Кәсіпорын іс-әрекетінің тиімділік көрсеткіштерін талдаудың теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2014 в 12:00, курсовая работа

Краткое описание

Сондықтан менің дипломдық жұмысымның мақсаты - қәсіпорынның тиімділік жағдайын тереңірек зерттеп теориялық және әдістемелік негіздері туралы мағлүмат алып, оны ұғып, оларға талдау зерттеудегі дағдыларды ашу. Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері мен нарықтық тұрақтылығы туралы дұрыс, ғылыми негізделген баға мен қортынды беруге, өндірістің өсуі мен оның тиімділігін арттыруды қамтамасыз етуге,еліміздің ұзақ мерзімді бірінші кезектегі мақсатына ойдағыдай жету үшін үйлесімді басқару шешімдерін дайындауға ат салысу.

Прикрепленные файлы: 1 файл

тиімділік.doc

— 846.50 Кб (Скачать документ)

Экономикалық тиімділік жағдайын талдау үшін ең алымен табыстар және шығындар жөніндегі есебін талдайық.

 Кесте 1

Табыстар және шығындар жөніндегі есеп

 

Баптар атауы

Есептік кезең

Өткен кезең

 

Ауытқу,

%

Қызмет көрсетуден түскен табыс

13 639 035

11 860 627

114,9

Көрсетілген қызметтің өзіндік құны

10 551 939

9 138 341

115,4

Жиынтық пайда

3 087 096

2 722 286

113,4

Қаржыландырудан түскен табыстар

613 559

478 412

128,25

Басқа да табыстар

378 967

540 936

70,05

Қызмет көрсетуге кеткен шығындар

100 162

107 059

93,56

Әкімшілік шығындар

3 079 964

2 489 739

123,7

Қаржыландыруға кеткен шығындар

272 420

281 385

96,8

Басқа да шығындар

218 185

443 663

49,1

Жалғасушы іс-әрекеттен түскен кезеңдік пайда (шығын)

405 606

418 573

96,9

Тоқтатылған іс-әрекеттен пайда (шығын)

0

-451

 

Салық салғанға дейінгі пайда

405 606

418 122

96,9

Корпоративті табыс салығы бойынша шығындар

105 871

142 467

74,3

Қорытынды пайда  (шығын)

299 735

275 655

108,7


 

Кестеден, өткен жылмен салыстырғанда есептік кезеңде ең жоғары пайда  өсімі қаржыландырудан түскен табыста жоғары өсімге қол жеткізіп отыр, яғни 28,25 пайыз. Қызмет көрсетуден түскен табыс өсімі оның өзіндік құнының өсімінен 0,5 пайызға төмен болып отыр. Басқа да табыстар 30 пайызға төмендегенімен, олардың шығындары 50 пайызға төмендеген, сонымен қатар қаржыландыруға кеткен шығындар төмендеп отыр, ал әкімшілік шығындар 23,7 пайызға өсті, ол қосымша бөлімшелердің ашылуымен байланысты. Салық салғанға дейінгі пайда 3,1 пайызға төмендегенімен, корпоративті табыс салығының 25,7 пайызға төмендеуі, қорытынды пайданы өткен жылмен салыстырғанда 8,7 пайызға өсуіне әкеліп отыр.

Жыл сайын табыстар деңгейінің өсіп келе жатқаның байқауымызға болады, ол кәсіпорын жұмысының тиімді жүргізіліп отырғанын куәландырады, дегенмен осы мәліметтерді пайдаланып, абсолютті экономикалық тиімділікті есептеп көрейік.

2 кесте

Экономикалық тиімділік көрсеткіштерін талдау

 

Көрсеткіштер

2006 жыл

2007 жыл

2008 жыл

2009 жыл 

Жалпы тиімділік  (табыс/шығын)

1,022

1,010

1,021

1,021

Абсолютті тиімділік  (таза табыс/шығын)

0,022

0,010

0,021

0,021


Кестеден, соңғы жылдары таза табыс өсімі бірқалыпты екенін байқауға болады, бірақ өсім деңгейі өте аз, сол себепті тиімділікті арттыру мәселесі бар.

 «Казпочта» АҚ әртүрлі бағытта  қызмет көрсететіндіктен, оның ең  басты деген қызметтерінің жағдайы  мен табыстарын талдайық.

 

Сурет 7 Негізгі қаржы қызметтерінің көлемінің динамикасы, млрд.теңге

 

2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда  негізгі қаржылық қызметтер көлемінің  өсімі байқалды. Ең үлкен өсім  коммуналдық және салықтық төлемдерді  қабылдау қызметіне келеді – 78,5%, сонымен бірге  жалақы төлеу көлемі де 32,1%-ға өсті, ақша аударымдары – 21,5%-ға өсті, ал жоспарға қарағанда 16 пайызға сыра орындалып отыр, зейнетақы мен жәрдемақыны төлеу  көлемі – 19,35%-ға өсті және жоспардан 6,3 пайыз асыра орындалды. 

 

Сурет 8 2009 жылғы негізгі почта қызметтері бойынша табыс өсімі

 

Почталық қызметтер ішінде 2009 жылы ең үлкен өсім өткен жылмен салыстырғанда арнайы байланыс қызметтеріне  түсті – 27,1%. Сонымен қатар, сәлемдемелер – 22,8 пайызға, ЕМS жөнелтімдер 20,1 пайызға және жазбаша хат-хабарлар 18 пайызға өсті.

Почталық желінің географиялық таралуы компанияның әлеуметтік маңыздықызметтер рыногында жетекшілік етуіне себеп болды. «Қазпочта» АҚ-ның зейнетақы мен жәрдемақы төлеу бойынша үлесі 50%, жалақы төлеу бойынша -26%, төлемдер қабылдау - 25%, ал басылымды тарату қызметі рыногында республика аумағында таралатын жазылып алынатын мерзімді баспасөз басылымдары таралымының 82%-ы «Қазпочта» АҚ үлесіне келеді. Республиканың ауылды елдімекендерінде Қазпочта бұл қызметтер рыногының 100%-ына ие.

Жазбаша хат-хабарлар көлемі 52 млн. дананы құрады, 2008 жылмен салыстырғанда 16,6% өсім байқалады, бұл қарапайым және тапсырысты хат-

хабарлардың өсуіне және компаниялар мен банктермен агенттік келісім көлемінің өсуіне байланысты. Қоғамның корпоративтік клиенттері болып табылатын компаниялардың жіберетін жөнелтімдер санының өсуіне және «Электронпост» БК» ЖШС негізінде көрсетілетін қызметтер ауқымын кеңейту есебінен жаңа клиенттерді тарту арқылыжоспарланған көрсеткіш 17,9%-ға артық орындалды.

Сәлемдемелер көлемі 2,5 млн. данаға жетті. Каталогтік сауда бойынша сәлемдемелер санының өсуіне байланысты көрсеткіш 2006 жылғыдан 17,4%-ға артық және жоспарланған деңгейден 35,9%-ға артық. Көрсеткіштердің өсуі негізінен почталық желінің кеңейтілуіне - 20 жаңа бөлімшелер 23 почта байланысы пункттерінің ашылуына - байланысты болды.

Жеткізілген мерзімді баспасөз көлемі 197,1 млн. дана болды. 2006 жылменсалыстырғанда, баспасөз басылымдарына жазылу көлемінің өсуіне

байланысты, 15,1%-ға өсті және Ресей Федерациясы баспаларымен жаңа келісімдер жасасу мен 2007 жылдың екінші жарты жылдығына жазылу каталогына жаңа басылымдарды енгізу есебінен жоспар 7,4%-ға артық орындалды. Тұтастайалғанда, қоғам бойынша табыс жоспары 107,5%-ға

орындалды.

Алдыңғы жылдардағыдай 2010 жылға жазылу кампаниясы бюджеттік ұйымдардың дер кезінде қаржыландырылмауы, басылымдардың қымбаттылығы, балама құрылымдармен бәсекелестік жағдайында өтті. Таралым санын сақтап қалу үшін «Қазпочта» АҚ филиалдары мен құрылымдық бөлімшелері сандық көрсеткіштердегі сапалылықты жетілдіру бойынша зор жұмыс атқарды.

 

 

2.2 Ұйым персоналы мен негізгі қорларын пайдалану тиімділігін талдау

 

 Еңбек өнімділігінің анағұрлым жалпылама көрсеткіші – бір жұмыскердің орташа жылдық өндірісі (ЖӨ). Оның шамасы тек жұмыскердің сағаттық өндірісінен ғана емес (СӨ), персоналдың жалпы санындағы кейінгінің үлес салмағына (ҮС), сондай-ақ олармен өтелген күндер санына (К) және жұмыс күнінің ұзақтылығына (Ұ) да байланысты.

ЖӨ = ҮС * К * Ұ * СӨ

Тиімділік көрсеткіштерін талдаған кезде, кәсіпорынның негізгі өндірістік факторларының қолдану тиімділігін де талдайды, осы факторлардың ішіндегі ең маңызды фактор еңбек факторы болып табылады, оның тиімділігі барлық жұмыс тиімділігіне әсер етеді, сондықтан «Казпочта» АҚ  персоналды пайдалану тиімділігін келесі сурет бойынша сипаттайық.

 

 

Сурет 9 Қызметкерлер саны мен еңбек өнімділігінің динамикасы

 

Суреттен, жылдан-жылға қызметкер санының өсіп келе жатқаның байқауға болады, бірақ оған қарамастан еңбек өнімділігінің өсу қарқыны жоғары болып отыр, атап айтатын болсақ, 2006 жылы өткен жылмен салыстырғанда қызметкерлер саны 12,1 пайызға өссе, еңбек өнімділігі – 27,8 пайызға өскен,  2007 жылы өткен жылмен салыстырғанда қызметкерлер саны 9,6 пайызға өссе, еңбек өнімділігі – 21 пайызға өскен, 2008 жылы өткен жылмен салыстырғанда қызметкерлер саны 7,1 пайызға өссе, еңбек өнімділігі – 37 пайызға өскен, 2009 жылы өткен жылмен салыстырғанда қызметкерлер саны 6,5 пайызға өссе, еңбек өнімділігі – 8,1 пайызға өскен. Осыдан қызметкерлер санының өзгерісі жыл сайын төмендеп келе жатқаның көруге болады, ал 2008 жылы ең жоғары өнімділік өсіміне қол жеткізілді.

Еңбек сыйымдылығы – бұл өнімнің (бұйым) белгілі бір түріне өндіруге немесе нақты технологиялық операцияны орындауға кеткен жұмыс уақытының шығындарын сипаттайтын көрсеткіш. «Еңбек сыйымдылығы» бір жұмыскерге есептегендегі өнім өндірісі көрсеткішіне кері көрсеткіш болып табылады да, өндіріс ресурстарының бірі – жұмыс күшінің пайдалану тиімділігін анықтайды.

Бірлік өнімнің еңбек сыйымдылығы (ЕС) өнімнің белгілі бір түрін әзірлеуге кеткен жұмыс уақыты қорын табиғи және шартты-табиғи шамада осы атаулы бұйымның санына бөлумен есептеледі. Бір теңге өнімнің еңбек сыйымдылығын да есептеуге болады. Ол үшін барлық өнімді өндіруге кеткен жұмыс уақытының жалпы қорын өнімді шығару құнына бөлу қажет. Алынған көрсеткіш өнімнің орташа сағаттық өндіруіне кері.

Ендігі кезекте негізгі қолдарды қолдану тиімділігін қарастырайық. Осы кезде ең басты екі көрсеткішті талдайық, ол қорқайтарымдылығы мен қорсиымдылығы.

Кесте 3

Негізгі қорларды пайдалану тиімділігін талдау

 

Көрсеткіш

Базалық кезең

Есепті кезең

Ауытқу,

%

Қызмет көрсету көлемі, мың теңге

11 860 627

13 639 035

114,9

Қызмет көрсетуден түскен табыс, мың теңге

2 722 286

3 087 096

113,4

Негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық құны, мың теңге

7158211

9330738

130,35

Қорқайтарымдылық

1,65

1,46

88,5

Қорсиымдылық

0,60

0,68

113

Қоррентабельділігі

0,38

0,33

86,8


 

Кестеден, негізгі қорларды пайдалану тиімділігінің төмендеуі байқалады, ол ең алымен жаңа машиналардың сатып алынуымен, жаңа бөлімшелердің ашылуымен байланысты болып отыр. Қорқайтарымдылық 11,5 пайызға, ал қоррентабельділігі 13,2 пайызға төмендеп отыр. Бұл қызмет көрсететін ұйым болғандықтан бұл көрсеткіш жұмыс барысына кері әсерін тигізбейді.

Негізгі өндірістік қорларды (НӨҚ) пайдаланудың тиімділігін талдау жалпылама көрсеткіштер  бойынша орындалады:

- НӨҚ-дың қор  қайтарымы (өндірілген өнім құнының  НӨҚ-ның орташа жылдық құнына  қатынасы);

- қор тиімділігі (өнімді /жұмыс, қызмет/ өткізуден түскен  табыстың НӨҚ-ның орташа жылдық  құнына қатынасы);

- НӨҚ-ның актив  бөлігінің қор қайтарымы (өндірілген өнім құнының негізгі құралдардың актив бөлігінің орташа жылдық құнына қатынасы);

- қор сыйымдылығы (НӨҚ-ның орташа жылдық құнының  есепті жылы өндірілген өнімнің  құнына қатынасы). Осы көрсеткіштерді кесте түрінде есептейік.

Осы көрсеткіштерді сурет түрінде сипаттайық.

 

Сурет 10 Негізгі қорларды пайдалану тиімділігінің көрсеткіштері

 

Суреттен қоррентабельділігі тек 0,5 пайызға төмендегенің байқауға болады. Ұйымның қызмет көрсету сласына жататындықтан негізгі қорлар көбінесе пассивті  әсер тигізеді, сондықтан бұл көрсеткіш кәсіпорынның жалпы жұмысына кері әсерін тигізе қоймайды.

 

 

2.3 Қаржылық тиімділік көрсеткіштерін  талдау 

 

 

Шаруашылық қызметін талдау барысында келесі көрсеткіштер пайдаланылады:

қарапайым қызметтен түскен табысқа (залал)  – жұмыс, қызмет және өнімді өткізуден түскен қаржылық нәтижелер, өткізуден тыс операциялардан, өзге өткізулерден түскен шығындар мен табыстар (ТМҚ-ды сатудан түскен табыс). Өткізуден тыс қаржылық нәтижелер: негізгі құралдар мен жерді жалға беруден түскен табыс, зілзала апаттарынан болған шығындар;

таза табыс  – барлық салықтар, экономикалық санкциялар мен қайырымдылық қорына аудармаларды төлгеннен кейін кәсіпорында қалатын табыс;

өнім, жұмыс, қызметті өткізуден түскен табыс

Есепті жылға баланстық табыс құрамын, оның құрылымын, динамикасы мен жоспардың орындалуын талдау қажет. Табыс динамикасын зерттеу кезінде оның сомасының өзгеруінің инфляциялық факторларын еске алу қажет: түсімді орташа сала бойынша кәсіпорын өніміне баға өсімінің орташа алынған индексіне түзетеді, ал өткізілген өнім бойынша шығындар талданып отырған кезеңдегі тұтыну ресурстарына бағаның жоғарылау нәтижесіндегі олардың өсіміне кемітіледі.

Кесте 4

 Есепті жылға баланстық  табыстың құрамы, динамикасы және  жоспардың       орындалуы.

Информация о работе Кәсіпорын іс-әрекетінің тиімділік көрсеткіштерін талдаудың теориялық негіздері