Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2014 в 21:03, дипломная работа
Жұмысшылар мен қызметкерлердің өндірген өнімдері мен істеген жұмыстарына толтырылған алғашқы құжаттар мен жұмыс уақытының табельдері оларға еңбекақы есептеу және оны төлеу үшін ұйымның цехынан, бөлімшелерінен, бригадаларынан кәсіпорынның әкімшілігі белгілеген мерзімде бухгалтерияға келіп түседі. Еңбекақы есептеу үшін толтырылатын бұл алғашқы құжаттар мен табельдердің дұрыс толтырылуы, лауазымды тұлғалардың қолдарының қойылуы мұқият тексеріледі. Сондай-ақ бұл құжаттағы еңбек бағасының дұрыс қойылуы олардың жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеу және сыйақы есептеу қағидаларына сәйкес келуі және шифрлардың дұрыс қойылуы тексеріледі.
КІРІСПЕ...............................................................................................................3
1 ҰЙЫМДАҒЫ ӨНДІРІСТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ...................................................................5
1.1 Еңбек ақы жүйелері мен формалары............................................................5
1.2Ұйымның ұйымдық - өндірістік қызметіне сипаттама және негізгі көрсеткіштері......................................................................................................13
2 ЕҢБЕККЕ АҚЫ ТӨЛЕУ БОЙЫНША ЕСЕП АЙРЫСУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1 «СтройСервис» ЖШС еңбекақының синтетикалық және аналитикалық есебі.............................................................................................20
2.2 Еңбекақыдан ұсталынатын және шегерілетін сомалар есебі.....................................................................................................................28
2.3 Еңбекке ақы төлеудің бухгалтерлік есебінің ҚЕХС сәйкес ұйымдастырылуы...............................................................................................42
2.4. Еңбекақының талдамалы есебі...................................................................50
3. ЕҢБЕК АҚЫ ҚОРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУЫН ТАЛДАУ
3.1 Талдаудың міндеттері және оның мақсаты..........................................53
3.2 Қызметкерлермен еңбекке ақы төлеу бойынша есеп айырысуды тексеру...............................................................................................................55
3.3 Еңбекті пайдаланудың тиімділігін талдау.............................................62
ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................69
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................71
Талдау мақсаты
үшін еңбек ақы қорын жұмсауға
ықпал ететін нақты
Талдауды тиімді
жүзеге асыру үшін келесі
Талдау қорытындысының дұрыстығы және тиімділігі зерттелетін мәліметтердің салыстырмалылығына тәуелді. Талдау кезіндегі көрсеткіштердің салыстырмалылығы әсіресе төмендегі жағдайда маңызды:
Еңбек ақы қорының нақты үнемделуі немесе өсімі нақты және жоспарлы еңбек ақы қорын салыстыру жолымен анықталады. Бірақ мұндай салыстыру өнімді шығару жоспары 100 пайызға орындалған жағдайда ғана мүмкін. Бәрімізге белгілі, жұмысшылардың кейбір категорияларының еңбек ақа қоры өнім көлемімен тікелей байланысты емес.
Нақты ауытқудың шамасына 2 фактор әсер етеді:
- жұмысшылардың орташа тізімдік санының өзгерісі;
- бір орташа тізімдік жұмысшыға келетін орташа жылдық жалақының өзгерісі;
Орташа жылдық жалақының өзгерісі. Орташа жылдық жалақының еңбек ақы қорының өзгерісіне ықпалын анықтаудың қолданыстағы әдістемесі бойынша бір жұмысшының орташа жылдық жалақысын есепті жылдағы орташа тізімдік жұмысшылардың нақты санына көбейтеді. Осылайша, қарастырылап отырған факторлардың ішінен біреуі (орташа тізімдік жұмысшылар санының өзгеруі) теріс әсер етсе, ал екіншісі (орташа жылдық жалақының өзгерісі) оң әсер етеді.
Талдаудың
келесі кезеңінде еңбек ақы
қорының артық жұмсалуына
Еңбек ақы
қорының нақты ауытқуына
Жоғарыдағы есептеулерден белгілі, қордың салыстырмалы ауытқуы жоспардың орындалу дәрежесіне тәуелді.
Ұйым жұмысының тиімділігін
Талдау
кезінде анықтайды және
Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбек ақы төлеуді тексерудің негізгі міндеті - еңбек ақы төлеуде нормативтік – құқықтық актілердің сақталуын. бақылау, жалақыдан ұстап қалу мен еңбек ақы төлеуде бухгалтерлік есепті жүргізудің дұрыстығын тексеру болып табылады.
Бақылаудың ақпарат көздеріне ұйым жұмысшысын жұмысқа қабылдау, ауыстыру және жұмыстан шығару жөніндегі құжаттар, алғашқы құжаттар, бухгалтерлік есеп пен есептіліктер жатады. Алғашқы құжаттар ретінде жеке құрам есебі бойынша Жұмысқа қабылдау туралы табель (Т-1), жеке карточка (Т-2) және басқалар пайдаланылады.
Еңбек ақы шығындардың бақылаудың міндеттері
Тексерудің бастапқы кезеңі ұйымда қолданылатын еңбекке ақы төлеу жүйесін зерттеу болып табылады. Ұйымда еңбекке ақы төлеудің барлық нысаны дерлік; мерзімді, кесімді, аккордты (жекелеген түрлерін қоса) кең қолданылады. Сондықтан тұрақты жұмысшылардың әртүрлі категориясына қандай еңбек ақы нысаны қолданылады, еңбек ақы нысанының қарастырылмаған түрлерін араластау жағдайлары кездеспей ме, маусымдық және уақытша жұмысшылармен есеп айырысу қандай тәртіпте жүргізіледі, осыларды тексеру керек. Еңбек ақыны есептеу және төлеудің дұрыстығын тексеру алғашқы құжаттар (наряд, ауысымдық мәлімдемеде, жолсапар парағы, жұмыс уақытын есепке алу табелі) бойынша, есеп айырысу және төлем ведомостері бойынша жүргізіледі.
Жұмыс уақытының толық күндік және ішкі жүйелік жоғалтулардың себебін анықтау үшін 1Ф К кестесінде жұмыс уақытының балансында көрсетілген мәліметтер бойынша анықталады. Жұмыс уақытын балансында мынандай көрсеткіштер зерттелінеді:
Жұмыс уақытының күнтізбелік қоры = жұмысшылардың орташа тізімдік саны * 1 жылдағы күн саны.
жұмыс уақытының жоспарлық қоры = жұмыс уақытының күнтізбелік қоры – барлық демалыс және мерекелік күндер.
жұмыс уақытының тиімді қоры = жұмыс уақытының жоспарлық қоры – барлық жұмыст болмаған күндер.
18 кесте
Жұмыс уақытының балансы
Көрсеткіштер |
2007 ж. |
2008 ж. |
Ауытқу | |
Сомма түрінде |
% | |||
Жұмысшылардың орташа тізімдік саны |
1236 |
1025 |
-31 |
97,5 |
Жұмыс уақытының күнтізбелік қоры |
451140 |
439825 |
-11315 |
97,5 |
Барлық жұмысшыларға мерекелік және демалыс күндер |
134724 |
130140 |
-4594 |
96,6 |
Жұмыс уақытының бюджеті |
316416 |
309685 |
-6731 |
97,9 |
Жұмысқа келмеген барлығы: жұмысшылар – күндер |
47150 |
34337 |
-12813 |
72,8 |
соның ішінде – ауру |
9320 |
8967 |
-353 |
96,2 |
сұранғандар |
526 |
- |
-526 |
|
- жұмыс демалысындағылар |
10855 |
9728 |
-1127 |
89,6 |
Жұмыс уақытының тиімді қоры |
269266 |
275348 |
+6082 |
102,3 |
1 жұмысшыға жұмыс уақытының |
218 |
229 |
+11 |
105 |
Жұмыс уақытының тиімді қоры = 1 жұмысшыға жұмыс уақытының тиімді қоры / жұмысшылардың орташа тізімдік саны 18 кестенің мәліметтеріне сай жұмысшылар санының азаюы жұмыс уақытының күнтізбелік қорының 1135 адам-күніне азаюына алып келді немесе былтырғы жыл көрсеткішінің 2,5% құрады. Сонымен қатар есепті жылы демалыс күндері қысқаруы орын алды. Бұл жұмыс уақытының жоспарлық қорының 6731 адам-күніне азаюына әкеліп соқтырды.
Жағымды мәліметтер болып жұмысқа келмеушіліктердің 12813 адам-күніне азайғанын көруге болады. Былтырғы жылдын көрсеткішінің 72,8% құрайды. Ауру себебімен келмегендер 353 адам-күніне және жұмыс демалысына шықпағандар саны 1127 адам-күніне азайды. Бұл жағдай жұмыс уақытының тиімді қорының 6082 адам-күніне немесе 2,3%өсуіне және 1 жұмысшыға жұмыс уақытының тиімді қорының -5%-ға өсуіне алып келді. Өндіріс процесінде бір қортындыға әртүрлі өндіріс тиімділігінің көрсеткіштерін қолданғанда келуге болады. Өндіріс тиімділігі мен жұмыс жұмыс уақытының тиімді пайдалануын сипаттайтын ең негізгі көрсеткіш болып, сонымен қатар өндіріс қортындысы мен жұмысшылардың орташа тізімдік санының қатынасымен немесе 1 өнім өндіруге кеткен уақыт көлемінің қатынасымен есептелінетін крсеткіш еңбек өнімділігі. Басқа сөзбен айтқанда еңбек өнімділігі сөзінің мағынасында оның қортындысы немесе жұмысшының жұмыс уақытының бірлігінде белгілі бір өнім көлемін өндіру деген мағына жатыр.
Еңбек өнімділігі=Өнімді сатудан түскен табыс/жұмысшылардың орташа тізімдік саны. Еңбек өнімділігінің ең негізгі көрсеткіші болып 1 жылдағы өндірілген өнім көлемінің бір жұмысшыға шаққандағы көлемі болып саналады. Оның көлемі өндірілген көлемнің бір жұмысшыға қатынасы мен жұмысшылардың орташа тізімдік санына байланысты. Өндірілген өнім көлемі бір жұмысшыға шаққандағы көлемінің ЖШС «КамСторйсервис» өзгеруі келесі кестеде көрсетілген.
19 кесте
Өнім өндірісі көлемінің ЖШС «КамСторйсервис»-тегі бір жұмысшыға шаққандағы үлесі.
Көрсеткіштер |
Жоспар бойынша |
Нақты |
Жоспардан ауытқу | |
Соммада |
% | |||
Өнімді сатудан түскен табыс, мың тенге. Жұмысшылардың орташа тізімдік саны, адам. Жұмысшылардың орташа тізімдік саны, адам. Қызметкерлердің ішіндегі жұмысшы санының үлесі, % 1 жылдағы орташа өнім өндірісі көлемінің 1 жұмысшыға келетін үлесі, мың теңге. 1 жылдағы орташа өнім өндірісі көлемінің 1 жұмысшыға келетін үлесі, мың теңге. |
1454336
1124
1098
97,7
1239,9
1324,5 |
+1727385
1205
905
75,1
1433,5
1908,7 |
+27304
+81
-193
-22,6п
+139,6
+584,2 |
118,8
107,2
82,4
76,9
110,8
144,1 |
Өнімді сатудан табысқа жұмысшылардың орташа тізімдік саны мен орташа өндірісі көлемінің бір жұмысшыға үлесі мөлшерінің әсер етуін анықтау тізімдік әдіспен анықтауға болады. Бұл базистік көрсеткіштердің мәліметтерін ауыстыру арқылы қортындыға негізделу арқылы.
Өнімді сатудан түскен табыс=жұмысшылардың орташа тізімдік саны *1жұмысшының орташа жылдық өнім өнімдірісі көлеміндегі үлесі
1098 адам *1324,5319 мың.теңге=1454336 мың. теңге
905 адам*1324,5319 мың. теңге=1198701,4 мың. теңге
905 адам*1908,7127 мың. теңге=1727385 мың. теңге
905 адам-1,098 адам.=-193 адам
1198701,4-1454336=-255634,6 мың теңге
1908,7127-1324,5319=+584,2 мың. теңге 1727385-1198701,4=+528683.6 мың теңге
Жоғарыдағы мәліметтерден жұмысшылардың жоспарланған санынан нақты санының азаюы ЖШС «КамСтройСервис»-тің жоспарланған өнімді сатудан түсетін табысының 255634,6 мың. теңгеге теріс ауытқуы орын алуына алып келді. Ал 1 жұмысшының еңбек өнімділігінің артуы өнімді сатудан түскен табыстың 528683,6 мың. теңгеге артуына алып келді.
Нарядтар мен басқа да алғашқы құжаттар дұрыс толтырылғандығын, жұмыстарды орындау туралы мәліметтер қаншалықты дәл көрсетілгендігін тексеру керек, өйткені еңбекке ақы төлеу жұмыстың орындалған көлеміне сәйкес жүргізілуі тиіс. Соңғысы жұмыс көлеміне нарядпен салыстыру арқылы тексеріледі, біріншіден, орындалған жұмыстардың актісінде көрсетілген жұмыс көлемімен, екіншіден, прорабтың (шебердің) берген есеп беруі бойынша осы жұмыс көлеміне есептен шығарылған материалдардың санымен және ең соңында, аудит барысында өткізілетін тексеріп өлшеу актісіндегі жұмыс көлемімен салыстырады. Орындалған жұмыстарды тексеріп өлшеу процедурасына баса назар аударылуы тиіс, себебі оған есепті кезеңде материалдарды есептен шығарудың да еңбекақыны есептеудің де, үстеме шығындар мен табыстың тиісті үлесін анықтаудың да негізділігі тәуелді. Бұдан әрі жеке және бригадалық кесімді жалақыны есептеудің кезінде тарифтік ставкалардың дұрыс қолданылатынына көз жеткізу керек. Соңғы жағдайда ұжымдық жалақының бригада мүшелері арасында бөліну тәртібін де тексеру қажет. Аккорттық нарядтар бойынша жалақы сомасының есептелінуінің дұрыстығын (жалақыны есептеу жұмыс сапасы мен орындалу мерзімін ескере отырып жүргізіле ме, мерзімнен тыс жұмыстар төлене ме (сверхурочные работы) және т.с.с.) тексеру керек. Жұмысшыларға еңбек шартының өзгеруімен, қыс мезгіліндегі жұмыстармен, қауіпті жағдайлармен байланысты төленетін қосымша ақының негізділігін, сонымен қатар шығындар сметасында қарастырылған қаражатпен салыстырғанда артық қаражат жұмсалады ма, осыларды мұқият зерттеу қажет.
Информация о работе Еңбекке ақы төлеу бойынша есеп айырысуды ұйымдастыру