Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2014 в 21:03, дипломная работа
Жұмысшылар мен қызметкерлердің өндірген өнімдері мен істеген жұмыстарына толтырылған алғашқы құжаттар мен жұмыс уақытының табельдері оларға еңбекақы есептеу және оны төлеу үшін ұйымның цехынан, бөлімшелерінен, бригадаларынан кәсіпорынның әкімшілігі белгілеген мерзімде бухгалтерияға келіп түседі. Еңбекақы есептеу үшін толтырылатын бұл алғашқы құжаттар мен табельдердің дұрыс толтырылуы, лауазымды тұлғалардың қолдарының қойылуы мұқият тексеріледі. Сондай-ақ бұл құжаттағы еңбек бағасының дұрыс қойылуы олардың жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеу және сыйақы есептеу қағидаларына сәйкес келуі және шифрлардың дұрыс қойылуы тексеріледі.
КІРІСПЕ...............................................................................................................3
1 ҰЙЫМДАҒЫ ӨНДІРІСТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ...................................................................5
1.1 Еңбек ақы жүйелері мен формалары............................................................5
1.2Ұйымның ұйымдық - өндірістік қызметіне сипаттама және негізгі көрсеткіштері......................................................................................................13
2 ЕҢБЕККЕ АҚЫ ТӨЛЕУ БОЙЫНША ЕСЕП АЙРЫСУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1 «СтройСервис» ЖШС еңбекақының синтетикалық және аналитикалық есебі.............................................................................................20
2.2 Еңбекақыдан ұсталынатын және шегерілетін сомалар есебі.....................................................................................................................28
2.3 Еңбекке ақы төлеудің бухгалтерлік есебінің ҚЕХС сәйкес ұйымдастырылуы...............................................................................................42
2.4. Еңбекақының талдамалы есебі...................................................................50
3. ЕҢБЕК АҚЫ ҚОРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУЫН ТАЛДАУ
3.1 Талдаудың міндеттері және оның мақсаты..........................................53
3.2 Қызметкерлермен еңбекке ақы төлеу бойынша есеп айырысуды тексеру...............................................................................................................55
3.3 Еңбекті пайдаланудың тиімділігін талдау.............................................62
ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................69
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................71
2 жыл қатарынан жыл сайынғы
еңбек демелысын бермеуге
Жыл сайынғы еңбек демалысына төлем немесе пайдаланылмаған еңбек демалысының өтемақысы үшін 1 күннің орташа еңбекақысы есепті кезеңде белгіленген еңбекақы сомасынан анықталады.
Еңбек демалысына немесе пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақылық төлемі үшін 1 күннің өтемақылық орташа еңбекақысы есептелінеді:
- егер есепті кезеңде жұмыс толық атқарылған жағдайда, есепті кезеңге белгіленген еңбекақы сомасын 12- ге және 1 жылдың күнтізбелік күндерінің орташа айлық саны.
Еңбек демалысының төлемдерін есептеудің мысалын қарастырайық.
Жұмысшы алдыңғы 2 жұмыс жылы үшін 2008 ж. 15 тамыздан бастап еңбек демалысына шығады. Ұйысның коллективтік шартына сәйкес еңбек демалысы 28 күнтізбелік күні бекітілді. 2007 ж. 15 тамызынан 2008 ж. 15 тамызы аралығындағы есепті кезең толық атқарылған, сонымен қатар ол 2008 ж. Ақпанның 1- і мен 14- і аралығында іссапарда болған. Есепті кезеңде жұмысшыға 320000 теңге көлемінде еңбекақы сомасы белгіленді, соның ішінде 13000 теңге іссапарда болғаны үшін.
Түсіндірменің 5-ші бөліміне сәйкес есепті кезеңде есептелген еңбекақы сомасында уақыт және нұсқаулықтың қосымшасында қарастырылған төлемдер (орташа еңбекақыны есептегенде ескерілмейтін төлемдер тізімі). Сонымен қатар еңбек заңына сәйкес жұмысшының орташа еңбекақысы төленетін немесе сақталатын жағдайда, еңбек демалысына төлемдер мен жұмыс атқаралмаған уақытқа төленетін басқа да төлемдермен байланысты салалар ескерілмейді, қызметтік іссапарда сақталатын орташа еңбекақыны қоспағанда. Осылайша берілген жағдайда бір күннің орташа еңбекақысын есептегенде 13000 теңгені ескермеуге болмайды және еңбек демалысының төлемдері де келесідегідей болады:
(320000 теңге:12 ай: 29.58 күн)*56 күнтізбелік күн =50484,56 тг.
29,58 күнтізбелік күн саны (2008 ж. күнтізбелік күндерінің орташа саны).
Жұмысшы жұмыс берушіге 1 жыл толық жұмыс істемей жеке еңбек келісімі бұзылған жағдайда, пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақы мөлшері,жұмысшының жұмыстан шығып қалуының алдындағы айларда жұмыс атқарғаны үшін белгіленген сомадан есептеледі. Еңбек демалысына немесе пайдаланылмаған еңбек демалысының өтемақыларына арналған 1 күннің орташа еңбекақысы:
-егер есепті кезеңде жұмыс толық атқарылмаған жағдайда, есепті кезеңде атқарылған жұмысқа белгіленген еңбекақы сомасын осы жұмыс атқарылған уақытша сәйкес келетін күнтізбелік күндкрдің санына бөлу арқылы есептейді. Жұмысшының пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақы сомасы 1 күнннің еңбекақысын төлуге тиісті күндердің санына көбейту арқылы табылады.
Есептеу жүргізгенде келесі нормаларды ұстанамыз:
- есепті кезеңде ҚР заңнамасымен бекітілген мейрам күндері ескерілмейді, демек наурызда 31 күнтізбелік күн емес, 29 күн деп есептеу керек. (8-Наурыз - халықаралық әйелдер күні және 22 Наурыз – Наурыз мейрамы. – мерекелік күндер.);
-ауырған күндер де есепті кезеңде есептелмейді, яғни ақпан айында 28 күн емес, 19 күн болуы мүмкін;
Бір күннің орташа еңбекақысын анықтау:
(150 000 теңге – 12000 теңге) : 136 күнтізбелік күн = 1014,71 теңге.
Пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақы сомасы:
1,014,71 теңге * 7,4 күн = 7.508,85 теңгені құрайды.
Осылайша «КамСтройСервис» ЖШС жұмысшыларға еңбекақы есептеу өзіне, штаттық кестеге сәйкес белгіленген төлем мен қосымша еңбекақының басқа да түрлерін (түнгі уақыттағы жұмыс, жоспардан тыс жұмыс, демалыс және мейрам күндеріндегі жұмыс, лаузымды біріктірген кездегі және уақытша жұмыста жоқ адамдардың міндеттерін орындағанда берілетін төлемдер, жыл сайынғы еңбек демалысы мен өтемақыны төлеу). Қосымша еңбекақы төленген жағдайда, орташа еңбекақыны есептеудің заңда бекітілген ережелері қолданылады.
2.2 Еңбекақыдан ұсталынатын және шегерілетін сомалар есебі
Жұмысшыларға еңбек ақыны ұйым салықты төлегеннен кейін бірінші кезекте жүзеге асырылады.
Еңбек ақы ұйымда қабылданған ережеге сай нысанда және жүйеде төленеді. Еңбек ақы нақты атқарылған уақытқа немесе сағатқа тарифтік ставкаға сәйкес есептеледі.
Еңбек ақы есебінің маңызды элементі болып оның техникалық мөлшерленуі, яғни еңбектің күрделілігіне, жұмысшылар мен қызметкерлердің мамандықтары дәрежесіне қарай жұмыстың әр түріне кететін жұмыс уақытының мөлшерін анықтау болып саналады. Жұмыстың күрделілігіне қарай еңбекақының мөлшері тарифтік жүйеде қаралады. Тариф жүйесінің негізгі элементтері болып мыналар табылады:
1.Тарифтік кесте;
2.Тарифтік еңбекақы мөлшері;
3.Тарифтік мамандық
Осыларға негізделіп жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақы мөлшерініңүлгілі кестесі жасалынады. Тариф жүйесінің көмегімен жұмыстың барлық түрі күрделілігіне және көп еңбек сіңіруі қажет екендігіне қарай топтастырылады және жұмысшы қызметкерлердің мамандық дәрежесіне қарай оларға тариф бойынша әр түрлі еңбекақы мөлшері белгіленеді. Тарифте мамандықтар бойынша өндірістің қай саласында болмасын негізгі жұмыстың әрбір түріне, жұмыстың күрделілігімен қаншалықты еңбек етуіне керекті ұқыптылық пен жауапкершілікке қарай берілген разрядтар көрсетіледі. Сонымен қатар тарифте әрбір атқаратын жұмыстың нақты түріне мінездеме беріледі және жұмысшылар мен қызметкерлердің өзіне берілген разрядқа ие болмауына керекті еңбек дағдысы мен біліміне де мінездеме береді.
Тарифтік кесте - жұмысшылар мен қызметкерлердің әрбір топтарының арасында төленуге тиісті еңбек ақы осы өндіріс саласында өте қарапайым және жеңіл бірінші дәрежелі болып саналатын жұмысқа төленетін мөлшерде бекітіледі. Жоғары дәрежелі еңбекке төленетін еңбекақы бірінші дәрежелі еңбекке төленетін мөлшері мен осы қарастырып отырған дәрежелі еңбектің ара – қатынасының тарифтік коэффицентін, бірінші дәрежелі еңбекке төленетін еңбекақы мөлшеріне көбейту арқылы анықталады.
Тарифтік кестеде тарифтік еңбекақы жұмыстың түріне қарап кесімді және мерзімді еңбекақы болып екіге бөлінеді.
Тарифтік мерзімдік еңбекақы мөлшері бір сағатқа белгіленеді. Кесімді еңбек бағасы белгілі тарифтік баға бойынша бір сағатта и белгіленген немесе бір сағатқа тиісті еңбекақы мөлшерін сол сағатта өндірілген өнім көлеміне, орындалған жұмыстың мөлшеріне бөлу арқылы табылады немесе бір өнімге кеткен уақытқа көбейту арқылы табылады. Уақыт мөлшерімен өндірілетін өнім мөлшері, көлемі, барлық өндіріс саласында техникалық мөлшерлеу процесін жүргізу кезінде анықталады.
Айлық төлем кезінде еңбек ақы жұмысшыларға штаттық кестеде бекітілген окладқа сәйкес және жұмысқа нақты келген күніне сай есептеледі. Мерзімді еңбек ақының мұндай түрі окладтық жүйе деп аталады. Осылайша, ұйымда инженерлік – техникалық қызметкерлер мен жұмысшыларға жалақы төленеді.
Есептелген жалақы сомасы жұмысшының қолына толық берілмейді. Алдын ала одан әртүрлі шегерімдер мен ұстымдар жасалынады.
Бұл шегерімдер мемслекеттік деңгейдегі заңдылықтар мен жұмысшылардың тікелей жазбаша өтініші бойынша ғана жүзеге асырылады. Осыған сәйкес ұйымның есеп – қисап бөлімі барлық ұсталынған шегерімдерді бағыты бойынша аударады. Қолданыстағы шегерімдерді екі топқа бөлуге болады: міндетті, барлық жұмысшылар үшін бірдей міндетті және жеке, тек кейбір жұмысшылар үшін кей кезеңдерге қолданылады.
Міндеттіге табыс салығы мен міндетті зейнетақы қорына аударымдар жатады.
Жалдамалы жұмысшылардың еңбегін пайдаланып заңды тұлғалар, сондай – ақ жеке кәсіпкерлер, адвокаттар мен жеке нотариустар ай сайын жұмысшылардың табысынан міндетті зейнетақы жарнасын есептеп, ұстап, жинақтаушы зейнетақы қорларына аударып отырулары керек. Міндетті зейнетақы жарнасын төлеуден зейнеткер жасына жеткен тұлғалар босатылады.
Жинақтаушы зейнетақы қорымен есеп айырысулар 3220 «Жинақтаушы зейнетақы қорымен есеп айырысулар» шотында есепке алынады.
Міндетті зейнетақы жарналарын жинақтаушы зейнетақы қорына төлеушілер болып ұйымның жұмысшылары саналады. Бұл аударымдардың ең төменгі мөлшері еңбек ақыдан 10 пайыз көлемінен төмен болмауы тиіс.
Зейнетақы қорына аударылатын жанрлар жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек ақысынан салықтарды ұстап қалғанға дейін олардың табыстарының барлық түрлерінен 10 пайыз мөлшерінде ұсталады. Барлық жарна төлеушілер жанрларды ай сайын еңбекақы төлеу мерзімі ішінде аударулары тиіс, бірақ келесі айдың 10 – нан кеш қалмауы керек.
Міндетті зейнетақы жарнасы
есептелген кезде 3350 «Қызметкерлермен
еңбек ақы бойынша есеп айырысу» шоты
дебеттеліп, 3220 «Жинақтаушы зейнетақы
қорымен есеп айырысулар» шоты кредиттеледі,
зейнетақы сомасы жинақтаушы зейнетақы
қорына аударылған кезде 3220 шоты дебеттеліп,
1040 шоты кредиттеледі.
Ұйымда жұмысшылардың салық салынатын табыснан, ең алдымен, жинақтаушы зейнетақы қорына 10 пайыз мөлшерінде зейнетақы жарнасы, содан кейін Салық кодексінің 145 бабындағы ставкаға сәйкес табыс салығы ұсталынады.
Жекеге мына ұсталымдар жатады:
-Заң, сот органдарының үкім қағазы бойынша ұсталатын ұсталымдар (алимент, айыппұл және т.б.).
-Несиеге сатып алған тауарлары үшін міндеттелген сома.
-Әрбір жұмысшының және қызметкердің жазбаша өтініші бойынша сақтандыру жарнасы.
-Ұйымға келтіріген зиянды өтеу үшін төлемдер.
Заң, сот органдарының үкім қағазы бойынша ұсталатын ұсталымдар 3210/1 «Үкімдік қағаздар бойынша есеп айырысу» шотына ұйымдастырылады. ҚР заңнамасына сәйкес «КамСтройСервис» ЖШС жұмысшылардың еңбекақысынан келесі ұстанымдар мен шегерілімдер жасалады:
ҚР азаматтарын зейнетақымен қамтамасыз ету туралы заңына сәйкес азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз ету жүргізіледі. Зейнетақы төлеудің негізі болып, еңбекақының белгіленген мөлшерінде кәсіпорындар аударымдар жасайды. Әрбір жұмысшыға жеке әлеуметтік код берілуі керек, ол: жеке шоттарда аккумуляцияланатын құралдардың көлемін жүргізу есебінде, зейнетақы жинақтау қорларындағы жеке зейнетақы шоттары есебі үшін, әрбір салымшының өзінің жеке зейнетақы төлемдерінің бақылауды қамтамасыз ету үшін қолданылады.
«ҚР зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» заңына сәйкес кәсіпорындар жұмысшылары төлеушілер болып табылады. Зейнетақы төлеудің негізгі көзі болып табылатын, жұмысшы еңбекақысының 10 % көлемінде төленетін жинақтаушы зейнетақы қорына төлемдерді жұмыс беруші жүргізеді. Жұмыс берушілер арналған қаражаттарды ұстайды және ауыстырады.
Жеке табыс салығымен есеп айырысқанда зейнетақы аударымдары салық салынатын табыстан шегеріледі (түзету енгізілгенге дейін).
Міндетті зейнетақы аударымдарынан босатылатын төлемдердің заңдық тізімі:
- пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақы;
- жұмыстан шығарылғанда, штат қысқарылғанда, кәсіпорынның жабылуымен немесе қайта құруға байланысты берілетін демалыс жәрдемақылары;
- берілген арнайы
киімнің, арнайы аяқ – киімнің
және жеке қорғаныс
- жұмысының денсаулығына келтірген залалдың орнын толтыруға төлемдер;
- бала туылғанда, ақылы
медициналық операция
- жұмысқа қабілетсіз күндерге төлемдер;
- қызметтік
іссапар уақытындағы
- штаттық қысқарту
мен кәсіпорынның жойылу немесе
қайта құрылуымен жұмыстан босатылған
тұлғаларға жаңа жұмысқа
- бағалы
қағаздардан алынатын
- заңда бекітілген мейрам күндері мен ұзақ және мүлтіксіз қызметіне байланысты мерейтойлық күндерге еңбекақы қорының есебінен берілетін біржолға мадақтау төлемдері;
Жұмысшылардың еңбекақысынан жинақтаушы зейнетақы қорына аударылатын төлемдер бухгалтерлік жазуда былай көрсетілген:
Дт 3350 «Қызметкерлер мен еңбекақы бойынша есеп айырысу» (3350 «Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек») Кт 3220
«Жинақтаушы зейнетақы қоры
бойынша есеп айырысу»(3220 «Зейнетақы
аурарымдары бойынша
Жеке табыс салығын төлушілер салық жылында салық салатын табысы бар жеке тұлғалар.
Табыс салығын салудың объектісі болып, жиынтық жылдық табыс пен осы үкімде қарастырылған шешімдер айырмасы ретінде есептелген салық салынатын пайда табылады.
Қазақстанда жеке табыс салығының объектісі жеке тұлғалардың табысы салынады және олар салық салу мақсатында екі топқа бөлінеді:
Табыстарды осылай бөлудің қажеттілігі, көрсетілген топтардың әрбіріне салық салудың өзіндік әдістерінің бар болуының нәтижесінде туындап отырады.
Төлем кезінде салық салынатын табыстан салық табысты төлеген кезде ұсталады. Сонымен қатар заңнама жеке табыс салығын есептеу, шегеру және бюджетке аудару міндеттерін соның агенттеріне жүктейді.
Информация о работе Еңбекке ақы төлеу бойынша есеп айырысуды ұйымдастыру