан да мұндай жағдайлада қарыз алушылардың барлық категориялары өздерінің меншікті қаражатқа деген жетіспеушіліктің орнын толтыру үшін несиені пайдаладанды. Бұл дегеніміз капитал айналымын қамтамасыз етіп қана қоймай, айналыс шығындарын үнемдеуге де мүмкіндік жасайды.

Несиенің формалары және олардың жіктелуі. Несиенің формалары, оның құрылымымен және белгілі бір дәрежеде несиелік қатынастардың мәнімен тығыз байланысты келеді.

Несиенің формасы – бұл несиелік қатынастар құрамының, т олардың негізгі қызметтерінің, яғни әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық сақталатын көрінісін білдіреді.

Несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы байланыстар қалай өзгерімен де, несиенің формасы сол күйінде сақталады.

Несиенің екі формасы бар: тауарлы және ақшалай. Мұндағы тауар түрінде берілетін несиені – коммерциялық, ал ақша түріндегі несиені банктік деп атайды.

Қалған несиенің түрлері осы екі форманың тәжірибеде қолданылуынан туады. Коммерциялық несие – бұл қарыз берушінің қарыз алушыға берген тауарын білдіреді. Коммерциялық несие – бұл вексель айналысының пайда болуына себеп болған, экономикадағы несиелік қатынастардың алғашқы формасы. Несиенің бұл формасының басты мақсаты – тауарлардың өту процесін жеделдету, сондай-ақ одан пайда табу.

Коммерциялық несиенің банктік несиеден айырмашылығ мынадай:

  • қарыз беруші рөлінде банктік мекемелер емес, яғни тауар немесе қызметті сатумен айналысатын кез келген заңды тұлға бола алады;
  • коммерциялық несие тек қана тауар формасында беріледі;
  • қарыз капиталы өнеркәсіптік немесе сауда капиталымен байланысты;
  • коммерциялық несиенің орташа құны сол кезеңдегі банктік пайыз мөлшерімен салыстырғанда төмен болады;
  • қарыз беруші мен қарыз алушы арасындағы несиелік мәміленің заңды түрде рәсімделуі барысында, бұл несие үшін ттөленетін ақы тауар бағасының құнына қосылады.

Банктік несие – бұл банктік мекемелерден қарыз алушыларға ақшалай түрде берілетін несиені білдіреді.

Банктік несие – бұл экономикадағы кеңінен тараған несиелік қатынастардың формасы болып табылады. Банктік несие бойынша несиелік қатынастың құралына несиелік шарт немесе несиелік келісім жатады. Банктік несиеде несие беруші: банк және арнайы қаржы мекемелері болса, ал қарыз алушылар ретінде: кәсіпкерлікпен немесе бизнеспен шұғылданатын қаржы ресурстарына деген сұранысы бар кез келген заңды ұйым болып табылады. Мұндағы қарыз берушінің басты мақсаты – бұл пайыз түрінде табыс алу.

Несиенің түрлері коммерциялық және банктік несиеден туындайды.

Коммерциялық банктер өздерінің клинеттеріне әр түрлі несиелер береді. Олар мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:

I. Қарыз алушылар категорияларына қарай: Қаржылық институттарға берілетін несиелер:мақсатты қорларға; банктерге; қаржы-несиелік мекемелеріне. Қаржылық емес агенттерге берілетін несиелер: өнеркәсіп салаларына; ауыл шаруашылығына; саудаға; дайындау ұйымдарына; жабдықтау-сату ұйымдарына; кооперативтерге; жеке кәсіпкерлерге. Тұтыну мақсатына берілетін несиелер.

II. Мерзіміне қарай: қысқа мерзімді (1 жылға дейін); орта мерзімді (1 жылдан 3-5 жылға дейін); ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары).

III. тағайындалу және пайдалану сипатына қарай: негізгі қорларға жұмсалатын; айналым қаражатына жұмсалатын.

IV. Қамтамасыз ету дәрежесіне қарай: Қамтамасыз етілген: кепілхатпен, кепілдемемен, кепілдікпен, сақтандырылған, қамтамасыз етілмеген: сенім (бланктік) несиесі.

V. қайтарылу дәрежесіне қарай:

- стандартты несие – қайтарылу уақыты жетпеген, бірақ қайтуында ешқандай күмән жоқ несиелер;

- күмәнді несиелер – қайтарылу уақыты кешіктірілген, мерзімі ұзартылған және банк үшін тәуекел туғызатын несиелер. Соңғы қабылданған активтердің жіктеу ережесіне сәйкес, күмәнді несиелер ішінара бөлінеді: 1-санатты күмәнді, 2-санатты күмәнді, 3-санатты күмәнді, 4-санатты күмәнді, 5-санатты күмәнді.

- үмітсіз несиелер – қайтару уақыты кешіктірілген, мерзімі өткен ссудалар шотына жазылған несиелер.

VI. Валютамен берілуіне қарай:ұлттық валютамен; шетел валютасымен.

VII. Берілу шартына қарай:

- тұтыну несиесі – бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу үшін және тұрмыстық қызметтерді өтеуге берілетін несие.

- ипотекалық немие – бұл қозғалмайтын мүліктерді (тұрғын үйді, өндіріс ғимараттарын, жерді және т.с.с.) кепілге ала отырып, ұзақ мерзімге берілетін несеие.

- овердравт несиесі – клиенттің шотынан қаражатты шегеру, дебиттік қалдық бойнша берілетін қысқа мерзімді несиенің формасы.

- овернайт несиесі - өтімділікті қолдану мақсатында бір түнгі берілетін банкаралық несиенің түрі,

- онкальдық несие – кредитордың алғашқы талабы бойынша өтелетін қысқа мерзімді несие.

- банкаралық несие – банктердің бір-біріне берітін несиесі.

- ломбарттық несие – тез іске асатын бағалы заттарды немесе бағалы қағаздарды кепілге алып, берілетін несие.

- лизингттік несие – құрал-жабдықтарды жалға алумен байланысты берілетін несие.

- рамбурстық несие – шикізаттарды ішке алып кіру және жартылай фабрикат пен дайын өнімдерді сыртқа шығару тәжірибесінде пайдаланылатын несие.

- сенім несиесі – банктің сеніміне кірген, төлем қабілеті жоғары клиенттерге берілетін несие.

- маусымдық несе – жабдықтаушының қаржыландыру уақыты мен түсімді алу мерзімі арасындағы уақыт бойынша алшқтықты жабуға арналған несие.

VIII. Несиелеу объектісіне қарай: меншікті айналым қаражаттарын толықтыруға; материалдық қорлар жиынтығы мен өндіріс шығындарына; сыртқы экономикалық қызметке байланысты тауарларды экспорттау мен импорттауға; азаматтардың жеке қызметтері үшін шикізаттар, материалдар, құралдар және басқа да мүліктер алуына; ломбардтық, кепілдік және ссудалық операцияларға; театрлар және демалыс үйлерінің кірістері мен шығыстары арасындағы маусымдық үзілістерге; күрделі жүмсалымдарды қаржыландыруға; тез өтелген тиімділігі жоғарғы шараларға.

ҚР-дағы несие жүйесі – жалпы банктердің (ұлттық және коммерциялық) және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыру асыратын банктік емес мекемелердің жиынтығы.

Несие жүйесі үғымы банк жүйесіне қарағанда кеңірек, яғни мұнда өзге де несиелік мекемелер қамтылады. Әр елдің өзіндік ерекшелігіне қарай несие немесе банк жүйесінің құрылымы қалыптасады. ҚР-дағы несиелік жүйе екі буыннан тұрады: біріншісі – банктік жүйе, ал екіншісі – парабанктік жүйе (банктік емес мекемелер).

Несие заңдарын білу және соның негізінде тиімді немесе механизмін ретке келтіру өндіріс қорларының айналыстары мен айналымдарының біркелкі еместігіне байланысты бос тұоған қаржыларды орынды пайдалануға мүмкіндік береді.

Несиенің пайда болу заңының экономикадағы тауар – ақша қатынастарының дұрыс жұмыс істеуі жағдайындағы ғана әрекеттік күші бар. Нақты несие қатынастары шаруашылық байланыстарф баламалық және тепе-теңдік қатынастарға негізделген экономика салаларындағы ғана туындайды.

Егер шаруашылық субьектісінің өзі атқарып отырған жұмысының нәтижесі үшін нақты материалдық жауапкершілігі болмаса, несиелік қатынастардың дұрыс жұмыс істеуінің, несиенің қайтарылып келетіндігінің кепілдігі болмайды. Несиенің пайда болу Заңының бұзылуы экономикадағы қарама қайшылыққа және инфляцияға әкеп соқтырады.

Информация о работе Кәсіпорындағы қысқа мерзімді міндеттемелердің теориялық негіздері