Еңбекке ақы төлеу бойынша есеп айырысуды ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2014 в 21:03, дипломная работа

Краткое описание

Жұмысшылар мен қызметкерлердің өндірген өнімдері мен істеген жұмыстарына толтырылған алғашқы құжаттар мен жұмыс уақытының табельдері оларға еңбекақы есептеу және оны төлеу үшін ұйымның цехынан, бөлімшелерінен, бригадаларынан кәсіпорынның әкімшілігі белгілеген мерзімде бухгалтерияға келіп түседі. Еңбекақы есептеу үшін толтырылатын бұл алғашқы құжаттар мен табельдердің дұрыс толтырылуы, лауазымды тұлғалардың қолдарының қойылуы мұқият тексеріледі. Сондай-ақ бұл құжаттағы еңбек бағасының дұрыс қойылуы олардың жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеу және сыйақы есептеу қағидаларына сәйкес келуі және шифрлардың дұрыс қойылуы тексеріледі.

Содержание

КІРІСПЕ...............................................................................................................3

1 ҰЙЫМДАҒЫ ӨНДІРІСТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ...................................................................5
1.1 Еңбек ақы жүйелері мен формалары............................................................5
1.2Ұйымның ұйымдық - өндірістік қызметіне сипаттама және негізгі көрсеткіштері......................................................................................................13

2 ЕҢБЕККЕ АҚЫ ТӨЛЕУ БОЙЫНША ЕСЕП АЙРЫСУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1 «СтройСервис» ЖШС еңбекақының синтетикалық және аналитикалық есебі.............................................................................................20
2.2 Еңбекақыдан ұсталынатын және шегерілетін сомалар есебі.....................................................................................................................28
2.3 Еңбекке ақы төлеудің бухгалтерлік есебінің ҚЕХС сәйкес ұйымдастырылуы...............................................................................................42
2.4. Еңбекақының талдамалы есебі...................................................................50

3. ЕҢБЕК АҚЫ ҚОРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУЫН ТАЛДАУ
3.1 Талдаудың міндеттері және оның мақсаты..........................................53
3.2 Қызметкерлермен еңбекке ақы төлеу бойынша есеп айырысуды тексеру...............................................................................................................55
3.3 Еңбекті пайдаланудың тиімділігін талдау.............................................62

ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................69

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................71

Прикрепленные файлы: 1 файл

dip_3025.doc

— 714.50 Кб (Скачать документ)

        Айдың бірінші  жартысына аванс пен екінші  жартысына еңбекақыны беру төлем тізімдемесі бойынша белгіленеді. Төлем тізімдемесінің бірінші бетінде бекітілген тәртіпке сәйкес кассадан ақша беруге рұқсат беретін кассир мен бас бухгалтердің қолдары болуы керек. Төлем ведомості мен берілмеген еңбекақы реестіріндегі мәліметтер тексерілгеннен кейін кассалық шығыс ордері толтырылады да, ол кейіннен көрсетілген соманы есептеп шығару үшін кассаға беріледі екен.

      Келтірілген залалды  өтеу үшін жұмысшылардың еңбекақыларынан  ұсталатын сомаға келесі бухгалтерлік  жазу жазылады:

       Дт 3350 « Еңбекақы бойынша қызметкерлермен  есеп айырысу» «Еңбекақыны төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек» ).

      Кт 333 «Қызметкерлер  ме басқа да тұлғалардың берешегі» (1255 «Қызметкерлердің басқа да  қысқа мерзімді берешегі»). Есеп берушіге тиісті соманың қайтарылмаған бөлігі еңбекақыдан ұсталды.

      Дт 681 «Қызметкерлер  мен еңбекақы бойынша  есеп  айырысу»  (3350 «Еңбекақыны төлеу  бойынша қысқа мерзімді берешек» ).

    Кт 333 «Қызметкерлер ме басқа да  тұлғалардың берешегі»  » (1255 «Қызметкерлердің басқа да қысқа мерзімді берешегі»). Есеп берушіге тиісті соманың қайтарылмаған бөлігі еңбекақыдан ұсталды.

       3.Тауарлы –  материалдық құндылықтардың жетіспеуімен  байланысты жұмыс берушіге келтірілген  материалдық залалды өтеу:

           Дт 681 «Қызметкерлер мен еңбекақы бойынша  есеп айырысу»  (3350 «Еңбекақыны төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек» ).

           Кт 333 «Қызметкерлер ме басқа да  тұлғалардың берешегі» (1255 «Қызметкерлердің  басқа да қысқа мерзімді берешегі»).

  Еңбекақы бойынша есеп айырысудың топтамалық есебі 681 шотта

«Еңбекақы бойынша қызметкерлермен есеп айырысу» (3350 «Еңбекақыны төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек») жүргізіледі. Бұл пассивті шот болғандықтан шоттық кредитінде еңбекақы төлеу бойынша есептемелер көрсетіледі, ал дебетінде  - есептелген еңбекақыдан ұстанымдар, жұмысшыларға тиісті сомаларды беру мен уақытында төленбеген сомалар бейнеленеді.

Кесте 7 -  Еңбекақы бойынша есеп айырысу есебінің шоттар

Корреспонденциясы

Бухгалтерлік операция мазмұны

Шот дебеті

Шот кредиті

Еңбекақы, сыйақы және басқа да

төлемдер есептелді:

   

- негізгі өндірістік жұмысшыларына 

(8012)

3350

- көмекші өндірістік қызмет көрсететін

жұмысшыларға

(8032)

3350

- әкімшілік басқару қызметкерлеріне 

(8042)

3350

- өткізумен айналысатын жұмысшыларға

(7110)

3350

7 кестенің жалғасы

Еңбекақыдан ұсталады:

   

- жеке табыс салығы

681 (3350)

(3120)

- бұйрық құжаттары (алимент) бойынша

681 (3350)

(3390)

- есеп беруге тиісті  тұлғалардың  пайдаланылмаған аванс қалдығы

681 (3350)

(1251)

- жеріспеушілікті, тонаушылықты және  де басқа да залалды өтеу  сомасы

681 (3350)

(1255)

Алынған ссудалар бойынша жұмысшыладың еңбекақысынан ұстанымдар

681 (3350)

333 (1255)

Жинақтаушы зейнетақы қорларына аударымдарды еңбекақыдан ұстау

681 (3350)

3220 (3220)

Еңбекақы, сыйақы, жәрдемақы, зейнетақы берілді

681 (3350)

451 (1010)

Алынбаған еңбекақы деппоннентелді

681 (3350)

697 (3390)

Ескерту: Ұсынылған әдебиеттер негізінде жасалған


 

       Бұл шоттың  сальдосы кредиттік болады және жұмысшылардың еңбекақысы және  басқа да төлемдер бойынша кәсіпорынның берешегі көрсетіледі.

 

       2.3 Еңбекке ақы төлеудің бухгалтерлік есебінің ҚЕХС сәйкес

Ұйымдастырылуы

 

Еңбекақыны ұйымдастыру мемілекеттік органдардың орталықтандырылған тәртіпте құқықтық реттеу мен кәсіпорындағы салалық және жергілікті реттеу бірлігін білдіреді.

Еңбек және еңбекақыға байланысты сұрақтарды Қазақстан Республикасының  келесі нормативтік және құқықтық актілері реттейді:

  • Қазақстан Республикасының 15.06.2008№ 251-111 «Еңбек туралы Заңы»
  • Қазақстан Республикасының 22.11.2005 жылғы № 88-111 «2008 жылғы Республикалық бюджеті туралы Заңы»
  • Қазақстан Республикасының Еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау министрлігінің 12.05.2000 жыл №111-17 «Жұмысшы  - қызметкерлерге еңбекақы төлеу бойынша сұрақатрға методикалық нұсқауларды бекіту туралы»  жарлығы;
  • Қазақстан Республикасының Еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау министрлігінің 30.06.2005 жылғы №173-П  «Жұмысшылардың мамандықтары мен жұмыстарының тарифтік біліктілік анықтамалығын және жетекшілер, мамандардың және басқа да қызметкерлердің біліктілік анықтамалығын дайындау мен қолдану ережелерін бекіту туралы» жарлығы.

      Жұмысшы қызметкерлердің  өндірістік тиімділігін және  жұмыстың сапасын арттырудағы  материалдық қызығушылықты көтеру үшін сыйақы беру жүйесі бар, бір жылғы жұмыстың нәтижесі  бойынша марапаттау және материалдық ынталандырудың басқа да формалары енгізілуі мүмкін.

Қазақстан Республикасының халықаралық стандарттарға өтуіне байланысты Қазақстандық кәсіпорындардың бухгалтерлік  есебінде қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына өтудің қажеттілігінің ерекше маңыздылығы бар.

ҚЕХС кез-келген мәселені біржақты шешуді көздемейді, керісінше, есеп  жүргізудің халықаралық тәжірибесін қорытындылай келе, есеп жүргізудің бірқатар жалпы және келісімге келетін варианттарын ұсынады. Стандарттар есеп жүргізудің нақты әдістері мен қорытынды есепті дайындаудың нормаларын белгілейтін догма немесе нормативтік құжат емес, ол нұсқаулық сипатта болады. ҚЕХС тек негізгі бағдарды, яғни, бухгалтерлік есепті жүргізудің ең қажетті принциптерін жеке сұрақтар мен мәселелерді терең талқыламай анықтағандықтан, ол жеке мемлекеттердің арнаулы ұйымдардың өзіндік бухгалтерлік стандарттарын әзірлеуге, ал нақты ұйымдарға бухгалтерлік есепті  жүргізудің нақты ережелері мен қорытынды есеп әзірлеудің тәртібін таңдай отырып, өзінің есеп саясатын құруға мүмкіндік береді.

  Бухгалтерлік қорытынды есеп стандарттары бүкіләлемдік масштабта компаниялар арасындағы бухгалтерлік құжаттарды қатар қоюды қамтамасыз етеді, сонымен қатар сыртқы пайдаланушыларға-  қорытынды есеп ақпараттарының қолжетімділігінің шарты болып табылады.

  ҚЕХС бастапқы түсініктердің маңыздылығын анықтауда экономикалық шынайылыққа (заңды формаға сәйкес) сүйенеді. Кәсіпорындар айналысатын кәсіпкерлік қызметке қатысты, экономикалық пайда табу нәтижесі аса маңызды. Сол себепті қаржылық қорытынды есеп элементтерін анықтауда берілген экономикалық категория қолданылады. ҚЕХС қызметкерлерге берілген сыйақыға қатысты ақпараттардың толық берілуі туралы талаптарын, сонымен қатар мойындау мен бағалаудың есептік принциптерін анықтайды. Бұл стандарт формальді келісімдердің және компанияда қалыптасқан формальді емес тәжірибенің негізінде берілетін сыйақылардың барлық түріне қолданылады.

Мұндай сыйақыларды 5 түрге бөлуге болады:

  1. Жұмысшыларға қысқа мерзімді сыйақылар (мысалы: премия, жалақы);
  2. Еңбек ету мерзімі аяқталғанда жұмысшыларға берілетін сыйақы;
  3. Басқа да ұзақ мерзімді сыйақылар (мысалы: жұмысшының ақылы еңбек демалысы), еегер төлемдер мерзім аяқталғаннан кейін 12 айдан көп уақыт төленетін болса;
  4. Демалыс жәрдемақысы;
  5. Өтеуақылы үлестік құралдар (мысалы: жұмысшыларға акция алуға құқық беретін, аукциондар) арқылы өтеу.

  Бірінші кестеге сәйкес, жұмысшыларға  сыйақы:

  • заң талаптарына сәйкес пайда болатын құқықтық міндеттемелерге;
  • компания жұмысшыларға сыйақы төлеуден басқа, шынайы амалы болмаған жағдайда, формальді емес тәжірибенің нәтижесінде қалыптасқан міндеттемелерге сәйкес беріледі;

      Қазақстан Республикасының  «Еңбек туралы Заңының» 85 бабына  сәйкес еңбекке жарамсыздығы бойынша  арнайы жәрдемақы заңдылықтармен белгіленген уақытша еңбекке жарамсыз болған жағдайда белгіленеді.

Уақытша еңбекке жарамсыздық атқарылмаған уақытты төлеудің ерекше түрі. Оның төлем көзі өнімнің өзіндік құны емес, ал әлеуметтік сақтандыру органдарының қаражаты табылады.

Бұл соманы есептеуге емдеу мекемелерінің уақытша еңбекке жарамсыздық парағы негіз болады.

    Уақытша еңбекке жарамсыздығы  бойынша жәрдемақы ауырып –  сырқағанда белгіленеді. Серіктестікте  жәрдем ақыны есептеу үшін ауырғаны жөніндегі қағазды ескере отырып, жұмыс үстінде зақымданғандарға, сондай - ақ 8 жылдан артық үздіксіз еңбек өтімі барларға және өзінің қарауында 16 жасқа толмаған үш және одан да көп балалары барларға 100 пайыз мөлшерінде жәрдемақы беріледі. Ал 80 пайыз мөлшеріндегі жәрдем ақы – үздіксіз өтілі 5 жылдан 8 жылға дейін, 60 пайыз өтілі 3 – 5 жылға дейінгілерге, 50 пайыз үздіксіз өтілі 3 жылға дейінгілерге төленеді.

     Жұмысшылардың кейбір  категорияларына жәрдем ақы олардың  еңбек өтіліне қарамастан 100 пайыз мөлшерінде беріледі. Оларға 18 жасқа дейінгі жұмысшылар, 16 жасқа толмаған 3 және одан да көп балалары бар тұлғалар, еңбек жарақатын немесе кәсіптік ауруға ұшыраған жұмысшылар, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының және оған теңестірілген мүгедектер жатады.

     ҚР Үкіметінің қаулысымен  бекітілген № 731 «Жұмыс берушінің  есебінен әлеуметтік қамтамасыз  ету бойынша жәрдемақыны тағайындау  тәртібі туралы» нұсқауға сәйкес  жұмыс беруші ұйым қаражатының  есебінен әлеуметтік қамтамасыз  ету бойынша жәрдемақыны мыналарға төлеуге міндетті: уақытша еңбекке жарамсыздық, жүкті әйелдерге, жас босанған аналарға.

       ҚР Үкіметінің 04.12.2002.жылғы № 1278 «ҚР Үкіметінің  жылғы №731 қаулысына өзгерістер  мен толықтырулар енгізу туралы»  қаулысымен «Жұмыс берушінің  есебінен әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша жәрдем ақыны тағайындау және төлеу тәртібі туралы» нұсқауға өзгерістер енгізілді. Осы қаулының 2 пунктінде былай делінген: «әлеуметтік жәрдем ақы жұмысшыға оның жұмыс орны бойынша тағайындалады және төленеді». 7 пунктінде «орташа айлық жалақы» сөзі «заңдылықтарға сәйкес есептелген орташа жалақы» сөзімен ауыстырылған.

      Осылайша, 04.10.2002 жылдан  бастап, уақытша еңбекке жарамсыздығы  бойынша жәрдемақы жұмысшыларға  заңдылықтарға сәйкес есептелген  орташа жалақыны есепке ала отырып төленеді. Бұл кезде айлық жалақының мөлшері есептік көрсеткіштің 10 есе шамасынан артпауы тиіс.

      ҚР Үкіметімен  бекітілген №942 29.12.2004 жылғы «Жұмысшылардың  орташа еңбекақысын есептеу тәртібі  туралы» нұсқаудың 10 пунктінде орташа  күндік жалақы, кезекті еңбек демалысы мен алынбаған еңбек демалысы үшін өтемақыны төлеуден басқа уақытта, ай ішінде есептелген жалақы сомасын бес немесе алты күндік жұмыс аптасындағы жұмыс күніне бөлу арқылы анықталатыны айтылған.

      Мәселен, жұмысшы 2007 жылы 20- нан 30 қаңтарға дейін ауырып, еңбекке жарамсыздығы қағазын әкеледі. Есептеу кезеңі болып сол оқиғаның алдындағы 12 күнтізбелік ай табылады. Бес күндік жұмыс аптасында 8 сағаттан жұмыс күні 2003 жылы 251 жұмыс күнін құрады. Жұмысшы 2003 жылы ауырған жоқ, еңбек демалысын алған жоқ. Жалақысы 300 000 теңге.

     Орташа жалақы тең  болады 300 000:251= 1195.21 теңге. Уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша жәрдем ақыны есептейміз: 1195.21x8 жұмыс күні = 9561.68 теңге. Айлық жәрдемақы 2007 жылы 9190 теңгеге тең.

     Уақытша еңбекке жарамсыздығы  бойынша жәрдем ақы жұмысшының  ақысы төленетін кезекті еңбек  демалысы кезінде ауырғанына  төленбейді. Егер демалыстан кейін  де ауырса, ол сол жұмысқа түсетін  күннен бастап есептеледі.

     ҚР үкіметімен бекітілген  №942 29.12.2000 жылғы «Жұмысшылардың орташа еңбекақысын есептеу тәртібі туралы» нұсқаудың 20 пунктінде келесі өзгерістер енгізілген: «Жүктілігі және жас босанғаны үшін жәрдем ақы сондай – ақ тікелей сәбилер үйінен сәби асырап алған әйелдерге (еркектерге) жәрдемақы, жүкті және тууыны байланысты бүкіл демалыс кезеңі бойына немесе асырап алған күннен бастап, сәбидің бір жасқа толуына 6 күн қалғанға дейінгі кезеңге алған демалысына заңдылықтарға сәйкес есептелген орташа жалақыны ескере отырып төленеді». Яғни 4.12.2000 жылдан бастап, жәрдемақы еңбек ақысын ескере отырып есептеледі.

     Жүкті болуына және  тууына байланысты жәрдемақы  жүктіліктің 30 аптасынан бастап, 126 күнтізбелік күнге еңбек ақысының 100 пайыз мөлшерінде бір мәрте  беріледі. Егер қиын босанған  жағдайда немесе егіз немесе үшем босанған жағдайда жәрдемақы 140 күнтізбелік күнге төленеді.

     Мәселен, жүкті және  тууына байланысты еңбекке жарамсыздық  қағазы әйелге 2007 жылдың 15 қаңтарынан бастап, 20 мамырға дейін 126 күнге берілді. Әйел бес күндік жұмыс аптасымен жұмыс істейді. Оның орташа күндік жалақысы 2310 теңгені құрайды.

     Уақытша еңбекке жарамсыздығы  жәрдемақысын анықтаймыз.

     Бескүндік жұмыс аптасы  кестесі бойынша жүкті болуына  және тууына байланысты жұмыстан  қалған күндері құрайды: қаңтарда-11 күн, ақпанда-20 күн, наурызда- 21 күн, сәуірде- 22 күн, мамырда- 14 күн. Айлар бойынша жәрдемақы сомасын анықтаймыз;

   Қаңтар – 2 310 x 11=25 410теңге

   Ақпан – 2 310 x 20 = 46 200 теңге

   Наурыз – 2 310 x 21 = 48 510 теңге

   Сәуір – 2 310 x 22 = 50 820 теңге

   Мамыр – 2 310 x 14 = 32 340 теңге

Жүкті болуына және тууына байланысты жәрдемақының жалпы сомасы 203280 теңге.

  

  • 2.4 Еңбекақының талдамалық есебі
  •  

  • Жұмысшлармен еңбекақы бойынша есеп айырысудың аналитикалық есебі жұмысшылардың аты жөні мен табельдік нөмірлері бойынша машинограммада және еңбекақы бойынга кітапта жүргізіледі. Қызметкер мен еңбекақы бойынша есептеуді жүргізудің негізгі регистірі болыа есеп айырысы тізімдемесі саналады. Жұмыс уақыты мен орындаған жұмыс есебінің бухгалтерияға келіп түскен құжаттары тексеріледі де, одан әрі өңдеуге жіберіледі.

          Әрбір жұмысшыға 1 айдың ішінде бірнеше құжаттар  толтырылуы мүмкін. Бір айдың  еңбекақысын есептеу үшін еңбекақы  жинақтаушы карточкасы колданылады. Одан  жұмысшының аты-жөні, тегі, табельдік нөмірі, жұмыс істейтін цехы, орны, құжаттың нөмірі мен мерзімі, сағат- нома, әрбір құжат бойынша еңбекақы сомасы, төлемдердің басқа да түрлері, жазылады. Карточканың мәліметтерін есеп айырысу төлеу – тізімдемесін құру үшін қолданылады.

    Информация о работе Еңбекке ақы төлеу бойынша есеп айырысуды ұйымдастыру