Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2014 в 12:00, курсовая работа
Сондықтан менің дипломдық жұмысымның мақсаты - қәсіпорынның тиімділік жағдайын тереңірек зерттеп теориялық және әдістемелік негіздері туралы мағлүмат алып, оны ұғып, оларға талдау зерттеудегі дағдыларды ашу. Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері мен нарықтық тұрақтылығы туралы дұрыс, ғылыми негізделген баға мен қортынды беруге, өндірістің өсуі мен оның тиімділігін арттыруды қамтамасыз етуге,еліміздің ұзақ мерзімді бірінші кезектегі мақсатына ойдағыдай жету үшін үйлесімді басқару шешімдерін дайындауға ат салысу.
Қаржылай тәуелсіздігінің коэффициенті (Кн) меншікті капиталдың авансталған капиталға қатынасы ретінде анықталады:
мұндағы
СК - меншікті капитал;
АК - авансталған капитал (баланс валютасы, яғни қаржыландырудың жалпы сомасы) [9, с. 214].
Бұл көрсеткіш кәсіпорынның сырттан тартқан қаржылардан тәуелсіздігін көрсетеді. Өз меншігіндегі қаржылардың ұлғаюы және аталған коэффициент мәнінің өсуі кәсіпорынның өз иелігінде қалатын табыс есебінен жүзеге асырылуы тиіс.
Сырттан тартылған капиталдың жалпы авансталған капиталдың көлеміндегі үлес салмағы қаржылай тәуелсіздігі коэффициентіне кері көрсеткіш болып табылады. Оны тәуелділік коэффициенті деп айтады (Кз). Ол келесі формула бойынша анықталады:
или
мұндағы
К3 - тәуелділік коэффициенті;
ПК - сырттан тартылған капитал;
АК - алдын ала құйылған (авансталған) капитал (баланс валютасы, яғни қаржыландырудың жалпы сомасы) [9, с. 212].
мұндағы
СК - меншікті капитал;
ПК - сырттан тартылған капитал [9, с. 215].
Бұл көреткіш қарыз алушының сырттан тартқан қаржылардан тәуелділігін көрсетеді. Көрсеткіш мәні төмендегенде клиенттің төлем жасау қабілеті артады
Шет елдерде қаржыландыру коэффициентіне кері коэффициент қолданыс тапқан - меншікті және сырттан тартылған қаржылардың қатынарының коэффициенті (Кз/с):
мұндағы
ПК - сырттан тартылған қаржылар (сырттан тартылған капитал);
СК - меншікті қаржылар (меншікті капитал) [9, с. 216].
Бұл коэффициент кәсіпорынның активтеріне салған 1 теңгесіне қанша сырттан тартқан қаржы келетіндігін көрсетеді. Бұл көрсеткіштің қалыпты деңгейі: К3/с< 1.
Егер оның мәні бірден жоғары болса, кәсіпорынның тәуелсіздігі мен тұрақтылылығы өзінің қауіпті шегіне жетеді. Меншікті және сырттан тартылған қаржылардың арақатынасы салалық ерекшеліктеріне, кәсіпорынның шаруашылық қызметінің сипаты мен айналымдылығына байланысты болады. Дебиторлық берешектің айналымдылығының көрсеткіштері жоғары болған жағдайда дебиторлық берешектің айналымдылығының көрсеткіштері бірден жоғары болып, кәсіпорынның қаржылық дербестігіне айтарлықтай әсер етпейді.
Кәсіпорынның сырттан тартылған қаржылардан тәуелділігін сипаттайтын маңызды көрсеткіштердің біріне қаржылық тұрақтылық коэффициенті жатады. Ол меншікті және сырттан тартылған қаржылардың жалпы капиталдағы үлесін көрсетеді және келесі формула бойынша анықтайды:
мұндағы,
ДО - ұзақ мерзімді міндеттемелер (несиелер^мең заемдар); АК - алдын ала құйылған (авансталған) капитал (баланс валютасы, яғни қаржыландырудың жалпы сомасы) [9, с. 217].
Коэффициенттің қалыпты мөлшері - 0,9, қалыпты мөлшері оның 0,75 дейін төмөмендеуі болып табылады.
Капитал құрылымына сипаттама бере отырып, кәсіпорын сонымен бірге жеке топтамалардың және оның құралу көздерінің өзгерістерін көрсететін жеке көрсеткіштерге көңіл бөлгені жөн. Мүндай көрсеткіштерге Ұзақ мерзімді қарыздарды тарту коәффициенті жатады (Кд/о):
(8)
Бұл коэффициент кәсіпорынның меншікті қаржыларымен бірге ұзақ мерзімді қарыздардың үлесін көрсетеді. Қарыздың жалпы сомасына қысқа мерзімді міндеттемелер, ұзақ мерзімді міндеттемелер, кейінге қалдырылған салық төлемдері кіреді. Активтердің жалпы сомасына айналым капиталымен бірге негізгі капитал және басқа да активтер кіреді. Капитал құрылымының оңтайлылылығын анықтау үшін сонымен бірге инвестициялау коэффициентін пайдалануға болады. Ол меншікті капиталдың негізгі құралдарға қатынасы ретінде анықталады. Активтер құрылымын оңтайлы мөлшерде қалыптастырудың үлгілі нысанына тек қана кәсіпорынның меншікті капиталы барлық негізгі капиталға тең болғанда ғана қол жеткізуге болады. Икемділік коэффициенті кәсіпорынның меншікті капиталының қай бөлігі қозғалыста екендігін анықтауға мүмкіндік береді:
(9)
мұндағы,
СОК - меншікті айналым капиталы;
СК - меншікті капитал [9, с. 218].
Материалдық айналым қорларын өтеу коэффициенті келесі формуламен есептелінеді (Ко/з):
(10)
мұндағы
СОК - меншікті айналым капиталы;
З - тауарлы-материалдық қорлар [9, с. 218].
Материалдық айналым қорларын өтеу коэффициенті кәсіпорынның ТМҚ мен шығындары қаншалықты деңгейде меншікті қаржылармен қамтылады және қаншалықты сырттан қаржы тарту керектігін көрсетеді. Қалыпты мөлшері Ко/з>0,6-0,8. Бүл коэффициенттің экономикалық мәні фирманың мерзімінде өз қарыз міндеттемелерін өтеу мүмкіндігін анықтаудан көрінеді. Ол келесі факторларға байланысты болады: қарыз көлемі, қолма-қол ақшаның мөлшері, дебиторлық қарыз, қорлар.
Жоғарыда көрсетілген қаржы көрсеткіштерінің жүйесін екі мақсатта пайдалануға болады.
Біріншіден, кәсіпорынның қалыптасқан қаржы жағдайына баға беру, яғни ағымдық қаржы тұрақтылығын сипаттау үшін.
Екіншіден, кәсіпорынның болашақта төлем жасауға қабілетін болжамдау үшін.
Үзақ жылдар тәжірибесі көрсетіп отырғандай шаруашылық жүргізудің нарықтық моделі жағдайында мұндай көрсеткіштер жүйесі кәсіпорын басшысына қаржылық тұрақтылық жайлы толық, шыншыл және сапалық сипаттама береді.
1.3 Тиімділік көрсеткіштерін талдау мәні мен қажеттілігі
Грек тілінен аударғанда «талдау» сөзінің мағынасы «бөлемін», «жіктеймін» дегенді білдіреді. Кеңейтілген мағынада талдауды айтатын болсақ, ол қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды бұтіндей және оны бөлшектеп немсе жіктелген түрінде тану тәсілдерін және оларды әр алуанды байланыстарда және өзара байланысқан түрлерде зерттеу.Микро деңгейдегі экономикалық талдау жеке кәсіпорындарда қолданылатын талдау
Экономикалық талдау пәні болып шаруашылық қызметтердің нәтижелерінің жасалу жолдарының себептері мен өзгерістері болып табылады. Кәсіпорын шаруашылық қызметінің себепті-тергеулі байланыстарды тану экономикалық құбылыстардың мәнін айқындауға рұқсат етеді, және соның негізінде жеткен нәтижелерге дұрыс баға беруге, өндірістің тиімділігін жоғарлату резервтерін, жоспарларды дәлелдеуге және басқарушылқ есептерді айқындауға мүмкіншілік береді
Шаруашылық қызметті талдау объектілері болып шаруашылық қызметтің экономикалық нәтижелері болып табылады. (өнім өндіру және өткізу көлемі, өнімнің өзіндік құны, материалдық, қаржылық, еңбек ресурстарының қолданылуы, қаржы нәтижелер және қаржы жағдай). Сонымен, шаруашылық қызметін талдау пәні болып экономикалық құбылыстар мен процесстердің себепті-тергеулі байланыстар болып табылады.
Шаруашылық қызметті талдау мазмұны ғылыми пән ретінде басқа қосалқы экономикалық ғылымдарының жүйесінде оның орындайтын функциясына байланысты болады:
-экономикалық заңдар әрекетінің сипаттарын зерттеу, кәсіпорын нақты жағдайларындағы процесстер мен экономикалық құбылыстардың заңдылықтар мен тенденцияларын белгілеу. Мысалы, еңбек өнімділінің жоғарлауының еңбек ақы деңгейімен салыстырғандағы озып өту заңдалағы тек барлық ұлттық экономика масштабында ғана орындалуы тиіс емес, сонымен қатар әр бір кәсіпорында;
-ағымдағы және келешектегі жоспарды ғылыми түрде;
-жоспардың және
басқару есептердің орындалуын,
ресурстарды үнемді
-алдынғы тәжірибелерді зерттеп оқу негізінде және ғылым мен тәжірибенің жетістіктері негізінде өндірістің тиімділігін жоғарлату резервтерін іздеу;
-жоспар орындалуы бойынша кәсіпорын қызметінің нәтижесін бағалау
- шаруашылық
қызмет процесінде айқындалған
резервтерді қолдану үшін
Жалпы теориялық экономикалық талдау ғылым ретінде экономисттердің еңбектерінде өткен жүз жылдықта орын тапса, ал шаруашылық іс әрекеті ғылым ретінде салыстырмалы түрде жақында ғана ерекешелене бастады.
Экономикалық талдаудың пайда болуы басқа білімдер секілді жалпы объективті талаптар мен жағдайларға байланысты.
Біріншіден, тәжірбиелік қажеттілікті қанағаттандыру. Ол өндіруші күштердің дамуы, өндірістік қатынастардың жетілуіне, кәсіпорын аймағының ұлғаюына байланысты пайда болды. Берекесіз (жер асты) және жартылай берекесіз кәсіпорынтерде қолданылатын интуициялық талдау, шамаланған есептер, үлкен кәсіпорын бірліктеріне жарамсыз болып қалды. Кешенді жан жақты экономикалық талдаусыз күрделі экономикалық процесстерді басқаруға, тиімді шешім қабылдау мүмкін емес.
Екіншіден, жалпы экономикалық ғылымның дамуымен байланысты. Кез келген ғылым дамығанда оның салалары ажыратылады. Қоғамдық ғылымдардың ажыратылуы нәтижесінде экономикалық талдау құрылды. Бұрын экономикалық талдау (олар салыстырмалы түрде салмақты болмаған кезде) сол кездегі бар, яғни баланс жүргізу, бухгалтерлік есеп, қаржы, статистика секілді ғылыми пәндердің аумағында қарастырылатын. Осы ғылымның аясында аналитикалық зерттеудің бірінші қарапайым тәсілдері пайда болды. Бірақта кәсіпорынның экономикалық және әлеуметтік дамуының ағымдық және бес жылдық жоспарын негіздеу үшін кәсіпорынның іс әрекетін кешенді жан жақты зерттеу қажеттілігі туындады. Жоғарыда аталағн ғылымдар тәжірбиедегі барлық сұраныстарды қанағаттандыра алмады. Экономикалық талдауды жеке білім саласы ретінде бөлу қажеттілігі уындады. Бұдан әрі экономикалық талдаудың ролі шаруашылық іс әрекеттегі қателіктерге байланысты өсе түсті. Оған деген қызығушылық ұлғая түсті. Талдау кәсіпорынның экономикасын жоспарлы басару, өндірістің тиімді қорларын күшейтуде қажетті құрал бола бастады.
Экономикалық іс әрекеттің талдауын сұрыптау оның мазмұны мен міндетін дұрыс түсінуде өте қажет.
Экономикалық әдебиеттерде экономикалық іс әрекетті талдау келесі белгілер бойынша бөлінеді.
Еңбекті қоғамдық бөлуге негізделетін салалық белгі бойынша талдау салалық және салааларық болып бөлінеді, салалық: оның әдісі экономиканың жекеленген салаларының спецификасын есепке алады қажет және салааларық: ұлттық экономиканың барлық салаларында ЭІСТ теориялық және әдістемелік негізі немесе басқаша сөзбен айтқанда экономикалық іс әрекетті талдау теориясы болып табылады.
Басқарудың объектілері бойынша бөліктеу негізгі орын алады. Экономикалық іс әрекет жекеленген ішкі жүйелерден тұрады: экономика, техника, технология, өндіріс, еңбектің әлеуметтік шарттарын, табиғат қорғау іс әрекетін ұйымдастыру және тағы басқалар. Органды басқарушының қалауымен талдау аспектісі шаруашылық қызметінің қандай да бір ішкі жүйесіінің жағына қарай ысырылуы мүмкін. Осыған байланысты, келесілерді бөліп көрсетуге болады:
техника- экономикалық талдау, онымен өнеркәсіптің техникалық қызметі (бас инженер, бас технолог және т.б.) айналысады. Оның мазмұны өнеркәсіп қызметінінуің экономикалық нәтижелеріне техникалық және экономикалық процесстер мен белгілеулердің өзара әрекетінің әсері зерттеу болып табылады;
қаржы – экономикалық талдау (өнеркәсіптің қаржы қызметі, қаржы және несие органдары), онда өнеркәсіп қызметінің қаржы нәтижесіне көбірек көңіл бөлінеді: қаржы жоспарының орындалуы, меншікті және несие капиталдарын тиімді қолданылуы, кіріс сомасын өсірудің қорларын анықтау, рентабельдік өсу, өнеркәсіптің төлем қабілеті және қаржы жағдайын жақсарту;
аудитрлік (бухгалтерлік) талдау- бұл өнеркәсіптің қаржы «денсаулығын» сарапшы тесеруші. Ол субъектілері шаруашылығының қаржы тұрақтылығы мен қаржы жағдайына баға беру мақсатында аудиторлар мен аудиторлық фирмалардың көмегімен жүзеге асырылады;
әлеуметтік – экономикалық талдау (басқарманың экономикалық қызметтері, әлеуметтік зертханалар, статистикалық органдар), әлеуметтік және экономикалық процесстердің ара қатынасын, олардың бір біріне және шаруашылық қызметінің экономикалық нәтижелеріне әсерін зерттеумен айналысады;
экономика – статистикалық талдау (статистикалық органдар) басқарманың әртүрлі деңгейлеріндегі жаппай қоғамдық құбылыстарды зерттеу үшін қолданылады: өнеркәсіп, салалар, өңірлер;
экономика – экологиялық талдау (қоршаған ортаны қорғау органдары) қоршаған ортаны сақтау және жақсарту мен экологияға кететін шығындармен байланысты экологиялық және экономикалық құбылыстарың өзара қатынасын зеттеумен айналысады;
маркетингтік анализ (бірлестік немесе өнеркәсіптің маркетинг қызметі) өнеркәсіптің, шикі зат нарығының және дайын өнімді өткізу, оның бәсекеге қабілеттілігін, сұраныс пен ұсыныстың, сауда тәуекелін, баға саясатын құру, маркетинг қызметінің стратегия және тактикасын дайындау;
Салыстырмалы талдау кезінде әдетте ағымдағы жылдың, өткен жылдардың, алдыңғы өнеркәсіптердің шаруашылық қызметінің деректерімен салыстырумен шектеледі.
Факторлық талдау нәтижелі көрсеткіштердің деңгейіне және өсіміне факторлардың әсерінің өлшеміне бағытталған. Диагностикалық (экспресс-талдау) нақты ауытқуға ғана тән типтік белгілер негізіндегі экономикалық прцесстердің қалыпты ағым ауытқының мінездемесін анықтайтын тәсіл.
Информация о работе Кәсіпорын іс-әрекетінің тиімділік көрсеткіштерін талдаудың теориялық негіздері