Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2014 в 21:03, дипломная работа
Жұмысшылар мен қызметкерлердің өндірген өнімдері мен істеген жұмыстарына толтырылған алғашқы құжаттар мен жұмыс уақытының табельдері оларға еңбекақы есептеу және оны төлеу үшін ұйымның цехынан, бөлімшелерінен, бригадаларынан кәсіпорынның әкімшілігі белгілеген мерзімде бухгалтерияға келіп түседі. Еңбекақы есептеу үшін толтырылатын бұл алғашқы құжаттар мен табельдердің дұрыс толтырылуы, лауазымды тұлғалардың қолдарының қойылуы мұқият тексеріледі. Сондай-ақ бұл құжаттағы еңбек бағасының дұрыс қойылуы олардың жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеу және сыйақы есептеу қағидаларына сәйкес келуі және шифрлардың дұрыс қойылуы тексеріледі.
КІРІСПЕ...............................................................................................................3
1 ҰЙЫМДАҒЫ ӨНДІРІСТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ...................................................................5
1.1 Еңбек ақы жүйелері мен формалары............................................................5
1.2Ұйымның ұйымдық - өндірістік қызметіне сипаттама және негізгі көрсеткіштері......................................................................................................13
2 ЕҢБЕККЕ АҚЫ ТӨЛЕУ БОЙЫНША ЕСЕП АЙРЫСУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1 «СтройСервис» ЖШС еңбекақының синтетикалық және аналитикалық есебі.............................................................................................20
2.2 Еңбекақыдан ұсталынатын және шегерілетін сомалар есебі.....................................................................................................................28
2.3 Еңбекке ақы төлеудің бухгалтерлік есебінің ҚЕХС сәйкес ұйымдастырылуы...............................................................................................42
2.4. Еңбекақының талдамалы есебі...................................................................50
3. ЕҢБЕК АҚЫ ҚОРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУЫН ТАЛДАУ
3.1 Талдаудың міндеттері және оның мақсаты..........................................53
3.2 Қызметкерлермен еңбекке ақы төлеу бойынша есеп айырысуды тексеру...............................................................................................................55
3.3 Еңбекті пайдаланудың тиімділігін талдау.............................................62
ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................69
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................71
Ішкі аудиттің келесі бағыты- еңбекке ақы төлеу бабы бойынша ақша қаражаттарының мүмкін болатын ұрлық тұстарын ашу. Оның кең таралған түрлері- ұйымда жұмыс істемейтін тұлғаны есеп айырысу немесе төлем ведомосіне қосу арқылы, кейбір тұлғаларға жалақыны көп мөлшерде есептеу арқылы, жұмыстан шығып кеткен немесе кезекті демалыста жүрген тұлғаларға жалақы есептеп, олардың қолын өтірік қою арқылы ақшаны ұрлау болып табылады. Осы жайттарды ашудың қолданыстағы тәсілдері кадр бөлімінен, уақытша жұмысшылардың негізгі жұмыс орны бойынша, тұрғылықты мекен - жайы бойынша үстеме тексерулер жүргізу, түсініктемелер алу, логикалық талдау жасау, сондай-ақ құжаттарды қылмыстық (криминалистік) зерттеудің кейбір тәсілдерін (қолдардың ұқсастығы, т.б) қолдану болып табылыды.
Ақшаны жалған тұлға арқылы немесе жұмыс көлемін артық қосып жазу арқылы ұрлау фактісі ашылған кезде, аудитор артық қосып жазудың себеп-салдарын анықтау, яғни ол одан әрі қарайы тәртіп бұзушылық пен теріс әрекеттердің көзі болып табылмайтындығына көз жеткізу тиіс.
Еңбек ақыдан шегерімдерді тексере отырып, аудитор жинақтаушы зейнетақы қорына аударымдардың, жеке табыс салығының есептелуінің дұрыстығын және дер мерзімділігін қарастыруы керек. Қазіргі кезде ұйымдар еңбек ақыны одан аударымдарды есептеу үшін әртүрлі қолданбалы электронды- есептеуіш техникаларын пайдаланады, нәтижесінде барлық есептеулер автоматты түрде жасалынады. Алайда бұл кезде де сандардың артық дөнгелектенуі, заңдылықтар өзгерген жағдайда бағдарламаға түзетулер дер уақытында жасалмауы кесірінен есептеулерде дәлсіздіктер болуы мүмкін. Сондықтан аудитор еңбекақыдан аударымдарға іріктеу бақылау есептерін жүргізгені дұрыс, егер дәлсіздіктер кездессе, оның себептерін анықтау керек. Еңбекақыдан шегерілетін өзге де шегерімдерді тексеру керек: алиментті төлеу үшін оргондарының шешімі, ұйым басшысының қаулысы немесе жұмысшының алиментті төлеу, несиені өтеу, материалдық шығынды жабу, есепті соманың артық шығысын төлеу үшін жалақысынан шегерім жасау туралы өтініші бар ма; тиісті есептеулер дұрыс жүргізіле ме.
Еңбекақы сомасынан аударылатын аударымдар бойынша сондай-ақ жүргізілген сесептеулердің және осы шығындардың өзіндік құнға енгізілуінің дұрыстығын тексеру қажет.
Ішкі аудитор еңбек ақы қорын пайдаланудың және жұмысшылармен есеп айырысудың дұрыстығын іріктеп тексереді. Егер бұл кезде қолданыстағы еңбек ақы төлеу тәртібін бұзу жағдайлары кездессе, онда жалпы тексеру жүргізіледі.
Қызметкерлермен еңбек ақы төлеу бойынша есеп айырысуларды тексеруді әр айдың 1- күніндегі 3350 шоты бойынша аналитикалық есеп көрсеткіштердің және бухгалтерлік баланстағы бір уақыттағы Бас кітаптағы жазулармен сәйкестігін анықап бастаған жөн. Бұл үшін Бас кітаптағы қарастырылып отырған айлардың бірінші күніндегі 3350 тізімдемесінің ведомостінің жиынтық сомасын (берілетін) Ұйым балансындағысымен салыстыру керек.
Айырмашылық табылғанда олардың есептерін анықтау керек. Сондай-ақ мәліметтерді депозитке салынған еңбек ақы есеп кітабы көрсеткіштерімен салыстыру керек. Сосын бастапқы құжаттардың анық сенімділігін толтыру дұрыстығын олардың еңбек ақы және еңбекті өтеудің басқа түрлерін есептеу мен төлеу бойынша нормативті құжат талтарына сәйкестігі тексеріледі.
Еңбекті уақыт бойынша төлеуде тарифтік мөлшерлеме немесе мәміле шарттарын қолданудың дұрыстығы кесімді төлеуде- жұмыстың сандық және сапалық көрсеткіштерін орындау, нормалар мен баға қоюды қолданудың дұрыстығы тексеріледі.
Еңбек пен оны төлеу есебі жөніндегі бастапқы құжаттарды тексергенде орындалған жұмыс есебі үшін жауапты лауазымды адамдардың қойылған қолдары бар- жоқтығын, барлық деректемелердің толтыру дұрыстығын, құжаттарда тазартып, өшірілген (ескертілмеген) түзетулердің бар- жоқтығын т.б анықтайды.
Жұмыс уақыты мен нарядтар есебі табелін, сондай-ақ еңбекті төлеуді есептеу жөніндегі бастапқы құжаттарды тексергенде, оларға ойдан шығарылған (жасанды) тұлғаларды кіргізу жағдайлары бар- жоқтығын анықтау қажет. Бұл үшін оларды берген уақыттағы нарядттарды талдап шығу, нарядттар мен жұмыс уақытының есебі табелдеріндегі жұмысшылардың аты-жөндерін жеке құрам есебінің және төленген сомалар туралы мәліметтерімен салыстыру керек.
Бұрын төленген бастапқы құжаттар бойынша қайтадан есептеу жағдайлары бар- жоқтығын анықтау қажет. Бұл үшін оларды берген уақыттағы нарядттарды талдап шығу, нарядттар мен жұмыс уақытының есебі табелдеріндегі жұмысшылардың аты- жөндерін жеке құрам есебінің және төленген сомалар туралы мәліметтермен салыстыру керек.
Бұрын төленген бастапқы құжаттар бойынша қайтадан есептеу жағдайлары бар- жоқтығын, бір адамның аты- жөні бірнеше есептеу- төлемдік тізімдемелерінде (ведомостерінде) қайталануын тексеруде маңызды. Үйымның тізімдік құрамында жоқ, аз уақыт жұмыс істеген адамдарға жазылған нарядттарға, сондай-ақ төлем сапасымен орындаған жұмысты қайта жасап, ақауды жою бойынша нарядттарға ерекше назар аударған жөн.
Бастапқы құжаттармен
есептік тізімдемелерді
Аудиторлық тексерудің жүзеге асатын одан әрі кезеңдері мыналар:
Заңнамаларға сәйкес жалақыдан мыналар ұсталынады: жеке
табыс салығы, зейнетақы қорына аударымдар, бұрын берілген аванс бойынша берешекті, сондай-ақ арифметикалық қате нәтижесінде артық төленген соманы өткізуге; есеп беретін сома бойынша берешекті өтеуге; пәтерақы, баланың мектепке дейінгі балаларға мекемеде тәрбиеленгені үшін, еңбеккерлердің ұйымға келтірген материалдық зиянының орнын толтыруға; ақшалай начеттар (заңсыз жұмсаған қаржыны біреудің мойнына жазу); кредитке сатып алынған тауарға; газетпен журналдарға жазылғаны үшін; орындалатын (үкім) құжаттар бойынша, өнім ақауы үшін. Жалақыдан басқа ұсталымдар еңбекерлердің келісімімен ғана ұсталады.
Жеке табыс салығы ҚР-ның «Салықтар және бюджетке міндетті басқа төлемдер туралы» Кодексімен белгіленген тәртіппен мөлшерде ұсталынады.
Зейнетақы жарнасын ұстауы және төлеу қызметкерлердің ай сайынғы табысының 10 пайызы мөлшерінде жүргізіледі.
Қарызға алынған тауарлар үшін адамдарға ұзақ пайдалану үшін кредитке тауарлар стау ережелерінде қаралған тапсырма- міндеттеме неігізінде жасалынады.
Қызметкерлер келтірілгенматериалдық зиянның орнын толтыру үшін ұсталым ұйым бойынша (еңбеккерлердің келісі болғанда) бұйрық негізінде, не болмаса сот шешімі бойынша атқарылады.
Тексеру қортындысында мыналарды анықтау қажет:
Қорытынды
Қызметкерлер мен еңбекақы бойынша есеп айырысу өндірісті тұрақтандыру және жақсы жолға қою үшін маңызды оның дұрыс ұйымдастырылуынан әр ұйымның экономикасы тәуелді. Зерттеу нәтижесі көрсетіп отырғандай ЖШС «КамСтройСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде бухгалтерлік есеппен аудит және талдау жағдайы қанағаттанарлық жұмыс уақыты еңбек ақы бойынша есеп айырысудың алғашқы құжаттары, жалпы алғанда нормативтік құжаттарға сәйкес дұрыс толтырылады. Еңбек ақы касса арқылы беріледі.
ЖШС «КамСтройСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің негізгі қызметің темір- бетон бұйымдарын өндіру және құрастыру өнеркәсіптік, азаматтық құрылыстарды салу, әртүрлі обьектілерді монтаждау және жөндеу жұмыстарын жүргізу, бұған қоса әртүрлі өз жарғысында көрсетілген коммерциялық қызметтерді жүзеге асыру болып табылады.
Цехта орта есеппен жылына 3381 мың теңгенің өнімі өндіріледі. Зауытта темір бетон бұйымынан бөлек құрылыстық заттар-есік, терезе, едендік ағаштар тағы басқалар жасалынады. Бұл өнімдерді серіктестікте ағаш өңдеу цехында дайындайды.
Зауыттың өндіріс ырғағының бір қалыпты жүруіне жыл мезгілінің ықпалы едәуір. Қыс айында зауыт ұсынатын бұйымдар мен көрсететін қызмет түрлеріне сұраныстың төмендеуіне байланысты, қызметкерлер мен жұмысшылар ақысыз демалыстарға шығуға мәжбүр. Ал сұраныстың қайта жоғарлауы мен зауыт жұмысыда қайта жанданады. Орындалған жұмыс көлемі мен өткізілген өнім көлемі өткен жылға қарағанда 22824 мың теңгеге 39,8 пайызға көбейеді. Дегенмен есепті жылы сұраныстың аз болуына байланысты, орындалған жұмыс көлемі не бәрі 41092,7 мың теңгені құраған. Жұмыс көлемі мен темірбетон бұйымдарын өткізу көлемінің жоғарлауына байланысты, өткізілген өнімнің (жұмыс) өзіндік құны 18666 мың теңгеге немесе 34,6 пайызға өскен.
Жұмысшылар саны серіктестікте 11 адамға жоғарлаған, еңбекке ақы төлеу қоры жылдан жылға артып отыр. Егер 2006 жылы 15116 теңгені құраса, 2007 жылы 20046 теңгеге тең яғни 4930 мың теңгеге немесе 32,6 пайызға артқан
Серіктестік рентабельді болып табылады. Зерттеліп отырған жылдарды табыспен қорытындылаған, 2006 жылы рентабельдік деңгейі-0,2 пайыз, 2007 жылы 0,9 пайыз.
ЖШС «КамСтойСервис»-де еңбек ақы бойынша есеп айырысу есебін ұйымдастыру мен талдау негізінде төмендегідей ұсыныстар жасалады.
1. Қызметкерлермен еңбекке ақы төлеу бойынша есеп айырысуды ұйымдастыруға жеке көңіл бөлу. Бұл үшін еңбек ақы есебін автоматтандыру керек, ол ақпараттарды өңдеуді көтеріп, бухгалтерге жай- жапсарда талдауда жеткілікті мөлшерде уақыт қалдырады, есептің талдамалылығын көтереді.
2. Кадрлар есебі бойынша жеке парақтардың бар- жоғын тексеру.
3.Бухгалтерлік есеп
4. Халықаралық стандарттарына
Ұйымда аудиторлық тексеру жүргізілмеген. Ішкі шаруашылық бақылаудың әдістері қолданылады. Сондықтан біз ұйымда еңбек ақы бойынша есеп айырысу есебін аудиторлық тексеруді ұйымдастырудың жалпы ережелерімен нақты аудиторлық дәлелдерді келтіре отырып, оларды алу көздері мен әдістерін бердік. Тексеруді құжаттау тәсілдері мен тәртібі, оны рәсімдеу және ақпараттарды жүйелі түрде пайдалану жолдарды зерттелді. Зерттеліп отырған ұйым үшін еңбекақы есебін аудиторлық тексеру жайлы нақты ұсыныстар жасалынды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
Информация о работе Еңбекке ақы төлеу бойынша есеп айырысуды ұйымдастыру