Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2014 в 12:00, курсовая работа
Сондықтан менің дипломдық жұмысымның мақсаты - қәсіпорынның тиімділік жағдайын тереңірек зерттеп теориялық және әдістемелік негіздері туралы мағлүмат алып, оны ұғып, оларға талдау зерттеудегі дағдыларды ашу. Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері мен нарықтық тұрақтылығы туралы дұрыс, ғылыми негізделген баға мен қортынды беруге, өндірістің өсуі мен оның тиімділігін арттыруды қамтамасыз етуге,еліміздің ұзақ мерзімді бірінші кезектегі мақсатына ойдағыдай жету үшін үйлесімді басқару шешімдерін дайындауға ат салысу.
Сурет 5 Шаруашылық қызмет тиімділігінің факторлары
Схеманың жоғарғы тікбұрышында өндіріс тиімділігін арттыру факторларының топтары көрсетілген. Олардың өндірістің техникалық ұйымдастыру деңгейі деп атайды.
Өндіріс тиімділігін кешенді талдау әдістемесі 5 сатыдан тұрады:
2 «Казпошта» АҚ қаржылық –экономикалық жағдайы мен тиімділік көрсеткіштерін талдау
2.1 «Казпошта» АҚ жалпы сипаты мен қаржылық –экономикалық жағдайын талдау
Қазіргі кезде Қоғамда үш деңгейлі басқару жүйесі жүзеге асырылады. 1-деңгей – Қоғам филиалдарын тікелей басқаратын Орталық аппарат. 2-деңгейге 20 филиал кіреді: 14 облыстық филиал, «Алматы почтамты» Алматы филиалы, «Астана почтамты» Астана филиалы, «Республикалық арнайы байланыс қызметі» филиалы, «Алматы қаласы почта тасымалдау бөлімі» филиалы, «Астана қаласы почта тасымалдау бөлімі» филиалы, «Почтажабықтау» филиалы. 3-деңгей облыстық филиалдардың қоластындағы 18 қалалық почта байланыс тораптары (ҚПБТ) мен 156 аудандық почта байланысы тораптарынан (АПБТ) тұрады. Облыстық филиалдар, ҚПБТ-лар мен АПБТ-лар, 599 қалалық почта байланысы бөлімдері мен 2530 ауылдық почта байланысы бөлімдері, 66 жылжымалы почта байланысы бөлімшелері және 361 почта байланысы пункттерінің қызметін бақылау, үйлестіру мен басқару қызметтерін атқарады.
2006 жылы Басқармамен бекітілген
«Қазпочта» АҚ желісін дамыту
жоспарына сәйкес 2007 жылы 12 қалалық,
66 ауылдық почта байланысы бөлімш
Қазақстан Республикасы Президентінің Істер басқармасы «Қазпочта» АҚ қызметкерлеріне мүгедек балаларға арналған 70 орны бар балалар үйін салу бойынша қайырымдылық акцияға қатысқаны үшін алғыс білдірді. Балалар үйін салуға Қазпочта қызметкерлері өзінің бір күндік жалақысын аударды.
Бауырмалдылық пен жетім балалардың жағдайын түсіну олардың бұл өмірде жалғыз емес екенін сезінуге мүмкіндік береді.
«Казпочта» акционерлік қоғамының басшылығы өз алдына компанияны республиканың қалалық болсын, ауылдық болсын тұрғындары үшін почталық және қаржылық қызметтер кешенінің толық ауқымын көрсетуге бағытталған экономиканың жеке сегментіне айналдыру мақсатын қояды.
Қазіргі қазақстандық почта - почталық және банктік қызметтердің қосындысы. Бұған Қазақстанның почта саласын 2000 жылы басталған және өз қызметін диверсификациялауға бағытталған, сонымен қатар почталық және банктік қызметтердің бөлек түрлерін қамтитын почта-жинақ жүйесін қалыптастыруды қарастыратын реформалау септігін тигізді.
2003 жылғы 8 ақпандағы «Почта туралы» ҚР Заңына және басқа да нормативтік құжаттарға сәйкес почта-инақ жүйесі қызметін дамыту бойынша мемлекеттік саясаттың жолсерігі ретінде «Қазпочта» акционерлік қоғамы ұлттық почта операторы анықталған еді. ҚР қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау агенттігі, сонымен қатар ҚР Ұлттық банкі лицензияларының негізінде Қоғам қаржылық қызметтердің кейбір түрлерін көрсетуге құқылы болды. Реформалау нәтижесінде соңғы жылдар ішінде қазақстандық почта дамуының ең маңызды жетістіктері - көрсетілетін қызметтер ауқымын кеңейту, яғни почталық қызметтерденбасқа қаржылық қызметтердің кейбір түрлерін, банктік және агенттік қызметтер көрсету. Өз қаражаты және республикалық бюджет есебінен материалдық-техникалық негізді жаңарту үрдісі басталды.
2000-2007 жылдар аралығында 15,0 млрд. теңгеге жуық инвестиция тартылды. Нәтижесінде почта бөлімшелері ғимараттарының күрделі және техникалық жабдықталу деңгейі көтерілді, жұмыс орындары кассалық техника, компьютерлік және банктік құрал-жабдықтармен қамтылды, қазіргі бағдарламалық өнімдер алынып, автокөлік пен почталық вагондар паркі жаңартылды.
2007 жылы 462 013,6 мың теңге сомасына 249 жаңа автомобиль, оның ішінде республикалық бюджеттен бөлінген қаражат - 251 900,0 мың теңге. Бұған қоса Компания жалпы сомасы 582 960,0 мың теңгеге 7 жаңа почта вагонын сатып алды, бұл өз кезегінде Астана - Ақтау - Астана қосымша теміржол бағдарын ашуға және Алматы - Петропавл - Алматы бағдары бойынша вагондардың жүру жиілігін арттыруға мүмкіндік берді. Сондай-ақ, 2007 ж. жалпы сомасы 136 589,5 мың теңгеге 1370 бірлік почталық жабдық сатып алынды.
Бүгінгі күні республиканың кез келген почта бөлімшесінде зейнетақы, жәрдемақы, мекен-жайлық әлеуметтік көмекті алып қана қоймай, бұған қоса жалақыны алуға, коммуналдық, салықтық және басқа да төлемдерді төлеуге, ақша айырбастау операцияларын жүргізуге, агенттік қызметтер (АльянсБанк, ҚазақстанХоумКредит пен «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ тұтынушылық несиелерін беру); EMS қызметін (жедел почта қызметі) алуға болады. Көрсетілетін қызметтер ауқымы айтарлықтай кеңейді, атап айтқанда, директ-мейл қызметі (шоттар, жарнамалық материалдарды және т.б. мекен-жай бойынша, мекен-жайсыз жөнелту), ірі габаритті сәлемдемелерді жеткізу, постерминалдар мен банкоматтар қызметі және т.т. Әрекет ететін «EMSKazpost» қызметі жөнелтімді қысқа мерзім ішінде Қазақстан аумағы бойынша болсын, одан шет жер болсын кепілдендірілген жеткізумен айналысады.
Арнайы байланыс қызметі құрамында портативті таразы, ұялы телефон және арнайы жабдықталған автокөлікпен қамтылған мобильді топтар құрылды. «Қазпочта» АҚ көрсетіп жатқан қызметтер қолжетімділігі бірінші кезекте құрылымдық бөлімшелер желісін дамыту мен толыққанды почталық филиалдар желісі қамтамасыз етілуде –бүгінде Қазпочтаның 3500-ден астам почта байланысы бөлімшесі бар.
2007 жылы «Қазпочта» АҚ 2007-2011 ж.ж. инфрақұрылымын дамыту бағдарламасына сәйкес тек ауылдық жерлерде 47 өндірістік объекті, оның ішінде 20-сы стационарлы, 19-ы почта байланысы пункті, сонымен бірге еліміздің шалғай жатқан жерлерінде почталық және қаржылық қызметтердің бар ауқымын көрсететін 8 жылжымалы байланыс бөлімшесі ашылды.
Почташылар әсіресе ауылды жерлерде почта-жинақ қызметтеріне еркін қолжетімділікті қамтамасыз етуге қабілетті әрі оның сапасын көтеретін өңірлік инфрақұрылымды одан әрі дамытуды қарастыруда.
Бұл үшін әлі талай еңбектену керек. Қазіргі кезде тым шалғай жатқан біршама ауылдық почта байланыс бөлімшелерін санамағанда, барлық аудандық және қалалық почта байланысы тораптары телефондандырылған.
Барлық ауылдық почта байланысы бөлімшелерін тезарада кассалық техникамен жабдықтау, инкассация қызметін қажетті қорғалған арнайы техника, сәйкес экипировка және байланыс арналарымен қамту бойынша жұмыс белсендірілуде.
Компания ең маңызды міндеттерінің бірі – ауылдық почта байланысы бөлімшелері үшін ғимараттар салу. Соңғы жылдары Қазпочта Ауылдық аймақтарды дамыту мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде ауылды жерлерге өзінің почталық қызметтерімен бірге қаржылық қызметтер көрсететін байланыс бөлімшелерін жаңарту арқылы зор назар аударуда.
Почта байланысы объектілерін салуды қаржыландыру республикалық бюджет және компанияның өз қаражаты есебінен жүргізілуде.2007 жылы 111 жаңа ПББ салынды. 2008 жылы тағы 272 ауылдық бөлімшені салу жоспарланған. Бұл почташылардың жұмыс жағдайын едәуір жақсартып, қызметтер сапасын көтереді, өйткені жаңа ғимараттар жаңа ұйымдастырушылық техникамен жабдықталады. Қазақстан халқының жартысына жуығы ауылды жерде тұрады. Дегенмен, еліміздің қаржылық жүйесінің тұрақты өсуі туралы барлық мәлімдемелерге қарамастан, рыноктың бұл сегменті банктер қызметімен қамтылмаған деуге болады. Ауылды банк саласы ықпалына қосу тұтастай экономиканың дамуына әсер етеді. Әлбетте, бірде бір коммерциялық банктің аудан орталықтары мен ауылдарды айтпағанның өзінде, кішкентай қалалардың бәрін қамти алатын кең филиалдық желісі жоқ.
Бұны Қазпочта өз қолына алмақшы – почталық бөлімшелердің 80 пайызы ауылды жерлерді қамтиды. Өз почталық кеңселер желісіне ие болу, почтаның одан әрі даму бағытын анықтай алатын ұлттық компанияның артықшылығы.
Қазақстан ұлттық почта операторы қызметін дамыту бойынша 2007 жылы асырылған негізгі шаралар ішінде төмендегілерді атап өтпеске болмас. 20.10.04 ж. №1077 Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысымен, «Мемлекеттік активтерді басқару жүйесін 2007 жылға дамыту» республикалық бюджеттік бағдарлама паспортымен және «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару қазақстандық холдингі» АҚ «Қазпочта» АҚ-ның хабарланған акциялары көлемін ұлғайту туралы» 06.04.07 жылғы №43-п бұйрығымен бекітілген ҚР почта-жинақ жүйесінің 2005-2010 ж.ж.-ға даму бағдарламасына сәйкес 2 533,7 млн. теңге сомасына қарапайым акцияларды шығару арқылы «Қазпочта» АҚ жарғылық капиталы өсірілді.
Сондай-ақ, 2007 жылы екінші деңгейлік банктерден 1 057,4 млн. теңге көлемінде қарыз және ағымдағы жұмсалып жатқан негізгі қаражаттың орнын толтыру үшін 590,5 млн. теңге сомасында өзіндік қаражат тартылды. Осылайша өңірлік желіні дамытуды қаржыландыру көздерін тарту бойынша жоспарланған параметрлер 17,5%-ға артық орындалды.
Өзіндік капиталды көбейту 2007 жылы республикалық бюджеттен 2 533,7 млн. теңге есебінен Қоғам материалдық-техникалық негізін жаңарту үшін жарғылық капиталды көбейту арқылы жүзеге асты.
Осылай 01.01.2008 жылғы көрсеткіштер бойынша жарғылық капитал 7 990,6 млн. теңгені құрады. Көрсетілетін қызметтер көлемікомпания табысын
көтеруге себеп болды. Осылай 2007 жылы 2006 жылмен салыстырғанда табыс көлемі 13,6%-ға, ал жоспарлық көрсеткіштерден 6,9%-ға артық орындалды. Бұл негізінен почталық және қаржылық қызметтер көлемінің өсуінің нәтижесінде почталық (сәйкесінше 24,2% бен 12,4%) және қаржылық қызметтер (сәйкесінше 18,8% бен 3,6%) бойынша табыстың өсуімен бейнеленеді.
2007 жыл үшін қорытынды табыс 299,7 млн. теңгені құрады, бұл 2006 жылғы көрсеткішті 8,7%-ға және жоспарланған деңгейді 3 %-ға асып түсті.
Компанияның негізгі жетістіктері ретінде еңбек ресурстарын нығайтуды атап өту қажет. Еңбек өнімділігінің 3 есе өсуі соңғы 7 жыл ішінде қызметкерлердің жалақысын 2000 жылғы 8,9 мың теңгеден 2007 жылғы қорытындылар бойынша10,0 мың теңгеге, немесе 4 есе көтерді. Қосымша 5 865 жаңа жұмыс орны ашылды. Почталық желінің меморандум шеңберінде ақпараттық-ағартушылық орталықтар қызмет етуде. «Қазпочта» АҚ негізінде ортақ республикалық трансфер-агенттік желі құру Қазақстанда құнды қағаздар рыногын одан әрі дамытуда бірқатар жетістіктерге жол ашады.
Болашақта аталған желі құнды қағаздар рыногына кең ауқымда инвесторларды тартуға негіз болады, себебі құнды қағаздармен байланысты қаржылық қызметтерді республиканың кез келген өңірінде қолжетімді етеді.
Қазпочтаның трансфер-агенттік желісін қолданудың тағы бір артықшылығы, егер контрагенттер өңірлерде орналасқан болса, құнды қағаздармен байланысты операциялардың уақытын барынша қысқартады әрі құнды қағаздармен байланысты операцияларды орындау кезінде тәуекелді төмендетеді.
«Қазпочта» АҚ-да трансфер-агенттік қызметті енгізу республика халқына кең ауқымда бос ақшаны құнды қағаздарға салу бойынша қаржылық қызметтер аясын көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл жақын болашақта банктік депозиттер мен жылжымайтын мүлікке салымдарға балама болады.
Бұқаралық компьютерлендіру мен телекоммуникация саласының қарқынды дамуы ғасырында біздің елімізде хат жазу, газет-журналдарды жазып алу, сәлемдемелер мен бандерольдерді жөнелту зор сұранысқа ие. Әлі де аталған қызметтер түрлерін Қазпочта көрсетеді. Дегенмен жаңа экономикалық жағдайда Қоғам өз жұмысын заманаға сай болу үшін басқаша құруға мәжбүр.
2004 жылы компанияда әлемдік сапа стандарттарына сай бизнес-үрдістерін енгізу бойынша жұмыстар басталған еді. Осы уақыт аралығында ұлттық және халықаралық деңгейде почталық (EMS, сәлемдемелер) және қаржылық (төлемдерді қабылдау, ақша аударымдары) қызметтерін басқаруға қатысты тұтынушылардың талаптарын қанағаттандыратын сапалы және бәсекеге қабілетті қызметтер көрсету үшін компанияны басқару әдістері мен түрлерін жетілдіру бойынша зор жұмыс атқарылды.
3 жылдық жұмыс қорытындылары өзінің логикалық шарықтау шегіне жетті. 2007 жылы желтоқсанда «Русский регистр» сертификаттау бойынша өкілетті ассоциациясы сертификаттау аудитін өткізіп, «Қазпочта» АҚ сапа менеджменті жүйесін халықаралық ИСО 9001:2000 стандарттарына сәйкестілігін растады.
Негізгі нәтижелер
2009 жылғы почта-жинақ жүйесі қызметтерінің көлемі келесі көрсеткіштермен сипатталады:
- 52,0 млн. дана жазбаша хат-хабарлар өңделді, өткен жылмен салыстырғанда өсім 16,6%-ды құрады;
- 2,50 млн. дана сәлемдеме қабылданып өңделді, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 17,4%-ға артық;
- 197,1 млн. дана мерзімді баспасөз жеткізілді, 2006 жылмен салыстырғанда өсім 15,1%-ды құрады;
- төленген зейнетақы мен
- бюджеттік және басқа да ұйымдар қызметкерлеріне төленген жалақы өткен жылмен салыстырғанда 32,1%-ға өсіп, 79,5 млрд. теңгені құрады;
- есептік кезеңдегі қабылданған коммуналдық, салықтық және басқа да төлемдер 125,5 млрд. теңгеге жетті (өсім 78,5%-ды құрады);
- 9,6 млрд. теңге сомасында почталық аударым қабылданды, бұл 2008 жылмен салыстырғанда 21,5%-ға көп
Сурет 6 Негізгі экономикалық көрсеткіштер динамикасы, млн.тенге
Суреттен «Казпочта» АҚ-ның 2009 жылғы табысы 14631,6 млн.теңгеге жетті, бұл 2005 жылғы деңгейден 2,9 есе артық. Сол сияқты сәйкес кезеңде 3,0 есе шығындар көлемі де өсті. Таза табыс 2005 жылы 151,7 млн.теңгеден 2009 жылы 299,7 млн.теңгеге өсті.
Информация о работе Кәсіпорын іс-әрекетінің тиімділік көрсеткіштерін талдаудың теориялық негіздері