Кәсіпорын іс-әрекетінің тиімділік көрсеткіштерін талдаудың теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2014 в 12:00, курсовая работа

Краткое описание

Сондықтан менің дипломдық жұмысымның мақсаты - қәсіпорынның тиімділік жағдайын тереңірек зерттеп теориялық және әдістемелік негіздері туралы мағлүмат алып, оны ұғып, оларға талдау зерттеудегі дағдыларды ашу. Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері мен нарықтық тұрақтылығы туралы дұрыс, ғылыми негізделген баға мен қортынды беруге, өндірістің өсуі мен оның тиімділігін арттыруды қамтамасыз етуге,еліміздің ұзақ мерзімді бірінші кезектегі мақсатына ойдағыдай жету үшін үйлесімді басқару шешімдерін дайындауға ат салысу.

Прикрепленные файлы: 1 файл

тиімділік.doc

— 846.50 Кб (Скачать документ)

Маржинальды талдау – сату көлемі, өз құны мен пайданың және шығынның тұрақтылр мен айнымалыларға қатынасының себеп-тергеулі  өзара байланысы негізінде бизнестегі басқару шешімдерінің тиімділігін негіздеу және бағалау әдісі болып табылады.

Экономика-математикалық талдаудың көмегімен экономикалық тапсырманың ең тиімді нұсқасы таңдалады, қолда бар қорды толық қолдану есеьінен өндірістің тиімділігін жоғарлату қорлары анықталады.

Стохастикалық талдау арқылы (дисперсионды, өзара байланыстылық, компоненттік және т.б.) зерттелінді құбылыстар мен өнеркәсіптің шаруашылық қызметі процесстерінің арасындағы стохастикалық тәуелділік зерттелді.

Функциональды-құндық таладу (ФҚТ) қорды анықтау әдісі болып табылады. Ол объектінің орындайтын қызметіне негізделеді, және өнімнің барлық өмір циклының сатыларында оның жүзеге асырылуының тиімді әдістеріне бағытталған (ғылыми-зетрреу жұмыстар, құрастыру, өндіру, пайдалану және жою). Оның негізгі мақсаты қажеті жоқ тетік, түйіндерді жою, бұймның құрылысын жеңілдету, материалдарды ауыстыру және тағы басқа артық шығындарды ескертіп және олардың алдын алуға негізделген.

Субъект бойынша (талдауды қолданушылар) талдауды ішкі және сыртқы талдауға бөледі. Ішкі талдау өндірістік, сауда және қаржы қызметінің жедел, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді басқарудың қажеттіліктері үшін тікелей өнеркәсіпте жүргізіледі. Сыртқы талдау шаруашылық органдарының статистикалық және қаржы есептері, банк, қаржы органдары, акционерлар, инвесторлардың негізінде жүргізіледі.

Зерттелінді объектіні қамту бойынша талдау тұтас және таңдамалы болып бөлінеді. Тұтас талдау кезінде қортынды барлық объектілерді толығымен зерттеген соң, ал таңдамалы боъектілірдің кейбір бөліктерін зерттеудің нәтижесі бойынша жасалады.

Бағдарламаның мазмұны бойынша талдау кешенді және тақырыптық болып бөлінеді. Кешенді талдауда өнеркәсіп қызметі жан жақты зерттеледі, ал тақырыптық талдауда нақты жағдайда қызығушылық танытып тұрған кезеңдердің жекеленген бөліктері ғана зерттеледі. Мысалы, материалдық ресурстарды қолдану, өнеркәсіптің өндіріс күші, өнімнің өз құның төмендету және т.б.

Талдаудың нәтижелері негізінде басқару гешімдері құрылып және негізделеді. Экономикалық талдау шешімдер мен іс әрекеттердің алдында жүргізіледі, өндірісті басқарудың ғылыми негізі болып табылады және оның дұрыстығы мен тиімділігін қамтамасыз етеді. Сонымен, экономикалық талдау -  қабылданатын шешімнің ғылымилығын қамтамасыз ететін басқарудың функциясы.

   Талдаудың қандай да бір әдістері аналитикалық зерттеулер жүргізу бойынша өзінің әдістемелері мен кеңестерін жорамалдайды

Ол келесі кезектерді кіргізеді: есептер мен зерттеу мақсаттарын тұжырымдау; талдау объектілері; әр бәр талдау объектілері  зерттелетін көрсеткіштер жүйесі;  талдауды дәйектілігі және кезеңділігі бойынша орындауға берілетін кеңестер, зерттеу әдістері мен тәсілдерінің сипаттамасы; мәлімет көздері; талдауды ұйымдастыру бойынша нұсқаулар;  техникалық құралдар; талдау нәтижесін безендіру тәртібі, талдау нәтижесін тұтынушылар. 

                                    Талдау кезеңдері:

1 –кезеңде – талдау объектісі, мақсаты және есептері нақтыланады, аналитикалық жұмыстың жоспары құрастырылады;

2 – кезеңде  - талдау объектісі сипатталатын синтетикалық және аналитикалық көрсеткіштер жүйесі  дайындалынады;

3 –кезеңде –  талдауға қажетті ақпараттар  жинау және дайындау;

4 –кезеңде –  шаруашылықтың нақты нәтижелері  есепті жылдағы жоспар көрсеткіштерімен, өткен жылдар бойынша нақты  көрсеткіштерімен салыстыру жүргізіледі;

5 – кезеңде  – факторлық талдау, факторлар  қарастырылып, олардың нәтижеге  әсері айқындалады;

6 – кезеңде - өндірістің тиімділігін жоғарлатуының  қолданбаған және перспективті  резервтері айқындалады;

7 – кезеңде - әр түрлі факторлардың әсерін ескере отырып шаруашылық нәтиже бағаланады, қолданбаған резервтер айқындалады, және оларды қолдануы бойынша шаралар қолданылады.

Шаруашылық қызметті талдау нұсқауларының басты элементі  әр түрлі зерттеу кезеңдерінде қолданылатын талдау инструменттері  - техникалық айлалар және талдау тәсілдері.

Талдауда көптеген көрсеткіштер қолданылады. Сондықтан оларды топтау және жүйелеу қажет

Сандық (өнім көлемі, жұмыскерлер саны) және сапалық (еңбек өнімділігі, тиімділік);

Жалпы көрсеткіштер барлық халық шаруашылық салаларының қызметін талдағанда қолданылады, ал спецификалық, арнайы жеке салаларда қолданылады.

Синтез дәрежесіне байланысты – жалпыланған, жеке және қосалқы.

Жалпыланған көрсеткіштер – күрделі экономикалық құбылыстарды жалпылама сипаттау үшін қолданылады.

Жеке көрсеткіштер – зерттелетін құбылыстардың элементтерінің жеке жақтарывн сипаттайды

Қосалқы көрсеткіштер – талдау объектісін толық сипаттау үшін қолданылады.

 

 

 

 

Ақпараттарды  өңдеудегі дәстүрлі әдістер

Детерменделген факторлық талдау әдістері

Стохастикалық факторлық талдау әдістері

Көрсеткіштерді оптимизациялау әдістері

Салыстыру

Тізбектеп қою тәсілі

Корреляциялық талдау

Экономикалық математикалық модельдеу

Қатыстық және орташа көрсеткіштер

Абсолюттік және қатынастық айырмасы әдістері

Дисперсиялық талдак

Программалау

Кестелік

Индексті тәсіл

Көп өлшемді факторлық талдау

Жаппай қызмет ету теориясы

Топтастыру

Пропорционалды бөлу және үлестік қатыс тәсілі.

-

Ойын теориясы

Баланстық

Логарифмдеу

-

-


Сурет 4 Шаруашылық  қызметті талдау әдістері

 

Абсолютті көрсеткіштер ақшалай (баға) немесе табиғи шамасында болады. Абсолютті көрсеткіштер табиғи шамасында, шартты-табиғи және бағалық болып бөлінеді.Қатысты көрсеткіштер  қандай да бір екі көрсеткіштің қатынасын білдіреді, яғни олар коэффициент, индекс немесе пайыз.

Себепті тергеу байланыстарды зерттегенде көрсеткіштер факторлық және нәтижелік болып бөлінеді.

Қалыптасу тәсілдеріне бйланыстьы көрсеткіштер нормативті, жоспарлы, есепті, аналитикалық болып бөлінеді.

Жүргізілетін талдаулардың әрбір түрі белгілі бір мақсатқа қызмет етеді, олардың сәйкес талаптармен анықталатын мазмұны болады. Талдаушылық жұмыстарды өткізуге белгілі бір талаптар қойылады. Талдау жүргізу сатылары:

1) Талдаушылық жұмыс жоспарын  құрастыру: а) талдау мақсаты мен  оның нәтижелерін орындау бағытын анықтау; б) кестелі жоспар бағдарламасы мен жұмыс үлестіруді ұйымдастыру. Кестелі графикті құру, онда талдаушылық жұмыстың басталу уақыты мен аяқталу кезеңдері көрсетіледі; в) ақпарат кзөдері мен жеткіліксіз мәліметтерді алу тәсілдерін анықтау; г) макеттер, графиктер, әдістемелік көрсетпелер дайындау; д) талдау нәтижелерін қалыптастыру (қайда, қашан және кім оларды талқылайды, резервтерді кім және қалайша пайдалануға тиіс, бақылауды кім жүргізеді);

Талдау көздерін таңдау орындау орнына, жоспарға, уақытқа және талдаушылық объектке байланысты болады.

2. Талдау үшін материал  дайындау: а) ақпарат жинақтау; б) мәліметтер  анықтау; в) сенімділігін тексеру.

Ақпараттар техникалық және мәндік жағынан тексеріледі. Техникалық тексерісте дұрыстылығы, толтыру ережелерінің сақталуы, арифметикалық есептеулердің дұрыстылығы, есептіліктің әралуан нысандарындағы көрсеткіштердің біркелкілігі, көрсеткіштердің келісілгендігі және т.б. бақыланады. Сапалы ақпараттар болады, онда инвентаризацияның толықтығы мен сапалылығы, баланстағы көрсеткіштердің дұрыстыығ тексеріледі. Басқарушылардың ақпараттарға деген мқұтаждықтары субъективтік, объективтік, шынайы қанағаттандырылатын және нормативтік болуы мүмкін. Шынайы қанағаттандырылатын ақпараттар шынайы мұқтаждықтардың ескерілуінде ретке келтірілген жеткілікті қамсыздануды қамтамасыз етеді. Нормативтік мұқтаждықтар әрекет ету шектеріне тәуелді болады. Талдаудың функционалдық бағытталуына қарай: баға беруші ақпараттарды;  үйлестіруші, себептерін анықтайтын диагностикалық ақпараттарды; шешу керек болатын жаңа концепцияны, жаңа проблеманы қалыптастыратын іздеушілік ақпараттарды ажыратыды.

Қаражаттардың шектілігіне байланысты іс жүзінде бүкіл міндеттер шешілмеуі мүмкін. Оларды төмендегіше бөлуге болады: 1) басқарушылар орындайтын; 2) бөлімше қызметкерлері іске асыратын.

Талдау материалдарын өңдеу процесі сандық мәліметтерді ортақ бөлімге әкелуді қамтиды.

3. Ортақ бөлімге келтіру: 1) баға факторын орталықтандыру; 2) орташа шамалар; 3) базиске келтіру.

Ықшамдау сақтау мақсатында жасалады, ол үлкен компактілік береді. Жуықтау мен жалпылауды, үйлестіруді пайдаланады.

4. Алдын ала баға беру  мыналарды қамтиды: 1) орындалған  жоспардың сипаттамасы; 2) көрсеткіштердің  алдыңғы мерзімге қарағандағы  өзгеруінің сипаттамасы; 3) пайдаланылған ресурстар дәрежесінің сипаттамасы.

5. Жоcпардың өзгеруі мен одан ауытқу себептерін талдау мыналарды қамтиды: 1) өзара қарым-қатынас шеңберін анықтау; 2) факторлар арасындағы тәуелділік факттерін анықтау; 3) зерттеліп отырған объектке тәуелсіз факторлардың әсерін жою; 4) факторлардың әсерін өлшеу; 5) келеңсіз факторлардан болған зиянды бағалау; 6) қолдан жіберілген мүмкіндіктерді анықтау.

6. Қорытынды баға мен  резервтерді жаппай есептеу.

Мұнда талдау нәтижелері бойынша қорытынды жасалады, резервтер есептеледі және оларды іске асыру бойынша ұсыныстар дайындалады. Талдау нәтижелері түсіндірме хат түрінде жазылады. Оның мазмұнын талдау жоспары анықтайды. Объективтік құжаттық негіздеу міндетті шарт болып табылады. Онда мынадай бөлімдер болады: ұйым туралы жалпы мәліметтер; жоспарды орындау сипаттамасы; анықталған резервтердің сипаттамасы;  қорытындылар мен ұсыныстар.

Талдау көздері есептік және есептіктен тыс түрлерге бөлінеді.

Есептік: а) бухгалтерлік есеп және есептілік; б) статистикалық есеп және келеңсіздік; в) жедел есептеу мен құн; г) іріктемелі есептік мәліметтер.

Бухгалтерлік есеп және есеп-қисап – белгілі бір мерзім ішінде мемлекеттік басқару органдарына берілетін және осы мерзім бойынша өндірістік және қаржылық қызметтің жан-жақты сандық және сапалық сипаттамасын көрсететін экономикалық мәліметтердің жүйесі. Қажет болғанда бухгалтерлік есеп регистрлары пайдаланылады, сол сияқты жедел статистикалық есеп мәліметтері де пайдаланылады. Іріктемелі есептік мәліметтер есептілік көрсеткіштерін тереңдетуі және нақтылауы мүмкін.

Есептіктен тыс: а) ішкі ведомстволық және ведомстводан тыс ревизия материалдары; б) салық қызметтерінің тексеру материалдары; в) басылым материалдары; г) еңбек ұжымының отырыстарының материалдары; д) жоғары тұрған ұйымдардың хаттары.

 

 

1.4  Өндірістің тиімділігін жоғарлату резервтерін іздеу жүйесі ретінде кешендік талдау

 

 

Тиімділікті кешенді бағалаудың бағыттарының бірі кәсіпорын рентабельділігі болып табылады. Екінші бір жолы – бұл әртүрлі ресурстардың салыстырмалы үнемділігінің интегралды көрсеткішін есептеу болып табылады. 

Кешенді экономикалық талдау – бұл өндіріс факторларын зерттеудегі жүйелі жол, олардың тиімділік көрсеткіштеріне әсерін анықтау, өндіріс тиімділігін арттыру резервтерін анықтау.

Кешенді талдау басқарушылық талдаудың құрамдас бөлігі болып табылады және келесі басқарушылық шешімдерді негіздеуге мүмкіндік береді:

  1. шаруашылық тиімділігін арттыру резервтерін іздестіруде.
  2. шаруашылық жүргізудің жаңа формаларына ауысуды технико-экономикалық негіздеуге.
  3. Бәсекелік күрестегі тауарөндірушілерді салыстырмалы бағалау және серіктерді таңдауға.

Жан-жақты интенсификациялау дәрежесінің біржолата бағасын әралуан көрсеткіштерді интенсификация көрсеткіштерінің сапалық сипаттамаларын қамтитын ортақ интегралдық көрсеткішке топтастыру арқылы алады. 

Тиімділік факторларына қарағанда, өндіріс тиімділігінің (резервтерінің) көздерін ажыратады. Олар тек өндірістік ресурстар ғана болуы мүмкін. Тауар-ақшалық қатынастар жағдайында өндіріс ресурстар айналымы өндіріс барысындағы өндіріс құралдары мен еңбекті пайдалануды ғана емес, сонымен бірге негізгі өндірістік қорлар мен айналым қаражаттарын жинақтауды да, қолдануды да сипаттауға мүкіндік береді.

Шаруашылық қызметтің соңғы нәтижелері өндіріс дамуының интенсивтік типіне ауысу ықпалымен қалыптасады. Ресурстарды интенсивті және экстенсивті пайдалану ерекшелігі өзара ауысушылықтары болып табылады. Атап айтсақ, материалдардың жетіспеушілігін материалқайтарымдылығының өсімімен орнын толтыруға болады. Демек, ұсынып отырған кешенді талдау схемасының теориялық алғышарты болып келесі тұжырымдамалар табылады: техникалық ұыймдастыру деңгейінің динамикасы өндірістік және қаржы ресурстарының пайдалануын интенсификациялау көрсеткіштерінде байқалады. Еңбекті, негізгі өндірістік құралдарды және айналым қаражаттарын пайдалану көрсеткіштерінің динамикасы бойынша шаруашылық қызмет тиімділігі туралы және оны арттыру резервтері туралы қорытынды жасалады.

 

Шаруашылық қызмет тиімділігінің факторлары:

Өндіріс пен өнімнің ҒТП және ҒТД

Шаруашылық жүйе құрылымы және өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру деңгейі

Шаруашылық механизм және басқаруды ұйымдастыру деңгейі

Әлеуметтік жағдайлар мен адам факторын пайдалану деңгейі

Табиғи жағдайлар мен табиғатты үнемді пайдалану деңгейі

Сыртқы экономикалық байланыстар мен олардың даму деңгейі

Тиімділік көздері (резервтері)

Өндірістік ресурстар (еңбек құралдары, еңбек заттары, еңбек)

Өндірістік еңбек немесе еңбексыйымдылығы

материалқайтарымдылығы немесе материалсыйымдылығы

амортизация қайтарымдылығы

негізгі өндірістік құралдардың айналымы

айналымдық өндіріс құралдарының айналымы

Ресурстарды пайдалану (өнімнің өзіндік құны) 

қолдану

(ресурстардың жинақталуы)

Шаруашылық қызметінің тиімділігінің соңғы нәтижелері (көріністері) :

Шаруашылық қызмет (өнім) көлемі

Шаруашылық қызмет тиімділігі (табыс, рентабельділік)

Қаржылық жай-күйі және төлем қабілеттілігі

Информация о работе Кәсіпорын іс-әрекетінің тиімділік көрсеткіштерін талдаудың теориялық негіздері