Еңбекке ақы төлеу бойынша есеп айырысуды ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2014 в 21:03, дипломная работа

Краткое описание

Жұмысшылар мен қызметкерлердің өндірген өнімдері мен істеген жұмыстарына толтырылған алғашқы құжаттар мен жұмыс уақытының табельдері оларға еңбекақы есептеу және оны төлеу үшін ұйымның цехынан, бөлімшелерінен, бригадаларынан кәсіпорынның әкімшілігі белгілеген мерзімде бухгалтерияға келіп түседі. Еңбекақы есептеу үшін толтырылатын бұл алғашқы құжаттар мен табельдердің дұрыс толтырылуы, лауазымды тұлғалардың қолдарының қойылуы мұқият тексеріледі. Сондай-ақ бұл құжаттағы еңбек бағасының дұрыс қойылуы олардың жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеу және сыйақы есептеу қағидаларына сәйкес келуі және шифрлардың дұрыс қойылуы тексеріледі.

Содержание

КІРІСПЕ...............................................................................................................3

1 ҰЙЫМДАҒЫ ӨНДІРІСТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ...................................................................5
1.1 Еңбек ақы жүйелері мен формалары............................................................5
1.2Ұйымның ұйымдық - өндірістік қызметіне сипаттама және негізгі көрсеткіштері......................................................................................................13

2 ЕҢБЕККЕ АҚЫ ТӨЛЕУ БОЙЫНША ЕСЕП АЙРЫСУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1 «СтройСервис» ЖШС еңбекақының синтетикалық және аналитикалық есебі.............................................................................................20
2.2 Еңбекақыдан ұсталынатын және шегерілетін сомалар есебі.....................................................................................................................28
2.3 Еңбекке ақы төлеудің бухгалтерлік есебінің ҚЕХС сәйкес ұйымдастырылуы...............................................................................................42
2.4. Еңбекақының талдамалы есебі...................................................................50

3. ЕҢБЕК АҚЫ ҚОРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУЫН ТАЛДАУ
3.1 Талдаудың міндеттері және оның мақсаты..........................................53
3.2 Қызметкерлермен еңбекке ақы төлеу бойынша есеп айырысуды тексеру...............................................................................................................55
3.3 Еңбекті пайдаланудың тиімділігін талдау.............................................62

ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................69

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................71

Прикрепленные файлы: 1 файл

dip_3025.doc

— 714.50 Кб (Скачать документ)

         ЖШС «КамСтройСервис» өкілділігінде еңбекақы бойынша  есептесу есеп айырысу төлеу – тізімдемесінде жүргізіледі. Жұмысшылар мен қызметкерлердің табысын, оның ішінде заңға сәйкес табыстан ұсталатын ұстанымдарды және оларға төленуге тиісті еңбекақыны жинақтап, қорытындылауға арналған құжат. Бұл тізімдемеде жұмысшы- қызметкерлердің аты – жөні, табельдік нөмірі, оларға есептелінген негізгі және қосымша еңбекақылар мен  одан ұсталатын ұстанымдардың түрлері бойынша сомалар мен сол айдың басы мен соңындағы кәсіпорынның жұмысшыларға немесе жұмысшылардың кәсіпорынға қарыз сомалары көрсетіледі. Оған кәсіпорын жетекшісі мен бас бухгалтер қол қояды. Тізімдеменің «Есептелді» бөлімінде: кесімді, жоспардан тыс сома көрсетіледі. «Ұсталынды және ескірілді» бөлімінде жеке табыс салығының сомасы,  кестеге сатылған тауарларды ескеру сомасы, еңбекақы шотына берілген аванс пен басқа да ұстанымдар мен төлемдер жазылады.

 Кесте 8 -  ЖШС «СтройСервис» өкілдігінің жұмысшы – қызметкерлерінің еңбекақысы бойынша есеп айырысу төлеу – тізімдемесі, 2007.ж. ақпан.

Лауазым

Күн

Есептелінген еңбекаы

Барлығы есептелді

Басқада салықтар

Жинақтаушы

Барлығы ұсталды

Соңғы сальдо

Әлеумет тік

Әлеумет тік

Еден жуушы

20

20550

20550

892

20550

2947

17605

3247

370

 

 

8 кестенің жалғасы

Сату ісі жөнінде

20

75000,00

75000

6117

75000

13617

61383

8758

1350

Сервис- инженер

20

60000,00

60000,0

4362

60000

10362

49638

7408

1080

Сату ісі жөнінде

20

65000,00

65000

4947

65000

1144

53553

7857

1170

Офис- менеджер

20

40000,00

40000

2334

40000

6334

33666

5452

720

Бухгалтер

20

70000,00

70000

5532

70000

12532

54468

8308

1260

Директор

20

95000,00

95000

8457

95000

17957

77043

10558

1710

Сервис- инженер

20

60000

60000

6885

60000

12885

47115

5399

1080

Жүргізуші

20

35000

35000

1974

35000

5474

29526

4867

600

Барлығы

180

620550

620550

 

620550

61855

9370

   

Ескерту: Ұйымның мәліметтері негізінде жасақталды


 

     Топтамалық есептің  есептік регистрлерінің құрамы  мен тізімі №10 журнал -  ордермен  және №5 тізімдемемен шектеледі.

    Еңбекақыны есептеу сәйкестігін  жұмысшылардың санаттары мен  құрамы бойынша жазбаларды есеп  айырысу төлеу – тізімдемесімен  оған берілген құжатттардан алуға  болады. Бұл теңестірулер еңбекақы  қорын пайдалануды бақылау үшін  қолданылады. Еңбекақы төлеуге арналған қаражаттарды қалыптастыру мен пайдалану, әлеуметтік сипаттағы төлемдерді бақылауды ең алдымен кәсіпорын администрация мен  бухгалтерия қызметкерлері жүзеге асырады.

        Еңбекақыны  есептегенде, бухгалтерлер еңбек  уақытын пайдалану мен орындалған  жұмыс есебінің алғашқы құжаттарының дұрыс толтырылуын тексереді. Жұмысшыға төленетін қаражаттың жалпы сомасы, кәсіпорын жетекшілері бекіткен барлық тізімдемедегі  нәтижелермен сәйкес келуі керек. Тізімдеме бойынша төленген ақша қаражаттарының сомасы, сәйкес шығыс кассалық ордерінде көрсетілген  сомамен сәйкес келуі керек.

         Алғашқы  есептің барлық құжаттары есепті  регистрлерге негізделген жиынтық  құжаттарына бекітіледі:

  • есептелген еңбекақы сомасы, ұстанымдар сомасы мен еңбекақының жалпы сомасы көрсетілетін беттік квитанциялар. Квитанциялар 2 данада шығарылады. Бірінші данасы тігіледі, екінші данасы-  жұмысшылардың қолына беріледі;
  • Есептелген еңбекақының жалпы сомаы көрсетілген, 681 «Еңбекақы бойынша қызметкерлермен есеп айырысу» баланстық шоты бойынша айналым тізімдемесі, сонымен қатар жалпы кәсіпорында еңбекақыдан ұсталған жалпы сома көрсетіледі;
  • 681(3350) баланстық шоты бойынша санаттарды тексеру;
  • 681 (3350) баланстық шоты бойынша есептеулерді тексер;

     Депоненттелген еңбекақы  – бұл берелмеген еңбекақы. Уақытында алынбаған еңбекақыға келесі  бухгалтерлік жазу жазылады:

Дт 681 «Еңбекақы бойынша қызметкерлермен есеп айырысу» (3350 «Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек»)

Кт 687 «Депоненттелген еңбекақы» (3390 «Өзге де қысқа мерзімді кредиторлық берешек»)

      Уақытында берілмеген  еңбекақының (депоненттелген сома) қалдығы 3 күн ішінде банктегі  ағымдағы шотқа тапсырылуы керек. Депоненттелген есеп айырысу  есебі  депоненттелген еңбекақы  есебінің кітабында немесе берілмеген  еңбекақы реестірінде жүргізіледі. Кітап 1 жылға ашылады. Әрбір депонент үшін табельдік нөмірі, аты – жөні, тегі, депоненттелген сомамен оның берілшені туралы белгілер көрсетілген жеке жазба беріледі. Жыл соңында төленбеген сома, жаңа кітапқа көшіріледі. Депоненттелген еңбекақы 3 жыл сақталады.

 

 

 

 

                      

 

 

 

 

 

 

 3. ЕҢБЕКАҚЫ ҚОРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУЫН ТАЛДАУ

       

         3.1. Талдаудың міндеттері және оның мақсаты

 

Еңбек ресурстарына сәйкес салада білім және еңбек дағдыларына ие, қажетті физикалық  деректері бар тұрғын халықтың бөлігі кіреді.

Кәсіпорынның қажетті еңбек ресурстарымен жеткілікті қамтамасыз етілуі, олардың рационалды пайдаланылуы еңбек өнімділігінің, жоғарғы деңгейлі өнім көлемін арттыру үшін және өндіріс тиімділігін арттыру үшін үлкен маңызы бар. Кәсіпорынның еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуіне және олардың пайдалану тиімділігіне барлық жұмыстардың көлемі мен орындалуының өз уақыттылығы, жабдық, машина, механизмдердің пайдалану тиімділігі тәуелді.

   Талдау міндеттері:

  • кәсіпорынның және оның құрылымдық бөлімшелерінің еңбек ресурстарымен, сондай-ақ олардың категориялары мен кәсіптері бойынша қамтамасыз етілуін  зерттеу мен бағалау;
  • кадрлар ағымдылығы көрсеткіштерін анықтау мен зерттеу;
  • еңбек ресурстарының резервтерін анықтау, оларды анағұрлым толық және тиімді пайдалану;
  • еңбек өнімділігін зерттеу;
  • еңбек ақы төлеу шығындарын зерттеу;

Еңбек бойынша талдауды жүргізу үшін келесі қайнар көздер пайдаланылады: ф. №1-Т «Еңбек бойынша есеп» мемлекеттік статистикалық» есеп беру деректері, табельдік есепке алу  мен кадрлар бөлімі деректері.

    Еңбек  ресурстарымен  кәсіпорынның қамтамасыз етілуі  жұмыскерлердің категориялар мен  кәсіптер бойынша нақты санын, оның жоспарлық қажетімен салыстыру  арқылы есептеледі. Еңбек ресурстарының  біліктілігі бойынша сапалық  құрамына да талдау керек.

     Әкімшілік- басқару персоналы  әрбір жұмыскердің нақты білім  деңгейінің оның  лауазымына сәйкестігін  тексереді және кадрларды іріктеу, оның дайындығымен және біліктілігінің  жоғарлауымен байланысты сұрақтарды  зерттейді.

       Кәсіпорында жұмыс істейтін жұмысшыларды тізімдік және тізімдік емес деп бөледі.  Кәсіпорынның негізгі қызметімен байланысты 1 жылдан  астам жұмыс істейтін кәсіпорынның тізімдік персоналының құрамына барлық тұрақты, маусымдық және уақытша жұмыскерлер, ал басқа да қызмет түрімен айналысып 5 күннен аз жұмыс істегендерді тізімдік емес персонал құрамына кіргізеді.

     Жұмыскерлердің біліктілік  деңгейі көбіне олардың жасына, жұмыс өтілуіне, біліміне байланысты. Сондықтан талдау процесінде  жұмысшылар құрамында жоспар бойынша жұмыс өтілуі, білім бойынша өзгерістерін зерттейді. Олар жұмыс күшінің қозғалысы  нәтижесінде болатындықтан талдау барысында бұған үлкен көңіл бөлу керек.        Кәсіпорынның еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуіндегі қауырттылық қолда бар жұмыс күшін анағұрлым толық пайдалану есебінен, өндіріс интенсификациясы, өндірістік процестерді кешенді механикаландыру мен автоматтандыру, анағұрлым өнімді жаңа техниканы еңгізу, өндіріс технологиясы мен ұйымдастыруды жетілдіру есебінен кішкене басылуы мүмкін. Талдау процесінде жоғарыда аталған шараларды жүргізу нәтижесінде еңбек ресурстарына қажеттілікті қысқарту резервтері анықталуы керек.

     Егер кәсіпорын өз  қызметін ұлғайтса, өндірістік қуаттарын  арттырса жаңа жұмыс роындар  құрса, онда оның еңбек ресурстарына деген қосымша қажеттілігін категориялар мен кәсіптер бойынша анықтау керек және оларды кірістіру көздері анықталады.

     Еңбек ресурстарын  пайдалану толықтығын талданатын  мерзім ішіндегі бір жұмыскердің  істеген күндері мен сағаттары  саны бойынша бағалауға, сонымен қатар жұмыс уақытының қорын пайдалану деңгейі бойынша бағалауға болады. Мұндай талдауды жұмыскерлердің әрбір категориясы бойынша, әрбір құрылымдық бөлімше, кәсіпорын бойынша жүргізу керек.

      Еңбек өнімділігі  деңгейін бағалау барысында жалпылама, жеке және көмекші көрсеткіштер жүйесі пайдаланылады.

    Жалпылама көрсеткіштерге  бір жұмысшының орташа жылдық, орташа күндік, орташа сағаттық  өнім өнімділігі, сондай-ақ бір  жұмыскердің орташа жылдық өнім  өнімділігі құндық мағынада кіреді.                                                                                                                                                                               

      Жеке көрсеткіштерге  белгілі бір түрдегі өнім бірлігінің  өндірісінің уақыт шығындары немесе бір адам-күн немесе бір адам- сағаттағы натуралдық бірліктегі өнімнің белгілі бір түрінің шығысы.

     Көмекші көрсеткіштер  жұмыстардың белгілі бір түрінің  бірлігін орындауға қажетті уақыт  шығындары немесе уақыт бірлігіндегі  орындалған жұмыстар көлемі.

       Еңбек өнімділігінің  анағұрлым жалпылама көрсеткіші  ретінде бір  жұмыскердің орташа  өнім өнімділігі алынады. Оның  шамасы- жұмысшылар өнімділігіне  ғана емес. Сондай-ақ өнеркәсіптік - өндірістік персонал құрамындағы  жұмысшылардың үлес салмағы, олардың істеген күндер санына, жұмыс күн ұзақтығына байланысты.

     Кәсіпорында еңбек  ресурстарын пайдалануды, еңбек  өнімділігі деңгейін талдау еңбек  ақымен тығыз байланыста қарастыру  керек. Еңбек өнімділігі артумен  төлемақы деңгейін жоғарлату  үшін нақты алғы шарттар құралады. Төлемақы қаржыларын пайдалану барысында еңбек өнімділігінің арту қарқындары төлемақының арту қарқындарынан басым болатындай ету керек. Тек осы жағдайда ғана ұлғайтылған ұдайы өндіріс қарқындарын арттыру үшін мүмкіндіктер пайда болады.

     Осыған байланысты  әрбір кәсіпорында еңбекақыға  қаржыларды пайдалануды талдауға  үлкен көңіл бөлінеді. Яғни еңбекақы  қорын пайдалану барысын жүйелі  бақылауды жүзеге асыру керек, еңбек өнімділігі арту есебінен  қаржылардың үнемделу мүмкіндігі  анықталады және өнімнің еңбек сыйымдылығының төмендету есебінен үнемделу мүмкіндігі зерттеледі.

      Еңбек ақы қорын  пайдалануды талдауды бастар  алдында ең алдымен оның нақтыдан  жоспардың абсолютті мн салыстырмалы  ауытқуларын есептеу керек.

     Өнімнің еңбек сыйымдылығын талдау. Еңбек сыйымдылығы дайындалған өнімнің барлық көлемі немесе бірлігінің жұмыс уақыт шығындары. Өнім бірлігінің сыйымдылығы белгілі бір өнім түрін дайындауға жұмсалған жұмыс уақыт қорын натуралдық немнсе шартты-натуралдық мағынада берілген бұйымдар санына бөлеміз. Өнімнің бір теңгесінің еңбек сыйымдылығын да есептеуге болады. Ол үшін бүкіл өнім өндірісіне келетін жұмыс уақытының жалпы қорын өнім шығысы құнына бөлу керек. Алынған нәтиже өнімнің орташа сағаттық өнімділігіне кері көрсеткіш.

 

 

3.2. Еңбекті пайдалану тиімділігін және еңбек ақыны талдау

 

     Шаруашылық қызметін  талдауға еңбек ақыны ұйымдастыруды  жетілдіруде, оның еңбектің, өндірістік  нәтижелердің саны мен сапасына  тікелей тәуелсіздігін қамтамасыз  етуду маңызды орын беріледі.

     Талдау барысында еңбек өнімділігін көтеру еңбек ақы жүйесін жетілдіру, оны бақылауды күшейту резервтері анықталады.

      Еңбекті пайдалануды  және еңбек ақыны талдаудың  негізгі міндеттеріне жатады:

  • Жұмысшылардың санын, құрамын және құрылымын, біліктілік деңгейін зерттеу;
  • Жұмыс уақытын пайдалану туралы мәліметтерді тексеру және қажетті ұйымдық – техникалық резервтерді жасау;
  • Жұмыс күшінің динамикасын, қозғалысын, еңбек тәртібін зерттеу;
  • Жұмысшы санының өнім динамикасына әсерін талдау;
  • Ұйым бойынша, цех, жұмыс орындары бойынша еңбек өнімділігінің деңгейін анықтау, алынған мәліметтерді өткен кезеңнің мәліметтерімен салыстыру;
  • Еңбек өнімділігінің өсуінің интенсивті және экстенсивті факторларын анықтау, соның негізінде әсер ететін факторларды жіктеу және есептеу;
  • Қолданылатын өнім нормасының сапасын, оның орындалуын және еңбек өнімділігіне ықпалын зерттеу;
  • Қолданылатын нысанлар мен жүйелердің негізділік дәрежесін тексеру;
  • Жұмысшылардың жекелеген категориялары мен мамандықтары бойынша орташа жалақының мөлшері мен динамикасын анықтау;
  • Қолданылып жүрген сыйақы беру жүйесінің тиімділігін зерттеу;
  • Еңбек ақының өсу қарқынын, оның еңбек өнімділігінің өсім қарқынымен арақатынасын зерттеу;
  • Еңбек ақы қорын пайдалану тиімділігін көтеру резервтерін анықтау;

Информация о работе Еңбекке ақы төлеу бойынша есеп айырысуды ұйымдастыру