Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Февраля 2014 в 09:46, дипломная работа
Осы мақсатқа жету үшін келесідей сұрақтар қарастырылды:
1. Қысқа мерзімді міндеттемелердің мазмұны және олардың жіктелуі;
2. Несие операцияларының негізі және оның түрлері;
3. Бюджетке түсетін салық және салық салу түрлері және оның есебін ұйымдастыру;
4. Еңбекақы түрлері және есебінің жүргізілуі;
5. Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысуын ұйымдастыру;
6. Қысқа мерзімді міндеттемелер аудитінің жүргізілуі;
7. Кәсіпорындағы қысқа мерзімді міндеттемелердің бухгалтерлік есебін ұйымдастырудың жетілдіру жолдары
Кіріспе 5
1. Кәсіпорындағы қысқа мерзімді міндеттемелердің теориялық негіздері 7
1.1 Қысқа мерзімді міндеттемелердің экономикалық мазмұны 7
1.2 Бюджетпен және банк ұйымдарымен есеп айырысу операцияларының негізі 11
1.3 Кәсіпорынның қаржылық есеп берудің ұлттық стандарттарының теориялық негіздері 21
2. «Балина» ЖШС-нің қысқа мерзімді міндеттемелер есебін ұйымдастыру 29
2.1 Кәсіпорынның жалпы экономикалық көрсеткіштері және есеп саясаты 29
2.2 Бюджетпен және бюджеттен тыс мекемелермен бухгалтерлік есепті ұйымдастыру 39
2.3 Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу есебі 49
2.4 Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеу есебін ұйымдастыру 53
3. Қысқа мерзімді міндеттемелердің аудиті және есебін жетілдіру жолдары 58
3.1 Кәсіпорынның аудиторлық қызмет теориясының негіздері 58
3.2. Қысқа мерзімді міндеттемелердің аудиті 61
3.3 Кәсіпорын қызметінің тиімділігін жақсарту жолдары 66
Қорытынды 75
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 77
Қосымшалар 77
М А З М Ұ Н Ы
бет | |
Кіріспе |
5 |
1. Кәсіпорындағы қысқа мерзімді міндеттемелердің теориялық негіздері |
7 |
1.1 Қысқа мерзімді |
7 |
1.2 Бюджетпен және банк ұйымдарымен есеп айырысу операцияларының негізі |
11 |
1.3 Кәсіпорынның қаржылық есеп берудің ұлттық стандарттарының теориялық негіздері |
21 |
2. «Балина» ЖШС-нің қысқа мерзімді міндеттемелер есебін ұйымдастыру |
29 |
2.1 Кәсіпорынның жалпы
экономикалық көрсеткіштері |
29 |
2.2 Бюджетпен және бюджеттен тыс мекемелермен бухгалтерлік есепті ұйымдастыру |
39 |
2.3 Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу есебі |
49 |
2.4 Жұмысшылар мен қызметкерлерге
еңбекақы төлеу есебін |
53 |
3. Қысқа мерзімді |
58 |
3.1 Кәсіпорынның аудиторлық қызмет теориясының негіздері |
58 |
3.2. Қысқа мерзімді міндеттемелердің аудиті |
61 |
3.3 Кәсіпорын қызметінің тиімділігін жақсарту жолдары |
66 |
Қорытынды |
75 |
Пайдаланған әдебиеттер тізімі |
77 |
Қосымшалар |
77 |
КІРІСПЕ
Еліміздің даму кездерінің қай сатыларында болмасын дамудың объективті экономикалық заңдылықтарын анықтау және ол заңдылықтарды пайдалану шараларын дұрыс белгілеу үшін есеп жұмыстарын дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор.
Бухгалтерлік есеп және есеп беру мәліметтері шаруашылық жүргізуші субъектілердің және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық жоспарлар жасап, оның орындалуын бақылау үшін қолданылады.
Қаржылық есептілік, аудиттің
маңызды объектісі болып
Елімізде 1997 жылы 1 қаңтардан бастап 2003 жылдың 1 қаңтарына дейін қазақстандық бухгалтерлік есеп стандарттары басшылыққа алынып келді, 2003 жылдың 1 қаңтарынан бастап қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарын қабылдадық. 2004 жылы бухгалтерлік есеп методология департаменті қаржылық есеп беру ұлтық стандарты жасақталынды. Қаржылық есеп бере екі бөліммнен түрады. Бірінші бөлім жеке кәсіпкерлер және орташа кәсіпорындарға арналған, екінші бөлімі Қазақстан территориясындағы үлкен кәсіпорындарға және шетелдік серіптестік ұйымдарға арналған. 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық қаржылық шаруашылық қызметке ие Қазақстандағы кәсіпорындар қаржылық есеп берудің ұлттық стандарттарына көшті.
Кәсіпорын қаржылық – шаруашылық қызметті жүргізу кезінде қызқа мерзімді міндеттемелері пайда болады. Себебі, бюджетпен, банктік ұйымдармен есеп айырысу, жабдықтаушылар мен мердігерлермен есеп айырысу, жұмысшылар мен қызыметкерлерге еңбекақы төлеу сияқты міндеттемелері туындайды.
Қысқа мерзімді міндеттемелерге 12 айдың ішінде өтелуі тиіс кредиторлық берешектер жатады.
Ағымдағы міндеттемелерді ашып көрсеткен кезде, кредиторлардың талабы бойынша төленуге тиісті міндеттемелер мен есепті күннен кейінгі бір жылдың ішінде өтелуге тиісті қыскқа мерзімді міндеттемелердің бөлігін қоса алғанда, мынадай баптар ашылуы тиіс: қысқа мерзімді несиелер; салықтар бойынша берешек; төлеуге арналған дивиденттер; жұмысшылар мен қызыметкерлерге еңбекақы төлеу; жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу.
Экономиканың қай саласындағы болмасын шаруашылық субъектілер мен еңбек ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жасауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, өндірісті ұлғайтуға, өндіретін өнімнің өзіндік құнын төмендетуге және де қоршаған ортаны сақтап, оған зиян келтірмеуге мүдделі.
Дипломдық жұмыс тақырыбының мақсаты – Астана қаласындағы «Балина» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің материалдары негізінде қысқа мерзімді міндеттемелердің бухгалтерлік есепбін ұйымдастыруды және талдаудауды тану.
Осы мақсатқа жету үшін келесідей сұрақтар қарастырылды:
1. Қысқа мерзімді
2. Несие операцияларының негізі және оның түрлері;
3. Бюджетке түсетін салық және салық салу түрлері және оның есебін ұйымдастыру;
4. Еңбекақы түрлері және есебінің жүргізілуі;
5. Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысуын ұйымдастыру;
6. Қысқа мерзімді міндеттемелер аудитінің жүргізілуі;
7. Кәсіпорындағы қысқа
мерзімді міндеттемелердің
Дипломдық жұмыс: кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылғын әдебиеттер тізімінен тұрады. Әр бөлім бөлімшелерден құралған:
бірінші бөлімде, кәсіпорынның қысқа мерзімді міндеттемелерінің ұйымдастырылу тәртібі, мазмұны көрсетілген;
екінші бөлімінде, бюджетке түсетін салық және салық салу түрлері және оның есебін ұйымдастыру, еңбекақы түрлері және есебінің жүргізілу, жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысуын ұйымдастыру;
үшінші бөлімде, ағымдағы міндеттемелердің аудиті, аудиторлық тексеру түрлері және міндеттемелердің есебін жетілдіру жолдары көрсетілген.
І. Кәсіпорындағы қысқа мерзімді міндеттемелердің теориялық негіздері
1.1 Қысқа мерзімді міндеттемелердің экономикалық мазмұны
Кәсіпорындар мен ұйымдар өздерінің шаруашылық қызметі барысында меншікті капиталдарымен қатар басқа қатыстырылған (тартылған) капиталдарды да қолданады. Бұл қатыстырылған капитал бухгалтерлік есепте міндеттемелер деп аталады. Кез келген өндіріспен айналысатын ұйым сол өнімді өндіру үшін қажетті шикізаттар мен материалдар алғаны үшін жабдықтаушы – мердігерлердің алдында міндетті болса, саудамен айналысатын ұйымдар өзінің сататын тауарларын жеткізіп беруші, яғни қызмет көрсетуші ұйымның алдында қарыз болуы мүмкін. Тіпті өндіріспен де немесе саудамен де айналыспайтын кәсіпорындардың өзі қарамағында жұмыс істейтін жұмысшылары мен қызметкерлеріне олардың істеген еңбегң үшін, сондай - ақ бюджетке түрлі салықтар үшін қарыз немесе оның алдында міндетемесі болуы мүмкін. Қазіргі таңда қаржының жетіспеушілігінен банктер, банктен тыс мекемелерден, шет елдерден қарыз, несие алып өздерінің жұмысын жандандырып жатқан, сондай – ақ міндеттемелерін шектен тыс көбейтіп алып, оны қайтаруға мүмкіншілігі болмай жабылып, аукционға салынып, сатылып жатқан ұйымдар көптеп кездеседі. Осы айтылған міндеттемелер есебі бухгалтерлік есептегі ең негізгі, яғни қай саладағы болмасын кәсіпорындардың көкейкесті мәселелері екендігі сөзсіз. Кәсіпорындардағы міндеттемелердің есебі типтік шоттар кестесінің міндеттемелер деп аталынатын бөлім шоттарында есептеліп жүргізіледі.
Міндеттеме – бұл бір тұлғаның (борышкер) нақты әрекетпен басқа тұлғаның (кредит беруші) пайдасын көздейтін істі орындау борышы немесе міндеті. Борышқордың нақты әрекетіне мыналар жатады: мүлікті беру, жұмысты орындау, ақша төлеу және басқалар, әйтпесе белгілі бір әрекеттен тартыну (бас тарту) ал кредит беруші борышқорынан өз міндетін орындауын талап етуге құқылы.
Міндеттеме өткен кезең оқиғасынан пайда болған субъектінің берешегі. Бұл берешекті реттеу (жою) экономикалық пайдасы мол ресурстар (ақшалай қаражаттар) ағынына әкеп соғады. Міндеттеме сомасы болашақтағы барлық ақшалай төлемдердің ағымдағы құны ретінде өлшенеді. Міндеттемелерді реттеу мынадай тәсілдермен іс жүзіне асырылады:
Міндеттеме ағымдық (қысқа мерзімді кредиттік берешек ол операциялық кезеңдерде немесе есептелетін күннен 12 айдың ішінде өтеледі) және ұзақ мерзімді (төлеу мерзімі бір жылдан көп) болып жіктеледі.
Ағымдағы міндеттемелерді ашып көрсеткен кезде, кредиторлардың талабы бойынша төленуге тиісті міндеттемелер мен есепті күннен кейінгі бір жылдың ішінде өтелуге тиісті қысқа мерзімді міндеттемелердің бөлігін қоса алғанда, мынадай баптар ашылуы тиіс: қысқа мерзімді несиелер; салықтар бойынша берешек; төлеуге арналған дивиденттер; жұмысшылар мен қызыметкерлерге еңбекақы төлеу; жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу.
Кәсіпорын өз өндірісінің тиімді және ырғақты жұмысын қамтамасыз ету үшін өзінің материалдық – техникалық базасын жасайды, яғни өндіріске қажет қорларын құрайды. Кәсіпорынды жабдықтау экономикалық және әлеуметтік даму жоспарларына сәйкес жүргізіледі. Кәсіпорын өзінің ұдайы өндірісін қамтамасыз ету үшін өнім шығарушы кәсіпорындармен немесе делдалдық ұйымдармен келісім шартқа отырады.
Өнім жеткізушілермен есеп айырысу есебі арнайы нысандағы журналда, машинограммада немесе тізімдемеде әрбір шот – фактурасы немесе төлем талап тапсырмалары бойынша жүргізіледі, ал бұл өз кезегінде әрбір құжат бойынша есеп айырысуларды бақылап отыруға мүмкіндік береді.
Келіп түскен шот – фактураларды алдымен «Келіп түскен жүктер есеп журналына» тіркейді. Қоймаларға құндылықтардың түсуіне қарай журналда кіріс құжаттары бойынша есепке алынады да, қоймаға босалқы қорлардың немесе түспеген жүктерді іздестірумен байланысты сұрау салудың нәтижесінде алынған деректер негізінде келіп түскен күнін жазып қояды. Журнал бойынша сондай – ақ жол үстіндегі материалдық құндылықтардың сомасы бақыланады. Журналға жабдықтау бөлімінің тауарлы – көлікті ілеспесі (накладнойы), кіріс ордерлері, материалды қабылдау туралы актілері негізінде кәсіпорын қоймасына материалдық құндылықтардың түсуіне қарай жазып отырады. «Ескерту» бағасына шоттың төленуі, акцептен бас тарту немесе ішінара акцептелген сомасы немесе басқалары жөніндегі мағлұматтар жазылады. Журналға тек акцептелген шот – фактурасы ғана жазылады.
Есеп журналы бойынша тіркеу номерін көрсете отырып, түскен жүктердің акцептелген шоттары бухгалтерияға беріледі. Осында олардың деректерін жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу жөніндегі есебі журналға жазылады, ал ол үшін кезең бойынша жүреді.
Бірінші кезеңде журналға
акцептелген шот – фактура
және басқа да есеп айырысу құжаттары
келіп түскен кездегі жазулар
жазылады. Бұл ретте тіркеу нөмірі
мен төлем тапсырмаларының
Екінші кезеңде журналда қоймадан бухгалтерияға келіп түскен кіріс құжаттары (кіріс ордерлері, тауарлы – көліктік құжаттары, материалдар қабылдау туралы актілері) негізінде жазылады. Журналда осы құжаттардың номерлері келіп түскен құнділіқтардың есептік немесе келісім шартта көрсетілген бағасы бойынша алынған құны және тауарлы материалдық құндылықтар немесе өндіріс шығындары есебі бойынша жекелеген шоттар шегінде төлем талап – тапсырмаларына сәйкес алынған нақты құны бойынша көрсетіледі.
Кіріс құжаттары мұқият тексерілуі және төлем тапсырмаларындағы материалдық құндылықтар санына сәйкес келуі тиіс. Егер жүктерді қабылдау кезіндегі жабдықтаушының немесе көлік ұйымының кінәсінен құндылықтардың жетіспейтіні немесе бұзылуы анықталады. Осы кезде келісім – шарт бойынша талап сомасы 1% мөлшерінде өтеледі.
Сондай – ақ журналда жұмыстар мен қызметтер берушілермен есеп айырысулар есебі бойынша операциялар да көрсетіледі. Жұмысты орындағаны немесе қызметті көрсеткені үшін берілген шот – фактура мәліметтері журналға жазылған кезде, оның не үшін берілгені көрсетіледі.
Үшінші кезеңде журналда шот – фактурасының төленгені көрсетіледі. Төлем туралы белгілер банктегі есеп айырысу және басқа да шоттар бойынша үзінділері (көшірмелері) бойынша расталады. Айдың аяғында журналдың жиынтығы есептелінеді және төленбеген шоттар бойынша қалдықтары шығарылады.
Жабдықтаушыламен есеп айырысулар есебі жөніндегі журналда ай аяғында талданған қалдықтар көрсетіледі. Талдама есептің құрылымы негізінен жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу жөніндегі қалдықтар туралы мағлұмат алуды қамтамасыз ету үшін және есеп айырысуын жедел бақылау үшін мына төмендегі топтардан қалыптасады, атап айтсақ: төлеу мерзімі келмеген есеп айырысулар жөніндегі жабдықтаушылардың құжаттарынан; фактураланбай қалған жабдықтардан; мерзімінде төленбеген есеп айырысу құжаттары бойынша жабдықтаушылардан.
Талдамалық деректер вексельдер бойынша берешектерді анықтама түрінде көрсетеді: төлем мерзімі келмеген, төлем мерзімі өткен вексельдер бойынша, жолдағы материалдар.
Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысудың есебі. Жалақының түрлері, еңбекақы төлеудің нысандары мен жүйелері.
Информация о работе Кәсіпорындағы қысқа мерзімді міндеттемелердің теориялық негіздері