Кәсіпорын іс-әрекетінің тиімділік көрсеткіштерін талдаудың теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2014 в 12:00, курсовая работа

Краткое описание

Сондықтан менің дипломдық жұмысымның мақсаты - қәсіпорынның тиімділік жағдайын тереңірек зерттеп теориялық және әдістемелік негіздері туралы мағлүмат алып, оны ұғып, оларға талдау зерттеудегі дағдыларды ашу. Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері мен нарықтық тұрақтылығы туралы дұрыс, ғылыми негізделген баға мен қортынды беруге, өндірістің өсуі мен оның тиімділігін арттыруды қамтамасыз етуге,еліміздің ұзақ мерзімді бірінші кезектегі мақсатына ойдағыдай жету үшін үйлесімді басқару шешімдерін дайындауға ат салысу.

Прикрепленные файлы: 1 файл

тиімділік.doc

— 846.50 Кб (Скачать документ)

Қаржылық талдау жүргізудің басты міндеттеріне - қаржы жағдайының сапасын анықтау, оның ауытқуларының себебін қарастыру, алынған нәтижелердің негізінде кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын арттыруға бағытталған шаралар мен ұсыныстар енгізу, оны іс жұзінде қолданыс табуын қадағалау болып табылады. Бүл міндеттер салыстырмалы және нақты қаржы көрсеткіштерінің өзгерісін зерттеу арқылы жұзеге асырылады және де келесі блоктарға бөлініп қарастырылады:

  • активтер мен пассивтердің қүрылымдық талдауы;
  • қаржы түрақтылығын талдау;
  • меншікті капиталдың қажетті өсім деңгейін талдау.
  • кәсіпорынның қаржы жағдайына талдау жасау барысында бірнеше 
    мақсаттар алға тартылады:
  • кәсіпорынның қаржылық жағдайын анықтау;

- кәсіпорынның қаржылық жағдайындағы  өзгерістерді оның қызмет ететін 
ортасының ерекшеліктерін ескере отырып анықтау;

- кәсіпорынның қаржылық жағдайына  әсер ететін негізгі факторларды 
анықтау;

- кәсіпорынның қаржылық жағдайына  оң өзгерістер енгізетін негізгі  көрсеткіштерді анықтау.

Қойылған мақсаттар мен міндеттерді шешу келесі әдістер мен тәсілдерді қолдану арқылы жүргізіледі:

  • көлденең талдау;
  • тікелей талдау;
  • трендттік талдау;
  • салыстырмалы көрсеткіштерді талдау.

Талдау жұмыстарын жүргізу барысында екі модульді құрылымды пайдалану қажет:

  • қаржы жағдайына экспресс-талдау жүргізу;
  • қаржы жағдайына жан-жақты талдау жүргізу.

Кәсіпорынның қаржы жағдайына жан-жақты талдау жүргізудің мақсаты -оның мүліктік және қаржылық жағдайына толығымен баға бере отырып, болашақтағы даму мүмкіндіктерін анықтау болып табылады. Мұндай талдау экспресс-талдаудың жеке процедураларын нақтылап, нақты шешім қабылдау мақсатында жасалынады.

Қаржы тұтқасының нәтижесі (ҚТН). - Қаржы тұтқасының нәтижесі - бұл кәсіпорынның сырттан тартқан қаржыларының төлемділігіне қарамай, оны пайдалану есебінен алынған меншікті қаржылардың рентабельділігінің өсімі. Қаржы түтқасының нәтижелілігі меншікті қаржылардың рентабельділігін арттыруға арналған.

Қаржылық тұрақтылықты анықтау мәселелері революцияға дейін және одан кейінгі 20-шы жылдардың экономикалық әдебиеттерінде кеңінен зерттелгендігін байқауға болады. Мұнда кәсіпорынның қаржылық мәміле жасай алу мүмкіндігі мен міндеттемелері бойынша дер кезінде және толығымен жауап беру ықтималдылығының мүмкін болатын көлемін анықтау маңызды болды. Мұнда қаржылық тұрақтылық, шаруашылықтың түрлі жағдайларға төзімділігі мен беріктігі, іс жүргізу мен есптеулердің дұрыстығы сияқты қаржылық қабілетті анықтаудың көптеген көрсеткіштері қолданылып отырған. Шаруашылықтың қаржылай тұрақтылығын анықтау баланстың өтімділігіне баға беруді талдау арқылы жүзеге асып отрырған. Аталған әдіс өзінің өзектілігін жоғалтпай, бүгінгі күннің өзекті мәселелелеріңің біріне айналып отыр. 70-ші жылдардың экономикалық әдебиеттерінде "қаржылық тұрақтылық" термині өндірістің социалистік әдісінде қолдау таппаумен қатар, әкімшілдік-әміршілдік басқару әдісі жағдайында өзінің өзектілігін жоғалтып алды. Қазіргі кездегі   экономикалық  әдебиеттерде   қарастырылып   отырған  мәселе  Н. Любушинның, В.Лещеваның еңбектерінде теориялық және практикалық тұрғыдан алып қарағанда тереңірек зерттелген.

Сонымен кәсіпорынның қаржылық тұақтылығын талдаудың негізгі мақсаты, кәсіпорынның өткендегі, қазіргі және болашақтағы қаржы жағдайына баға беруге қажетті ақпарат жинау болып табылады. Өткен жылдардағы және қазіргі кездегі қызметіне баға беру болашақты дұрыс болжамдау үшін қажет. Мұнда, кәсіпорын өзінің қызметіне деген сенімінің деңгейі міндеттемелері бойынша жауап бере алмауына әсер ететін факторларды жан-жақты қарастыру қажет. Әлемдік және отандық банк тәжірибесінде көптеген жылдар бойы кәсіпорынның қаржылық жағдайына әсер ететін факторларды қолданып келді.

Кәсіпорынның іс-әрекетке, қимылға қабілеттілігі. Қазіргі кездегі еліміздің жер-жерлеріндегі меншік нысандарының, шаруашылық субъектілерінің заңдық стататусының, олардың ұйымдық құрылымының өзгеруі жағдайында банктер өзінің алушылардың іс-әрекетке, қимылға қабілеттілігін анықтауы шарт. Атап айтқанда, кәсіпорынның құрылтайшылық құжаттарының (жарғысының, келісім шарттардың, хаттамалардың, заңды тұлға ретінде тіркеу туралы шешімдердің және т.б.) Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдеріне сәйкестігін тексеріп отыруы тиіс. Кәсіпорынның іс-әрекетке, қимылға қабілеттілігі кәсіпорынның қаржы алу үшін құқығының болуы, қаржы келісім шартына қол қою немесе келіссөз жүргізуге өкілеттігінің болуынан көрінеді. Ал жеке тұлғалар үшін кәсіпорынның іс-әрекетке, қимылға қабілеттілігі оның кәмелеттік жасқа толуы және басқа да заң жолымен іс-әрекет жасауға қүқығының болуы, өз ісіне жауапты болуы қабілеттілігін білдіреді.

Кәсіпорынның жоғары беделі. Мұнда әңгіме кәсіпорынның заңды түлға ретінде және менеджерлердің беделі турасында болуы тиіс, яғни қарызды өтеудегі кәсіпорынның жауапкершілігінің деңгейі, міндеттемелері бойынша алғандағы пайдаланудың нақты мақсаттары, кәсіпорынның қаржы саясатына сай келуі. Заңды түлға ретіндегі кәсіпорынның беделін анықтау оңай шаруа емес. Сондықтан клиент беделіне баға беру барысында банктер негізінен міндеттемемелерін орындаудағы өзінің алушылардың қарым-қатынастарын сипаттайтын өздеріндегі мәліметтерге сүйенуі тиіс. Сонымен, клиент беделі -бүл кәсіпорынның төлем міндеттемелерін толық және мерзімінде өтеудегі ішкі мүдделілігі болып табылады.

Капиталдың болуы немесе кәсіпорынның табыс табуға қабілеті. Кәсіпорын тер кәсіпорынның қаржылық жағдайына әсер ететін төменгі факторларды мұқият қарастырады. Олар: а) кәсіпорынның табыс алу мүмкіндігі, б) активтерді пайдалану, в) коньюнктура жағдайы.

Бірінші факторды талдау барысында кәсіпорынның қарызды толығымён өтеуге қажетті ақша қаржыларын таба білу қабілеті анықталады. Мүндай талдау барысында алынған міндеттемелері бойынша өтеуге мүмкін болатын төрт негізгі табыс көзін ескереді: 1) табыс, 2) акцияларын сату, 3) активтерін сату, 4) басқа өзінің берушіден ссуда алу. Мұнда негізгісі табыс болып табылады, өйткені басқа табыс көздері қымбат және тұрақсыз болып табылады.

Мысал ретінде акцияларды сатуды алатын болсақ, ол қор биржасының коньюнктурасына, инфляция деңгейіне, акция шығаратын субъектінің қызметінің тұрақтылығына т.б. жағдайларға байланысты болады. Сонымен бірге акцияларды сату ұзақ мерзімге созылуы мүмкін. Сондықтан, банктер негізінен кәсіпорынның табыс табу қабілетіне көңіл бөлуі тиіс. Ол сату көлеміне әсер ететін барлық факторлармен анықталады, яғни сату бағасы, шығындар көлемі, тауар сапасы, жарнама тиімділігі, бәсеке деңгейі, шикізаттың болуы және оның бағасы, жұмысшылар біліктілігі және моральдық қасиеттері, басқару сапасы т.б. Басқару факторы деп фирма басшыларының шикізат, капитал және еңбек ресурстарын басқарып, табыс таб^ білу қабілетін айтады. Сонымен бірге кәсіпорынның табыс табу қабілеті білім деңгейіңе, денсаулығына, біліктілігіне, жасына, бір жұмыста үзақ уақыт қызмет ету тұрақтылығына, жаңалық алу қабілетіне де тікелей байланысты болып келеді.

Ссуданың қайтарылуының қамтамасыздығы деп қаржы келісім шартында қаралған кәсіпорынның активтерінің қүны және қарызды нақты өтеудің қосымша көздерін (кепіл, кепілдеме, кепіл болушылық, сақтандыру) айтады.

Несиелік келісімнің маңызды әлементтерінің бірі - кәсіпорынның келісімді қамтамасыз етудегі активтері болып табылады. Сондықтан қандай активтерді кепіл ретінде беруге болатындығын анықтау қажет. Ол үшін кепілге берілетін активтердің келесі сипаттамасын қарастыру қажет:

  • кепіл бағасын анықтаудағы жеңілдік, кепіл қүнын әр мерзімде қайта тексеріп 
    отыру маңызды.
  • кепілдің қолма-қол ақшаға айналудағы жеңілдігі, яғни өтімділігі
  • бақылауға жеңілдігі, яғни кепілдің тұрған жерін білу
  • амортизация немесе моральдық тозу

Экономикалық коньюнктура жағдайы - бұл фирмалар және жеке тұлғалар қызмет ететін орта. Елдегі, аймақтағы, саладағы ағымдық және болжамдық әкономикалық жағдай, саяси жағдайлар кәсіпорынның сыртқы тәуекелінің деңгейін анықтап, кәсіпорынның ақша ағымдарын, балансының өтімділігін, капиталының жеткіліктілігін менеджмент деңгейін бағалау кезінде ескеріледі.

Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау -кәсіпорының барлық мүліктерінің және оның жекелеген түрлерінің абсолютті және салыстырмалы арту немесе кему мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді.[15.34б]

Қаржылық есептің маңызды әлементі болып саналатын активтерді, талдау барысында, осы активтердің нақты қолда бары, құрамы, құрылымы және оларда болған өзгерістер зерттеледі. Активтердің жалпы қүрылымын және оның жеке топтарын талдау, олардың рационалды тартылуын талқылауға мүмкіндік береді. Активтердің өсуі (артуы) кәсіпорынның болашақтағы дамуын көрсететін болғандықтан, ол осы кәсіпорын жүмысының оң нәтижесін сипаттайды. Алайда, кәсіпорын мүлік құнының өсу себептерін талдағанда, жоғары деңгейі баланстық есептің номиналды көрсеткіштерінің нақты көрсеткіштерден айтарлықтай ауытқуына әкеліп соқтыратын инфляция әсерін ескеру қажет.

Кәсіпорынның қаржы жағдайы оның қаржы ресурстарының көлемін, жағдайын, жайғастырылуын, пайдалануын және де жалпы қаржылық-шаруашылық қызметін сипаттайтын көрсеткіштер жүйесімен сипатталады. Кәсіпорын деңгейінде мыналар аса маңызды қаржы-экономикалық көрсеткіштер болып табылады:

  • өнімді (жұмысты немсе қызметті) өткізуден түсетін табыс;

- шығындардың  көрсеткіштері  (өткізілген  өнімнің  өзіндіқ  құны,  жеке 
элементтердің   жалпы   шығындар   құрамындағы   үлес      салмағы,   кезең 
шығыстары);

  • жалпы табыс;
  • таза табыс;
  • рентабелділіктің (табыстылықтың) деңгейі;
  • амортизациялық аударымдардың мөлшері; 

- өндірістік және әлеуметтік  дамудың шаруашылық есеп қорларының  ауқымы (қорлану, тұтыну, резерв, валюта  және басқа да қорлар);

- жабдықтаушылармен,   тұтынушылармен,   банкпен,   бюджетпен,   басқа 
ұйымдармен  (кредиторлық  және  дебиторлық  берешек,  міндеттемелердің 
ауықымы, бюджет бойынша берешектер және басқалары) есеп айырысу 
жағдайының көрсеткіштері;

  • айналым каражаттарының көлемі, сақталымдығы және олардың қалыптасу 
    көздері;

- айналым қаражаттарына деген  қажеттіліктің оның қолда барымен сәйкестігі;

- негізгі  және  айналым  құралдарын  пайдаланудың  көрсеткіштері  (қор 
қайтарымы, өнімнің қор сиымдылығы, айналым қаражаттары айналымдағының 
коэффициенті);

  • мүлікті жалға алу ақысының мөлшері және басқалары;
  • кәсіпорын қаражаттары өтімділігінің көрсеткіштері.

Кәсіпорынның қаржы жағдайын талдаудағы негізгі форма баланс болып табылады.

Кәсіпорынның рентабельділігін талдау тиімділігі. Рентабельділік және мүліктерді қолдану тиімділігінің көрсеткіштері кәсіпорынның қызметінің пайдалылығын сипаттайды және түсірілген пайданың активтердің әр түрлеріне қатынасы ретінде есептеледі.

Бүл көрсеткіштердің маңызды тобы, оларды талдау меншікті құралдарды бизнеске салу жайлы шешімді қабылдауға мүмкіндік береді, компания қызметінде дұрыс бағыт алуға көмек береді.

Сатудың орта деңгейі рентабельділікке байланысты ауытқып түрады және сондықтан ешқандай нормативке ие емес. Бүл көрсеткіш бір тектес кәсіпорындармен салыстырғанда маңызды көрсеткіш болып табылады. Рентабельділік көрсеткішінің қалыптасуы суретте көрсетілген (сурет 3).


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 3 Рентабельділік көрсеткішінің қалыптасуы

 

Меншікті капиталдың рентабельділігі - кәсіпорынның меншігіндегі мүлікті - меншікті тиімді қолданудың сипаттайтын кәсіпорындағы маңызды көрсеткіш. Есептеуде операциялық табыс емес, таза пайда есепке алынады. Таза пайданың меншікті капиталдық орта жылдық құнына қатынасы есепке алынады.

Құйған қаржының тиімділігін көтеру үшін екі бағытта жүреді.

  1. Таза пайданы үлғайту үшін - сату рентабельділігі мен өткізу көлемін 
    ұлғайту.
  2. Меншікті капиталды азайту - ағымдағы активтермен пассивтерді тиімді 
    басқару, қосымша қаржыландырудағы қажеттілікті төмендету.

Ақша құралдарын салудың дұрастығын бағалау үшін меншікті болжанған рентабельділігін тәуекелділік факторын ескере отырып тәуелсіз ресурстар мүмкіндігінің баламасымен салыстыру қажет.

Меншікті капиталдың рентабельділік көрсеткіші ненің есебінен құрылатындығын түсіну үшін келесі аралық, көрсеткіштерді қарастыру қажет.

Таза активтердің рентабельділігі кәсіпорынның операциялық тиімділігінің көрсеткіші. Операциялық табыстын таза активтердің орта жылдық көлеміне қатынасымен есептеледі.

Таза активтер = меншікті капитал + несие (ұзақ мерзімді тере қысқа мерзімді)                                                                                                           (1)

Екінші жағынан таза активтер рентабельдігі айналымдық пен сатудың рентабельділігі есебінен қүрылады.

(операциялық пайда / сату көлемі) *  (сату көлемі / таза активтер) = (операциялық пайда) (таза активтер)                                                             (2)

Таза активтердің рентабельділігі қаржы тұтқасының қаржьшық тиімділігін бағалауда қолданылады.

Акционерлік қоғам түріндегі кәсіпорын деңгейінде акционерлік капиталдың ауқымы және дивиденттердің көлемі аса маңызды қаржы-экономикалық көрсеткіш болып табылады. Кәсіпорын мүлкінің қалыптасуы оның меншікті капиталы мен сырттан тартылған қаржылары есебінен жүзеге асырылады. Бұл көрсеткіштердің арақатынасы кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын сипаттайды.

Меншікті қапитал ресурстарының жеткіліксіздігі байқалғанда ғана кәсіпорын сырттан қаржылар тартады.

Кәсіпорынның активтерін қалыптастыру барысына талдау жүргізе отырып, нақты бір уақытқа жасалған баланс мәліметтері бойынша келесі коэффициенттерді есептеуге болады:

Информация о работе Кәсіпорын іс-әрекетінің тиімділік көрсеткіштерін талдаудың теориялық негіздері