Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2014 в 12:00, курсовая работа
Сондықтан менің дипломдық жұмысымның мақсаты - қәсіпорынның тиімділік жағдайын тереңірек зерттеп теориялық және әдістемелік негіздері туралы мағлүмат алып, оны ұғып, оларға талдау зерттеудегі дағдыларды ашу. Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері мен нарықтық тұрақтылығы туралы дұрыс, ғылыми негізделген баға мен қортынды беруге, өндірістің өсуі мен оның тиімділігін арттыруды қамтамасыз етуге,еліміздің ұзақ мерзімді бірінші кезектегі мақсатына ойдағыдай жету үшін үйлесімді басқару шешімдерін дайындауға ат салысу.
Бухгалтерлік жазбалар бастапқы құжаттар негізінде жүргізіледі.
Операцияларды немесе келісім шарттарды ресімдеу үшін қолданылатын бастапқы құжаттардың нысандары немесе оларға қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті орган және (немесе) Қазақстан Республикасының Үлттық Банкі бекітеді.
Нысандары немесе оларға қойылатын талаптар қағаз және әлектрондық жеткізгіштегі бастапқы құжаттарды жеке кәсіпкерлер мен үйымдар дербес әзірлейді және олар мынадай міндетті реквизиттерді қамтуға тиіс:
Операцияның немесе оқиғаның сипатына, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына және есепке алу ақпаратын өңдеу тәсіліне қарай бастапқы құжаттарға қосымша реквизиттер енгізілуі мүмкін.
Бастапқы қүжаттар операцияның немесе оқиғаның іске асырылу кезінде не олар аяқтала салысымен жасалуға тиіс.
Есепке қабылданған бастапқы қүжаттарда қамтылған ақпарат бухгалтерлік есеп тіркелімдерінде жинақталады және жүйеленеді, олардың нысандарын немесе оларға қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті орган және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекітеді.
Бухгалтерлік есеп тіркелімдерінің деректері топтастырылған түрде қаржылық есептілікке көшіріледі.
Электрондық жеткізгіштерде бастапқы құжаттарды және бухгалтерлік есеп тіркелімдерін жасау кезінде жеке кәсіпкерлер мен ұйымдар операциялардың басқа қатысушылары үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасыньщ заңнамасына сәйкес талап ету құқығы берілген мемлекеттік органдардың талап етуі бойынша осындай қркаттардың көшірмелерін қағаз жеткізгіштерде дайындауға тиіс.
Кассалық және банктік бастапқы құжаттарға түзетулер енгізуге жол берілмейді. Басқа бастапқы қүжаттарға түзетулер операцияға қатысушылармен келісім бойынша ғана енгізілуі мүмкін, бұл түзетулер енгізілген күні көрсетіле отырып, құжаттарға қол қойған адамдардың қолдарымен расталуға тиіс.
Басшылық немесе жеке кәсіпкер:
Есеп саясаты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және ұйымның жарғысымен (ережесімен) бекітіледі. Басшылық немесе жеке кәсіпкер есеп жүмысының көлеміне қарай:
Жария мүдделі ұйымдарға осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларының күші қолданылмайды.
Халықаралық бухгалтерлер федерациясының толық мүшесі болып табылатын ұйым - шетел институтының мүшесі бухгалтерлік ұйымға теңестіріледі.
Бухгалтерлік есепті жүргізуді, қаржылық есептілік жасауды және ұсынуды, есеп саясатын қалыптастыруды қамтамасыз ететін бас бухгалтер немесе басқа лауазымды адам бухгалтерлік қызметтің басшысы (бұдан әрі - бас бухгалтер) болып табылады.
Жария мүдделі ұйымның бас бухгалтері лауазымына кәсіби бухгалтер тағайындалады. Басшылық немесе жеке кәсіпкер бухгалтерлік құжаттарға қол қою құқығы бар адамдарды анықтайды. Бұл ретте адамның атқаратын лауазымына, ақша сомасының мөлшеріне, операцияның қолданыс аясына және мәніне қарай қол қою құқығының сатылылығы белгіленуі мүмкін.
Электрондық қолтаңбаны пайдаланатын жеке кәсіпкерлер немесе үйымдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес электрондық қолтаңбаны пайдалану және оларға қол жеткізу қүқығына қатысты тиісті сақтық және бақылау шараларын белгілеуге тиіс
Жеке кәсіпкерлер мен ұйымдар бастапқы құжаттарды, қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштердегі бухгалтерлік есеп тіркелімдерін, қаржылық есептілікті, есеп саясатын, есепке алу деректерін электрондық өңдеу бағдарламаларын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген кезең ішінде сақтауға міндетті.
Бастапқы құжаттар мен бухгалтерлік есеп тіркелімдерінің мазмұны коммерциялық құпияны құрайтын ақпарат болып табылады, оларға қол жеткізуге басшылықтың немесе жеке кәсіпкердің рұқсаты бар адамдарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына ғана рұқсат етіледі.
Аталған құжаттарға қол жеткізе алатын адамдар ондағы ақпаратты олардың иесінің келісімінсіз жария етпеуге міндетті және оны жеке мүддесі үшін пайдалануға құқығы жоқ. Коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратқа қол жеткізе алатын адамдар оны жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты.
Қаржылық есептілік әлементтерін бағалау - аталған элементтер бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікте танылатын және тіркелетін ақша сомаларын анықтау. Бағалауды қолдану әдістері мен тәртібі халықаралық стандарттарға және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес белгіленеді.
Қаржылық есептілік элементтерін есепке алу әдістері және тану тәртібі халықаралық стандарттарға және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес белгіленеді.
Мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігін қоспағанда, қаржылық есептілік мыналарды қамтиды:
Қаржылық есептілікті жасау тәртібі және оған қойылатын қосымша талаптар халықаралық стандарттарға және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес белгіленеді.
Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілік көлемін, оны жасау нысандары мен тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
Қаржылық есептілікке үйымның басшысы және бас бухгалтері, дара кәсіпкер қол қояды. Бухгалтерлік есебін бухгалтерлік ұйым немесе кәсіби бухгалтер жүргізетін ұйымның қаржылық есептілігіне ұйымның басшылығы, сондай-ақ бухгалтерлік үйымның басшысы немесе кәсіби бухгалтер қол қояды.
Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептіліктің мақсаты мүдделі түлғаларды дара кәсіпкерлер мен үйымдардың қаржылық жағдайы, қызметінің нәтижелері және қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы толық және дүрыс ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады.
Экономиканың бір қалыпсыз дамуы өндіру, сату көлемдерінің ауытқуы, өндіріс қарқынының төмендеуі жағдайында кәсіпорындардың өндіріс тиімділігін арттыру жолындағы мынандай тактикаларды кездестіруге болады:
Қорғаныс тактикасы – оперативтік қорғану шараларын жүргізуге бағытталған негізгі нысаны - өндіріс пен сатуға, негізгі қорлар мен персонал ұстауға кеткен шығындарды азайту, сонымен бірге ішкі резервтерді анықтау, кадрларды ауыстыруды жүзеге асыру, тәртіпті нығайту, кемшіліктерді жою және т.б. шаралар. Бұл тактика бүкіл экономикалық жүйенің бірқалыпсыз даму жайғдайында көптеген кәсіпорындарға тән.
Басып алу тактикасы тиімдірек болып табылады. Мұнда стратегиялық шаралар жүргізіледі – маркетингтік зерттеулер, сатудың жаңа нарықтарын табу, жоғарырақ баға қою, модернизациялау арқылы өндірісті дамыту шығындарын көбейту, негізгі қорларды жаңарту, жаңа технологияларды енгізу.
Қоғамдық өндірістің тиімділігін арттырудың негізгі факторы ғылыми-техникалық прогресс.
Ғылыми-техникалық прогресс, оның жетістіктерін адам өмірінің барлық салаларында пайдалану мәселелері қоғамдық құрылысы қандай болғанына қарамастан мемлекеттердің үлкен саясатының ажыратылмас элементіне айналды. Қазір қандай да бір шаруашылық жүйесінің тағдыры ең алдымен ғылым мен техниканың дамуына, оның жетістіктерінің практикада баяу немесе тез эволюциялық жолмен пайдалануына байланысты.
Цивилизацияның көптеген мыңдаған жылдар бойы өмірінде ғылым, техника мен технология күрделі және қайшылықты жолдармен өтті. Қазіргі таңда неандертальдық тас қаруын техникалық құрал деп айтуға ауыз бармайды, бірақ табиғат күштерін меңгерудің тарихи жолын есептеу осыдан басталады. Сол алыс уақыттың өзіне орайлас технологиялық революция туралы айтуға болады, ол адамның отты пайдалнуға көшуі болды. От метеллургия өндірісін өмірге келтірді. Осының негізінде еңбек құралдарын әуелі қоладан, кейін темірден жасады. Өндіріс дамуының тас, қола, темір замандарына өз еңбек құралдары, материалдарды өңдеудің әдістеріне тән болды. Басқаша айтқанда, бұлар өндірістің әртүрлі технологиялық әдістері болып табылады. Машиналы өндіріс біршама орныққан қысқа уақыттың ішінде ХІХ ғасырдың басынан бастап қоғамның экономикалық прогресінде оның бұған дейінгі өткен бүкіл тарих бойындағыдан гөрі, неғұрлым мол нәтижелерге қол жеткізді.
ХХғасырдың соңында басталған ғылымның қауырт дамуы принципті сипаттағы көптеген жаңалықтарға жеткізіп, ғылыми-тарихи принциптің жаңа бағыттарына жол салды. Ғылымдарға техника мен өндірістегі прогресс әртүрлі бағыттардағы ғылым мен техниканың өзара бір-біріне енуін және интеграцияны күшейтті.
Ғылыми-техникалық революция дәуірінде жаңа техника мен технология өндірісті орналастыруға және оның территориялық құрылымына барған сайын күшті ықпал етеді. Темірді тікелей қалпына келтіру және болатты үздіксіз құю әдістерін қолдану өнеркәсіп орындарының жаңа түрі жылына 100-150 мың тонна болат прокатын шығара алатын кіші зауыттарды өмірге келтірді. Олар әдетте прокатты тұтынатын аудандарға бағытталды. "Адамсыз" жұмыс істейтін автомат кәсіпорындарды құру ең алдымен еңбек қоры жеткіліксіз аудандарға есептелуге тиіс болар.
Ғылыми-техникалық потенциал кез келген мемлекеттің ұлттық байлығының негізгі саласы. Барлық дамыған елдер тәжірибесі көрсеткендей экономикалық даму көркейтудің негізгі жолы ғылыми-техникалық және инновациялық салада лидер болу. Инновациялар мен жаңалықтар экномиканың құлдырауына төтеп беріп, ғылыми-техникалық процестің белсенді түрде дамуына жағдай жасап, ұлттық экономиканың тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатады. Сондықтан да бүкіл дүниежүзіндегі кәсіпкерлер инновацияларды тиімді басқару мен ұйымдастыруға ерекше көңіл бөледі. Ал мемлекет өз тарапынан ғылыми-техникалық және инновациялық даму саласына қолдау жасап, тиімді саясат жүргізіп отырады. Өйткені мемлекеттік ғылыми-техникалық және инновациялық саясат ғылыми-техникалық жетістіктерді адам игілігі үшін пайдаланып, адамзат өмір сүру жағдайларын сапалы түрде жақсартуға бағытталған. Бұл адамзат тіршілігі мен шаруашылығының негізгі мақсаты.
Инновация сөзі 1440 жылы француз тіліндегі "жаңғыру немесе жаңару" әлде "зат жасаудың жаңа жолы" деген мағыналарды білдіретін, "innvacyon" сөзінен пайда болған.
Сонымен 1440 жылдары инновацияларға не қатысты болған? Не де болса ол жаңалықтар бүкіл адамзат өмірін өзгертіп оны жақсартқанға ұқсайды. Мысалы: А. Флеминигтің бағалы антибиотик-пенцилинді пайдалануды іске асыруы, ХVІІІ ғасырда фотосуреттің пайда болуы, телефон, радио, персоналды компьютерлердің, жердің жасанды спутниктерінің пайдаға жаратылуы- бұл жетістіктердің бәрі де инновациялық процестердің нәтижесі.
Бүгінгі күнде дүниежүзілік стандарт негізінен қарағанда, инновация дегеніміз бұрын нарықта болмаған жаңа өнім және жаңа сапалық қасиеттерге ие бұрыннан белгілі өнім немесе тіпті жаңа және жақсартылған технологиялық процестер түрінде көрінетін өзгерістер мен жаңалықтар.
Инновациялар қоғамдық өмідің барлық салаларына қатысты. Ол экономика, заң, ғылым және білім беру, медицина тағы басқа салаларда орын алып, қызмет көрсету және өнім өндіру процестерін түрлендіріп, дамытып отырады.
Дамыған елдер тәжірибесі көрсетуінше, экономикалық дамудың негізгі гранты ғылыми-техникалық салада лидерлік позицияны ұстау. Сондықтан да 80 жылдардан бастап барлық алдыңғы қатарлы елдер белсенді ғылыми-техникалық саясат жүргізе бастады. Нәтижесінде, бүгінгі дүниежүзілік технологиялық даму процесінің жаңа сатысы адамзат игілігі үшін, оның өмірін жақсартуға, оны көркемдеуге бағытталған электронды, биоинженерлі және басқа да ғылым дәрежелерін пайдалануға негізделген деңгейге көшуде.
Жаңа индустриялық технологиялардың микроэлектроникамен және компьютерлік техникамен біте қайнасуы ғылыми-техникалық революцияның қазіргі кезеңінің басты ерекшеліктерініңбірі болып табылады.
1992 жылы "Қазақстан Республикасының
мемлекеттік ғылыми-техникалық
Қазақстан Республикасының жаңа ғылыми-техникалық саясатына мынадай талаптар қойылуы тиіс:
- ресурстарды приоритетті
- ғылыми творчествоға бостандық беру, ғылым мен техника саласындағы басқару процесін демократизациялау
- фундаментальды ғылым дамуын қамтамасыз ету
- қолданбалы ғылым мен техника саласында кәсіпкершілік жасау мен бәсеке дамуына жағдай туғызу
Информация о работе Кәсіпорын іс-әрекетінің тиімділік көрсеткіштерін талдаудың теориялық негіздері