Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Февраля 2014 в 09:46, дипломная работа
Осы мақсатқа жету үшін келесідей сұрақтар қарастырылды:
1. Қысқа мерзімді міндеттемелердің мазмұны және олардың жіктелуі;
2. Несие операцияларының негізі және оның түрлері;
3. Бюджетке түсетін салық және салық салу түрлері және оның есебін ұйымдастыру;
4. Еңбекақы түрлері және есебінің жүргізілуі;
5. Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысуын ұйымдастыру;
6. Қысқа мерзімді міндеттемелер аудитінің жүргізілуі;
7. Кәсіпорындағы қысқа мерзімді міндеттемелердің бухгалтерлік есебін ұйымдастырудың жетілдіру жолдары
Кіріспе 5
1. Кәсіпорындағы қысқа мерзімді міндеттемелердің теориялық негіздері 7
1.1 Қысқа мерзімді міндеттемелердің экономикалық мазмұны 7
1.2 Бюджетпен және банк ұйымдарымен есеп айырысу операцияларының негізі 11
1.3 Кәсіпорынның қаржылық есеп берудің ұлттық стандарттарының теориялық негіздері 21
2. «Балина» ЖШС-нің қысқа мерзімді міндеттемелер есебін ұйымдастыру 29
2.1 Кәсіпорынның жалпы экономикалық көрсеткіштері және есеп саясаты 29
2.2 Бюджетпен және бюджеттен тыс мекемелермен бухгалтерлік есепті ұйымдастыру 39
2.3 Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу есебі 49
2.4 Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеу есебін ұйымдастыру 53
3. Қысқа мерзімді міндеттемелердің аудиті және есебін жетілдіру жолдары 58
3.1 Кәсіпорынның аудиторлық қызмет теориясының негіздері 58
3.2. Қысқа мерзімді міндеттемелердің аудиті 61
3.3 Кәсіпорын қызметінің тиімділігін жақсарту жолдары 66
Қорытынды 75
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 77
Қосымшалар 77
Субъект борыштық құрамдас бөлігінің жоғарыда көрсетілген талаптарына құрамдасқан қаржылық құралдың сәйкестігін айқындаған кезде субъект үлестік құрамдас бөлікті бөлуге тиіс.
Құнсыздануды шегергендегі өзіндік құнмен немесе амортизацияланған құнмен өлшенетін (немесе осындай тәсілмен өлшенетін) қаржы құралдарының мысалдары мыналар болып табылады:
1) талаптарға сәйкес келетіндіктен, қарапайым сауда дебиторлық және кредиторлық берешек, алуға және төлеуге арналған вексельдер мен банктер мен өзге де үшінші тұлғалардан алынатын қарыздар;
2) мұндай құралдар, әдетте, айырбасталмайтын борыштық құралдарға инвестициялар;
3) үлестік құралдың құны құнсыздануды шегергендегі өзіндік құнмен өлшенетіндіктен, шарты орындаған немесе құқықты пайдаланған жағдайда әділ құны сенімді өлшенуі мүмкін емес борыштық құралды сатып алуға арналған шарт немесе құқық (опцион);
4) ақшалай ағын осындай шарттар шеңберінде, әдетте, шетелдік валютадағы кредиторлық берешек. Солай бола тұрса да, шетелдік валютадағы, валюталық бағамның ауытқуларымен туындаған кредиторлық берешектің бабындағы өзгерістер пайданың немесе залалдың құнына кіретіндігін атап өткен жөн;
5) олар, әдетте, еншілес немесе ассоциацияланған ұйымдардан алынған қарыздар және осындай ұйымдарға берілген және талап етілген кезде өтеуге жататын қарыздар;
6) мұндай ереже, әдетте, эмитент пайыздарды немесе негізгі соманы төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындамаған жағдайда тез арада өтелуге тиіс борыштық құралдар.
Төменде құны құнсыздануды шегергендегі өзіндік құнмен немесе амортизацияланған құнмен өлшенбейтін қаржы құралдарының мысалдары келтірілген. Мұндай құралдардың құны пайда немесе залал арқылы әділ құнмен өлшенеді:
1) құнсыздануды шегергендегі өзіндік құнмен өлшеуге рұқсат беретіндіктен олар бойынша жарияланатын кесілген баға бар борыштық құралдарға инвестициялар (ашық нарықта айналымда болмайтын және әділ құны қандай да болмасын өзге де тәсілмен сенімді өлшенуі мүмкін емес борыштық құралдар үшін ғана);
2) мұндай своптар мен форвардтық келісімдер ақша қаражатының оң немесе теріс қозғалысы орын алған пайыздық своп немесе қандай да болмасын тауарды немесе қаржы құралын сатып алуға арналған ақшалай қаражатты төлеумен пайдаланылатын немесе орындаған кезде ақша қаражатының оң немесе теріс қозғалысын беретін форвардтық келісім;
3) ұстаушы алатын кірістілік тіркелген болып табылмайтын және тиісінше орындалмайтын опциондар мен форвардтық шарттар;
4) ұстаушы алатын кірістілік нарықтық пайыздық ставкалардың ауытқуынан ғана емес, эмитенттің борыштық құралдары бағасының өзгеруімен ауысып отыруы мүмкін болғандықтан, айырбасталатын борыштық құралдарға инвестициялар;
5) оларда талаптарға қайшы келетін өтеу мерзімі жоқ болғандықтан мерзімді борыштық құралдар.
Субъектінің қаржылық активінің немесе міндеттемесінің құнын келесі өлшеу кезінде қаржылық құралды есептеудің өзінің саясатын оны пайда немесе залал арқылы «әділ құн бойынша ескерілген» санатқа аудара отырып немесе оны осы құралды иелену кезеңінде немесе осы құрал айналымда болғанда осы санаттан шығара отырып, ауыстырмауға тиіс.
Құны пайда немесе залал арқылы әділ құнмен өлшенетін борыштық құралдың әділ құнын сенімді өлшеу үшін деректер көзі жоғалған жағдайда өзгерген күнгі мұндай құралдың баланстық құны құралдың өзіндік құны болып танылады. Мұндай жағдайда субъект мұндай құралдың құнын әділ құны сенімді өлшеу үшін деректер көзі пайда болғанға дейін құнсызданудан залалды шегергендегі осы өзіндік құнмен өлшейді.
Әділ құн. Қаржылық құралдар әділ құнмен өлшенуге тиістігін көздейді. Әділ құн туралы деректердің ең үздік көзі нарықтық баға болып табылады. Егер қаржы құралының нарығы белсенді болып табылмаса, онда субъект бағалау әдісін пайдаланып, әділ құнды белгілейді. Бағалау әдісін пайдаланудың мақсаты тәуелсіз уәжделген қалыпты іскер пікірлермен тараптар арасында айырбас жасалған кездегі өзгерту күні операцияның бағасы қандай болғандығын анықтау болады.
Кредитордың талап етуі бойынша өтелетін қаржылық міндеттеменің әділ құны (мыласы, талап етілгенде берілетін депозит) осы соманы төлеу талап етілуі мүмкін бірінші күннен бастап дисконтталған талап ету бойынша төлеуге жататын сомадан аз болмайды.
Әділ құн бойынша пайда немесе залал арқылы өлшенетін қаржылық активтер мен міндеттемелер құнының құрамына субъект транзакциялық шығасыларды қоспауға тиіс. Егер активті төлегені үшін мерзімді ұзарту бар болса (тегін немесе ақылы, бірақ пайыздың нарықтық ставкасынан ерекшеленетін) субъект активтің құнын нарықтық пайыздық ставка бойынша дисконтталған барлық болашақтағы төлемдердің келтірілген құны бойынша өлшеуге тиіс.
Қаржылық активтің немесе қаржылық міндеттеменің әділ құнын анықтаған кезде субъект стандартқа 2-қосымшадағы қосымша нұсқауларды сақтауға тиіс.
Қаржылық активті тануды тоқтату. Қаржылық активті тануды тоқтату мынадай жағдайларда ғана жүргізіледі:
1) осы қаржылық активтен болған ақша түсімдерді алуға құқық өткенде немесе толық көлемде орындалғанда;
2) субъект басқа тарапқа осы қаржылық активке байланысты барлық елеулі тәуекелдер мен пайданы бергенде; немесе
3) субъект осы қаржылық активке байланысты кейбір елеулі тәуекелдер мен пайданы сақтайтындығына қарамастан, осы активті бақылау басқа тарапқа берілгенде немесе осындай басқа тарап осы активті тұтастай қандай да бір байланыссыз үшінші тарапқа сатуға іс жүзінде мүмкіндігі бар және осындай басқа тарап осы мүмкіндікті бір жақты тәртіппен, осындай беруге қосымша шектеу қою қажеттілігінсіз пайдаланатын болса. Мұндай жағдайда субъект: активті тануды тоқтатуға, және беру барысында құрылған немесе сақталған барлық құқықтар мен міндеттемелерді жеке тануға тиіс.
Берілген активтің баланстық құны беру сәтіндегі олардың салыстырмалы әділ құнының негізінде сақталған және берілген құқықтар мен міндеттемелер арасында бөлінуге тиіс. Жаңадан құрылған құқықтар мен міндеттемелер олардың осы күнгі әділ құны бойынша өлшенуге тиіс. Алынған өтеу мен танылған құн және оның тануы осы тармаққа сәйкес тоқтатылған құн арасындағы құнның айырмасы беру кезеңінде пайданың немесе залалдың құрамына енгізіледі.
Егер беру субъект берілген активке иелік етуге байланысты елеулі тәуекелдер мен пайданы сақтағандықтан, тануды тоқтатуға әкелмесе, субъект берілген активті толық көлемде тануды жалғастыруға тиіс және алынған өтеуге қатысты қаржылық міндеттемені тануға тиіс. Бұл актив пен міндеттеме өзара есепке алынбауға тиіс. Келесі кезеңдерде субъект берілген активтен түсетін барлық кірістерді және қаржылық міндеттеме бойынша шығындалған барлық шығыстарды тануға тиіс.
Егер беруші тарап қабылдаушы тарапқа ақшасыз қамтамасыз етуді ұсынатын болса (борыштық немесе үлестік құрал сияқты), онда осы қамтамасыз етуді беруші және қабылдаушы тараптардың есепке алуы алушы тарап осы қамтамасыз етуді сатуға немесе қайта кепілге салуға құқығы барлығына және беруші тарап өзінің міндеттемелерін орындағандығына немесе орындамағандығына байланысты. Беруші және қабылдаушы тараптар мұндай қамтамасыз етуді мынадай түрде ескеруге тиіс:
1) егер қабылдаушы тараптың шартқа немесе жалпыға бірдей қабылданған практикаға сәйкес осы қамтамасыз етуді сатуға немесе қайта кепілге салуға құқығы бар болса, онда беруші тарап мұндай активті өзінің балансында басқа активтерден бөлек қайта сыныптауға тиіс (мысалы, үлестік құралдардың кепілдігіне берілген қарыздық актив немесе кері сатып алу бойынша дебиторлық берешек ретінде);
2) егер қабылдаушы тарап оған кепілге берген қамтамасыз етуді сататын болса, онда міндеттеме бойынша бұл қамтамасыз етуді ол сатудан түскен түсімдерді және әділ құнмен өлшенген міндеттемені танып қайтаруға тиіс;
3) егер беруші тарап шарттық талаптарын орындамайтын болса және мұндай қамтамасыз етуді қайтарып алуға құқығы жоқ болса, онда ол осы қамтамасыз етуді тануды тоқтатуға тиіс, ал қабылдаушы тарап бұл қамтамасыз етуді бастапқыда әділ құнмен өлшенген өзінің активі ретінде тануға немесе егер бұл қамтамасыз етуді сатып қойған болса, онда бұл қамтамасыз ету қайтқаннан кейін өзінің міндеттемесін тануды тоқтатуға тиіс.
Қаржылық міндеттемені тануды тоқтату. Субъект қаржылық міндеттемені (немесе қаржылық міндеттеменің бір бөлігін) ол өтелгенде, яғни шартта көрсетілген міндеттеме орындалған немесе жойылған немесе оның қолданылу мерзімі өткен кезде ғана балансынан алғаны жөн.
Қарыз алушы мен кредит беруші арасындағы қолданыстағы борыштық құралдармен елеулі ерекшеленетін шарттармен алмасуды субъектілер бастапқы қаржылық міндеттемені өтеу және жаңа қаржылық міндеттемені тану ретінде ескеруге тиіс. Ұқсас тәсілде қолданыстағы қаржылық міндеттеменің немесе оның бір бөлігінің шарттарының елеулі өзгеруін (бұл өзгеріс борышкердің қаржылық қиындықтарына байланысты екендігіне немесе байланысты еместігіне қарамастан) субъект бастапқы қаржылық міндеттемені өтеу және жаңа қаржылық міндеттемені тану ретінде ескеруге тиіс.
Өтелген немесе басқа тарапқа берілген қаржылық міндеттеменің (немесе қаржылық міндеттеменің бір бөлігінің) баланстық құны мен төленген өтеу арасындағы айырманы кез келген берілген ақшасыз активтерді немесе қабылданған міндеттемелерді қоса алғанда, субъект пайданың немесе залалдың құрамында тануға тиіс.
2. «Балина» ЖШС-нің қысқа мерзімді міндеттемелер есебін ұйымдастыру
2.1 Кәсіпорынның жалпы экономикалық көрсеткіштері және есеп саясаты
«Балина» ЖШС-нің есеп саясаты бухгалтерлік есепте және қаржылық есептемеде, бухгалтерлік есеп стандарттарымен және бухгалтерлік есеп типтік жоспары, Қоғам пікірінен шыға және оның қызмет ерекшелігіне орай бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептемені құрастыру үшін Қазақстан Республикасының заңдылықтар талабына сәйкес ұйымның қабылдаған принциптерін, негізінен, талптарынан, ережелерінен және тәжірибелерінен жасақталған.
Есеп саясаты мыналардың негізінде құрастырылған:
1) Қазақстан Республикасының 26 желтоқсан 1995 ж. №2732 «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептеме туралы» Заңы (өзгерістер және толықтырулармен);
2) Бухгалтерлік есеп стандарттары (өзгертулерімен);
3) Бухгалтерлік есеп
стандарттарына методикалық
4) Бухгалтер есеп типтік шоттар жоспары;
5) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері және басқа да заңнамалары (өзгертулер және толықтырулармен);
6) Қоғамның ішкі құжаттары (өзгертулер және толықтырулармен).
Есепте жасақталған негізгі Есеп саясатына негізделген мәліметтерге сәйкес Қоғамның түрлі тұтынушылары үшін қаржылық, статистикалық, салықтық және басқару есебінің есептепмесі ұсынылады: құрылтайшылық құжаттармен меншік иелеріне; тіркеу орны бойынша мемлекеттік статистика ұйымына; мемлекттік бақылау және қатаң бақылау ұйымына компетенциясымен сәйкес.
Қаржылық есептемені және басқа да есепті-бухгалтерлік ақпаратты басқа тұлғаларға Қоғам президентінің келісімімен немесе оның орынбасры келісімімен Қазақстан Республикасының Заңдылығына сәйкес беріледі.
Есеп саясатының жүргізілуіне ұйым президенті жауапты. Заңнама немесе ұйымның жұмыс шарттары өзгерген жағдайда Есеп саясатының кейбір жағдайлары тез арада және тиісті тартіпте өзгерілуі тиіс, сонымен қатар ол құжатты пайдаланушылардың барлығына жариялануы тиіс.
Қоғам ұйымдары және лауазымды тұлғалары:
1. Қоғам органдар: жоғарғы оган– президент кеңесі; басқару органдары – президент;
2. Бірінші қаржылық қол қою құқығына ие тұлға: президент;
3. Бухгалтерлік есепті
жүргізуші және екінші
Еңбекақы есебі және онымен есеп айырысу. 1. Еңбекақы шығындары бухгалтерлік есеп стандартының №7 «Тауарлы-материалдық құндылықтар есебіне» методикалық нұсқауларға сәйкес жүзеге асырылады.
2. Қоғамның жеке жұмысшы
құрамының есебі кадр
3. Еңбек уақытын пайдалану
есебі ауытқуларды (жұмыска
4. Еңбекақы жұмысшының
қызмет түрі мен дәрежесіне, штаттық
кестеге және еңбек келісім-
5. Еңбекақы түрі мен жүйесі, негізгі және қосымша еңбекақы төлеу тәртібі еңбекақы және теңестіру жағдайымен анықталады.
Меншік капиталы
1. Қоғамның меншік
капиталы жарғылық капиталдан, қосымша
төленген және төленбеген
2. Қоғамның жарғылық капиталының
көбеюі немесе азяюы тек қана
акцтонерлердің жалпы
3. Қазақстан Республикасының
4. Меншік капитал есебі типтік шоттар жоспарының 5 тарау шоттарында жүргізіледі.
Информация о работе Кәсіпорындағы қысқа мерзімді міндеттемелердің теориялық негіздері