Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2014 в 21:03, дипломная работа
Жұмысшылар мен қызметкерлердің өндірген өнімдері мен істеген жұмыстарына толтырылған алғашқы құжаттар мен жұмыс уақытының табельдері оларға еңбекақы есептеу және оны төлеу үшін ұйымның цехынан, бөлімшелерінен, бригадаларынан кәсіпорынның әкімшілігі белгілеген мерзімде бухгалтерияға келіп түседі. Еңбекақы есептеу үшін толтырылатын бұл алғашқы құжаттар мен табельдердің дұрыс толтырылуы, лауазымды тұлғалардың қолдарының қойылуы мұқият тексеріледі. Сондай-ақ бұл құжаттағы еңбек бағасының дұрыс қойылуы олардың жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеу және сыйақы есептеу қағидаларына сәйкес келуі және шифрлардың дұрыс қойылуы тексеріледі.
КІРІСПЕ...............................................................................................................3
1 ҰЙЫМДАҒЫ ӨНДІРІСТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ...................................................................5
1.1 Еңбек ақы жүйелері мен формалары............................................................5
1.2Ұйымның ұйымдық - өндірістік қызметіне сипаттама және негізгі көрсеткіштері......................................................................................................13
2 ЕҢБЕККЕ АҚЫ ТӨЛЕУ БОЙЫНША ЕСЕП АЙРЫСУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1 «СтройСервис» ЖШС еңбекақының синтетикалық және аналитикалық есебі.............................................................................................20
2.2 Еңбекақыдан ұсталынатын және шегерілетін сомалар есебі.....................................................................................................................28
2.3 Еңбекке ақы төлеудің бухгалтерлік есебінің ҚЕХС сәйкес ұйымдастырылуы...............................................................................................42
2.4. Еңбекақының талдамалы есебі...................................................................50
3. ЕҢБЕК АҚЫ ҚОРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУЫН ТАЛДАУ
3.1 Талдаудың міндеттері және оның мақсаты..........................................53
3.2 Қызметкерлермен еңбекке ақы төлеу бойынша есеп айырысуды тексеру...............................................................................................................55
3.3 Еңбекті пайдаланудың тиімділігін талдау.............................................62
ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................69
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................71
Мысалы, «СтройСервис» ЖШС жүргізушісінің белгіленген еңбекақысы 35000 теңге және ақпан айында ол күнде 25 сағат жүмыс істеген. Кәсіпорында коллективтік келісімнің негізінде түнгі уақытттағы жұмыстың әрбір сағатына тарифтік мөлшерлеменің 1,5 еселігіне тең көлемде еңбекақы төлеу бекітілген. Түнгі уақыттағы жұмысы үшін тиесілі еңбекақыны есептеу керек. Есептеу тәртібі: 35000/16 *25*=8.203 теңге.
Жоспардан тыс жұмыс пен онымен есеп айырысу.
Жоспардан тыс жұмыс болып, «ҚР Еңбек туралы» заңының 45 бөлімінде көрсетілген жұмыс уақытынан тыс жалғасқан жұмыс есептеледі. Жоспардан тыс жұмыс тек жұмысшының келісімімен жүзеге асырылады, тек келесі жағдайдан басқа:
Мемлекеттің қорғанысына қажетті, сонымен қатар төтенше жағдайды немесе табиғи апатты тоқтату үшін, өндірістік апатты немесе оның зардаптарын жою үшін.
Жоспардан тыс жұмыс көлемі әрбір жұмысшы үшін бір күнтүзбелік күннің 2 сағатынан (физикалық ауыр жұмыстармен жұмыстың зиянды және ауы жағдайларында 1 сағаттан) аспауы керек. Аса зиянды және аса ауыр жұмыс жағдайында жоспардан тыс жұмыс уақыты тыйым салынған жұмыстан тыс уақытқа төленетін төлем 1,5 өлшемнен төмен болмауы керек. (ҚР Еңбек туралы заңының 73 б.)
Жоспардан тыс уақыттағы жұмыс тиісті құжаттармен (кезек және т.б.). Осындай жұмыстардың есебі жұмыс уақытын пайдалану табелінде жүргізіледі.
Өндірістік – техникалық шарттарға байланысты жұмысты тоқтатуға мүмкіндігі жоқ ұйымдар немесе тұрғындарға тұрақты қызмет көрсету салаларынан басқа, ҚР бекітілген мейрам күндері жұмыс жүргізілмейді. «ҚР Еңбек туралы заңының 97 бабына» сәйкес мейрам және демалыс күндерінде де төлем 2 еселік көлемде жүргізіледі.
Мейрам күндеріндегі жұмысқа төлемдер жұмысшылардың көлемін нақты жұмыс істеген сағатына төленеді. Мейрам күніне жұмыс кезегінің бөлігі сәйкес келсе, мейрам күні нақты жұмыс істеген сағатқа 2 еселік көлемде төленеді.
Мысалы, белгіленген еңбекақысы 65000 теңге құрайтын сату ісі жөніндегі менеджер бір мейрам күні жұмыс істеген 1 айда 21 жұмыс күні. Жұмысшы бір айда толық жұмыс атқарды. Есептеу тәртібі: жұмыс уақытының балансы толық өтелгендіктен еңбекақы көлемі 65000 құрайды.
Демалыс күніне еңбекақы есептейміз:
65000 теңге/21*2=6190,5 теңге.
1 айға еңбекақы көлемі:
65000 теңге + 6190,5 теңге = 71 160,5 теңгені құрайды.
Біреудің орнына жұмыс істегені үшін уақытша жұмыста жоқ жұмысшының міндеттерін атқарғаны үшін төленетін еңбекақы «ҚР Еңбек туралы» заңының 72 бөліміне сәйкес:
- ұйымда жеке еңбек шартымен қарастырылған негізгі қызметтен қол үзбестен, басқа лауазымның қосымша жұмысын немесе уақытша жұмыста жоқ жұмысшының міндеттерін атқаратын жұмысшыларға қосымша төлем төленеді;
- лаузымды біріктірген немесе уақытша жұмыста жоқ жұмысшының міндеттерін атқарғаны үшін төленетін қосымша төлемнің сомасын жұмысшының келісімімен жұмыс беруші белгілейді;
- мамандар мен қызметкер – жұмысшылардың бір шегіннде атқарылатын санатының лауазым түрлерін біріктіреді.
Уақытша жұмыста жоқ жұмысшының міндеттерін негізгі жұмыстан қол үзбей атқару түсінігі: ауруына (еңбек демалысына, іссапарға, біліктілігін көтеруге берілген жолдама) қазіргі заманға сәйкес жұмысшының жұмыс орны және қызметі сақталатын еңбек демалысына, іссапарға, біліктілігін көтеруге байланыста берілетін жолдамамен кетуі салдарынан уақытша жұмыста жоқ жұмысшының міндеттерін бөлім шеңберінде басқа жұмысшыларға бөлуде білінеді.
Лауазымды бірктіру, қызмет аясын кеңейту немесе өндірілетін жұмыс көлемінің ұлғаюы туралы жұмыс беруші мен жұмысшының арасындағы келісім өндіріс директорының жарлығымен хатталады. Бұл құжатқа: біріктірілген мамандық атауы, қосымша орындалатын жұмыс пен функциялардың көлемі ( қосымша төлем мөлшері) абсолюттік бірлікте немесе жұмысшының тарифтік мөлшерлемесіне проценттік қатынаста қосымша төлем мөлшері көрсетілуі керек.
Егер жұмыс беруші мен жұмысшының арасындағы келісімде қосымша орындалатын жұмыстың мерзімі мысалы, жұмысшының жыл сайынғы еңбек демалысында болу уақытына алдын ала берілген болса, онда мерзім аяқталғаннан соң үстеме төлемдер тоқтатылады және ол туралы жұмысшыға қосымша ескерту жасау қажеттілігі жоқ.
Жұмыста болмаған уақытқа әр түрлі төлемдерді төлеу орташа еңбекақының негізінде жүргізіледі, ол ҚР Үкіметінің 29.12.2000 жылға №1942 «Жұмысшылардың орташа еңбекақысын есептеу тәртібінің нұсқаулығына бекіту туралы» жарлығына сәйкес бекітілген «Жұмысшылардың орташа еңбекақысын есептеу тәртібі» нұсқаулығының негізінде жүзеге асады.
Орташа еңбекақы – бұл жұмысшылардың белгілі бір уақыт аралығындағы еңбекақыларының орташа көлемі ( сағатқа, күнге, айға, жылға).
Орташа еңбекақыны есептеу, заң бойынша жұмысшының орташа еңбекақысы сақталатын барлық жағдайда жүргізіледі:
- штаттық немесе санның қысқарту шаралары жүргізілгенде еңбек келісімінің бұзылуы, ұйымның жойылуы немесе қайта ұйымдастырылуы салдарынан ұйымнан босатылатын жұмысшыларға демалыс жәрдемақылары есептелгенде;
- жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбек демалысы есептелгенде;
- өндірістен қол үзіп немесе қол үзбей оқитын жұмысшыларға емтихан тапсыратын уақыттағы жұмыста болмаған уақытта төленетін төлем;
- қызметтік іссапарда болғанда төленетін еңбекақы;
- амалсызда жұмысқа шығарған уақытта төленетін төлем;
- заңға сәйкес орташа еңбекақы сақталатын басқа да жағдайлар;
Орташа еңбекақыны есептеу тәртібі есептесу жүргізудің түрлі әдістерін қарастырады. Нақты жұмысшының еңбекақысының шарттарына байланысты, 1 күндік немесе 1 сағаттық орташа еңбекақы белгіленуі мүмкін. 1 күндік орташа еңбекақысы, еңбек демалысы мен пайдаланылған еңбек демалысына өтемақыдан басқа белгіленген мерзімдегі еңбекақы көлемін, заңмен бекітілген 5 күндік немесе 6 күндік жұмыс аптасына сәйкес жұмыс күндерінің сағатына бөлу арқылы табылады.
Ал, 1 сағаттың орташа еңбекақысы нақты жұмысшының еңбекақысын есептегенде жұмыс уақытының жиынтығы қолданылған кезде анықталады. Ол белгіленген еңбекақы сомасын есепті мерзімдегі өндірістік күнтізбе бойынша жұмыс уақытының балансына сәйкес, осы мерзімдегі жұмыс сағатының көлеміне бөлу арқылы табылады. Нақты жұмысшының орташа еңбекақысының көлемі, 1 сағаттың орташа еңбекақысына, осы мерзімде төленуге тиісті жұмыс сағаттарының санына көбейту арқылы табамыз.
Кәсіпорын жұмысшыларының орташа еңбекақысын есептеуге арналған есепті мерзім болып, төлем сәйкес келетін оқиғаның алдындағы 12 күнтізбелік ай табылады.
Жұмысшылар мен қызметкерлердің кезекті еңбек демалысына пайдаланған демалысына төлем төлеу үшін, сол демалысқа барар алдындағы 12 айдың еңбекақыларының негізінде 1 айдың еңбекақысы анықталады. Егер жұмысшы кәсіпорында 1 жылдан аз жұмыс істеп, еңбек демалысына шықса, онда еңбек демалысы уақытында сақталатын орташа еңбекақысы, сол демалысқа барар алдындағы күнтізбелік айлардың еңбекақысы негізінде анықталады.
Еңбек демалысын және пайдаланылмаған демалыстың өтемақысын төлеу үшін күндік орташа еңбекақы:
1. Егер есепті мерзімде жұмыс толығымен атқарылған болса, есепті мерзімде белгіленген еңбекақыны 12-ге бөлу және:
- жұмыс күндерін белгіленген еңбек демалысы төленген жағдайда, өндірістік күнтізбе бойынша жыл сайынғы жұмыс уақытының балансына сәйкес бір айдың жұмыс күндерінің орташа санына;
- күнтізбелік күндерге белгіленген еңбек демалысы төленген жағдайда, күнтізбелік күндердің (мысалы, 1 жылға есептелген күнтізбелік күндердің орташа саны 29,66) орташа санына бөлу арқылы анықталады.
1) Егер есепті мерзімнің 12 айының әрбіреуі толық атқарылмаған болса, есептелген еңбекақы сомасын жұмыс істелінген уақытқа бөлу және:
- жұмыс атқарылған уақытқа сәйкес келетін күнтізбенің 6 күндік жұмыс аптасының жұмыс күндерінің санына (жұмыс күндері берілген жағдайда);
- жұмыс атқарылған уақытқа сәйкес келетін жұмыс күнтізбелік күндерінің ( еңбек демалысы күнтізбелік күндері берілген жағдайда ) санына бөлу арқылы табылалады.
ҚР Үкіметінің 11.07.2007. жылғы №657 жарлығымен ҚР Үкіметінің 29.12.2000 жылғы №1942 «Жұмысшы қызметкерлердің орташа еңбекақысын есептеу тәртібі бойынша нұсқауларды бекіту туралы » жарлығына толықтырулар енгізілді.
Көрсетілген нұсқаулықта ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 11 шілдесінен №657 жарлығымен толықтырулар енгізілді және ол жоғарылату кофицинент ескере отырып, орташа еңбекақыны есептеудің келесі тәртібін нақтылайды:
1) Егер есепті мерзімде жоғарылау болса, онда жоғарылау алдындағы мерзімде есептелген орташа еңбекақы, есепті мерзімнің әрбір айының кофицинентіне көбейтеді;
2) Егер есепті мерзімнен кейін болса, онда есепті мерзімді есептелген орташа еңбекақы коэффицентіне өседі;
3)Егер жоғарылау оқиға мерзімінде болса, онда орташа еңбекақының бір бөлігі, қызметтік еңбекақы өскен күннен бастап белгіленген мерзім аяқталғанға дейін коэффиценті жоғарылайды.
Өсу коэффицентін оқиға орын алған айды белгіленген қызметтік еңбекақыны жоғарылау белгіленгенге дейін бекітілген қызметтік еңбекақыға бөлу арқылы анықтайды.
Бұл жарлық барлық жағдайда жұмысшылардың орташа еңбекақысын есептегенде еңбекақының төмендеу жағдайын болдырмау мақсатында қабылданды.
Осылайша, қызметтік белгілегенге еңбекақысы 45000 теңге болған жағдайда, орташа еңбекақыны есептеуді қарастырайық, 2007 жылғы 15 желтоқсаннан бастап жұмысшының еңбекақысын көтеру туралы жетекшілер шешімі шығарылды. 15 желтоқсаннан бастап оның белгіленген еңбекақысы 55000 теңге құрайды. 5 мамырдан бастап жұмысшының басқа лауазымға ауысуына байланысты, оның еңбекақысы 70000 теңгені құрады. 2007 жылы 10 тамызынан бастап еңбек демалысына шықты.
Кесте 5 - Жоғарылату коэффициентін ескере отырып, орташа еңбекақыны есептеу.
Есепті кезең |
Жұмыс уақытының балансына сәйкес жұмыс күндерінің саны |
Есепті мерзімде белгіленген еңбекақы, теңге |
Орташа еңбекақы есептеу тәртібі |
Еңбекақы көбейтілген жағдайда орташа есептеу жоғарылату коэффициенті ескеріле отырып жүргізілелі. |
Егер жоғарылату есепті кезеңде болса, онда жоғарылау болған мерзімнің алдындағы есептелген орташа еңбекақы, есепті мерзімінің әрбір айының коэффициентіне көбейтеді. | ||||
2008ж. Шілде |
21 |
70000 |
5 күндікте орташа еңбекақыны анықтау | |
2008ж. Маусым |
22 |
70000 |
649173тг (есепті кезеңде белгіленген еңбекақы) /12 ай / 29,58 күн (1 жылда күнтізбелік күндердің орташа саны) = 1829теңге (1 күннің орташа еңбекақысы) 24 күн (демалыс күндерінің саны) * 1829 (1 күннің еңбекақысы) = 43896 теңге (еңбек демалысына төленген төлем) |
241579 теңге(2007 ж. Тамызынан 2008 ж. 14 желтоқсанына дейінгі есепті кезеңге белгіленген еңбекақы)* 1,22(жоғарылату коэффициенті) + 407594 теңге (2008ж. 15 желтоқсаннан шілдеге дейінгі еңбекақы) =294726+407594=702320 теңге/12 ай / 29,58күн (1 жылғы күнтізбелік күндердің орташа саны) =1978 теңгені (1 күннің орташа еңбекақысы) 24 күн (демалыс күндерінің саны ) * 1978 теңге (1 күннің орташа еңбекақысы) =47472 теңге (еңбек демалысына төленетін сома.) |
2008ж. Мамыр |
21 |
60000 | ||
2008ж. Мамыр |
21 |
7857 | ||
2008ж. Сәуір |
20 |
55000 | ||
2008ж. Наурыз |
21 |
55000 | ||
2008ж. Ақпан |
20 |
34737 | ||
2008ж. Қараша |
22 |
45000 | ||
2008ж. Қазан |
20 |
45000 | ||
2008ж. Қыркүйек |
22 |
45000 | ||
Ескерту: Ұйымның мәліметтері негізінде жасақталған |
Жыл сайынғы еңбек демалысы.
Жұмысшының күнін қалпына келтіруге және демалуға қарастырылған жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын алу құқығы ҚР еңбек туралы заңының 60 бөліміне сай бекітілген.
Информация о работе Еңбекке ақы төлеу бойынша есеп айырысуды ұйымдастыру