Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Февраля 2014 в 09:46, дипломная работа
Осы мақсатқа жету үшін келесідей сұрақтар қарастырылды:
1. Қысқа мерзімді міндеттемелердің мазмұны және олардың жіктелуі;
2. Несие операцияларының негізі және оның түрлері;
3. Бюджетке түсетін салық және салық салу түрлері және оның есебін ұйымдастыру;
4. Еңбекақы түрлері және есебінің жүргізілуі;
5. Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысуын ұйымдастыру;
6. Қысқа мерзімді міндеттемелер аудитінің жүргізілуі;
7. Кәсіпорындағы қысқа мерзімді міндеттемелердің бухгалтерлік есебін ұйымдастырудың жетілдіру жолдары
Кіріспе 5
1. Кәсіпорындағы қысқа мерзімді міндеттемелердің теориялық негіздері 7
1.1 Қысқа мерзімді міндеттемелердің экономикалық мазмұны 7
1.2 Бюджетпен және банк ұйымдарымен есеп айырысу операцияларының негізі 11
1.3 Кәсіпорынның қаржылық есеп берудің ұлттық стандарттарының теориялық негіздері 21
2. «Балина» ЖШС-нің қысқа мерзімді міндеттемелер есебін ұйымдастыру 29
2.1 Кәсіпорынның жалпы экономикалық көрсеткіштері және есеп саясаты 29
2.2 Бюджетпен және бюджеттен тыс мекемелермен бухгалтерлік есепті ұйымдастыру 39
2.3 Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу есебі 49
2.4 Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеу есебін ұйымдастыру 53
3. Қысқа мерзімді міндеттемелердің аудиті және есебін жетілдіру жолдары 58
3.1 Кәсіпорынның аудиторлық қызмет теориясының негіздері 58
3.2. Қысқа мерзімді міндеттемелердің аудиті 61
3.3 Кәсіпорын қызметінің тиімділігін жақсарту жолдары 66
Қорытынды 75
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 77
Қосымшалар 77
Дебиторлық қарыз
1. Дебиторлық қарыз тауарды сату және қызмет көрсету нәтижесінен туындайтын, алынатын шот және вексель секілді анықталады. Сонымен қатар, дебиторлық қарызға жал төлемі, пайыз және басқа да алынатын, есептік кезеңде келіп түсетін төлемдер жатады.
2. Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің дебиторлық қарыз түрлері және басқа дебиторлық қарыздар, сонымен қатар болашақ кезең шығындары және берілген аванстар ақпараттарын сараптау үшін серіктестікте Типтік шоттар жоспарының 3 бөлімінің шоттары қолданылады.
3. Тиелген дайын өнім (тауар), істелген жұмыс және көрсеткен қызмет, сонымен қатар, жасалған материалдық есем активтер, негізгі қралдар, инвестициялар, қаржылық инвестициялар, және басқа да активтерді төлеуге есепттік құжаттарын ұсынатын бірлесіп басқарылаттын заңды тұлғалардың, еншілес және тәуелді ұйымдардың дебиторлық қарыз түрлері туралы ақпаратты сараптау үшін 1220 «Еншілес (тәуелді) ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық қарыздары» бөлімше шоттары қолданылады.
4. Келісім – шартқа сәйкес белгіленген уақытта төленбеген дебиторлық қарызға күмәнді қарыз бойынша резерві құрылады.
5. Күмәнді қарыз бойынша резерв ұйымның жыл соңында жүргізілген есептік кезеңде дибиторлық қарыздарды түгендеу кезіндегі нәтижелер негізінде құрылады. Есепттерді түгендеу нәтижелері актпен рәсімделеді. Актіде түгенделген шоттар аттары және талап мерзімдері өткен төленбеген дебиторлық қарыздар сомасы көрсетіледі. Есептерді түгендеу актісіне қосымша ретінде қарызгердің аты-жөні, мекен-жайы, қарыз сомасы, себебі және пайда болу уақыты туралы анықтама тіркелуі тиіс.
6. Ұйымның резервін құру кезінде сатылған таур, жасалған жұмыс (көрсетілген қызмет) көлемінен пайыз әдісін қолданады. Күмәнді қарыз бойында резер ұйымның шығыны болып табылады.
7. Дебиторлық қарыздың баланста ашылуы күмәнді қарыз бойынша резервтің шегерісінде көрініс табады.
8. Қазақстан Республикасыны заңдылығына сәйкес талап уақыты өткен дебиторлық қарыздар үмітсіз қарыз болып саналады және серіктестіктің дирокторы бұйрығымен пайда болған резерв есебінен шегерімге жатқызылады.
Кредиторлық қарыз
1. Қоғамның түрлі заңды және жеке тұлғалармен, сонымен қатар алынған қарыз (кредит) және мақсаттық жиындарды қаржыландыру қаражатынан алынған серіктестік қызметін қаржыландырудан тыс алынған міндеттемелер бойынша барлық есептесу түрлері туралы ақраратты сараптау үшін Типтік шоттар жоспарының 6 бөлімінің шоттары қолданылады.
2. Тиелген дайын өнім (тауар), істелген жұмыс және көрсеткен қызмет, сонымен қатар, жасалған материалдық есем активтер, негізгі қралдар, инвестициялар, қаржылық инвестициялар, және басқа да активтерді төлеуге есепттік құжаттарын ұсынатын бірлесіп басқарылаттын заңды тұлғалардың, еншілес және тәуелді ұйымдардың дебиторлық қарыз түрлері туралы ақпаратты сараптау үшін 1220 «Еншілес (тәуелді) ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық қарыздары» бөлімше шоттары қолданылады.
Заңды тұлғалардан алынатын табыс салығының есебі
1. Қоғамда заңды тұлғалардан алынатын табыс салығының есебі ҰС 11 «Корпаративтік табыс салығының есебіне» сәйкес міндеттеме әжісімен жүзеге асырылады.
2. Салықтық төлемдер келесідей компоненттерден (жиынтықтардан) тұрады:
- Уақытша айырмашылықтардың салықтық эффектісі (уақытша айырмашылықтар сомасын табыс салығының ставксіне көбейту арқылы аныталады);
3. Бухгалтерлік және салық салынатын табысты анықтау кезінде тұрақты және уақытша айырмашылықтар туындайды. Бір есептік кезеңде туындаған уақыттша айырмашылықтар келесі есептік кезеңде күшін жояды. Тұрақты айырмашылықтар жылдық қаржылық есептемеге тіркелген түсініктемелік жазбахатта ашылады, ал уақытша айырмашылықтар уақытша айырмашылықтардың салықтық эффектісін анықтау жолымен есептік және қаржылық есептемеде көрініс табыды.
4. Уақытша айырмашылықтардың салықтық эффектісі – бұл уақытша айырмашылықтар нәтижесінде пайда болған алдағы кезеңде төленетін немесе алдын-ала ағымды кезеңде төленген салық төлемінің сомасы.
Негізгі құралдарды қайта бағалаудан болған айырмашылықтар есебі келісі әдіс арқылы жүзеге асырылады: салықтық эффект 5320 «Негізгі құралды қайта бағалаудан болған төленбеген қосымша капитал» шотынан 4310 «Мерзімі ұзартылған табыс салығы» шотына аударылады.
Табыс.
1. Табыс – бұл активтердің көбеюі немесе есептік кезеңде міндеттемелерді азаюы болып табылады. Табыстар Қоғамның бухгалтерік есебінде ҰС №5 «Табыс» сәйкес қаржылық есептемеде көрініс табу жолымен бағаланады және танылады. Аудару принципне сәйкес табыстар бухгалтерлік есепте және қаржылық есептемеде табысқа ие болған кезде ғана көрініс табады.
2. Табысты есептеу және тауарды (жұмыс, қызмет) сатудан түскен және басқа да табыстар, сонымен қатар сатылған тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) және басқа да табыстар, сонымен қатар, сатылған тауарлардың және саттық жеңілдіктері мен бағаларының қайтарылу табыстары туралы ақпаратты сараптау үшін 7 Типтік шоттар жоспары арналған.
3. Бір келісім немесе бір жағдайда болған табыс және шығын бір уақытылы болып табылады.
4. Негізгі және негізгі есем қызметтен түскен табыс жиынтық табысты құрайды.
Негізгі қызметтен түскен табыстар алынуы мүмкін: құрлыс жұмыстарынан; серіктестік жарғысында көзделген басқа да табыс түрлерінен.
Негізгі емес қызметтен түскен табыстар алынуы мүмкін: негізгі құралдарды сатудан түскен табыстан; материалдық емес активтерді сатудан түскен табыстан; жалға беруден түскен табыстан; басқа да қызметтерді көрсетуден түскен табыстан; күмәнді кредиторлық тасыстарды шеруден түскен табыстардан; курстық айырмадан түскен табыстар; пайыздық түрдегі табыстардан; басқа да табыстардан.
5. Тауарды өткізуден немесе қызмет көрсетуден түскен табыс алынған немесе алынуға тиіс өткізу құнымен анықталады.
Тауарды өткізуден қызметт көрсетуден түскен табыс шарттардың сақталуында ғана табыс болып табылады (жалпы ережелер);
Табыс сомасы үлкен нақтылық (сенімділік) деңгейімен бағаланады, яғни, келісім – шартта көзделген екі жақта сатушы қандай сома сұрап отырғанын, ал сатып алушы қандай сома беру керек екендіктерін біледі;
Мәмілемен байланысты экономикалық тиімділік серіктестікпен алынуы ықтималдығы болады, яғни, қызмет көрсетуші өзінің саткан өнімі немесе көрсеткен қызметі үшін келіскен сомасын клиенттің төлейтінін анық біледі.
6. Табыс аралық төлем немесе алынған аванстар негізінде табыс болып саналмайды.
7. Жыл ішінде алынған өндірістің таза табысы қоғамның Жарлығына сәйкес бөлістіріледі.
8. Тауарды сатудан түскен табыс жалпы талаптарды және келесілерді сақтаудан табыс болып саналады: ұйымның сатып алушыға меншік иесі құқығын беруі; мәміле бойынша нақты және жоспарлы шығындарды бағалау үлкен деңгейлі сеніммен (нақтылықпен) жүргізіледі.
9. Қызмет көрсетуден түскен табыс жалпы талаптарды және келесілерді сақтаудан табыс болып саналады: мәміленің аяқталу сатысы үлкен деңгейлі сеніммен (нақтылықпен) есептік күнге анықталады; мәміле кесізде туындаған шығындар және мәмілені аяқтауға кеткен шығындар үлкен деңгейлі сеніммен (нақтылықпен) бағаланды; сипатына қарай мәміленің аяқталу сатысы нақты көрсетілген қызмет боәынша қызмет мәмілесіне сәйкес түрде анықталады.
10. Пайыз, роялти және дивиденттер түрінде түскен табыс жалпы талаптарды және келесілерді сақтаудан табыс болып саналады: пайыз, активтен түскен нақты табысты есептейтін уақытша қатынастар негізінде анықталады; роялти, келісім мазмұнына сәйкес аудару әдісі бойынша анықталады; дивидент, акционерлердің оны алу құқығына ие болғанда ғана анықталады.
11. Қоғамның негізгі өндірісінен түскен табысын есепте үшін шот атауларына қатысты 7 Типтік шоттар жоспар шотына жоғарыда аталған жалдан табыс, басқа да сату түскен табыс, күмәнді кредиторлық қарыздарды шегеру және басқа да табыстарды апарады. Осы аталған табыстардың әр қайсысына алынатын табыс түрлері бойынша аналитикалық шот ашуы керек. Аталған шоттардың әр қайсысына аналитикалық шоттар көлемі (саны) мен атау пайдалану, керек деңгейіне қарай өзгеруі мүмкін.
12. Қызмет көрсету немесе жасалған жұмыс мерзімі өзіне бірнеше кезеңдерді кірістіретін жағдайда, серіктестік табысты жасалған жұмысты талдау жолымен анықтайды.
Шығындар.
1. Шығын – бұл экономикалық ресурстардың алшақтық немесе активтердің қызқару нәтижесінде азаюы, немесе пайда (табыс) алуда шаруашылық қызметті нәтижесінде пайда болған міндеттемелер.
2. Шығындарды көрсету үшін шығындар баптар Наменклатурасына сәйкес шығындар баптары Типтік шоттар жоспарының 7 «Шығыстар» және 8 «Өндірістік есеп шоттары» бөлім шоттары қолданылады.
Барлық өндірістік шығындар өндірісік бөлімшелеріне сәйкес бұл шығындарды тудыраты 2421-2428, 1310-1315, 3350, 3310 және тағы басқа да кредиттік шоттан дебит шот бойынша 8 бөлім шоттар көрініс табады. Ай сайын кредит шотындағы шығындар 7010 дебит шотын апарылуы тиіс.
3. Есптің кезеінің басында 1340 кредит шотынан 8 бөлімнің дебит шотына апарылуы тиіс аяқталмаған құрлыстың ағымды шығындары 8 бөлімнің кредит шотынан 1340 «Аяқталмаған өндіріс» дебит шотына арпарылады.
4. Әр бір обьект бойынша тікелей шығындарды есептеу үшін 7 және 8 Типтік шоттар жоспары шоттарына сәйкес аналитикалық шот ашылады.
5. Құрлысқа тікелей қатысты жұмысшылардың еңбекақсы әр обьект бойынша бөлек жүргізілетін жұмыс уақыты есеп табеліне негізделе отырып аударылады.
6. Қоғамның басқарушылық және шаруашылық шығындары туралы ақпаратты сараптау үшін 7210 «Әкімшілік шығындар» баланстық шотына аналитикалық шот ашылады.
7. Сатылған немесе қандай да бір болмасын себеп салдарынан шығып қалған активтер сомасын шегеру, сонымен қатар, курстық айырмаға байланысты туындаған шығындар тиісті 7470 «Басқа да шығыстар» бөлісінің шоттарына сәйкес жүргізіледі.
Корреспонденцияда тиісті шоттармен шығып қалған активтер немесе бағалы қағаздардың баланстық құндары дебиттік шотпен 7410 шоттарында көрініс табады.
Корреспонденцияда тиісті шоттармен валюта курсының өзгеруі нәтижесінде туындайтын курстық айырма дебиттік шотпен 7430 шотында көрініс табады.
7470 «Басқа да шығыстар» шоты бойынша жал бойынша шығындар, басқа да қызметтер шығындары, тауарларды өткізу сияқты негізгі өндірістік емес басқа да шығындар есептелінеді.
Жыл соңында берілген шоттар 6280 «Басқа да кірістер» шотымен жабылады.
8. Сатылған тауардың (жұмыстың, қызметтің), сонымен қатар, басқа да берілген өнімді (жұмысты, қызметті) сатумен байланысты шығындар, айналымнан тыс активтер, бағалы қағаздар және тағы да басқа шығындардың өзіндік құнын көрсету үшін 7 Типтік шоттар жоспарының шоттары арналған.
Қаржылық есептемені жасақтау принциптері.
1. Қаржылық есептеменің құрылуына мыналар кірістірілген: қызметтің үздіксіздігі және есептеуі (аударымы), сонымен қатар, сапалық сипаттама: түсініктілік, мәнділік, елеулілік, сенімділік, құқықтық танылуы, бейтараптық, абайлампаздық, сақтық, тығыздық, салыстырмалық және ақпараттық сенімділігі, уақыттылығы, пайда мен шығын арасындағы баланс, сапалы сипаттама арасындағы баланс.
Есептеу (начисление). Принцип, табыс табылған уақытта ғана табыс болып (есепте көрініс табады) танылады, ал шығын және зиян ақша қаражаттырының түсен немесе төленген кезінде емес, шығынға ұшыраған кезінде танылады.
1. Қызметтің үздіксіздігі. Субьек өз қызметін ұзақ кезең аралығын дейін жалғастырады және болашақта қандай да болмасын келеңсіз жағдайлардан банкротқа, тарауға үшырамайды деп болжайды.
2. Түініктілік. Қаржылық есептемеде көрсетілген ақпарат пайдаланушыға түсінікті болуы тиіс.
3. Мағыналық. Шешім қабылдау кезінде және оны бағалау кезінде көмектесу үшін пайдаланушыны қанағаттандырарлық қаржылық ақпарат мағыналы болуы тиіс.
4. Елеулілік. Қаржылық есептемедегі ақпарат елеулі болып табылады. Себебі, оны құрастыру кезінде оның болмауы немесе дәлсіздігі елеулі түрде қаржылық есептеме негізіне әсер етеді.
5. Сенімділік. Қаржылық есептемеде көрсетілген ақпарат сенімді болып табылады, егер онда елеулі қателер болмаса, және оған пайдаланушылар сүйене алса.
6. Шындық және риясыз ұсынба. Қаржылық есептемеде көрсетілген ақпарат қаржылық жағдай туралы шындық және риясыз ұсынба береді.
7. Бейтараптық. Қаржылық есептемеде көрсетілген ақпарат сенімді болуы тиіс.
8. Абайлампаздық. Есептеме жоғарғы сапалы ұқыптылықпен жасақ-талады: активтер және табыстар, сонымен қатар, міндеттемелер және шығындар жоғарғы сапалы нақтылықпен бағаланады.
9. Аяқтаушылық. Бір есептік кезеңнен екінді есптік кеземен салыс-тырмалы ақпарат.
10. Салыстырмалылық. Бір есептік кезеңнен екінді есптік кеземен салыс-тырмалы ақпарат.
Қаржылық есептеме. Бухгалтерлік баланс.
1. Қаржылық есептеме ҰС №30 «Қаржылық есептемені тапсыру» сәйкес тапсырылады.
2. Қаржылық есептемеге жатады. Бухгалтерлік баланс; Кіріс және шығыс туралы есептеме; Ақша айналымы туралы есептеме; Меншік капиталының өзгерісі туралы есептеме; Есеп саясаты және түсініктемелік жазбахат туралы ақпарат.
3. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есптемесі заңдылықтарына сәйкес және бухгалтерлік есеп стандарттарына сай қаржылық есптеме жасақтау тәртібі белгіленеді.
Информация о работе Кәсіпорындағы қысқа мерзімді міндеттемелердің теориялық негіздері