Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Февраля 2014 в 09:46, дипломная работа
Осы мақсатқа жету үшін келесідей сұрақтар қарастырылды:
1. Қысқа мерзімді міндеттемелердің мазмұны және олардың жіктелуі;
2. Несие операцияларының негізі және оның түрлері;
3. Бюджетке түсетін салық және салық салу түрлері және оның есебін ұйымдастыру;
4. Еңбекақы түрлері және есебінің жүргізілуі;
5. Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысуын ұйымдастыру;
6. Қысқа мерзімді міндеттемелер аудитінің жүргізілуі;
7. Кәсіпорындағы қысқа мерзімді міндеттемелердің бухгалтерлік есебін ұйымдастырудың жетілдіру жолдары
Кіріспе 5
1. Кәсіпорындағы қысқа мерзімді міндеттемелердің теориялық негіздері 7
1.1 Қысқа мерзімді міндеттемелердің экономикалық мазмұны 7
1.2 Бюджетпен және банк ұйымдарымен есеп айырысу операцияларының негізі 11
1.3 Кәсіпорынның қаржылық есеп берудің ұлттық стандарттарының теориялық негіздері 21
2. «Балина» ЖШС-нің қысқа мерзімді міндеттемелер есебін ұйымдастыру 29
2.1 Кәсіпорынның жалпы экономикалық көрсеткіштері және есеп саясаты 29
2.2 Бюджетпен және бюджеттен тыс мекемелермен бухгалтерлік есепті ұйымдастыру 39
2.3 Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу есебі 49
2.4 Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеу есебін ұйымдастыру 53
3. Қысқа мерзімді міндеттемелердің аудиті және есебін жетілдіру жолдары 58
3.1 Кәсіпорынның аудиторлық қызмет теориясының негіздері 58
3.2. Қысқа мерзімді міндеттемелердің аудиті 61
3.3 Кәсіпорын қызметінің тиімділігін жақсарту жолдары 66
Қорытынды 75
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 77
Қосымшалар 77
Банктік несие. Нарықтық экономикада несиенің негізгі формасы банк несиесі. Бұл жағдайда несие қатынасының обьектісіне ссуданы ақшалай қаражатпен беру процесі жатады. Мұнда несие уақытша қаржылай көмекке мұқтаж мамандырылған қаржы-несие ұйымдарына, көбінесе банктерге, қарыз алушы кәсіпорындарға, ұйымдарға, халыққа, мемлекетке беріледі.
Банк несиесінің бірінші ерекшелігі - банк өз қарыз алушыларына несиені өзінің капиталынан ғаана емес, сонымен бірге, тартылған ресурстардан да (заңды және жеке тұлғалардың депозитінен) береді. Қазақстан банктерінің несие ресурстарындағы өзіндік капиталының үлесі шамамен алғанда 18-20%-ды құрайды, ал қалғаны – тартылған ресурстар (депозиттер, банк аралық қарыз ақшалар).
Осы несие формасының екінші ерекшелігі – шаруашылық айналымға әлі түсе коймаған, кәсіпорындардың, ұйымдардың халықтың банкке орналастырылған уақытша бос қаражатын банк ссудаға береді.
Банк несиенің үшінші ерекшелігі – банк ақшалай қаражатты ссудаға өздігінен өсетін құн ретінде болатын капитал формасында береді. Мәселенің мәнісі мынада: қарыз алушы бұл ссуданы пайдаланғаны үшін банкке пайыз төлейді. Қарыз слушы несиені өндіріс саласында пайдаланғаннан кейін пайда алады әрі оның есебінен несиелерге пайыз төлейді. Несиеге қажеттілік оның ажырағысыз атрибуты болып табылады. Банк несиесінің айналыс саласына ғана қызмет ететін коммерциялық несиеден айырмашылығы, ол сонымен қатар, өндіріс саласына және жинақтау саласына да қызмет етеді. Банк несиесінің қолданылу аясы коммерциялық несиеге қарағанда әлдеқайда кең, өйткені коммерциялық несие – несие мәмілесінің бағытымен, мерзімімен және сомасымен шетеліп қалған.
Банк несиесі банк пен қарыз алушының арасында несие келісімшарты немесе несие келісімі бекітілгеннен кейін беріледі. Банк несиесінің мақсаты: негізгі және айналым капиталын арттыру, маусымдық қорларды толықтыру, вексельдер есебі және оны қайта есептеу халықтық несиелеу.
Ол материалдық тұрғыдан қамтамасыз
етілуі, мақсатты бағытының болуы, мерзімділігі,
қайтарылуы және ақылы принциптері
негізінде банктің қарызға
Банк несиесі берілген мерзіміне қарай қысқа мерзімге және ұзақ мерзімге бөлінеді. Мәселен, қысқа мерзімді несие қарыз алушының ағымдағы және маусымдық
1.3 Кәсіпорынның қаржылық есеп берудің ұлттық стандарттарының теориялық негіздері
Міндеттеменің ажырамас сипаттамасы субъектіде нені болмасын қандай да болмасын белгілі бір түрде әрекет ететін немесе қолданатын міндеттеменің бар болуы болып табылады. Міндеттеме қандай да болмасын заңды тұлғадан шыққан, сол сияқты практикадан алынған болуы мүмкін. Заңды міндеттеме міндетті шарттан немесе заңнамалық шарттан шығады және мәжбүрлі тәртіппен орындалуы мүмкін. Практикадан шығатын міндеттеме – мынадай жағдайларда субъектінің іс-әрекетінен туындайтын міндеттеме:
1) саясат немесе жеткілікті түрде нақтылы ағымдағы өтініш деп жарияланған өткен қызметтің орныққан практикасында субъект басқа тараптарға ол өзіне белгілі бір міндеттерді қабылдайтындығын көрсетсе; және
2) нәтижесінде субъект
осы тараптарда өзіне
Қолданыстағы міндеттемені реттеу, әдетте, ақша қаражатын төлеуді, өзге де активтерді беруді, қызметтер көрсетуді, қолданыстағы міндеттемені басқа міндеттемемен ауыстыруды немесе міндеттемені жеке капиталға ауыстыруды көздейді. Міндеттеме, сондай-ақ кредит берушінің өзінің құқықтарынан ерікті немесе мәжбүрлі бас тартуы сияқты басқа да құралдармен өтелуі мүмкін.
Қысқа мерзімді міндеттемелер:
Субъект міндеттемені мынадай жағдайларда қысқа мерзімді ретінде сыныптайды:
Барлық өзге міндеттемелерді ұзақ мерзімді ретінде сыныптауға тиіс. Сипаты немесе функциясы бойынша ол баланстың өзінде жеке берілу үшін негіз болуы үшін жеткілікті түрде ерекшеленетін баптар тізбесін білдіреді. Бұдан басқа:
1) баптың сипаты мен функциясы
немесе ұқсас баптардың
2) пайдаланылатын атау және
Қосымша баптарды жеке ұсыну керек
пе деген түсінік мыналарды
1) активтердің сипаты мен өтімділігін;
2) субъект шеңберінде активтердің функциясын; және
3) міндеттемелер кезінде сомаларды, сипаты мен бөлуді.
Тікелей бухгалтерлік баланстың өзінде не ескертпелерде берілуге тиіс ақпарат. Субъект баланстың өзінде не ескертпелерде мынадай кіші сыныптарды ашуға тиіс:
1) ережелеріне сәйкес негізгі құралдар баптарының сыныптары;
2) сатып алушылар мен тапсырыс
берушілердің берешегі, байланысты
тараптардан берешек, алдын
3) қорлар сыныптары –мыналар: тауарлар, өндірістік материалдар, аяқталмаған өндіріс пен дайын өнім сияқты;
4) қызметкерлерге сыйақы төлеу
жөніндегі бағалау
5) капитал сыныптары – мыналар: төленген капитал, эмиссиялық кіріс, таратылмаған пайда мен осы Стандарттың талаптарына сәйкес тікелей капиталда танылуға тиіс кірістер мен шығыстардың баптары.
Қаржылық активтер мен қаржылық міндеттемелер. Субъект есепті ненің негізінде жүргізген жөн екендігін таңдауға тиіс:
1) осы бөлімде қамтылған ережелердің негізінде; не
2) өзінің бүкіл қаржы құралдарын есепке алу үшін ХҚЕС(IAS) 39 «Қаржы құралдары: Тану және ашу» негізінде. ХҚЕС (IAS) 39 қолдануды таңдайтын субъект ашуды ХҚЕС (IFRS) 7 «Қаржы құралдары» сәйкес жүргізуге тиіс.
Қаржы құралы – бұл нәтижесінде бір субъектіде қаржылық актив және екіншісінде қаржылық міндеттеме немесе үлестік құрал туындайтын шарт.
Мыналар мысал болып табылады: ақшалай қаражат; талап еткенде берілетін депозиттер мен мерзімді депозиттер; коммерциялық қағаздар мен коммерциялық вексельдер; қарыздар, шоттар мен вексельдер бойынша дебиторлық және кредиторлық берешек; облигациялар мен ұқсас борыштық құралдар; қарапайым және артықшылықты акциялар мен ұқсас үлестік құралдар; активтермен қамтамасыз етілген бағалы қағаздар – жылжымайтын мүлікке қойылғандармен қамтамасыз етілген облигациялар, РЕПО шарттар мен борыштық құралдардың секьюритизацияланған пакеттері; ақшалай құралдар ретінде немесе басқа қаржы құралына айырбастау жолымен пайдаланылуы мүмкін опциондар, артықшылықты құқықтар, варранттар, фьючерлік келісім-шарттар, форвардты келісім-шарттар мен пайыздық СВОПтар.
Мынадай жағдайларды қоспағанда, барлық қаржы құралдарын қолданылады:
1) жүзеге асырылатын еншілес ұйымдарға үлестерді, есебі стандарттың 13-бөліміне сәйкес жүзеге асырылатын ассоциацияланған ұйымдарға үлестерді және есебі стандарттың 14-бөліміне сәйкес жүзеге асырылатын бірлескен қызметтегі үлестерді;
2) жүзеге асырылатын жұмыс берушілердің қызметкерлерге сыйақы жоспарлары бойынша құқықтары мен міндетемелерін;
3) сақтандыру шарты мыналарға жатпайтын шарттық міндеттемелердің салдары ретінде тараптардың кез келгенінде залалдың туындауына әкелуі мүмкін жағдайларды қоспағанда, сақтандыру шарттары бойынша туындайтын құқықтарды: сақтандырылған тәуекелдегі өзгерістерге; шетелдік валюталар бағамдарындағы өзгерістерге; немесе қарсы тараптардың бірінің міндеттемелерді орындамауына;
4) жалдауға, мыналарға жатпайтын шарттық талаптарды орындау нәтижесінде жалға берушіде не жалдаушыда жалдаудың туындауына әкелуі мүмкін жалдауды қоспағанда: жалға алынатын активтің бағасының өзгеруі, шетелдік валюталар бағамындарындағы өзгерістер; немесе қарсы тараптардың бірінің міндеттемелерді орындамауы.
Қаржылық емес активтерді сатып алу-сату шарттарының көпшілігі – мысалы, қорларды, негізгі құралдарды сатып алу-сату осы бөлімнің қолданылу саласынан алынып тасталады, себебі мұндай активтер қаржы құралдары болып табылмайды. Солай бола тұрса да, осы бөлім өзінің ережелерінің арқасында (қаржылық емес активке бағалардың өзгерісінен, шетелдік валюталар бағамдарындағы өзгерістерден немесе қарсы тараптардың бірінің міндеттемелерді орындамауынан ерекше) сатып алушыны немесе сатушыны залалға әкеп соқтыруы мүмкін барлық шарттарға қолданылады.
Егер осындай шарттар бойынша нетто-есептеу ақшалай қаражаттың немесе басқа қаржы құралының көмегімен немесе кәсіпорынның күтілетін қажеттіліктеріне сәйкес сатып алуларда, сатуларда немесе тұтынуларда қаржылық емес құжат алу немесе беру мақсатында жасалатын ұсталатын осы бөлімнің мақсаттары үшін қаржы құралдары болып табылмайтын шарттарды қоспағанда, қаржы құралдарын айырбастау жолымен жүргізілуі мүмкін.
Активтер мен міндеттемелерді алғашқы тану және өлшеу. Субъект қаржылық активті немесе қаржылық міндеттемені субъектіге құралдың шарттық ережелері қолданылғанда ғана тануға тиіс.
Әрбір есепті күнге субъект төменде санамаланған қаржы құралдарын құнсыздану сомасын шегергендегі өзіндік құнмен немесе амортизацияланған құнмен өлшеуге тиіс:
1) талаптарға сәйкес келетін және оны алғашқы таныған кезде құнсыздануды шегергендегі амортизацияланған құнмен (пайыздың тиімді ставкасы әдісінің көмегімен амортизацияланған) өлшенетін актив ретінде субъект белгілейтін құрал (дебиторлық немесе кредиторлық берешек немесе қарыз сияқты). Пайыздың тиімді ставкасының әдісін қолдану жөніндегі нұсқаулық келтіріледі.
2) қарыз алуға немесе беруге міндеттеме: ақшалай құралдармен жүргізілуі мүмкін емес нетто-есептеу, күтілетіндей оны орындаған кезде құнсыздануды шегергендегі өзіндік құнмен немесе амортизацияланған құнмен тану жөніндегі талаптарға сәйкес келетін; және бастапқы таныған кезде субъект құнсыздануды шегергендегі өзіндік құн бойынша өлшейтін бап ретінде белгіленген.
3) ашық нарықта айналымда жоқ үлестік құралдар және олардың әділ құны қандай да болмасын өзге тәсілмен сенімді өзгере алмайтын, сондай-ақ осындай құралдармен байланысты шарттар, олар орындалған жағдайда құнсыздануды шегергендегі өзіндік құнмен өлшенуі тиіс осындай құралдарды беруді көздейді.
Құнсыздануды шегергендегі өзіндік құнмен немесе амортизацияланған құнмен ескерілетін қаржы құралдарын қоспағанда, әрбір есепті күнге субъект барлық қаржы құралдарын әділ құнмен сату немесе істен шығару жөніндегі шығыстарға ешқандай шегерместен өлшеуге тиіс, оны субъект мұндай құралдарды сату кезінде немесе шығаруды ұйымдастыру кезінде қандай да болмасын өзге де тәсілмен тартуы мүмкін.
Субъект құралды мұндай
актив барлық төмендегі жағдайларға
сәйкес келген жағдайларда ғана амортизацияланған
құн бойынша ескерілетін
1) құралдың белгіленген өтеу мерзімі болса немесе талап ету бойынша өтеуге жатса және көрсетілген өтеу мерзімі жетсе немесе мұндай болғанға дейін құралды шығару кезінде алынған немесе төленген өтеудің барлық немесе барлыққа дерлік сомасын төлеуді жүргізуді міндеттесе.
2) Құрал ұстаушының кірістері мыналар болып табылады: тіркелген сомада тең, құрал қолданыста болған уақытта тіркелген кірістілік ставкасына тең; абсолютті мәнде ауыспалы, бірақ ЛИБОР сияқты қандай да болмасын бір базистік өлшеуге тең болып табылса, немесе тіркелген ставка мен ауыспалы ставка арасындағы тең комбинация болып табылса.
Тіркелген және тұрақты кірістілік ставкасы бар пайыздар қаралатын кезеңдегі пайыздық ставканы сол кезеңдегі кезең үшін өтелмеген негізгі сомаға көбейту жолымен есептеледі.
3) ұстаушы негізгі соманы ағымдағы немесе алдыңғы кезеңдерде есептелген пайыздарды жоғалтуға әкелуі мүмкін тиісті шарттардағы қандай да болмасын ережелер жоқ болса.
4) эмитентке берешекті мерзімінен бұрын өтеуге мүмкіндік беретін немес ұстаушыға өтеуге құрал көрсететін шарттық ережелердің жарамдылығы болашақта қандай да болмасын оқиғаның болуына немесе болмауына байланысты емес. Құрал мерзімінен бұрын өтеу құқығын пайдаланатын тарапқа салынатын айыппұл санкцияларын салатын ережелерді қамтуы мүмкін, бірақ мұндай айыппұл санкцияларының мөлшері құқық пайдаланылған сәттегі инвестицияланған немесе өтелмеген негізгі сомадан тіркелген сомаға, тіркелген пайызға тең болған кезде. Немесе пайыздық ставкалардағы айырманың негізінде және өзге жағдайда мерзімінен бұрын өтеуге арналған құқықты пайдалануға танылған тарап алатын пайда сомасын азайтуға танылған айырма негізінде есептелетін сома;
5) кірістілік пен өтеу бөлігіндегі құрал бойынша өзге де шарттық ережелер осы тармақтың 2-тармақшасында айтылған ауыспалы кірістілік ставкасы туралы шарттық ережелерді және осы тармақтың 4-тармақшасында айтылған мерзімінен бұрын өтеу туралы ережелерді қоспағанда, болашақтағы қандай да бір оқиғалардың болуына немесе болмауына байланысты емес.
Информация о работе Кәсіпорындағы қысқа мерзімді міндеттемелердің теориялық негіздері