Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2014 в 12:00, курсовая работа
Сондықтан менің дипломдық жұмысымның мақсаты - қәсіпорынның тиімділік жағдайын тереңірек зерттеп теориялық және әдістемелік негіздері туралы мағлүмат алып, оны ұғып, оларға талдау зерттеудегі дағдыларды ашу. Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері мен нарықтық тұрақтылығы туралы дұрыс, ғылыми негізделген баға мен қортынды беруге, өндірістің өсуі мен оның тиімділігін арттыруды қамтамасыз етуге,еліміздің ұзақ мерзімді бірінші кезектегі мақсатына ойдағыдай жету үшін үйлесімді басқару шешімдерін дайындауға ат салысу.
Кіріспе
Соңғы жылдары еліміздің экономикасының нарықтық қатынынастарға өтуіне байланысты бухгалтерлік есептің әдістемесі мен тәжірибесінде түбегейлі өзгерістер болды. Есеп тіркемелерінде шаруашылық операцияларын жазып көрсетудің дәстүрлі әдістері ескіріп, қаржылық ақпаратты пайдаланушылардың сүрақтарға толығынан жауап бере алмайтындығын тәжірибе көрсетті. Іскерлік шешімдер қабылдау үшін бүл ақпарат белгілі түрде өзгертілуі және өңделуі қажет. Қазіргі жағдайда бухгалтер кәсіпорын нәтижесін талдаудың түрлі әдістерін қолданып, кәсіпорында қабылдаған қаржылық стратегияны іс жүзінде қолданыс табатын есептік саясатын тандап алып, соны басшылыққа алуда.
Адамдардың саналы, мақсатты қызметі ретіндегі басқару әкономикалық зандардың обьективті заңдылықтары мен талаптарына негізделген. Осы заңдардың талаптарын танып білуге сүйене отырып, және оларды пайдаланудың нысандары мен әдістерін жасай отырып, мемлекеттік, шаруашылық және қоғамдық органдар арқылы қоғамдық қаржыны, бағаны, несиені және тағы басқа көздерін жүмылдыруымен қатар, өндірістік қатынастардың нысандарын саналы түрде басқарады.
Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың шаруашылықты жүргізуші субъект ретінде қүқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қажылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашті. Атап айқанда, ішкі және сыртқы рынокта білікті серікті тандауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс - әрекеттің тиімділігі көбінесе осыған байланысты боглады. Кәсіпорындар бұрынғыдай жоғарғы жөн сілтеуімен емес, контрагенттердо (жабдықтаушы, салып алушы, мердігер, банк және т.б.) Қазіргі кезде өз қалауы бойынша алады. Олардың өздеріне іскер серіктерді қаншалықты дәл және қатесіз тандауымен нарықтық қатынастар негізінде мүмкіндігінше тез және дүрыс бағдар тауып,оны үстануына қарай жүмыстарының тиімділігі әр түрлі болады. Басқаша сөзбен айтқанда, шаруашылықты жүргізуші субьектілердің қызметінің жетістіктері басқару деңгейіне,қабылданған шешімдердің обьективтілігі, нақтылығы, шүғылдығы мен ғылыми негізделуіне тікелей тәуелді. үйлесімді шешімдердің қабылдануы, материалдық,еңбек және қаржы ресурстарын тиімді пайдаланып, еліміздің әкономикалық өсуіне бағытталатыны белгілі.
Кәсіпорынның тиімділік көрсеткіштерін бағалау, обьективті, ғылыми негізделген және үйлесімді басқару, өндірістік әсіресе қаржылық шешімдер қабылдау үшін оның қаржылық тиімділік жағдайын талдау қажет. Тек терең және ұқыпты талдау негізінде ғана оның қызметін обьективті бағалап, Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту және оның іскерлік белсенділігін арттыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін, басшылыққа нақты ұсыныстар беруге болады.
Отандық талдау мәселесі аз зерттелуде, сондықтан оның прогрессивті әдістері әзірше бізде ойдағыдай қолданыс таба алмай отыр. Ал бұл кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесі мен әкономикалық дамуына, ең ақырында еліміздің әкономикалық өсуіне кері әсерін тигізеді.
Сондықтан менің дипломдық жұмысымның мақсаты - қәсіпорынның тиімділік жағдайын тереңірек зерттеп теориялық және әдістемелік негіздері туралы мағлүмат алып, оны ұғып, оларға талдау зерттеудегі дағдыларды ашу. Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері мен нарықтық тұрақтылығы туралы дұрыс, ғылыми негізделген баға мен қортынды беруге, өндірістің өсуі мен оның тиімділігін арттыруды қамтамасыз етуге,еліміздің ұзақ мерзімді бірінші кезектегі мақсатына ойдағыдай жету үшін үйлесімді басқару шешімдерін дайындауға ат салысу.
Диплом жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Кәсіпорын іс-әрекетінің тиімділік көрсеткіштерін талдаудың теориялық негіздері
1.1 Экономикалық және әлеуметтік тиімділік мәні
Нарықтық жағдайларда экономикалық дамудың әрi қарай жалғастыруда өндiрiстiң тиiмдiлiгiн арттырудың бағыттары, олардың өсу факторы мен тиiмдiлiктi анықтаудың әдiстерiн таңдау манызды мiндет болып табылады.
Экономикалық тиімділік - бұл өндіріске жұмсаған шығындар мен одан шыққан нәтижелер арасындағы байланыс, яғни шығын мен табыстың ара қатынасы. Ол біз өзіміздің қажеттілігімізді қанағаттандыру үшін шығындарымызды қаншалықты тиімді пайдаланып, нәтиже ала алатынымызды көрсетеді.
Экономикалық тиiмдiлiктiң жалпылама критерийлерiне қоғамдық еңбектiң өнiмдiлiгi жатады. Ол ұлттық табысты материалдық өндiрiс салаларында жұмыс iстейтiн адамдардың орташа санына бөлу арқылы анықтайды. Сонымен қатар, экономикалық тиiмдiлiктiң аса маңызды көрсеткiштерi ретiнде еңбек сыйымдылығы, материал сыйымдылығы, капитал сиымдылығы және қор сиымдылығы алынады.
Өнімнің еңбек сиымдылығы– материалдық өндiрiс саласында жұмсалған еңбек санын шығарылған өнiмнiң жалпы көлемiне бөлу арқылы анықталады.
Материал сиымдылығы– шикзат, материал, отын, энергия және т.б. шығындарынң көлемiн өндiрiлген өнiмнiң жалпы көлемiне бөлемiз.
Капитал сиымдылығы– халық шаруашылығы капитал салымдарының көлемiн шығарған өнiмнiң жалпы көлемiнiң өсiмiне бөлу арқылы анықталады. Өнiмнiң қор сиымдылығы – негiзгi қордың орташа жылдық құнын шығарылған өнiмнiң жалпы құнына бөлемiз.
Тиiмдiлiк жалпы және салыстырмалы болып бөлiнедi.
Жалпы тиiмдiлiк – шығындарды жұмсау арқылы пайда әкелетiн әсердiң жалпы көлемiн көрсетедi және оны инвестициялық әрбiр объектiге қатысты есептеуге болады. Ол тиімділіктің капитал салымына қатынасымен анықталады.
Салыстырмалы тиiмдiлiк – белгiлi бiр өндiрiстiк және шаруашылық есептердi шешуде екi немесе бiрнеше шешiм варианттарынын iшiнен бiреуiн таңдап алуда есептелiнедi. Ол бiр варианттың екiншi вариантпен салыстырғанда экономикалық қолайлығын көрсетедi.
Жалпы тиiмдiлiк көрсеткiштерi мына категориялар бойынша топталады.
1. Өндiрiстiк iс әрекеттiң тиiмдiлiгiн көрсететiн көрсеткiштер. Оған кәсiпорының пайдалылығын және оның активтерiнiң қолдану мөлшерiн анықтайтын көрсеткiштер жатады.
2. Өтiмдiлiк көрсеткiштерi. Оған кәсiпорының қысқа мерзiмдi мiндеттердi орындау мүмкiншiлiктерi және айналым қорын басқаруды сипаттайтын көрсеткiш жатады.
3. Қаржылық тұрақтылық көрсеткiштерi. Кәсiпорынның активтерiн қаржыландырудан қолданатын капиталдық құрылым құру әдiстерiне байланысты болатын тәуелдiлiк деңгейiн анықтайтын көрсеткiш.
Шаруашылық iс-әрекеттiң тиiмдiлiгiн көптеген абсолюттi және салыстырмалы көрсеткiштер арқылы есептеуге болады. Солардың iшiнде ең маңыздысы пайда көрсеткiштерi. Осы пайда көрсеткiшке қатысты тиiмдiлiктi сипаттайтын ең негiзгi көрсеткiш рентабельдiлiк болып табылады. Оның келесi түрлерi болады.
Келесі суретте жалпы тиіділіктің негізгі көрсеткіштері мен олардың анықталу жолын қарастырайық.
1 |
2 |
3 |
4 |
2/3
1/2
1/4
Тиiмділiктiң салыстырмалы көрсеткiштерi:
Келесі суретте тиімділік мәні мен экономикалық тиімділік көрсеткіштерін сипаттайық.
Тиімділік түсінігі экономикалық іс-әрекетке қатысты өндіріс нәтижесінің оны жүзеге асыруға кеткен шығындарға қатысы ретінде қарастырылады. | |
Қоғамдық өндірістің экономикалық тиімділігінің жалпылама критерии ретінде қоғамдық еңбек өнімділігінің деңгейі болады (Еөж) |
Еөж = ЖІӨ х Жсм, ЖІӨ- жалпы ішкі өнім, Жсм – материалды өндіріс саласындағы жұмыскерлер саны |
Экономикалық тиімділіктің басты көрсеткіштері | |
Еңбек сиымдылығы |
t=T/Q, Т-жұмсалған еңбек саны, Q - өндірілген өнімнің жалпы көлемі |
Материал сиымдылығы |
m=M/Q, М-материал шығыны |
Қор сиымдылығы |
f=Ф/Q, Ф- негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық құны |
Жалпы экономикалық тиімділік | |
Халық шаруашылығының деңгейінде Тх.ш. =ΔЖІӨ/К, К-капитал салымы |
Халық шаруашылық Тк =ΔП/К |
Жаңадан салынған объекті бойынша тиімділік көрсеткіші: Тк=П/К=(Б0- Өқ) В/К, П-жылдық пайда көлемі, Б0- өнім бірлігінің көтерме бағасы, Өқ - өнім бірлігінің өзіндік құны, В – натуралды өлшемдегі өнім өндірудің жылдық көлемі. | |
Салыстырмалы тиімділіктің негізгі көрсеткіші – келтірілген шығындарШi = Ci + EKi, Шi – i- ші вариант бойынша өнім бірлігіне келтірілген шығындар; Ci - i- ші вариант бойынша өнім бірлігінің өзіндік құны; E – нормативті коэффициент; Ki - i- ші вариант бойынша үлестік капитал салымдары. |
Сурет 2 Тиімділік ұғымы мен жалпылама көрсеткіштері
Суреттен, макродеңгейде және кәсіпорын шегінде экономикалық және жалпы тиімділік мәні мен көрсеткіштерін есептеу әдісі сипатталған, осы көрсеткіштерді аналитикалық бөлімде талдаймыз.
Өтімділік көрсеткіштері:
Әлеуметтік тиімділік бойынша, инвестиция варианттарын таңдауда және талдау процестерінде, жұмыс жағдайын жақсарту және жеңілдету, оның қауіпсіздігін арттыру, кәсіпорын қызметкерлерінің мәдени-техникалық деңгейін өсіру сияқты факторларға көңіл аударылады. Кейбір жағдайларда, осы факторлар арқылы варианттар таңдау мүмкіншілігі туады.
Өндіріс тиімділігін әлеуметтік талдау жасаудың мақсаты қолданушылар үшін жоспар варианттарының жарамдылығын анықтау.
Әлеуметтік тиімділікті талдау объектілері:
Тиімділікті есептеудегі өндірістің әлеуметтік нәтижелерінің негізгі түрлері:
Информация о работе Кәсіпорын іс-әрекетінің тиімділік көрсеткіштерін талдаудың теориялық негіздері