Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2014 в 21:03, дипломная работа
Жұмысшылар мен қызметкерлердің өндірген өнімдері мен істеген жұмыстарына толтырылған алғашқы құжаттар мен жұмыс уақытының табельдері оларға еңбекақы есептеу және оны төлеу үшін ұйымның цехынан, бөлімшелерінен, бригадаларынан кәсіпорынның әкімшілігі белгілеген мерзімде бухгалтерияға келіп түседі. Еңбекақы есептеу үшін толтырылатын бұл алғашқы құжаттар мен табельдердің дұрыс толтырылуы, лауазымды тұлғалардың қолдарының қойылуы мұқият тексеріледі. Сондай-ақ бұл құжаттағы еңбек бағасының дұрыс қойылуы олардың жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеу және сыйақы есептеу қағидаларына сәйкес келуі және шифрлардың дұрыс қойылуы тексеріледі.
КІРІСПЕ...............................................................................................................3
1 ҰЙЫМДАҒЫ ӨНДІРІСТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ...................................................................5
1.1 Еңбек ақы жүйелері мен формалары............................................................5
1.2Ұйымның ұйымдық - өндірістік қызметіне сипаттама және негізгі көрсеткіштері......................................................................................................13
2 ЕҢБЕККЕ АҚЫ ТӨЛЕУ БОЙЫНША ЕСЕП АЙРЫСУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1 «СтройСервис» ЖШС еңбекақының синтетикалық және аналитикалық есебі.............................................................................................20
2.2 Еңбекақыдан ұсталынатын және шегерілетін сомалар есебі.....................................................................................................................28
2.3 Еңбекке ақы төлеудің бухгалтерлік есебінің ҚЕХС сәйкес ұйымдастырылуы...............................................................................................42
2.4. Еңбекақының талдамалы есебі...................................................................50
3. ЕҢБЕК АҚЫ ҚОРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУЫН ТАЛДАУ
3.1 Талдаудың міндеттері және оның мақсаты..........................................53
3.2 Қызметкерлермен еңбекке ақы төлеу бойынша есеп айырысуды тексеру...............................................................................................................55
3.3 Еңбекті пайдаланудың тиімділігін талдау.............................................62
ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................69
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................71
Бас механик зауыттың техника, машина, құрал – жабдықтарға жауапты. Ол механикалық, техникалық қызмет көрсетуді машиналар мен құрал – жабдықтарды жөндеуге басшылық жасайды.
Нарықтық қатынастардың дамуы ұйымдардың тиімді жұмысын қамтамасыз етуді талап етеді. Зауыттың өндірістік, қаржылық қызмет түрлерінің нәтижелері әртүрлі көрсеткіштермен сипатталады. Серіктестік тиімді қызмет жүргізуі үшін еңбек, материалдық ресурстарды тиімді пайдалануды қамтамасыз етуі қажет, ғылыми – техникалық прогресс жетістіктерін енгізуді, бейімді өндірісті құруды, тұтынушылар тапсырысына икемделуді қамтамасыз етуі қажет. Серіктестіктің қолда бар ресурстарын тиімді, үнемді, ұқыпты пайдалану оның табысты қызметіне тікелей әсер етеді.
Темір – бетон құрастыру зауыты бойынша негізгі құралдардың жалпы сомасы 28290 мың теңге, оның ішінде жоғары үлесті ғимараттар мен құрылыстар алады - 73.1%, бірлестік құрылғылар – 7.8%, машиналармен жабдықтар – 10.8%, көлік құралдары - 7.3%.
Негізгі құралдардың зерттеу жүргізіліп отырған жылғы тозу коэффициенті 43.8% құрады. Осы жылғы құрылыс монтаж жұмыстарының және бұйымдарды өткізудің көлемі 57322.4 мың теңгені көрсетіп отырса, қор қайтарымы 2.02 теңгеге, қор сыйымдылығы 0.49 теңгеге тең болып, зауытта негізгі құралдардың пайдалануы тиімділігінің жоғары екендігін байқатып отыр.
ЖШС «КамСтройСервис» серіктестігінде қызметкерлермен жұмысшылардың жалпы саны 113 адам, оның ішінде өндіріс жұмысшылар - 99, әкімшілік қызметкерлері – 14. зауыттың өндіріс ырғағының бірқалыпты жүруіне жыл мезгілдерінің ықпалы едәуір. Қыс айларында зауыт ұсынатын бұйымдар мен көрсететін қызмет түрлеріне сұраныстың төмендеуіне байланысты, қызметкерлер мен жұмысшылар ақысыз демалыстарға шығуға мәжбүр. Ал сұраныстың қайта жоғарлауымен қатар зауыт жұмысы да жанданады.
Сонымен қатар, серіктестіктің өндірістік қызметінің жалпы сипаттамасын алу үшін негізгі технико – экономикалық жағдайын бейнелейтін көрсеткіштер жүйесіне кешенді баға беру қажет, олардың қатарына- өткізілген өнім және орындалған жұмыс көлемі, өткізілген өнімнің өзіндік құны, өндірістік әлеуетті қамтамасыз етілу деңгейі, пайдаланылу тиімділігі, еңбек ақы қоры, орташа айлық жалақы, табыс көлемі, табыстылық деңгейі, т.б. көрсеткіштерді жатқызуға болады. Серіктестіктің негізгі экономикалық көрсеткіштері кесте 5-те берілген.
Кесте 5-нің мәліметтері көрсетіп отырғандай, негізгі құралдардың орташа жылдық құны 2007 жылмен салыстырғанда 21%-ға көтерілген, бұған 2876.4 мың негізгі құралдардың сатып алынуы ықпал етеді.
Кесте 3 - ЖШС «СтройСервис» қаржы – шаруашылық қызметінің технико – экономикалық көрсеткіштері
№ № |
Көрсеткіштер |
Жылдар |
Ауытқу 2008-2007жж. | ||
2007 |
2008 |
+,- |
% | ||
1 |
Негізгі құралдардың орташа жылдық құны, мың теңге |
23718 |
28704 |
+4986 |
+21 |
2 |
Ағымдағы активтердің орташа жылдық құны, мың теңге |
34588.5 |
24528 |
-10060.5 |
-29.1 |
3 |
Оның ішінде: Дебиторлық қарыздар |
23296 |
14622 |
-8674 |
-37.2 |
4 |
Кредиторлық қарыздардың орташа жылдық құны, мың теңге |
29460.5 |
43689 |
+14228.5 |
+48.3 |
5 |
Еңбекке ақы төлеу қоры, мың теңге |
15116 |
20046 |
+4930 |
+32.6 |
6 |
Орташа тізімдік жұмысшылар саны, адам |
102 |
113 |
+11 |
+10.7 |
7 |
Өнімдерді (жұмыс, қызмет) өткізуден түскен табыс, мың теңге |
57322 |
80146 |
+22824 |
+39.8 |
8 |
Өткізілген өнімдердің (жұмыс, қызмет) өзіндік құны, мың теңге |
54007 |
72673 |
18666 |
+34.6 |
9 |
Кезең шығындары, мың теңге |
6311 |
3185 |
-3126 |
-49.5 |
10 |
Таза табыс(залал), мың теңге |
91 |
701 |
+610 |
7 есе |
11 |
Қор қайтарымдылығы, теңге |
2.0 |
3.4 |
+1.4 |
+70 |
12 |
Қор сыйымдылығы, теңге |
0.5 |
0.3 |
-0.2 |
-40 |
13 |
Өткізу рентабельділігі, % |
0.2 |
0.9 |
+0.7 |
4.5 е |
Ескерту: Ұйымның мәліметтері негізінде жасақталды |
Орындалған жұмыс көлемі мен өткізілген өнім көлемі өткен жылға қарағанда 22824.0 мың теңгеге немесе 39.8%-ға көбейді. Дегенмен есепті жылы сұраныстың аз болуына байланысты, орындалған жұмыс көлемі небәрі 41092.7 мың теңгені, темір – бетон бұйымын өткізу көлемі 23214.0 мың теңгені құраған. Жұмыс көлемі мен темір – бетон бұйымдарын өткізу көлемінің жоғарылауына байланысты, өткізілген өнімнің (жұмыс) өзіндік құны 18666 мың теңгеге немесе 34.6%-ға өскен.
Жұмысшылар саны серіктестікте 11 адамға жоғарылаған, еңбекке ақы төлеу қоры жылдан жылға артып отыр. Егер 2007 жылы 15116 теңгені құраса, 2008 жылы 20046 теңгеге тең, яғни 4930 мың теңгеге немесе 32.6%-ға артқан.
Серіктестік рентабельді болып табылады. Зерттеліп отырған жылдары табыспен қорытындылаған, 2007 жылғы рентабельділік деңгейі – 0.2%, 2008 жылы 0.9%.
2007 жылғы 1 қаңтардан бастап, Қазақстан Республикасының ұйымдары қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына көшіп, соған сәйкесті қаржылық есептілікті тапсыруға міндетті. Бір жағынан алып қарағанда, бұл ұйымдардың есепке алу жүйелерімен саясаттарын өзгерту жөніндегі үлкен міндет болса, екінші жағынан, бұл инвесторлармен қарым – қатынастың жаңа деңгейін жасаудың мүмкіндігі болып табылады.
Ұйымдарда бұл жүйеге көшудің қиыншылықтары сол, олар уақытпен шектеліп қана қоймай, салықтық бухгалтерлік және басқарушылық есептен басқа төртінші есеп жүйесі болып табылады.
Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына көшумен қатар қосымша міндеттер туындайды. 2004 жылы ҚЕХС жөніндегі комитет активтер мен міндеттемелерді рыноктік бағалауды көбірек пайдалануға, сондай-ақ есеп стандарттарын US GAAP –пен үйлестіруге бағытталған бірқатар өзгерістерді іске асырда. Нәтижесінде ұйымдардың бірқатар шаруашылық шарттарын, материалдық емес активтерді тану жөніндегі ҚЕХС бойынша есеп саясатын қайта қараулары тиіс.
Ұйым есеп саясатын қайта қараған кезде ҚЕХС №8 «Есеп саясаты, есептік бағалаулардың өзгерістері және қателіктері» IAS есеп саясатын басшылыққа алып, ондағы таңдау және өзгерту критерилерін, сондай – ақ есептік бағалаулар мен қателіктердің есеп мәліметтеріне ықпалы туралы ақпараттарды ашып көрсету жөніндегі талаптарды белгілейді.
Есеп саясаты туралы ақпаратты ашып көрсету жөніндегі талаптар 1 – «Қаржы есептілігін ұсыну» IAS-та белгіленген. Оны қолдану аясы мыналарды қамтиды:
- Есеп саясатын таңдау немесе оны өзгерту;
- Есептік бағалауларды өзгерту;
- Алдыңғы есептік кезеңдерде жіберілген қателіктерді түзету;
Есеп саясаты өз құрылымы мен мазмұндық нысаны бойынша үш дәстүрлі бөлімнен тұрады:
«Жалпы ережелер» бөліміне мыналарды енгізген жөн:
- ұйым туралы жалпы мәліметтер;
- қаржылық жағдайлар, қызмет нәтижелері және ұйымның қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы шынайы ақпаратты қалыптастырудың қамтамасыз етілуі оның есеп саясатының негізгі мақсаты;
- таңдап алынған есеп саясаты арқылы қаржы есептілігінің халықаралық қаржы есептілігінің барлық тараптары мен түсіндірмелер жөніндегі тұрақты комитеттің түсіндірмелеріне жекелей, сондай - ақ жиынтық түрінде сәйкестігін қамтамасыз етуге тырысуды көрсету.
«Әдістемелік бөлім» ақпаратты қаржы есептілігінде көрсетудің ҚЕХС ұсынатын таңдаулы баламаларға орай нақты тәсілдерін қамтуға тиіс. Меніңше, егер басқаша жасаудың ерекше негіздемелері болмаса, есеп саясатын ҚЕХС бойынша бірінші рет қалыптастыратын ұйымдарға «негізгі» (ұсынылатын) жол бойынша жүргені дұрыс. ҚЕХС көшумен қатар әр түрлі қиыншылықтар кездесетіні сөзсіз, мәселен, материалдық емес активтердің, зерттеу, әзірлеу, өндірісті игеру және т.б. шығындрының әлі бола қоймаған амортизациясын есептеу нормалары мен тәсілдерін анықтау барынша күрделі болып келуі мүмкін, мұндай қиыншылықтар таяу болашақта да болатыны түсінікті. Сондықтан біріншіден, есеп саясатында оқиғалардың барлық өрбу жағдайларын және бухгалтерлік қадағалау объектілерін алдын – ала болжап білуге тырысудың керегі жоқ. ҚЕХС егжей-тегжейлі рәсімдерге емес принциптерге сүйенеді, ал екіншіден, жаңадан пайда болған бухгалтерлік қадағалау объектісін есепке алудың нақты тәсілін есепке қабылдау сәтінде тек 1 қаңтардағы жағдайды емес, жыл ортасында да анықтай беруге болады. Бұл факті есеп саясатының өзгерісі емес, толықтырулары ретінде танылады, сондықтан халықаралық стандарттарға қайшы келмейді.
Өзгерістерге қатысты келетін болсақ, онда ҚЕХС ұйым операцияларының немесе ҚЕХС өзі мен оларға түсіндірмелердегі өзгерістердің сипатындағы елеулі өзгерістер болған жағдайда ғана жол береді.
2 ЕҢБЕККЕ АҚЫ ТӨЛЕУ БОЙЫНША ЕСЕП АЙРЫСУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1 «СтройСервис» ЖШС еңбекақының синтетикалық және аналитикалық есебі.
ЖШС «СтройСервис» негізгі еібекақыны есептеуді ұйымдастыру алғашқы құжаттардың негізінде жүргізіледі және жұмыс істеген уақыт есебінің негізгі құжаты табель болып табылады.
«СтройСервис» өкілдігінің жұмысшыларына еңбекақы есептеудің негізгі актісі болып фирма директорлары (1 қосымша) бекіткен штаттық кесте табылады.
«СтройСервис» ЖШС штаттық кестесіне сәйкес көлемі 520550 теңге болатын айлық жалақы қорының 9 бірлігі қарастырылған.
«СтройСервис» ЖШС барлық санаттағы жұмысшылардың жұмыс уақытын пайдалану есебі, жұмысшылардың белгіленген жұмыс уақытының тәртібін сақтауын бақылау, еңбекақы бойынша есептеу, сонымен қатар еңбек бойынша статистикалық қорытынды есеп жүргізу үшін «Жұмыс уақытының есебі табелінде» жүргізіледі. Табель 1 данада офис - менеджермен жасалады да, тиісті безендірілу жүргізілгеннен кейін, бухгалтерияға тапсырылады. Табельде жұмысқа келмеу есептері немесе толық емес жұмыс күні, жоспардан тыс жұмыс үшін және қалыпты жұмыс жағдайынан басқа да ауыртпашылықтар белгілеу тек тиісті безендірілген құжаттың (еңбекке қабілетсіздігі туралы анықтама қағаз, мемлекеттік немесе қоғамдық жұмыс атқарғаны үшін берілген анықтама) негізінде жүзеге асады. Табельдерде жұмыс уақытын пайдалану есебі, жұмысқа келгендер мен келмегендерді тіркеу әдісі арқылы немесе ауытқуларды (келмегендер, ауытқулар және т.б.) тіркеу арқылы жүргізіледі.
«СтройСервис» ЖШС барлық санаттағы жұмысшылардың жұмыс уақытын пайдалану табелі (ф№-13) мәліметтерді автоматты саралау жағдйында қолданылады. «КамСтройСервис» ЖШС еңбекақының мерзімді формасында жұмыс атқарушы тұрлғаға қызметіне байланысты еңбекақы белгіленеді де, егер ол айдың жұмыс күндерін толық атқарған болса тұрақты төленеді. Ал толық емес жұмыс күндерінде еңбекақы нақты жұмыста болған күндеріне төленеді.
«СтройСервис» ЖШС еден жуушыға 20500 теңге көлемінде еңбекақы белгіленді деп ұйғарайық. Ақпан айына еңбекақы есептейік. Ақпан айында 20 жұмвс күні яғни, 160 сағат. Егер жұмысшы ақпан айында толық жұмыс істесе, оған 20500 теңге есептеледі, егер ол 18 күн жұмыс істесе оған 18450 теңге есептеледі.
Түнгі уақыттағы жұмыс пен онымен есепайырысу «Қазақстан Республикасыеың Еңбек туралы » Заңының 48 және 73 бөлімдеріне сәйкес түнгі уақыт деп, сағат 22-00 ден таңғы 6-00 ге дейінгі уақыт саналады. Жүкті әйелдерді түнгі уақыттағы жұмысқа тарту, тек олардың келісімімен ғана жүзеге асады. Түнгі уақыттағы жұмыстың әрбір сағаты 1,5 еседен кем болмауы қажет. Түнгі уақыт жұмыс уақыты есебінің табелінде 1 айдың жиынтық көлемімен тіркеледі. Түнгі уақыттағы жұмыстың барлығы кәсіпорында белгіленген алғашқы құжатта толтырылады және кәсіпорынның коллективтік келісімінде анықталады да жоғарылатылған мөлшерде төленеді, бірақ еңбек заңында көрсетілген мөлшерден төмен болмауы керек.
Информация о работе Еңбекке ақы төлеу бойынша есеп айырысуды ұйымдастыру