Кәсіпорын іс-әрекетінің тиімділік көрсеткіштерін талдаудың теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2014 в 12:00, курсовая работа

Краткое описание

Сондықтан менің дипломдық жұмысымның мақсаты - қәсіпорынның тиімділік жағдайын тереңірек зерттеп теориялық және әдістемелік негіздері туралы мағлүмат алып, оны ұғып, оларға талдау зерттеудегі дағдыларды ашу. Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері мен нарықтық тұрақтылығы туралы дұрыс, ғылыми негізделген баға мен қортынды беруге, өндірістің өсуі мен оның тиімділігін арттыруды қамтамасыз етуге,еліміздің ұзақ мерзімді бірінші кезектегі мақсатына ойдағыдай жету үшін үйлесімді басқару шешімдерін дайындауға ат салысу.

Прикрепленные файлы: 1 файл

тиімділік.doc

— 846.50 Кб (Скачать документ)

- білім беру процесін дамытып, оны ғылыми-техникалық қызметпен  байланыстыру

- ҒЗТКЖ сферасының құрылымын  қайта ұйымдастыру және ғылыми-техникалық  потенциалды сапалы ету

- түрлі қаржыландыру көздерін  қалыптастыру.

Сонымен нарықтық экономикаға көшу барысындағы Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық және инновациялық саясаттың басты стратегиялық мақсатын былайша көрсетуге болады:

- ғылыми-техникалық сала нәтижелері  мен қызметін адамдар өмірін  жақсартуға бағыттау, яғни денсаулық  сақтау, білім беру, қоршаған орта  мен экологияны қорғау, тұтыну  өнімдерін өндіру, транспорт, байланыс  салаларын дамыту мақсатына инновацияларды  бағыттау

- экономиканың жаңалықтарды қабылдау қабілеттілігін арттыру, технологиялық, құрылымдық артта қалу құбылыстарын жою. Ғылым мен жаңа технологиялар арасындағы байланысты күшейту жолындағы кедергінің бірі мемлекеттік ғылыми-техникалық реттеудің жүйесіз рынокты еместігі, сәйкес инфрақұрылымның болмауы

- мемлекеттік ғылыми-техникалық  потенциалды сақтау және дамыту. Қазір шетел технологиясының  импортынан лицензиялар мен патенттер, ноу-хау сатып алуға көшкен  дұрыс. Бұл  Қазақстанды шетел  инновациясына тәуелі етпей және ескірген технология жиналған территорияға айналу қаупінен сақтайды

- бәсекеге қабілеттілікті арттыру.

Қазақстан Республикасы жағдайына байланысты тез арада инновациялық ғылыми-техникалық прогресті, кіші және орта инновациялық бизнест қызметтерін мемлекет тарапынан қолдау үшін түрлі заң жобаларын, үкім, бағдарламалар және кәсіпорындардың инновациялық қызметін белсенді, бәсекеге қабілеттілігіне ие ететін оны дүниежүзілік ғылыми-техникалық интеграцияға қосатын ғылыми жаңа концепция, жаңа ғылыми-техникалық инновациялық саясат қабылдануы тиіс.

Өндірістің экономикалық тиімділігін арттырудың келесі бір факторы  -  үнемдеу режимі, яғни материал, шикізат, отын, энергия ресурстарын, еңбек, қаржы ресурстарын үнемді қолдану, жоғары тиімді аз қалдықсыз технологиялық процестерді қолдану.

Осы факторлармен қатар қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыруға келесі факторлар әсер етеді:

  • өндіріс процесінде негізгі қорларды қолдануды жақсарту;
  • экономиканың құрылымын дамыту, оңтайлы инвестициялық саясат;
  • ұйымдық-экономикалық факторлар;
  • басқару;
  • өндірістік-әлеуметтік инфрақұрылымды әрі қарай дамыту;
  • өнімнің сапасын арттыру және т.б.

Өндірістің техникалық деңгейін жоғарлатуда, қара және түсті металлургия өнімінің өзіндік құнына әсер ететін есептеулерде, келесідей бағыттар бар:

  1. өндірістік процестерді автоматизациялау және механизациялау, жаңа прогрессивті технологияны енгізу (пайдалы қазбаларды игеретін прогрессивті және өзі жүретін тау-кен құрал-жабдығын енгізу, металлургияның өндірісте қышқылды қолдану);
  2. қолданылатын техника және өндіріс технологиясын жетілдіру және масштабты кеңейту;
  3. өндірісте энергия және отын, материалдар және шикізатты қолдануды жақсарту; тұтынылатын энергия және отын, материал, шикізаттың тиімді, жаңа түрлерін енгізу (көмір отынның қолданудын газды отынға көшу жаңа флотореагенттерді қолдану ж.т.б);
  4. өнімнің сапасын жоғарлату (концентраттар сапасын жоғарлату, металлдар сорттарын жақсарту ж.т.б);
  5. өндірістің техникалық деңгейін жоғарлатып, тағы басқа факторлар.

 Ұйымның өндірісін және еңбегін  жетілдіру.

Қызмет көрсету саласында өзіндік құнғ әсер ететін факторларды аныктау кезінде келесіні ескереді. Өндірісте қызмет көрсету және ұйымды жақсарту; басқаруға дейін шығындарды қысқарту және өндірісті басқаруды жетілдіру; еңбек ұйымын жақсарту, негізгі қорларды пайдалану; көлік шығындарын қысқарту; өндірілмейтін шығындарды ликвидациялау; ақаудан болатын жоғалтымдарды қысқарту ж.т.б. ұйым өндірісінің деңгейін жоғарлататын факторлар.

Материалдың – техникалық жабдықтауды ұйымдастыруды жақсарту және өнімнің өзіндік құнын төмендетуде материалдың ресурстарды пайдаланудағы есептеулеріндегі әсері материалдар және отынның барлық түрлерімен өндірісте қамтамассыз етуді жақсыртуға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру нәтижесінде көрініс алады, сонымен қатар оларды тиімді қолдану, материалдың-қойма шаруашылығын ұйымдастыруды жақсартуда көрінеді.

Берілген факторлар бойынша келесілер есептеледі:

а) материалдың – техникалық жабдықтау ұйымымен байланысты іс-шараларды еңгізу есебінен материалдың ресурстар нормасын төмендету, техникалық шарттарға сай келмейтін материалдарды пайдаланудың нәтижесінен болған жоғалтымдарды азайту, сонымен қатар, сақтау және транспортировкалаудан болған жоғалтымдарды қысқарту;

б) рационалды жабдықтау нысанын таңдау жолымен алдын-ала дайындайтын-қоймалық шығындарды (көліктік шығындардан басқа) азайту есебінен, материалдың шығындарды төмендету; алдын ала шикізат және материал дайындау үшін шығындарды қысқарту; буып-тию материалдарын пайдалануды жақсарту.

 Өндіріс көлемін көбейту  нәтіжесінен экономияны есептеу

Өндіріс көлемін көбейту 2 жолмен қамтамассыз етіледі:

а) капиталды салымдарды талап етпейтін іс-шараларды жүзеге асыру арқылы, мысалы құралдарды пайдалануды жақсарту, тұрып-қалуларды ликвидациялау, жөндеудің ұзақтығын қысқарту процестерді жүргізудің оптималды параметріне көшу арқылы және т. б.

б) капиталды салымдарды талап ететін, іс-шараларды жүзеге асыру арқылы, мысалы, технологиялық процестерді жетілдіру, құралдарды жаңарту, жаңа құралдарды еңгізу және т. б.

Көрсетілген ұйымдастырушылық-технологиялық іс-шараларды жүзеге асыру нәтижесінде, кәсіпорында өнім шығарылымы көбейді, ал ол белгілі бір өндірістегі үлесті капиталды салымдарының өзгеруі және шартты тұрақты шығындар мөлшерін төмендету есебінен шығарылатын бірлік өнімнің өзіндік құнын төмендетуіне алып келеді.

 

 

3.2. Шығындарды басқару  – тиімділікті арттырудың негізгі  жолы ретінде 

 

 

Кәсіпорында  шығындарды басқару қандай да бір объектілерді басқаруға тән қызметтерді орныдауды білдіреді, яғни шешімді өндеу және жүзеге асыру сонымен қатар олардын орындаун бақылау. Шығындарды басқару қызметтері басқарушылық цикл элементтері арқылы жүзеге асады:

  • болжамдау және жоспарлау;
  • ұйымдастыру;
  • координациялау және реттеу;
  • белсендендіру және орындауға ынталандыру;
  • есепке алу және талдау.

Барлық элементтер бойынша толық көлемде басқару қызметтерін орындау басқарушы қосалқы жүйенің басқарылушы  қосалқы жүйеге әсер ету циклің құрайды. Өзіндік құнды басқару қызметтердің өзара әсері келесі сүретте көрсетілген.

Шығындарды басқару кезіндегі болжамдау және жоспарлау болашаққа және ағымдағы болып бөлінеді. Осы кездегі ұзақмерзімдегі жоспарладың міндеті жаңа өткізу нарығын игеру, жаңа өнімді өңдеу және шығаруды ұйымдастыру, кәсіпорын құаттылығын жоғарлату кезінде күтілетін шығындар жөнінде ақпарат дайындау болып табылады. Оған маркетинггтік зерттеу және ғылыми зерттеу ұйымдаструшылық конструкторлық өңдеулер, күрделі салым шығындары жатады.

Ағымдық жоспарлар кәсіпорынынң ұзақ мерзімді мақсаттарын жүзеге асыруға нақтылайды.

Ұйымдастыру – шығындарды тиімді басқарудын басты элементі. Ол кәсіпорнда шығындарды қалай басқаратынын бекітеді, яғни оны кім жасайды, қандай уақыт мерзімінде, қандай ақпарат көздерін қолданып және қандай тәсілдермен басқаратынын көрсетеді. Ол шығындардың пайда болу орныдарын анықтайды, шығын орталықтарын және олардын орындалуына жауаптылар орталығын анықтайды.

Кординерлеу және реттеу нақты шығындарды жоспармен салыстыруға ауытқуларды анықтауға және оларды ликвидациялау бойынша жедел шаралар қабылдауға негізделеді. Егерде жоспарды орындау шарты өзгерген анықталса, онда өткізу кезінде жоспарланған шығындар өзгереді. Шығындарды уақтылы координеулеу және реттеу кәсіпорынға жоспарланған іс-әрекетің экономикалық нәтижесін орындауда қатан үзілісті болдырмаға мүмкіндік береді.

 


 



 


 


 

Басқару циклының элементтері


 

 



 

 




 

Басқарушы қосалқы жүйе


Директ- костинг



 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 15 Өзіндік құнды басқарудағы есепке алу қызметінің орны.

 

Белсендендіру және ынталандыру өндірістің қатысушыларына жоспармен бекітілген шығындарды сақатуға және оларды төмендеті мүмкіндіктерін табуға ынталандыратын әсер ету тәсілін іздестіруді білдіреді. Мұндай іс-әрекет түрі материалды және рухани факторлармен ынталандыру мүмкін.

Шығындарды үнемдеуді сақтауға ынталарды шығынды асыра жұмсаған үшін сөгіс берумен ауыстыруға болмайды.  Осы жағдайда жұмыскерлер жоспарды орындау мақсатында асыра сілтеушіліктер жасауға мәжбүр болады.

Есепке алу дұрыс шаруашылық шешімдерді қабылдау мақсатында ақпаратты дайындау үшін қажет шығындарды басқару элементі болып табылады. Өндірістік есепке алу басқарушылық есепке алу жүйесіне кіреді

Шығындарды талдау бақылау қызметін құраушы элемент болып табылады, ол кәсіпорынның барлық ресурстарын тиімді пайдалануын бағалауға көмектеседі, өндірістегі қолданылмаған резервтерді анықтауқа мүмкіндік береді, жоспарларды дайындау үшін ақпарат хабар жинақтайды және тиімді шешім қабылдауға әсерін тигізеді.

Бақылау қызметі немесе оны мониторинг деп атайды шығындарды басқару жүйесінде  кері байланысты қамтамасыз етеді, яғни жоспарланған щығындарды нақты шығындармен салыстырады. Бақылау тиімділігі түзетуші басқарушылық іс-әрекеттер арқылы көрініс алады.

Осы басқару қызметтерінің арасында жоғары қажеттілікті есепке алу қызметі алады, бұл жерде «дикект-костинг», яғни шығындарды пайда болу орнында есепке алу тәсілін қолдану ұсынылып отыр, себебі бірнеше жылдар қатарынан шығындар жұмсалуда, ал олардың шығындалу себебін анықтау қиынға түсуде.

Шетел кәсіпорындарында ауыспалы шығынға қатысты өнімнің өзіндік құнын жоспарлау мен есепке алу стандарт – кост әдісі бойынша жүзеге асырылады. Осы әдіс барысында негізгі қаржылық көрсеткіш болып маржиналдық пайда мен пайда танылады. Есептеу 11.3 кестеде көрсетілген.

«Стандарт – кост» әдісі өндіріс көлемі мен оның шығыны арасындағы байланыс пен пропорцияларды орналастыру көлеміне байланысты өндірістің пайдасы немесе шығыны туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді, өндіріс көлемі жоғарылағанда немесе төмендегенде өнімнің өзіндік құнының өзгеруін болжамдауға мүмкіндік туады. Калькуляциялаудың осы әдісі тұрақты шығын көлемін анықтауға, оның мөлшерінің пайда сомасына ықпалын көрсетуге мүмкіндік береді.

 

Кесте 11  «Стандарт- кост» жүйесі бойынша табыс жайлы есеп сызбасы

Көрсеткіш

Шартты белгіленуі

Ақша бірлігінің көлемі

Өнім өткізуден түскен түсім

В

2000

Мүмкін болатын шығындар

3 ауыспалы

1000

Маржиналдық пайда

ПмВ – 3 ауыспалы

1000

Тұрақты шығындар

3 тұрақты

400

Пайда

П = Пм – 3 тұрақты

600


Мұнда маржиналдық табыс көлемінің өзгеруі неғұрлым рентабелді өнімді анықтап, шығарылатын өнім ассортиментіне уақытылы өзгеріс енгізуге жағдай жасайды. Нәтижесінде «стандарт–кост» жүйесі пайда мөлшері мен ауыспалы шығынның өзгеру ықпалынан оның ауытқу шамасын, өткізу бағасын, шығарылатын өнім құрылымын анықтауға және аталмыш талдау негізінде кәсіпорын шығынын басқару бойынша шаралар кешенін қабылдауға мүмкіндік береді.

Мұндай жүйені нарықтық экономикадағы Қазақстан жағдайында қолданған жөн. Бүгінгі күні пайданы бағаны жоғарылату арқылы емес, өнімді бәсекеге қабілетті ете отырып, оның бағасын төмендету арқылы ұлғайту керек. Өткізу нарығын жаулап алу – пайда нормасын төмендету мен жоғары пайда алу негізінде әрі арзан, әрі сапалы өнім шығару барысында ғана мүмкін болады.

Шығынсыздық нүктесі басқарушылық шешімді қабылдау үшін маңызды көрсеткіш болып табылады. Ол пайда мен шығынға ие болмайтын өндіріс немесе кәсіпорын көлемін сипаттайды.

Шетел кәсіпорындары мен фирмаларында бәсекелестер өндірісінің шығынына салыстырмалы талдау жасалады. Мұндай талдау өзінің өндіріс шығынының құрылымын бәсекелестерінің шығын құрылымымен салыстыруға, олардың басымдылығын анықтауға және осы талдау негізінде өндіріс шығынының құрылымын жақсарту мен осы шығынды төмендетуге бағытталған қажетті шараларды қабылдауға мүмкіндік береді. 

Информация о работе Кәсіпорын іс-әрекетінің тиімділік көрсеткіштерін талдаудың теориялық негіздері