Кәсіпорындағы қысқа мерзімді міндеттемелердің теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Февраля 2014 в 09:46, дипломная работа

Краткое описание

Осы мақсатқа жету үшін келесідей сұрақтар қарастырылды:
1. Қысқа мерзімді міндеттемелердің мазмұны және олардың жіктелуі;
2. Несие операцияларының негізі және оның түрлері;
3. Бюджетке түсетін салық және салық салу түрлері және оның есебін ұйымдастыру;
4. Еңбекақы түрлері және есебінің жүргізілуі;
5. Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысуын ұйымдастыру;
6. Қысқа мерзімді міндеттемелер аудитінің жүргізілуі;
7. Кәсіпорындағы қысқа мерзімді міндеттемелердің бухгалтерлік есебін ұйымдастырудың жетілдіру жолдары

Содержание

Кіріспе 5

1. Кәсіпорындағы қысқа мерзімді міндеттемелердің теориялық негіздері 7
1.1 Қысқа мерзімді міндеттемелердің экономикалық мазмұны 7
1.2 Бюджетпен және банк ұйымдарымен есеп айырысу операцияларының негізі 11
1.3 Кәсіпорынның қаржылық есеп берудің ұлттық стандарттарының теориялық негіздері 21

2. «Балина» ЖШС-нің қысқа мерзімді міндеттемелер есебін ұйымдастыру 29
2.1 Кәсіпорынның жалпы экономикалық көрсеткіштері және есеп саясаты 29
2.2 Бюджетпен және бюджеттен тыс мекемелермен бухгалтерлік есепті ұйымдастыру 39
2.3 Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу есебі 49
2.4 Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеу есебін ұйымдастыру 53

3. Қысқа мерзімді міндеттемелердің аудиті және есебін жетілдіру жолдары 58
3.1 Кәсіпорынның аудиторлық қызмет теориясының негіздері 58
3.2. Қысқа мерзімді міндеттемелердің аудиті 61
3.3 Кәсіпорын қызметінің тиімділігін жақсарту жолдары 66

Қорытынды 75

Пайдаланған әдебиеттер тізімі 77

Қосымшалар 77

Прикрепленные файлы: 1 файл

888.doc

— 682.00 Кб (Скачать документ)

Кесте 8.

Жұмысшылар мен кызметкерлерге еңбекакы есептегенде бухгалтерлік есепшоттары бойынша жүргізілетін операциялар

 

Операциялар мазмұны

Дебит

шот

Кредит

шот

1

Жұмысшылар мен кызметкерлерге еңбекақы.

сыйақы және басқа  да төлемдер есептелінді:

   

- негізгі өндіріс жұмысшыларына

8012

3350

- қосалкы өндіріс жұмысшыларына

8032

3350

- цехтың қызметкерлеріне

8042

3350

- маркетинг бөлімінің, басқа да тауарларды

сатумен айналысатын жұмыскерлерге

8048

3350

2.

Жұмысшыларға   кезекті   демалыс   ақысын есептеу:

демалыс ақысынан есептелген әлеуметтік салық сомасы

3380

3380

3350

3150

3.

Жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелген еңбекақыдан зейнетақы қорына ұсталынатын сомаға

3350

3160

4.

Жеке тұлғаларға есептелген енбекақыдан ұсталатын табыс  салығы сомасына

3350

3120

5.

Жұмысшылардын еңбекақысынан  сот органдарының шешіміне сәйкес орындалатын құжат бойынша ұсталған сомаға

3350

3210

6.

Жұмысшылардың еңбекақысынан  олардың есеп беруі бойынша ұсталатын  сомаларына

3350

1250

7.

Бүлінген материалдық-кұндылықтардын орнын толтыру максатымен жұмысшылардың енбекақысынан ұсталатын сомаға

3350

1250

8.

Жұмысшылардың еңбекакысынан олардың алдынғы уақыттарда алған қарыздары үшін ұсталатын сомаларға

3350

1250

9.

Есептелген, бірақ белгіленген  мерзімде таратылмаган еңбекақы

3350

3210

10

Жұмысшылар мен қызметкерлерге кассадан төленген енбекақы, сыйакы, жәрдемақы және зейнетақы сомасына

3350

1010


 

Жарналар белгілі бір  Кәсіпорынның ережелерімен, жарғыларымен және қолданыльп жүрген заңдарға сәйкес шығарылған басқа да нормативтік  актілермен белгіленген еңбекақьның барлық түрлеріне есептеледі. Жарналар пайдаланбаған демалыс үшін өтемақыға, жұмыстан шыққан кездегі берілетін жәрдемақыға, материалдық кемек ретінде берілетін жәрдемақыларға және зейнетақы қорына, сақтық жарналарьш өндіріп алу мен есепке алу және зейнетақы қоры қаражаттарын жұмсау тәртібі туралы нұсқауда, белгіленген басқа да жағдайларда есептелмейді.

Кәсіпорынның «Зейнетақы мен қамтамасыз ету қорымен есеп айырысу» деп аталатын шоттың қалдығында ұйымның зейнетақы қорына аударым қаражаттарын уақтылы төлемегені үшін есептелген өсім сомасы көрсетіледі. Уақытылы зейнетақы қорына аударылмаған жарна үшін есептелген өсім сомасына бухгалтерияда мына түрдегі жазу жазылады:

Д-т: «Жалпы және әкімшілік  шығындар» деп аталатын шоты;

К-т: «Зейнетақы мен қамтамасыз ету қорымен есеп айырысу» деп аталатын шоты.

Ал бұл соманы кәсіпорын  тиісті қорға аударған уақытта:

Д-т: «Зейнетақы мен қамтамасыз ету қорымен есеп айырысу» деп  аталатын шот,

К-т: «Ақшалар» шоты түріндегі  бухгалтерлік жазу жазылады.

Зейнетақы қорына төленетін  жарналар жұмысшылар мен қызмегкерге  есептелген еңбекақы сомасынан салықтар сомасы есептелініп ұсталғанға дейін  олардың табыстарының барлық түрлерінен 10% (он пайыз) мөлшерінде ұсталады. Барлық жарна төлеушілер жарналарды ай сайын еңбекақы төлеу мерзімі күшінде аударулары тиіс, бірақ келесі айдың 10-ынан кеш калмауы керек.

Кесте 9.

Жинақтаушы зейнетақы  қорымен есеп айырысудың есебі шоты бойынша жүргізілетін операциялар

 

Операциялар мазмұны

Дебит шот

Кредит шот

1

Жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелген еңбекақы сомасынан жинактаушы зейнетакы қорына ұсталған сомаға

3350

3220

2

Жинақтаушы зейнетақы  қорына есептелген сомалар есеп айырысу  шоттынан аударылуы

3220

1040


 

3. Қысқа мерзімді міндеттемелердің аудиті және есебін жетілдіру жолдары

3.1 Кәсіпорынның аудиторлық қызмет теориясының негіздері

 

Аудит – ведомостьтан тәуелсіз, қаржылық бақылау, мемлекеттік қаржылық басқаруды ауыстыра алмайтын тәсіл болып табылады. Аудиттің мемлекеттік бақылаудан айырмашылығы ол бухгалтерлік ақпаратты пайдаланып, талдаумен айналысатын мамандарға кеңесші, консультант, көмекші ретінде болады. Аудитор кәсіпорын қаржылық есептілігінің нақтылығын, жасалынған шаруашылық операциялардың заңдылығын бағалап қана қоймай, сонымен қатар жіберілген қателерді табуға көмектесіп, оларды дұрыстауға және болашақта қате жібермес үшін жаңа, оңай есептеу жүйесін ұсынады.

2001 жылғы 20 – қарашаның Қазақстан Республикасының «Аудиторлық қызмет туралы заңының 4 – бабының бірінші тармағына сәйкес «Аудит» дегеніміз – жүргізілген қаржы және шаруашылық операцияларының дұрыстығын және олардың Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкестігін бағалау мақсатында заңды және жеке тұлғалардың қаржылық есептілігін және өзге де құжаттарын аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың тәуелсіз тексеруі болып табылады».

Шет елдік мамандардың пікірі бойынша аудит ол – жетік әрі тәуелсіз тұлғамен орындалатын экономикалық субъектінің қызметіне әсері бар фактілерді жинау мен бағалауды қорытындылайтын қызмет түрі. Ол ақпаратта тәуекелділігін төмендетеді, яғни қаржылық есептілікте пайдаланушы үшін нақты емес мәліметтердің болуы. Аудитті бақылайтын негізгі қағидат белгілі бір этикалық және мамандық нормалардың жиынтығы болып табылады: тәуелсіздік, шындылық, аудитордың объективтілігі, оның мамандық жетіктігі, адамгершілігі, ақпараттың құпиялылығы және тағы басқа.

Аудит мақсаты – заңдар мен аудиторлық қызметі басқаратын нормативтік жүйелер және клиент пен аудитордың келісім шарт міндеттемелері арқылы нақты мәселені шешу. Аудит мақсатына мыналар жатады: бухгалтерлік есеп жағдайын бағалау, бухгалтерлік (қаржылық) есептілігінің шындылығын тексеру, құнды қағаздар эмиссиясын нақтылау, қаржылық – шаруашылық қызметіне талдау жүргізу, клиенттің қаржылық жағдайын тұрақтандыруға ұсыныстар дайындау, шығындарды оптималдау, бухгалтерлік есеп, салық салу шаруашылық құқық бойынша кеңес беру. Егер аудитті топтастырсақ оның келесідей түрлері бар:

Сыртқы аудит – тәуелсіз аудиторлық фирма және экономикалық субъектілер арасында келісім шарт арқылы жүргізіледі. Басты мақсаты – бухгалтерлік және қаржылық есептіліктің нақтылығын тексеру, сонымен қатар әкімшілікке кеңес беру қызметімен айналысады.

Ішкі аудит – кәсіпорынның басқару, бақылау жүйесінің бөлігі болып табылады. Оның мақсаты: кәсіпорынның басқару жүйесінің жұмысының тиімділігін бағалау, ол кәсіпорында құрылған арнайы (Ішкі Аудиторлық Қызмет) органында бухгалтерлік есептілігінің нақтылығына шығындар сметасының орындалуына, мүліктің сақталуына, өндірісті ұйымдастыру тәсілдерін дамытуда орындалады.

Аудиторлық қызмет – басқа кез –келген коммерциялық қызмет секілді жоғары табыс табуға тиіс. Бұл мақсаттарға қол жеткізу үшін аудиторлардың алдына мынадай негізгі міндеттер қойылады:

  • кәсіпорынның қаржы есептілігінің дұрыстығын қамтамасыз ету, сөйтіп қаржы есептерін пайдаланушылар үшін ақпараттық тәуекелді қолайлы деңгейге дейін азайту;
  • шешімдер қабылдау үшін қисынды түрде негізделген базаны құруға мүмкіндік беретін жеткілікті дәрежедегі құзыретті мәмілелерді жинау және бағалау;
  • кәсіпорынның экономикасын немесе оның қызметінің белгілі бір түрін жүйелі түрде және жан – жақты талдау;
  • кәсіпорын қызметінің оның жарғысы<span class="dash041e_0431_044b_0447_043d_044b_0439__Char" styl

Информация о работе Кәсіпорындағы қысқа мерзімді міндеттемелердің теориялық негіздері