Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2014 в 12:00, курсовая работа
Сондықтан менің дипломдық жұмысымның мақсаты - қәсіпорынның тиімділік жағдайын тереңірек зерттеп теориялық және әдістемелік негіздері туралы мағлүмат алып, оны ұғып, оларға талдау зерттеудегі дағдыларды ашу. Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері мен нарықтық тұрақтылығы туралы дұрыс, ғылыми негізделген баға мен қортынды беруге, өндірістің өсуі мен оның тиімділігін арттыруды қамтамасыз етуге,еліміздің ұзақ мерзімді бірінші кезектегі мақсатына ойдағыдай жету үшін үйлесімді басқару шешімдерін дайындауға ат салысу.
1.2 Кәсіпорын тиімділігінің негізгі көрсеткіштері
Кәсіпорын іс-әрекетінің негізгі көрсеткіштері кәсіпорынның қолындағы барлық құралдары мен заттарын тиімді пайдаланумен байланысты көрсеткіштер жатады, оларғаеңбек өнімділігі, қорқайтарымдылы сияқты көрсеткіштермен қатар ұйымның қаржы жағынан тұрақтылығын, жұмысының тиімділігін сипаттайтын өтімділік көрсеткіші де үлкен мәнге ие.
Баланс өтімділігін талдаудың мәні – активтегі өтімділік дәрежесі бойынша топталған қаражаттарды пассивтегі міндеттемелермен салыстыруда. Актив пен пассив баптары белгілі бір тәртіппен топталады, өтімділігі жоғарылардан бастап өтімділігі төменгілерге (актив), яғни өтімділігінің төмендеу тәртібі бойынша қайтару уақыты ұзақтардан қайтару уақыты қысқаларға қарай (пассив), яғни қайтару уақытын жоғарылату тәртібі бойынша болады. Кейде керісінше тәртіп болуы да мүмкін, мысалы батыс европалық елдерде осыны қолданады.
Кәсіпорындардың қаржылық тұрақтылығы - бұл кәсіпорынның өзінің міндеттемесі бойынша толығымен және мерзімінде есептесу мүмкіндігі болып табылады. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының деңгейі кәсіпорынның нақты қызметімен байланысты жеке тәуекелінің деңгейін көрсетеді. Қаржылық тұрақтылық кәсіпорынның сапалық сипаттамасы болып табылады. Қаржылық тұрақтылықты, біріншіден, қаржы беретін банк тұрғысынан алғанда кәсіпорынның тәуекел деңгейін төмендету және оның жүмысының түрақтылығын арттыру үшін, екіншіден, кәсіпорынның жалпы қаржы жағдайын сипаттау үшін анықтау қажет. Сонымен, қаржылық тұрақтылық- бұл өз қызметін жүзеге асыруының материалдық және қаржылық мүмкіндіктерінің жиынтығы мен кәсіпорынның міндеттемелері бойынша мерзімінде және толығымен жауап беру қабілетімен анықталатын көрсеткіш болып табылады.
Кәсіпорын қаржысын басқарудың нәтижелілігі көп жағдайларда кәсіпорын қызметін ұйымдастыру деңгейі мен ақпараттық қамтамасыздықтың сапасына байланысты болып келеді. Ақпаратпен қамтамасыз етудің негізгі көздеріне кәсіпорынның қаржы жағдайына толық сипттама бертін бухгалтерлік есептің және есеп берулердің мәліметтері жатады.
Шаруашылық субъектілерінің қаржы жағдайы деп оның қаржылық бәсекелік қабілетін (төлем жасауға деген қабілеттілігі мен несиені қайтаруды қамтамасыз ету қабілеті), мемлекет және басқа да шаруашылық субъектілері алдындағы міндеттемелерін орындау мүмкіндіктерін айтады. Ал қаржылық талдау жүргізудің басты мақсаты- кәсіпорынның нақты қаржы жағдайын анықтау және алынған нәтижелерді өткен жылдардың нәтижелерімен салыстыру кәсіпорынның алдын ала жасалған қаржыны басқару саясатын басшылыққа ала отырып, өндіріс тиімділігін арттыру мүмкіндіктерін анықтау болып табылады. Мұндай талдаудың нәтижелері ең алдымен меншік иелеріне, қарыз берушілерге, инвесторларға, жабдықтаушыларға, менеджерлерге және салық қызметі орындарына қажет.
Қаржылық талдау жүргізудің басты міндеттеріне
- қаржы жағдайының
сапасын анықтау, оның ауытқуларының себебін
қарастыру, алынған
нәтижелердің негізінде кәсіпорынның қаржы
тұрақтылығын арттыруға
бағытталған шаралар мен үсыныстар енгізу,
оны іс жүзінде қолданыс табуын
қадағалау болып табылады. Бүл міндеттер
салыстырмалы және нақты қаржы
көрсеткіштерінің өзгерісін зерттеу арқылы
жүзеге асырылады және де келесі
блоктарға бөлініп қарастырылады:
Кәсіпорынның қаржы жағдайына талдау
жасау барысында бірнеше
мақсаттар алға тартылады:
Кәсіпорынның қаржылық жағдайына оң өзгерістер енгізетін негізгі көрсеткіштерді анықтау.
Қойылған мақсаттар мен міндеттерді шешу келесі әдістер мен тәсілдерді қолдану арқылы жұргізіледі:
Талдау жүмыстарын жүргізу барысында екі модульді құрылымды пайдалану қажет:
Кәсіпорынның қаржы жағдайына жан-жақты
талдау жүргізудің мақсаты -оның мүліктік
және қаржылық жағдайына толығымен баға
бере отырып, болашақтағы даму мүмкіндіктерін
анықтау болып табылады. Мұндай талдау
экспресс-талдаудың жеке процедураларын
нақтылап, нақты шешім қабылдау
мақсатында жасалынады.
Қаржы тұтқасының нәтижесі (ҚТН) - Қаржы тұтқасының нәтижесі - бұл кәсіпорынның сырттан тартқан қаржыларының төлемділігіне қарамай, оны пайдалану есебінен алынған меншікті қаржылардың рентабельділігінің өсімі. Қаржы тұтқасының нәтижелілігі меншікті қаржылардың рентабельділігін арттыруға арналған.
Қаржылық түрақтылықты анықтау мәселелері революцияға дейін және одан кейінгі 20-шы жылдардың әкономикалық әдебиеттерінде кеңінен зерттелгендігін байқауға болады. Мүнда кәсіпорынның қаржылық мәміле жасай алу мүмкіндігі мен міндеттемелері бойынша дер кезінде және толығымен жауап беру ықтималдылығының мүмкін болатын көлемін анықтау маңызды болды. Мүнда қаржылық тұрақтылық, шаруашылықтың түрлі жағдайларға төзімділігі мен беріктігі, іс жүргізу мен есптеулердің дұрыстығы сияқты қаржылық қабілетті анықтаудың көптеген көрсеткіштері қолданылып отырған. Шаруашылықтың қаржылай түрақтылығын анықтау баланстың өтімділігіне баға беруді талдау арқылы жүзеге асып отрырған. Аталған әдіс өзінің өзектілігін жоғалтпай, бүгінгі күннің өзекті мәселелелерінің біріне айналып отыр. 70-ші жылдардың экономикалық әдебиеттерінде "қаржылық тұрақтылық" термині өндірістің социалистік әдісінде қолдау таппаумен қатар, әкімшілдік-әміршілдік басқару әдісі жағдайында өзінің өзектілігін жоғалтып алды. Қазіргі кездегі экономикалық әдебиеттерде қарастырылып отырған мәселе М. Дъяконованың, В. Захаровтың, М. Сахарованың еңбектерінде теориялық және практикалық тұрғыдан алып қарағанда тереңірек зерттелген.
Сонымен кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдаудың негізгі мақсаты, кәсіпорынның өткендегі, қазіргі және болашақтағы қаржы жағдайына баға беруге қажетті ақпарат жинау болып табылады. Өткен жылдардағы және қазіргі кездегі қызметіне баға беру болашақты дұрыс болжамдау үшін қажет. Мұнда, кәсіпорын өзінің қызметіне деген сенімінің деңгейі міндеттемелері бойынша жауап бере алмауына әсер ететін факторларды жан-жақты қарастыру қажет. Әлемдік және отандық банк тәжірибесінде көптеген жылдар бойы кәсіпорынның қаржылық жағдайына әсер ететін факторларды қолданып келді. Бастапқыда ол 3 "Си" ережесі деп аталды. Соңынан қаржылық тұрақтылықты анықтаудың тағы екі факторы қосылып 5 "Си" ережесіне айналды. Олар келесілер:
Кәсіпорынның іс-әрекетке, қимылға қабілеттілігі. Қазіргі кездегі еліміздің жер-жерлеіндегі меншік нысандарының, шарушылық субъектілерінің заңдық статусының, олардың ұйымдық құрылымының өзгеруі жағдайында банктер өзінің алушылардың іс-әрекетке, қимылға қабілеттілігін анықтау шарт. Атап айтқанда, кәсіпорынның құрылтайшылық құжаттарының (жарғысының, келісім шартардың, хаттмалардың, заңды тұлға ретінде тіркеу туралы шешімдердің және т.б.) қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдеріне сәйкестігін тексеріп отыруы тиіс. Кәсіпорынның іс-әрекетке, қимылға қабілеттілігі кәсіпорынның қаржы алу үшін құқығының болуы, қаржы келісім шартына қол қою немесе келісөз жүогізуге өкілеттігінің болуынан көрінеді. Ал жеке тұлғалар үшін кәсіпорынның іс-әрекетке, қимылға қабілеттілігі оның кәмелеттік жасқа толуы және басқа заң жолымен іс-әрекет жасауға құқығының болуы, өз ісіне жауапты болуы қабілеттілігін білдіреді.
Кәсіпорынның жоғар беделі. Мұнда кәсіпорынның заңды тұлға ретінде және менеджмерлердің беделі турасында болуы тиіс, яғни қарызды өтеудегі кәсіпорынның жауапкершілігінің деңгейі, міндеттемелері бойынша алғандағы пайдаланудың нақты мақсаттары, кәсіпорынныңқаржы саясатына сай келуі. Заңды тұлға ретіндегі кәсіпорынның беделін анықтау оңай шаруа емес. Сондықтан, клиент баға беру барысында банктер негізінен міндеттемелерін орындаудағы өзінің алушылардың қарым-қатынастарын сипаттайтын өздеріндегі мәліметтерге сүйенуі тиіс. СОнымен, клиент беделі – бұл кәсіпорынның төлем міндеттемелерін толық және мерзімінде өтеудегі ішкі мүдделілігі болып табылады.
Капиталдың болуы немесе кәсіпорынның табыс табуға қабілеті. Кәсіпорын тер кәсіпорынның қаржылық жағдайына әсер ететін төменгі факторларды мұқят қарастырады. Олар:
а) кәсіпорынның табыс алу мүмкіндігі;
б) активтерді пайдалану;
в) конъюнктура жағадайы.
Бірінші факторд талдау барысында кәсіпорынның қарызды толығымен өтеуге қажетті ақша қаржыларын таба білу қабілеті анықталады. Мұндай талдау барысында алынған міндеттемелері бойынша өтеуге мүмкін болатын төрт негізгі табыс көзін ескереді:
1) табыс;
2) акцияларын сату;
3) атиктверін сату;
4) басқа өзінің берушіден ссуда алу. Мұнда негізгісі тасбыс болып табылады, өйткені басқа табыс көздері қымбат және тұрақсыз болып табылады.
Мысал, ретінде акцияларды сатуды алатын болсақ, ол қор биржасының конънктурасына, инфляция деңгейіне, акция шығаратын субъектінің қызметінің тұрақтылығаны т.б. жағадйларға байланысты болады. Сонымен, бірге ауцияларды сату ұзақ мерзімге созылуы мүмкін. Сондықтан, банктер негізінен кәсіпорынның табыс табу қабілетіне көңіл бөлуі тиіс. Ол сату көлеміне әсер ететін барлық факторлармен анықталады, яғни сату бағасы, шығындар көлемі, тауар сапасы, жарнама тиімділігі, бәсеке деңгейі, шикізаттың болуы және оның бағасы, жұмысшылар біліктілігі және моральдық қасиеттері, басқару сапасы т.б. Басқару факторы деп фирма басшыларының шикізат, капитал және еңбек ресурстарын басқарып, табыс таба білу қабілетін айтады. Сонымен бірге кәсіпорынның табыс табу қабілеті білім деңгейіне, денсаулығына, біліктілігіне, жасына, бір жұмыста үзақ уақыт қызмет ету тұрақтылығына, жаңалық алу қабілетіне де тікелей байланысты болып келеді.
Ссуданың қайтарылуының қамтамасыздығы деп қаржы келісім шартында қаралған кәсіпорынның активтерінің құны және қарызды нақты өтеудің қосымша көздерін (кепіл, кепілдеме, кепіл болушылық, сақтандыру) айтады.
Несиелік келісімнің маңызды әлементтерінің бірі - кәсіпорынның келісімді қамтамасыз етудегі активтері болып табылады. Сондықтан қандай активтерді кепіл ретінде беруге болатындығын анықтау қажет. Ол үшін кепілге берілетін активтердің келесі сипаттамасын қарастыру қажет:
Экономикалық коньюнктура жағдайы - бұл фирмалар және жеке тұлғалар қызмет ететін орта. Елдегі, аймақтағы, саладағы ағымдық және болжамдық экономикалық жағдай, саяси жағдайлар кәсіпорынның сыртқы тәуекелінің деңгейін анықтап, кәсіпорынның ақша ағымдарын, балансының өтімділігін, капиталының жеткіліктілігін менеджмент деңгейін бағалау кезінде ескеріледі.
Баланс активтерінің қүрамы мен құрылымының динамикасын талдау -кәсіпорының барлық мүліктерінің және оның жекелеген түрлерінің абсолютті және салыстырмалы арту немесе кему мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді.[15. 346]
Қаржылық есептің маңызды әлементі болып саналатын активтерді, талдау барысында, осы активтердің нақты қолда бары, құрамы, құрылымы және оларда болған өзгерістер зерттеледі. Активтердің жалпы құрылымын және оның жеке топтарын талдау, олардың рационалды тартылуын талқылауға мүмкіндік береді.
Активтердің өсуі (артуы) кәсіпорынның болашақтағы дамуын көрсететін болғандықтан, ол осы кәсіпорын жұмысының оң нәтижесін сипаттайды.
Алайда, кәсіпорын мүлік құнының өсу себептерін талдағанда, жоғары деңгейі баланстық есептің номиналды көрсеткіштерінің нақты көрсеткіштерден айтарлықтай ауытқуына әкеліп соқтыратын инфляция әсерін ескеру қажет. Отандық тәжірибеде инфляцияны есепке алу тек негізгі қүралдардың баланстық құнын қүру барысында жүргізіледі.
Отандық есептік-аналитикалық тәжірибеде өндірістік қорлар, дайын өнім және тауарларды қайта бағалау жүргізілмейді. Сондықтан да олардың қүнының өсуі, инфляциялық фактор әсерінен болатыны күмәнсіз.
Кәсіпорындардың қаржылық тұрақтылығы - бұл кәсіпорыңның өзінің міндеттемесі бойынша толығымен және мерзімінде есептесу мүмкіндігі болып табылады. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының деңгейі кәсіпорынның нақты қызметімен байланысты жеке тәуекелінің деңгейін көрсетеді.
Қаржылық тұрақтылық кәсіпорынның сапалық сипаттамасы болып табылады. Қаржылық тұрақтылықты, біріншіден, қаржы беретін банк тұрғысынан алғанда кәсіпорынның тәуекел деңгейін төмендету және оның жұмысының тұрақтылығын арттыру үшін, екіншіден, кәсіпорынның жалпы қаржы жағдайын сипаттау үшін анықтау қажет. Сонымен, қаржылық тұрақтылық- бүл өз қызметін жүзеге асыруының материалдық және қаржылық мүмкіндіктеріңің жиынтығы мен кәсіпорынның міндеттемелері бойынша мерзімінде және толығымен жауап беру қабілетімен анықталатын көрсеткіш болып табылады.
Кәсіпорын қаржысын басқарудың нәтижелілігі көп жағдайларда кәсіпорын қызметін ұйымдастыру деңгейі мен ақпараттық қамтамасыздықтың сапасына байланысты болып келеді. Ақпаратпен қамтамасыз етудің негізгі көздеріне кәсіпорынның қаржы жағдайына толық сипттама бертін бухгалтерлік есептің және есеп берулердің мәліметтері жатады.
Шаруашылық субъектілерінің қаржы жағдайы деп оның қаржылық бәсекелік қабілетін (төлем жасауға деген қабілеттілігі мен несиені қйтаруды қамтамасыз ету қабілеті), мемлекет және басқа да шаруашылық субъектілері алдындағы міндеттемелерін орындау мүмкіндіктерін айтады. Ал қаржылық талдау жүргізудің басты мақсаты- кәсіпорынның нақты қаржы жағдайын анықтау және алынған нәтижелерді өткен жылдардың нәтижелерімен салыстыру кәсіпорынның алдын ала жасалған қаржыны басқару саясатын басшылыққа ала отырып, өндіріс тиімділігін арттыру мүмкіндіктерін анықтау болып табылады. Мұндай талдаудың нәтижелері ең алдымен меншік иелеріне, қарыз берушілерге, инвесторларға, жабдықтаушыларға, менеджерлерге және салық қызметі орындарына қажет.
Информация о работе Кәсіпорын іс-әрекетінің тиімділік көрсеткіштерін талдаудың теориялық негіздері