Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2014 в 12:00, курсовая работа
Сондықтан менің дипломдық жұмысымның мақсаты - қәсіпорынның тиімділік жағдайын тереңірек зерттеп теориялық және әдістемелік негіздері туралы мағлүмат алып, оны ұғып, оларға талдау зерттеудегі дағдыларды ашу. Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері мен нарықтық тұрақтылығы туралы дұрыс, ғылыми негізделген баға мен қортынды беруге, өндірістің өсуі мен оның тиімділігін арттыруды қамтамасыз етуге,еліміздің ұзақ мерзімді бірінші кезектегі мақсатына ойдағыдай жету үшін үйлесімді басқару шешімдерін дайындауға ат салысу.
Кестеден, кәсіпорын өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін дер кезінде орындай алатын қаржылық жағынан тұрақты қызмет атқаратын ұйым деуге болады. Атап айтатын болсақ, барлық өтімділік көрсеткіштері нормаға сәкес келеді, тек маневрлік коэффициенті айналым капиталының аз болуына байланысты нормаға жетпей қалған.
Сурет 13 Өтімділік көрсеткіштерінің динамикасы
2009 жылы өткен
жылмен салыстырғанда
Кесте 8
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық көрсеткіштерін талдау
Көрсеткіш атау |
Есептеу формуласы |
Нормативті мәні |
2008 жыл |
2009 жыл |
Автономия коэффициенті |
Меншікті қаражат көзі Баланс валютасы |
≥ 0,5 |
0,23 |
0,36 |
Қарыз коэффициенті |
Жалпы міндеттемелер Жалпы меншікті капитал |
≤ 1 (0,8/1,5) |
3,23 |
1,77 |
Меншікті қаражаттың маневрлік коэффициенті |
Меншікті қаражат – негізгі қорлар – материалды емес активтер Меншікті қаражат көздері |
≈ 0,5 |
0,24 |
0,11 |
Меншікті қаражатпен қамтамасыз етілу коэффициенті |
Меншікті қаражат – негізгі қорлар – материалды емес активтер Меншікті қаражат көздері + ақша қаражаттары + басқа да ағымдағы активтер |
≥ 0,1 |
0,15 |
0,13 |
Кестеден, кәсіпорында қарыздық қаражаттар меншікті қаражаттардан өте жоғары екенін және қаржылық жа,ынан тұрақсыз екенін көруге болады. Коэффициенттердің барлығы нормаға сәйкес келмейді. Сондықтан кәсіпорын үшін меншікті қаражатты арттыру мақсатын бірінші кезекке қою қажет.
Кәсіпорынның қаржы
жағдайын сипаттайтын негізгі көрсеткіштердің
бірі
меншікті айналым қаржыларымен қамтамасыздығы
болып табылады. Бұл
көрсеткіш кәсіпорынның меншікті айналым
қаржыларының көлемін
сипаттайды.
Кесте 9
Кәсіпорынның рентабельділігін бағалау
Көрсеткіш атау |
Есептеу формуласы |
2008 жыл |
2009жыл |
Ауытқу, (+/-) |
Сату рентабельділігі |
Баланстық табыс Қызмет көрсетуден түскен түсім |
0,24 |
0,23 |
-0,01 |
Меншікті капитал рентабельділігінің коэффициенті |
Баланстық табыс Меншікті капитал |
0,47 |
0,34 |
-0,13 |
Жалпы капитал рентабельділігінің коэффициенті |
Баланстық табыс Жалпы капитал құны |
0,11 |
0,13 |
+0,02 |
Өзін қаржыландыру қабілетінің коэффициенті |
Таза табыс Баланстық табыс |
0,096 |
0,094 |
-0,002 |
Меншікті капиталдың қайтарымдылығы |
Меншікті капитал Таза табыс |
22,17 |
29,53 |
+7,36 |
Кестеден, кәсіпорынның рентабельділік бойынша көрсеткіштерінің төмендегенің байқауға болады, сату рентабельділігі 0,01-ге, яғни 1 пайызға, меншікті капитал рентабельділігі 13 пайызға төмендесе, жалпы капитал рентабельділігі 0,2 пайызға төмендеген. Кәсіпорын үшін шығындарды есепке алуды жетілдіріп, қаржылық жағдайын көтеру қажет.
3 Кәсіпорын іс-әрекетінің тиімділігін арттыру бағыттары
3.1 Қызмет көрсету тиімділігін арттырудың негізгі жолдары
Кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында басқару белгілі бір деңгейде қызметін үйымдастыру мен ақпаратпен қамтамасыз етуінің сапасымен анықталады. Ақпаратпен қамтамасыз ету жүйесінде маңызды орынды бухгалтерлік мәліметтер алады, ал қаржылық есептілік кәсіпорынның қаржылық жағдайын нақты көрсете білетін мәліметтер жиынтығы болып табылады.
Жалпы, «бухгалтерлік есепке алу» термині белгілі бір кезең аралығында кәсіпорынның шаруашылық қызметінің жағдайы туралы мәлімет бере алатын көрсеткіштер жүйесі деген мағынаны білдіреді.
Ал «есептілік» - шаруашылық субъектісінің қызметіндегі жасалған келісімдердің іс жүзінде нақты жүзеге асқандығын растайтын қүжаттардың жиынтығы болып табылады.
Бухгалтерлік есепке алу қүжаттамасы мен қаржылық есептілік арасындағы өзара байланыс бухгалтерлік есепке алу нәтижесінде алынатын мәліметтердің көрсеткіштер түрінде қаржылық есептіліктің арнайы формаларында көрсетілгені жағдайында ғана орындайды.
Сонымен, бухгалтерлік (қаржылық) есептілік дегеніміз - бүл жеке кәсіпкердің немесе ұйымның қаржылық жағдайы, қызметінің нәтижелері және қаржылық жағдайындағы өзгерістері туралы мәліметтер беретін ақпарат жүйесі [2].
Есептілік түрлерінің көп болуы оларды бір жүйеге келтіру үшін белгілері бойынша жіктеуді қажет етеді. (Кесте 10).
Есепке қабылданған бастапқы қүжаттарда қамтылған ақпарат бухгалтерлік есеп тіркелімдерінде жинақталады және жүйеленеді, олардың нысандарын немесе оларға қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті орган және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекітеді.
Бухгалтерлік есеп тіркелімдерінің деректері топтастырылған түрде қаржылық есептілікке көшіріледі.
Электрондық жеткізгіштерде бастапқы құжаттарды және бухгалтерлік есеп тіркелімдерін жасау кезінде жеке кәсіпкерлер мен ұйымдар операциялардың басқа қатысушылары үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасыньщ заңнамасына сәйкес талап ету құқығы берілген мемлекеттік органдардың талап етуі бойынша осындай қркаттардың көшірмелерін қағаз жеткізгіштерде дайындауға тиіс.
Кассалық және банктік бастапқы құжаттарға түзетулер енгізуге жол берілмейді. Басқа бастапқы қүжаттарға түзетулер операцияға қатысушылармен келісім бойынша ғана енгізілуі мүмкін, бұл түзетулер енгізілген күні көрсетіле отырып, құжаттарға қол қойған адамдардың қолдарымен расталуға тиіс.
Кесте 10 Бухгалтерлік (қаржылық) есептіліктің жіктемесі
Жіктеу белгілері: |
Бухгалтерлік (қаржылық) есептіліктің түрлері |
экономикалық мазмүнына қарай |
- бухгалтерлік; - қаржылық; - статистикалық, - салықтық; - бұқаралық |
қамтитын кезеңдерінің ұзақтығына қарай |
- ағымдық (күнделікті, апталық, онкүндік, айлық, тоқсандық, жартыжылдық, жылдық); - жедел (қысқа мерзімді); - жылдық. |
мамандану деңгейіне қарай |
- жалпы - шаруашылық; - мамандандырылған; - субъектінің қызметінің
жеке бағыттарын көрсететін есе |
қорытындылау деңгейіне қарай |
- жеке есептілік- жеке үйымдардың есептілігі; - жиынтық есептілік - белгілі
бір саланың немесе аймақтың - шоғырландырылған - еншілес ұйымдары бар негізгі ұйымның қаржылық есептілігі |
қолдану деңгейіне қарай |
- ішкі - шаруашылық субъектісінің ағымдағы қызметінде ақпараттық және басқарушылық рөлін атқаратын есептілік; - сыртқы - түрлі қолданушылардың мүдделерін қанағаттандыра білетін есептілік |
Активтер, міндеттемелер және кәсіпорынның қаржы жағдайын бағалаумен байланысты көрсеткіштер қаржылық есептіліктің әлементтері болып табылады. Бухгалтерлік (қаржылық) есептіліктің әлементтеріне мыналар жатады:
Кәсіпорынның шаруашылық қызметінің нәтижесінде туындайтын міндеттемеге келесілер жатады:
Тану өлшемдеріне сәйкес міндеттемелерді тіркеуде көрсету үшін мыналар талап етіледі:
Кәсіпорынның кірісі немесе шығындарының деңгейі оның шаруашылық қызметінің нәтижелілігін көрсетеді, яғни қаржылық есептілік түрлерінің баптары бір -бірімен өзара байланысты болып келеді (Сурет 14) [3,15].
Тану өлшемдеріне сәйкес міндеттемелерді тіркеуде көрсету үшін мыналар талап етіледі:
Кәсіпорынның кірісі немесе шығындарының деңгейі оның шаруашылық қызметінің нәтижелілігін көрсетеді, яғни қаржылық есептілік түрлерінің баптары бір -бірімен өзара байланысты болып келеді (Сурет 1) [3,15].
Кәсіпорынның немесе оның акционерлерінің салық төлеу тәртібі кәсіпорын үшін оның салық міндеттемелерінің немесе активтерінің көбеюі немесе азаюы сияқты осындай салдарларға әкелуі мүмкін. Мысалы, мүндай өзгеріс кәсіпорын шығарған үлес қүралдары биржасындағы листингке байланысты немесе оның меншікті капиталы қайта құрылғаннан кейін болады. Мүндай жағдай акциялардың бақылау пакетінің иесі басқа елге кәшкен кезде болуы ықтимал. Мүндай жағдайлар нәтижесі кезінде кәсіпорынның салық салу тәртібі әзгеруі мүмкін (мысалы, кәсіпорын салық жеңілдіктерін ала алады немесе жоғалтып алады, немесе оның салық салуы одан әрі басқа ставка бойынша жүзеге асырылады).
Есептеу мен үздіксіздік бухгалтерлік есепті жүргізудің және қаржылық есептілікті жасаудың принциптері болып табылады. Түсініктілік, орындылық, сенімділік және салыстырмалылық қаржылық есептіліктің негізгі сапалық сипаттамалары болып табылады
Бухгалтерлік есеп жеке кәсіпкерлер мен үйымдардың операциялары мен келісім шарттары туралы ақпаратты жинаудың, тіркеудің және қорытудың Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасымен, сондай-ақ есеп саясатымен регламенттелген тәртіпке келтірілген жүйесін білдіреді.
Есеп саясаты Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына, халықаралық немесе үлттық стандарттарға және бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарына сәйкес, олардың қажеттіліктері мен қызмет ерекшеліктері негізге алына отырып, бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау үшін жеке кәсіпкер немесе үйым қолдануға қабылдаған нақты принциптерді, негіздерді, ережелерді, тәртіп пен практиканы білдіреді.
Операциялар мен келісім шарттар бухгалтерлік есеп жүйесінде көрсетіледі, бұл ретте:
1) бухгалтерлік жазбаларды
2) операциялар мен келісім
уақтылы тіркеу;
3) әрбір айдың бірінші
күніндегі жағдай бойынша
синтетикалық
(қорытынды) есепті талдамалық (егжей-тегжейлі)
есеппен сәйкес келтіру
қамтамасыз етілуге тиіс.
Операциялар мен келісім шарттар ұйымдардың уәкілетті орган және (немесе) Қазақстан Республикасының ¥лттық Банкі белгілеген талаптарға сай келетін бухгалтерлік есеп шоттары үлгі жоспарының негізінде синтетикалық шоттарда екі рет жазу тәсілімен көрсетіледі.
Операциялар мен келісім шарттардың талдамалық есебін жүргізу тәртібін жеке кәсіпкер немесе заңды тұлғаның лауазымды адамдары (бұдан әрі -басшылық) белгілейді, олар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне және құрылтай қүжаттарға сәйкес жеке кәсіпкердің немесе ұйымның қажеттіліктерін негізге ала отырып ағымдағы басшылықты және істерді жүргізуді жүзеге асырады.
Жеке кәсіпкерлер мен ұйымдар мемлекеттік тілде және (немесе) орыс тілінде бухгалтерлік есеп жүргізуді және қаржылық есептілік жасауды қамтамасыз етеді.
Бухгалтерлік құжаттама бастапқы құжаттарды, бухгалтерлік есеп тіркелімдерін, қаржылық есептілікті және есеп саясатыіі қамтиды.
Информация о работе Кәсіпорын іс-әрекетінің тиімділік көрсеткіштерін талдаудың теориялық негіздері