Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2014 в 21:03, дипломная работа
Жұмысшылар мен қызметкерлердің өндірген өнімдері мен істеген жұмыстарына толтырылған алғашқы құжаттар мен жұмыс уақытының табельдері оларға еңбекақы есептеу және оны төлеу үшін ұйымның цехынан, бөлімшелерінен, бригадаларынан кәсіпорынның әкімшілігі белгілеген мерзімде бухгалтерияға келіп түседі. Еңбекақы есептеу үшін толтырылатын бұл алғашқы құжаттар мен табельдердің дұрыс толтырылуы, лауазымды тұлғалардың қолдарының қойылуы мұқият тексеріледі. Сондай-ақ бұл құжаттағы еңбек бағасының дұрыс қойылуы олардың жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеу және сыйақы есептеу қағидаларына сәйкес келуі және шифрлардың дұрыс қойылуы тексеріледі.
КІРІСПЕ...............................................................................................................3
1 ҰЙЫМДАҒЫ ӨНДІРІСТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ...................................................................5
1.1 Еңбек ақы жүйелері мен формалары............................................................5
1.2Ұйымның ұйымдық - өндірістік қызметіне сипаттама және негізгі көрсеткіштері......................................................................................................13
2 ЕҢБЕККЕ АҚЫ ТӨЛЕУ БОЙЫНША ЕСЕП АЙРЫСУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1 «СтройСервис» ЖШС еңбекақының синтетикалық және аналитикалық есебі.............................................................................................20
2.2 Еңбекақыдан ұсталынатын және шегерілетін сомалар есебі.....................................................................................................................28
2.3 Еңбекке ақы төлеудің бухгалтерлік есебінің ҚЕХС сәйкес ұйымдастырылуы...............................................................................................42
2.4. Еңбекақының талдамалы есебі...................................................................50
3. ЕҢБЕК АҚЫ ҚОРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУЫН ТАЛДАУ
3.1 Талдаудың міндеттері және оның мақсаты..........................................53
3.2 Қызметкерлермен еңбекке ақы төлеу бойынша есеп айырысуды тексеру...............................................................................................................55
3.3 Еңбекті пайдаланудың тиімділігін талдау.............................................62
ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................69
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................71
КІРІСПЕ.......................
1 ҰЙЫМДАҒЫ
ӨНДІРІСТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯЛЫҚ
СИПАТТАМАСЫ...................
1.1 Еңбек
ақы жүйелері мен формалары....
1.2Ұйымның
ұйымдық - өндірістік қызметіне сипаттама
және негізгі көрсеткіштері.................
2 ЕҢБЕККЕ АҚЫ ТӨЛЕУ БОЙЫНША ЕСЕП АЙРЫСУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1 «СтройСервис»
ЖШС еңбекақының синтетикалық және аналитикалық
есебі.........................
2.2 Еңбекақыдан
ұсталынатын және шегерілетін сомалар
есебі.........................
2.3 Еңбекке
ақы төлеудің бухгалтерлік есебінің ҚЕХС
сәйкес ұйымдастырылуы................
2.4. Еңбекақының
талдамалы есебі.........................
3. ЕҢБЕК АҚЫ ҚОРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУЫН ТАЛДАУ
3.1 Талдаудың
міндеттері және оның мақсаты.......................
3.2 Қызметкерлермен
еңбекке ақы төлеу бойынша есеп айырысуды
тексеру.......................
3.3 Еңбекті
пайдаланудың тиімділігін талдау........................
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................
КІРІСПЕ
Диплом жұмысының өзектілігі.Қазіргі экономикалық жағдайда әрбір ұйымның қызмет ету процесіне нарықтық қатынастарға қатысушы мүдделі тұлғалар үлкен көңіл аударатыны белгілі. Сол себепті олар есеп мәліметтеріне сүйене отырып, ұйымның қаржылық жағдайын бағалауға ұмтылады.
Бухгалтерлік есеп нарықтық экономика жағдайында ұйым жөнінде жан-жақты қамтылған ақпарат алудың бірден-бір көзі болып табылады. Оның көмегімен ұйымның төлем қабілеттілігін, өндірістік қызметінің тиімділігі мен табыстылығын, даму перспективаларын сипаттауға мүмкіндік мол.
Нарық қатынастарының дамуымен бірге әртүрлі меншік нысанындағы еңбекке ақы төлеу мәселесі де басты орынға шықты.
Еңбек ақы – жұмысшының көлемі мен сапасын көтеруге мүдделілігін арттырудағы ең басты құрал. Ол күрделі экономикалық қарым – қатынастардың жиынтығын сипаттайды. Айталық, біріншіден, бұл – жұмысшы мен жалпы қоғам арасындағы қарым – қатынас. Еңбек ақы төңірегіндегі, ең төменгі жалақы мөлшерін белгілеу, ұжымдық келісім – шартты бекіту секілді мемлекеттік саясаттың қажеттілігі, яғни мемлекеттік реттеу қызметі. Екіншіден, еңбек ұжымы мен құрылыс ұйымы арасындағы қарым – қатынас, басқаша айтқанда, еңбек ақы мөлшерінің құрылыс ұйымының қаржы – шаруашылық есебімен тығыз байланыстылығы.
Еңбек ақының мәні, оның қызметімен анықталады, ол жұмысшының материалдық және мәдени қажеттілігін қанағаттандыру үшін жеткілікті болуы тиіс.
Бұрынғы Кеңес тұсындағы жоспарлы – бөлу жүйесі, тарифтік стафкаларды бекітудің директивті тәсілі нарықтық экономика жағдайында еңбек ақының арақатынасын реттеуге қабілетсіздігін байқатты.
Экономикасы дамыған елдердің тәжірибесін зерттеу, еңбек ақыны нарықтық реттеудің механизмі өзіне келесілерді қамтитынын көрсетті:
- Еңбек келісім шартын бекіту кезінде барлық мүдделі тараптардың мүддесін толық көрсетуге мүмкіндік беретін көп деңгейлі ұжымдық – келісім шарттық жүйені;
- Жеке табыс салығын реттеудің салықтық жүйесін, сондай-ақ жұмыс берушінің жұмыс күшіне жұмсайтын шығындарын;
- Еңбекке ақы төлеудің жекелеген шарттарын ең төменгі кепілдік жалақы түрінде мемлекеттік реттеу;
Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы. Қазіргі жағдайда жұмысшыларға еңбек ақы төлеу нысаны, жүйесі мен мөлшері, сонымен қатар басқа да табыс түрлері құрылыс ұйымының шешімімен белгіленеді. Бірақ, кәсіпорындар, меншік түрі мен ұйымдық – құқықтық нысанына қарамастан, міндетті түрде, еңбекке ақы төлеудің ең төменгі мөлшерін және жұмысшыларды әлеуметтік қорғаудың заңмен бекітілген шарттарын қамтамасыз етуі тиіс.
Кәсіпорында еңбек ақы төлеуді оптималды ұйымдастыру. Қызметкерлермен еңбек ақы бойынша есеп айырысу еңбектің жақсы көрсеткіштеріне жету, еңбек тиімділігін арттыру, барлық ресурстарды тиімді пайдалану және өндіріс тиімділігін арттыру – экономиканы ынталандыру шаралары болып табылады. Есеп, еңбек тиімділігін арттыру және өнімнің өзіндік құнын азайтуға ықпал етеді.
Диплом жұмысының мақсаты ұйымдағы еңбекке ақы төлеу бойынша есеп айырысудың ұйымдастырылуын зерттеу, қолданыстағы еңбек ақы нысаны мен жүйелерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін талдау болып табылады. Жоғарыда аталған мәселелер диплом жұмысының тақырыбының өзектілігін анықтайды.
Осы мақсатқа қол жеткізу үшін келессі міндеттер өз шешімін табуы керек:
Алға қойылған міндеттерді шешу үшін ЖШС «СтройСервис»-нің 2007-2008 жылдардағы есеп мәліметтері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп саласындағы нормативтік – құқықтық ақпараттары, арнайы әдебиеттер пайдаланылды.
Зерттеу пәні еліміздің ХҚЕС-на көшуіне байланысты еңбекақы есебінің дұрыс ұйымдастырылуы, заңдылықтары мен дамыту жолдары болып табылады.
Зерттеу обьектісі жаһандану жағдайындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылық нәтижесіне әсер ететін еңбекақы есебі процесі мен оған әсер ететін факторлар болып отыр.
Диплом жұмысының теориялық – методологиялық негізі болып мен диплом жазарда көптеген әдебиеттер қолдандым. Соның ішінде атап айтсам «Бюллетень бухгалтері» журналы, «Бухгалтерлік және қаржылық есеп қағидалары» кітабы және т.с.с. ҚЕХС сай түрлі қазақ, орыс тіліндегі журналдар, кітаптар, брошуралар және т.с.с. қосымша материалдар.
1 ҰЙЫМДАҒЫ ӨНДІРІСТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Еңбек ақы жүйелері мен формалары
Жұмысшылар мен қызметкерлердің өндірген өнімдері мен істеген жұмыстарына толтырылған алғашқы құжаттар мен жұмыс уақытының табельдері оларға еңбекақы есептеу және оны төлеу үшін ұйымның цехынан, бөлімшелерінен, бригадаларынан кәсіпорынның әкімшілігі белгілеген мерзімде бухгалтерияға келіп түседі. Еңбекақы есептеу үшін толтырылатын бұл алғашқы құжаттар мен табельдердің дұрыс толтырылуы, лауазымды тұлғалардың қолдарының қойылуы мұқият тексеріледі. Сондай-ақ бұл құжаттағы еңбек бағасының дұрыс қойылуы олардың жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеу және сыйақы есептеу қағидаларына сәйкес келуі және шифрлардың дұрыс қойылуы тексеріледі. Тексеріліп болғаннан кейін бұл құжаттар бойынша кәсіпорынның жұмысшылары мен қызметкерлеріне еңбекақы есептеледі.
Жұмысшылар мен қызметкерелерді жұмысқа қабылдау кәсіпорын басшысының бұйрғы бойынша жүзеге асырылады. Әрбір еңбеккер үшін жеке карточка толтырылады. Жеке карточкада еңбеккердің аты-жөні, туған жері мен мерзімі, қызметке тағайындалу жөнінде, орын ауыстыру жөнінде, кезекті еңбек жиналысы кезінде мәліметтер көрсетіледі. Кәсіпорын басшысы бекіткен штаттық кесте еңбеккерді жұмысқа қабылдауға негіз болады. Штаттық кесте (1-қосымша) және қатаң белгіленген оклад немесе тарифтер бойынша еңбеккерге еңбекақы есептеледі. Жұмыс уақытын реттеу заң бойынша бекітілген аптасына қырық сағаттық мөлшерден артпауы қажет. Мейрам күндерінің қарсаңында жұмыс күнінің ұзақтығы 1-2 сағатқа қысқартылады. Кезекті еңбек демалысына кеткен еңбеккердің жұмыс орны және орташа жалақысы сақталады. Кезекті еңбек демалысына жіберу кәсіпорын басшысының бұйрығы негізінде жүзеге асырылады және бұл құжат еңбек демалысына ақы төлеуге негіз болады. Кезекті еңбек демалысы 18 күнтізбелік күндерден кем болмауы қажет, ал босануына байланысты әйел адамдарға босанғанға дейін 70 күн, кейін 56 күн еңбек демалысы беріледі.
Жұмысшылар жұмыстан босатылған кезде жұмыстан босауына байланысты бір апталық орташа жалақыдан кем емес мөлшерде төленеді. Кәсіпорын жұмыс уақытын есепке алу, жұмысшылардың санын бақылау мақсатында жұмыс уақыты есебінің табелі толтырылады. Табель бойынша жұмысшыларға еңбекақы есептеледі. Әрбір жұмысшыға табельдік нөмір беріледі және ол басқа барлық құжаттарда көрсетіледі. Сонымен қатар еңбекақы карточный счет (2-қосымша) арқылы да беріледі және ол төлем талап тапсырмасы арқылы жүзеге асады. Кәсіпорын басшысы мамандар үшін басқа барлық құжаттарда көрсетіледі. Басшы мамандар үшін кадрлар есебі жөнінде жеке іс-қағазы толтырылады. Еңбекақы есептеу негізгі құжаттарда бірінші есептеу ведомосі, екінші есептеу-төлеу (3-қосымша) ведомостінде жүргізіледі.
Еңбек пен еңбекақы есебінің негізгі міндеттері:
Сонымен қатар еңбек пен еңбекақы есебін ұйымдастыруды одан әрі жетілдіру үшін мынадай жағдайлар қажет:
Жалпы жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелетін еңбекақы негізгі және қосымша деп екіге бөлінеді.
Негізгі еңбекақы – жұмысшылар мен қызметкерлердің нақтылы жұмыста болған уақытына, яғни олардың істеген жұмысына, атқарған қызметіне төленеді. Негізгі еңбекақыға мына төменде аталғандар жатады:
Еңбекақының жүйелері мен
нысандарын 1-схемадан көруге болады.
Кәсіпорындарда еңбекақы төлеуді оңтайлы ұймдастыру қызметтердің және еңбектің нәтижелерін ынталандыруға, өнімнің рентабельділігін және пайдалылығын, дайн өнім және еңбек нарығының бәсекеге қабілеттілігін қамтуға мүмкіндік береді.
Сызба-1 Еңбекақы нысандары
Өндіріс пен құрылыста халық шаруашылығының басқа да салаларында еңбекақы есептеудің және оны төлеудің мерзімді және кесімді деп аталатын екі нысана қолданылады.
1. Мерзімді еңбекақы. Мерзімді еңбекақыға
жұмысшылар мен
Информация о работе Еңбекке ақы төлеу бойынша есеп айырысуды ұйымдастыру